Грек metaphora ауыстыру) троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы


Метафорамен теңеуді айыра білу мəселелерін ғалымдар көптеп қарастырған. Мысалы, Қ.Жұмалиев метафора мен теңеудің мынадай ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді



бет6/10
Дата06.01.2022
өлшемі451,46 Kb.
#12958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Метафорамен теңеуді айыра білу мəселелерін ғалымдар көптеп қарастырған. Мысалы, Қ.Жұмалиев метафора мен теңеудің мынадай ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді:

  • Метафорамен теңеуді айыра білу мəселелерін ғалымдар көптеп қарастырған. Мысалы, Қ.Жұмалиев метафора мен теңеудің мынадай ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді:
  • «...теңеулердің жұрнағын қысқартсақ, метафора болып, метафораға теңеу жұрнақтарын жалғаса, теңеуге айналады. Екінші, теңеуде де, метафорада да екі нəрсе қатар алынады, əйтсе де, қазір бұл екеуінің арасындағы айырмасы да ашық нəрсе. Бірінші, теңеуде бір нəрсе екінші нəрсеге теңелсе, метафорада баланады. Теңеу: бұл — пəлендей, сол тəрізді секілді десе, метафора: бұл — соның өзі деп кесіп айтады. Мағына жағынан, əрине, екеуі бір емес. Екінші, теңеудің өзіне тəн жұрнағы бар да, метафораның өзіне тəн жалғау не басқа сөздері бар. Үшінші, теңеуде теңеу жұрнақтарының теңейтін сөзге жалғануы міндетті түрде болса, метафорада сөзге метафоралық мəн беретін сөздер, не жалғаудың үнемі бола беруі міндетті емес. Төртінші, теңеуде теңелетін нəрсе мен теңейтін нəрсенің екеуі де ұдайы қарама-қарсы тұрса, метафорада ұқсастығы бар нəрсенің бір жағы қалып қоюы мүмкін. Бірақ контекст бойынша ол нəрсені оқушы қиялы арқылы түсіне алады» [1; 215].
  • Метафораның мағына дамытудағы маңызы туралы А.Байтұрсынов, Ə.Болғанбайұлы, М.Балақаев, Ғ.Қалиұлының құнды пікірлері бар. Кейінгі зерттеулерде, мəселен, А.Сыбанбаева метафораны былай деп анықтайды: «Адамның ақыл-ойы салыстыруға келе бермейтін семантикалық концептерді (ұғымдарды) салыстырудың нəтижесінде метафора туындайды. Сондықтан метафораның жасалу механизмін зерттеу — адамның ойлау процесін зерттеу деген сөз» [12].

Тіл білімінде метафора семасиологиялық, ономасиологиялық, гносеологиялық, лингвистикалық тұрғыда зерттелді. Зерттеуші Г.Зайсанбаева метафораны когнитивтік бағытта қарастырып, былай түйіндейді: «Метафораның əр түрлі нысандар арасындағы ұқсастықтары солар туралы түсініктер арқылы қалыптасады. Сонымен қатар метафоралануға адамның эмоциялары, экстралингвистикалық білімі, тұрмыстық тəжірибесі кей жағдайда кездейсоқ түсініктер түрткі болып жатады. Адам тəжірибесі арқылы жинақталған білім қорындағы ақпараттардың өзара ауысуы танымдық үрдістермен байланысты. Аталым жасаудағы метафораның қызметі тілдің барлық салаларында қолданылады» [13].

Негізінен алғанда, метафора тура мағынадағы сөзді қажет етпей-ақ, оны көркем мəтіндегі контекст арқылы айқындайды. Мысалы: Бұл тіршіліктің темір қамыты қашанға бұлғақтатар дейсің («Аққыз», 62-б.) деген жолдардағы зат есімнен жасалған аттылы жəне қамыты метафоралары — осындай ауыспалы мағынадағы сөздер. Қолдануда тура мағыналы сөзге қарағанда метафора көркем сурет, образды өрнек, орамды ой беруге икемді, өткірірек келеді. Осы сөйлемдегі метафоралы сөздердің орнына тура мағынасы қойылса, онда сөйлемнің көркемдігі төмендер еді.

Заттардың (құбылыстың) ішкі сыры мен сыртқы көрінісін, сыр сипатын оқырманның көз алдына елестететіндей етіп кескінін келтіріп, нақыштан беруде А.Сейдімбеков метафораны ұтымды қолданады: Əкеңнің азу тісін ақситып жүріп жиған аз дəулетін тиянақтай білмесең, ертең-ақ шолтаң етіп түбі көрініп қалмай ма, — деп емеурін білдірген («Аққыз», 62-б.).

Сонымен қатар когнитивтік бағытта метафора концепт тудыру құралы ретінде қарастырылуда. Зерттеушілер метафораның когнитивтік бағыттағы, яғни, таным нəтижесін беру құралы екендігі туралы мынадай қызметтерін атап көрсетеді:– болмыстағы бар заттармен теңестіру, ұқсату арқылы затқа атау беруі. Метафораның осы қызметі жазушылар шығармаларында мынадай мысалдар арқылы көрініс табады: Айналамыздың бəрінде уыз мұнар кілкейді («Қайдасың, қасқа құлыным», 100-б.). Тегі, шытынаған қызылшұнақ аяз олардың да тұмсығын қарып, сайлы, талды ықтасындарға қуған болуы керек («Тіршілік», 289-б.). Үзінділердегі уыз мұнар, қызылшұнақ сөздері болмыстағы бар заттар, қаламгерлер қызылшұнақ /шытынаған аяз/ сөзін аязбен тіркестертіріп, жаңа мағыналы образды сөз жасаған. Метафораның шектес емес ұғымдардың қасиеттері жаңа мағыналы сөздер жасауға, сол арқылы сөздік қорымызды байытуға өзіндік атсалысатындығын аңғаруымызға болады. Метафора танымының жемісі екендігіне осы сияқты мысалдар дəлел бола алады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет