Хабаршы вестник bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»



жүктеу 2.27 Mb.
Pdf просмотр
бет20/21
Дата24.03.2017
өлшемі2.27 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

bywords: educational tourism, specific features of educational tourism, improvement of educational tourism, 
preparation of professional personnel, concentration, scientific and educational functions, university centers, educational 
complexes, educational establishments 
ӘОЖ 378.02.01:39 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ 
БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 
Д.Ш. Абуов - 6M090200 - Туризм мамандыгының 1-курс магистранты, 
С.К. Алшымбеков - п.г.к., Абай атындагы Қаз¥ПУ 
Мақалада Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы Заңына сәйкес туристік қызметті мемлекеттік 
реттеудің принциптері, мақсаттары, басым бағыттары, тәсілдері, туристе қызметгі мемлекетгік реттеудің маңызы, 
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті органдарының міндеттері көрсетілген. Сонымен қатар, туризмді 
дамытудың 2003-2005, 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын пайдалана отырып туристік 
қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамыту бағытындағы шаралар, туризм инфрақұ-рылымын дамыту 
және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерш шешу үішн шаралар және туризм саласының инвестищиглық 
тартымдылығын арттыру мақсатында мәселелер көрсетілген. 
Түйін сөздер: экологиялық феномен, туристік нарық, туризмді мемлекеттік реттеу, туристік әкімшілік органдар, 
туризм туралы заң, уәкілетті орган, туристік қызмет 
Қазақстандағы туризмді мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру өзгерген әлеуметтік-экономикалық 
шарттарға, туристік салада жүзеге асырылатын қызметтердің мақсаттары мен міндеттеріне неғұрлым 
толық жауап беретін жаңа тәсілдемелерді талап етеді. Бүгінгі күні туризм саласында әрекет ететін 
атқарушы билік органдары мен ұйымдар арасындағы өзара әрекет ету қатынастарын реттеудегі 
мемлекеттің рөлін арттыру қажет. 
Әлемдік туризмнің дамуы, оның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және экологиялық феноменінің 
қоғамның қажеттілігіне айналуы - туристік қызметтер нарығын тиімді басқару мен реттеудің аса өзекті 
мәселелері болып отыр. 
Қазіргі таңда әлемдік тәжірибеде мемлекттік деңгейдегі туристік қызметтер нарығын басқару мен 
реттеудің үш негізгі модельдері қалыптасты. 
Алғашқысы орталық мемлекеттік турәкімшіліктің болмауын қарастырады, ал барлық мәселелер нарық 
заңдары негізінде сол жерлерде шешіледі. Негізгі мысал ретінде АҚШ-тың тәжірибесін келтіруге болады. 
Туризмнің дамуы мен қызмет ету мәселелерін реттейтін мемлекеттік құрылымның жойылуы 1997 жылы 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 
115 
бірқатар себептерге байланысты болды. Олардың ішінде бюджеттік шығындардың қысқаруын, туристік 
қызметтердің халықаралық нарығындағы АҚШ-тың тұрақты бағдарын, шетел туристері үшін елдің 
сенімділігі мен тартымдылығын, сондай-ақ барлық ұлттық нарық мүддесін қорғай отырып, дербес 
әрекеттер жасауға қабілетті туристік қызметті жеке өндірушілердің болуын атап өтуге болады. 
Екінші модель туристік қызметтер нарығын негізгі бақылауды өз қолына алатын күшті де белсенді 
министрліктің болуын қарастырады. Аталмыш модель осы нарықтың түрі соңғы уақытта табысты дамып 
келе жатқан бірқатар елдерде кеңінен таралған (Туркия, Тунис, Мысыр және т.б.). Нәтижелерге қарап 
отырсақ, бұл модель айтарлықтай тиімді, бірақ оның әрі қарай жүзеге асырылуы үшін үлкен қаржылық 
салымдар қажет, ал Ресейде салынған қаражаттардың жылдам қайтарылуы болмаған жағдайда бұл 
модельдің дұрыс қолданылуы дұрыс емес деп есептеледі. 
Туристік нарықты мемлекеттік реттеудің үшінші моделі туризмді атқарушы биліктің орталық органда-
ры деңгейінде қандай да бір көп салалы министрлік біліктілігіне кіреді дегенді қарастырады. Батыс 
Еуропа елдерінде «экономикалық үрдіске» ие министрлік жиі кездеседі және өз кезегінде, ол осы елдерде 
туризмнің экономиканың неғұрлым маңызды құрамдас бөлігіне айналуының жанама белгісі болып 
табылады. 
Мемлекеттік реттеудің осындай моделінің негізі - туристік әкімшілік органдарын екі буынға нақты бө-
лу. Кей жағдайда «бюрократиялық» деп атауға болатын осындай бір буын мемлекеттік басқарудың ғалам-
дық мәселелерімен айналысады: туризм үшін нормативтік-қү_қықтьіқ база, статистикалық ақпаратты өң-
деу, аймақтағы іс-әрекеттерді реттеу, халықаралық мемлекеттік деңгейдегі халықаралық ынтымақтастық. 
Екінші буын - «маркетингтік». Көбінесе, бұл негізгі турәкімшілік құрамына енетін немесе оған 
бағынатын ведомство. Оның өкілеттігіне шет елдерде елдің беделін қалыптастыруға қажеттінің барлығы 
енеді: маркетинг және жарнама, көрмелерге қатысу, шет елде туристік өкілдіктерді басқару. Мұнда дәл 
осы институттар мемлекеттік қаржіландырудың негізгі үлесіне ие болады: мұнда негізгі ақшалай 
қаражаттар мен «бюрократиялық» буынға қарағанда мамандардың көпшілігі шоғырландырылған. Кейбір 
елдер аталмыш «маркетингтік» ведомстволарды көбінесе жарнама-ақпараттық қызметтерді коммерция-
ландыру арқылы жартылай өзін-өзі ақтайтындарға айналдыруға ұмтылады. Бірақ, бұл жағдайда тек 
қосымша қаражаттарды тарту жайлы ғана сөз қозғалып отыр [2]. 
Осы модельде мемлекеттік туристік әкімшілік жергілікті билік және жеке бизнеспен өзара қатынасқа 
түсуі қажет. Бұл жағдай экономикалық процестегі орталық атқарушы биліктің рөлі мен мемлекеттік 
шығындардың төмендеуіне әкеледі. Аталмыш жағдайдың салдарынан туристік іс-әрекетті реттеу 
саласында аралас мемлекеттік институттар туындауы мүмкін. Олардың негізгі мақсаты - мемлекеттік 
міндеттерді жүзеге асыру үшін жеке сектордан ақша қаражаттарын тарту, түрлі деңгейдегі басқару 
органдары арасында өзара пайдалы ынтымақтастық формаларын табу. 
Қазақстандағы туризмді мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру өзгерген әлеуметтік-экономикалық 
шарттарға, туристік салада жүзеге асырылатын қызметтердің мақсаттары мен міндеттеріне неғұрлым 
толық жауап беретін жаңа тәсілдемелерді талап етеді. Бүгінгі күні туризм саласында әрекет ететін атқару-
шы билік органдары мен ұйымдар арасындағы өзара әрекет ету қатынастарын реттеудегі мемлекеттің 
рөлін арттыру қажет [3]. 
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы Заңында туристік қызметті мемлекеттік 
реттеудің принциптері, мақсаттары, басым бағыттары, тәсілдері көрсетілген. 
Қазақстан Республикасында туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері мыналар 
болып табылады: 
1) туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау; 
2) туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау; 
3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті қалыптастыру; 
4) Қазақстан Республикасының туристері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының және 
олардың бірлестіктерінің қауіпсіздігін, қү_қықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың 
мүдделері мен мүлкін қорғау . 
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары: 
1) азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп-тұру қү_қықтарын қамтамасыз ету; 
2) қоршаған ортаны қорғау; 
3) туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар 
жасау; 
4) саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту; 
5) туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттің және Қазақстан 
Республикасы азаматтарының табыстарын молайту; 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
116 
6) халықаралық туристік байланыстарды дамыту болып табылады. 
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің басым бағыттары: 
1) туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы ретінде 
қалыптастыру; 
2) туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін 
ескеру, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын қорғау; 
3) балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрісі төмен топтарының 
арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу; 
4) туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау; 
5) ішкі, келу, әлеуметтік және өз бетінше туризмді қолдау және дамыту; 
6) ішкі және халықаралық туризм қажеттерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін 
құру болып табылады . 
Туристік қызметті мемлекеттік реттеу: 
1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі саясатты айқындау; 
2) туристік қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған нормативтік құ.қықтық 
актілерді қабылдау; 
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы және техникалық реттеу туралы заңнамасына 
сәйкес туристік қызметті лицензиялау, туристік қызмет саласындағы стандарттау; 
4) бюджеттік заңдарға сәйкес туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және іске 
асыруға бюджет қаржыларын бөлу; 
5) туристік қызметті кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 
6) отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың бірлестіктерінің халықара-
лық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу; 
7) ішкі және дүниежүзілік туристік рыноктарда туристік өнімді ұсынуға жәрдемдесу; 
8) елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз 
ету арқылы жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының Үкіметі: 
1) туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты айқындайды және іске асырады; 
2) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық 
актілерді шығарады; 
3) туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады; 
4) туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға 
қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді; 
5) туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекітеді; 
6) уәкілетті органның ұсынуы бойынша туризм жөніндегі кеңестің дербес құрамын және ол туралы 
ережені бекітеді; 
7) шет мемлекеттермен туризм саласындағы ынтымақтастықты және өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге 
асырады; 
8) туристік қызмет көрсету ережелерін бекітеді; 
9) туристік ақпарат орталықтарын құрады; 
10) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін 
арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды. 
Уәкілетті орган: 
1) Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту бағдарламасын әзірлейді; 
2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске 
асыруға қатысады; 
3) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты, туризм мен туристік индустрияны дамытудың 
стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларын іске асырады; 
4) өз құзыреті шегінде нормативтік құ.қықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңнаманы қолдану 
тәжірибесін жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 
5) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес турагенттік және туропера-
торлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады; 
6) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, оның ішінде облыстар 
(республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарла-
рын үйлестіруді, туристік қызмет саласындағы меншік нысандарына қарамастан, отандық, шетелдік және 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 
халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға-
лармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады; 
7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді; 
8) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік 
бақылауды жүзеге асырады; 
9) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің туристік қызметті лицензиялау ереже-
лерін туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялау бөлігінде сақтауын бақылауды жүзеге 
асырады; 
10) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады 
және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің 
туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады; 
11) туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерін бекітеді; 
12) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін 
бекітеді; 
13) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар 
мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекітеді; 
14) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, туристік қызмет 
саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді; 
15) Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және 
мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер 
мен жәрмеңкелер өткізу жолымен таратады; 
16) туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешендік талдауды, 
болжауды жүзеге асырады және туристік саланы дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізеді; 
17) туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы баспа, жарнамалық және картография-
лық өнімге мемлекеттік тапсырысты орналастырады; 
18) туристік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
наградаларымен марапаттауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады; 
19) жеке құрамды және туризм жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және бекітуге ұсынады. 
Туристік қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамыту бағытында мынадай шараларды 
іске асыру қажет: 
- сырттан келушілер
 ТУРИЗМІ
 мен
 ІШКІ ТУРИЗМДІ
 дамыту, көші-қон, визалық және тіркеу рәсiмдерiн, 
кеден және шекара бақылауын оңайлату мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру; 
- туризм саласындағы халықаралық шарттық базасын кеңейту негізінде шет елдермен ынтымақтас-
тықты жандандыру; 
- белгіленген техникалық реттеу жүйесінің талаптарына сәйкес туристік және қонақ үйлік қызмет 
көрсетулердің сапасын арттыру; 
- мемлекеттік және жеке меншік секторлары арасында туризм саласындағы қызметті үйлестірудің ең 
жоғары деңгейін қамтамасыз ету; 
- туристік инфрақұрылымды дамытуды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету. 
Туризм инфрақұрылымын дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін шешу үшін 
мынадай шараларды жүзеге асыру қажет: 
- электр беру желісін тарту; 
- сумен жабдықтау және су тарту жүйесінің құрылысын салу; 
- телефон желісін төсеу немесе өткізу және спутниктік байланыспен қамтамасыз ету; 
- көлік жолдарын салу және қайта жаңғырту. 
Бірінші кезекте жағажай және емдеу-сауықтыру туризмін дамыту аймақтарын коммуникациялық 
жүйелермен қамтамасыз ету қажет. Ірі рекреациялық ресурстар шоғырланған базада рекреациялық 
мамандандырылған шаруашылықтары бар аумақтық аймақтарды қалыптастыру қажет. 
Бұл ретте туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мынадай 
мәселелерді шешу қажет: 
- халықаралық бизнес-қоғамдастықтары Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы хабардарлығын 
арттыру және осы бағытта шетелдік ұйымдармен, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында туризмді 
дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобы арқылы ынтымақтастықты дамыту; 
- даму институттары, даму қорлары, екінші деңгейдегі банктер қаражатынан қаржыландыру жағдай-
ында шағын кәсіпкерліктің туристік саласын дамыту жөніндегі жобаларды ілгерілетуге жәрдем көрсету; 
117 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
118 
—туристік және кәдесый өнімдері индустриясын құру және дамыту жөнінде шаралар қабылдау; 
- сырттан келупгілер туризмін дамыту үшін неғұрлым тартымды, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін 
туристік инфрақұрылым объектілері бар аудандар салудың өңірлік бас жоспарларын әзірлеу; 
—киіз үйлер дайындайтын кәсіпорындарды қалпына келтіру және жаңаларын салу, ұлттық қолөнерді 
қайта жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашу [1]. 
Инвестициялау институтын дамыту тиімділігі бұл бағытта жүйелі мемлекеттік саясат жүргізуге және 
туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік, жеке меншік және туристік қоғамдық ұйымдар-
дың күш-жігерін шоғырландыруға байланысты болады. 
1 Қазақстан Республикасындагытуристік қызмет туралы заңы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000211 
2 Государственное регулирование туризма: зарубежный опыт http://tourlib. net/statti tourism/grt. htm 
3 Кулибаев А. «Шелковый путь - Казахстан»: возрождение истории развития туризма // Казахстанская 
правда. - 2006. - 17 сент. - С. 3. 
Резюме 
Абуов Д.Ш. - магистрант 1-курса, С.К. Алшымбеков - п.ғ.к., КазНПУ им. Абая, 
Государственное регулирование и приоритетные направления развития индустрии туризма 
в Республике Казахстан 
В статье рассматриваются вопросы государственного регулирования туристскими услугами - цели, ігоинципы, 
методы, основные направления - в соотвествии с Законом РК «О туристской деятельности». Указаны содержание и 
меры, необходимые для развития государственного регулирования туруслугами; задачи и обязанности уполномочен­
ных органов, меры по развитию туристской инфраструктуры и улучшению инвестиционной привлекательности 
отрасли туризма. 
Ключевые слова: экологическое явление, туристский рынок , государственное регулирование, Закон о туризме, 
туристский административный орган, уполномоченный орган, туристские услуги 
Summary 
Abuov D.Sh. -1 st year master student KazNPU named after АЬаі, 
S.K.Alshymbekov - рrofessor KazNPU named after Abai, Regional Geography and Tourism Department 
State regulation and priority directions of development of the tourism industry in the Republic of Kazakhstan 
The article examines the state regulation of tourist services - the objectives, principles, methods, main directions - In 
accordance with the Law of RK "On tourist activity." The shown content and the measures necessary for the development of 
state regulation of tourist services; tasks and responsibilities of the competent authorities, the measures for the development of 
tourism mfrastructure and improving the investment attractiveness of the tourism industry. 
Keywords: ecological phenomenon, tourism market, government regulation, the Tourism Act, Touring administrative 
authority, authorized agency, tourist services 
УДК: 94(574)+338.48:93(574) 
THE ROLE OF TOURISM IN THE UPBRINGING OF YOUTH 
A.A. Aldasheva - k.h. KazNPU named after Abai, 
A.S. Murzinova - a graduating student is the KazNPU of the name Abai 5B060900-bachelor of natural science 
Summing up it is necessary to notice that the tourism history in Kazakhstan consists of continuous and consecutive 
numbers of repeating events, as the general history of tourism and mankind. In any historical interval of time the major 
criterion of definition of constantly arising problems is in final a result efficiency of their decision. Certifying in scientific 
judgement touristic development and absence of practical recommendations, nevertheless it is necessary to recognize backlog 
that administrative and legal reaction promotes touristic progress. Tourism as a part of universal culture is included into sphere 
of professional interests of many special disciplines and thereof can't in exclusive conducting geography or economy and 
pedagogical geography, or any other group of discipline.The analysis the tourist of the activity, made in the given research, 
shows that tourizm isn't limited to sphere of sports tourism, the pedestrian campaigns and mountain ascensions, and presented 
by variety of transport travel in concrete historical, economic, ideological, legal, technical, geography literature expression. 
Keywords: tourist activity, state national park, natural landscape, cluster of tourism, register of routes 
Tourism is calling for labor and patriotic education of youth and knowledge.Pedagogy and tourism are 
interrelated , and is an important area in the formation of the student's personality. 
The economic conditions of ability to live which are the economic base of tourism have changed, and this 
business factor has essentially limited participation in tourism of many social strata. The balance between 
astronomical and working hours, defining extraworking hours has changed. Which is possible for immutable 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 
employment and leisure. In a number of departments there were instead of one annual two truncated holidays 
during different seasons. Levels of knowledge and erudition of the population, public health, an urbanization, 
character of labor and family-household activity have changed. Simultaneously with it the turistko-excursion 
system has changed and has accordingly changed vision of a situation and prospects. The thesis about successful 
geographical and geopolitical position of Kazakhstan which became an ordinary stamp in works of the authors far 
from knowledge tourizm of technologies is doubtful. World practice has proved that high cost of the entry visa 
reduces quantity of tourists. 
Recommendations to use for torizm the purposes a medical dirt, mineral sources and other health-sanatorium 
resources references on which are a platitude proceedings, branch researches, public articles are problematic. As a 
rule, data such are in researches on the tourist of geography along with medical characteristics of their useful 
properties. Thus always there are no research results of their appeal to Intourists in comparison with for a long 
time known like prestige resorts (Karlovy Vary, the Caucasian Mineral waters, Baden-Baden etc.) At perfectly 
equipped polyclinics. And also there are no professional calculations of all necessary infrastructure. Which can be 
created taking into account available capacities. And, the vain, the nation-wide requirement for mass improvement 
which is caused by difficulties of a transition period is absolutely ignored and proves to be true both official 
medical statistics, and weekly publications the SMI 
In the new concept, be based on entertaining leisure, the important place to the rest centers is taken away. 
However development of the Kazakhstan centers of leisure shouldn't be limited by modernization of the 
former recreation parks, copy the western samples and separate cities. Huge empty territories in not mastered 
areas can become the largest and the first in the world complexes reproducing the lost historical and cultural 
values: ханские rates, fields of battles, auls, move to a new place on zhailau. One more problem of the 
Kazakhstan tourism was advancement in the world market touristic product. Because of debts against the WTO 
Kazakhstan didn't participate in the international tourist fairs. But after its almost full repayment possibility of 
visiting of the international exhibitions in Berlin, Moscow, London, Paris, Tashkent has opened [1]. 
Summing up it is necessary to notice that the tourism history in Kazakhstan consists of continuous and 
consecutive numbers of repeating events, as the general history of tourism and mankind. In any historical interval 
of time the major criterion of definition of constantly arising problems is in final a result efficiency of their 
decision. Certifying in scientific judgement touristic development and absence of practical recommendations, 
nevertheless it is necessary to recognize backlog that administrative and legal reaction promotes touristic progress. 
Tourism as a part of universal culture is included into sphere of professional interests of many special disciplines 
and thereof can't in exclusive conducting geography or economy and pedagogical geography, or any other group 
of discipline. 
The analysis the tourist of the activity, made in the given research, shows that tourizm isn't limited to sphere of 
sports tourism, the pedestrian campaigns and mountain ascensions, and presented by variety of transport travel in 
concrete historical, economic, ideological, legal, technical, geography literature expression. 
Studying by the tourist of activity shows that except Komsomol and state systems touristic the organizations 
the international tourism, were engaged 10 earlier the groups not established by researchers touristic 
establishments and the enterprises. Kaztoursovet and Kazsovprof in system of trade-union tourism, republican 
club of climbers, Committee on physical culture and sports at Ministerial council KazSSR, the Kazakh society of 
friendship and a cultural contact with foreign countries, airline "Aeroflot", the joint Soviet-foreign enterprises, 
cooperative societies and small enterprises. The inconsistency of opinion on the state monopoly for tourism from 
this follows [2]. 
Uniform development of world and Kazakhstan tourism is established from presence general forms, methods 
and the maintenance the tourist of activity: individual and group rounds, transport tourism with use a gift and 
camp sites, cultural-informative and other kinds of tourism, advancement on the market of a tourist product by 
advertizing, exhibitions and other actions, the public and state tourist's organizations, transpot the branch tourist's 
organizations, joint-stock companies, the enterprises with the mixed foreign and domestic capital, branches 
abroad, the private and governmental enterprises, legal base, ideological maintenance, tourist resources in the 
form of historical and cultural, natural, industrial, medical and other objects. Their generality is established for the 
different historical periods and the countries. 
Proceeding from domination of the transport travel having economic-financial indicators and several times 
much more quantity of routes, the natural conclusion about unreasonable representation of history of the 
Kazakhstan tourism in modern researches as follows history basically mountain ascensions, the pedestrian 
campaigns and sports tourism [3]. 
Specificity of the Kazakhstan international tourism consists in active use of organizational and is material¬ 
119 

Абай атындагы ҚазҰПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
120 
financial роввіЪіііІіев pubHc (trade-шііоп and Komsomol the organizations, societies of friendship and a cultural 
contact with foreign countries) the organizations іп Kazakhstan and their analogs abroad, іп use of tourist potential 
for needs of defense of the state and in agitator-propaganda the purposes for strengthening of the international 
authority of Kazakhstan, in use безвалютной and barter forms of a tourist exchange in the limited currency 
possibilities, in historical attachment of geography of tourism to routes and and to cultural-historical monuments 
of the Silk way. 
Summing up, it is necessary to notice that only use of strict methods of a historical science has allowed to 
reveal the basic laws of tourist development and to reconstruct a full and complete picture of the Kazakhstan 
tourism. The circle of questions, documentary sources, the historical periods for the subsequent researches of 
history of tourism in Kazakhstan is simultaneously certain. 
1 Dvornichenko V. V. Razvitie of tourism in the USSR - M., 2011 - 256p. 
2 NemoljaevaM.E., Hodorkov L.F. //International tourism: yesterday, today, tomorrow//-M., 2012, - 176p. 
3 Barchukova N.S. International cooperation of the states in the field of tourism - M., 2012, - 325 р. 
Каталог: docs -> vestnik -> serya estestv geogr nauki
vestnik -> Хабаршы. «Жас ғалымдар» сериясы
vestnik -> Хабаршы жаратылыстану-география
vestnik -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Хабаршы вестник
vestnik -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
vestnik -> Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж
vestnik -> С. Х. Байдильдина (жауапты хатшы)
vestnik -> Казахский национальный педагогический
serya estestv geogr nauki -> Bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет