Хабаршы вестник


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ӘСЕМДІККЕ БАУЛУ



Pdf көрінісі
бет30/34
Дата14.02.2017
өлшемі3,15 Mb.
#4088
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ӘСЕМДІККЕ БАУЛУ 
 
Ү.Мелдебекова – п.ғ.к., доцент м.а., Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ 
С.Таймұратова – 2 курс магистранты, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
Түйін 
Бұл  мақалада  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  музыка  арқылы  тәрбие  берудің  жолдары  жайлы  баяндалған. 
Музыканың  ерекшеліктері,  баланың  жан-жақты  дамуына  әсері  айтылған.  Балалардың  жас  ерекшелігіне  орай 
берілетін  музыкалық  тәрбие  жолдары  көрсетілген.  Шығармашылық  дамуын  арттырып,  әсемдікке  баулу  мәселесі 
қарастырылған. Музыкалық тәрбиенің балаларға берер тәлім-тәрбиесі жайлы айтылған. 
Кілттік  сөздер:  музыка  арқылы,  әсемдікке  баулу,  эстетикалық  тәрбие,  тыңдау  қабілеті,  музыкалық 
шығармашылық, музыкалы-ырғақ, бала тәрбиесі, болашақ, жан-жақты, жеке адамды қалыптастыру. 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  пути  воспитания  детей  дошкольного  возраста  посредством  музыки.  Раскрыты 
особенности музыки, влияние музыки на разностороннее развитие детей. Показаны пути музыкального воспитания в 
соответствии с возрастными особенностями детей. Говорится о значении музыки в эстетическом воспитании детей, в 
развитии их творческих способностей. Подчеркивается огромная роль музыки в общем воспитании детей. 
Ключевые  слова:  Музыка,  воспитание  прекрасного,  эстетическое  воспитание,  слуховые  способности, 
музыкальное  творчество,  музыкальный  ритм,  воспитание  детей,  будущее  разносторонность,  формирование 
личности. 
Summary 
This article about education with music of pre-school children. Was written about feature of music and influence music to 
development  children,  about  music  education  to  psychological  features  of  children.  Increase  creativy  development  and 
aesthetics problems in this article. This article about how give musical education for children. 
Key  words:  with  music,  to  beauty  cultivation,  aesthetic  education,  ability  listening,  work  musically,  musical  rhythm, 
education of pupil, futurt, in detail, to form individual man. 
 
«Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек. 
Сіздер  білесіздер,  мен  басты  міндеті  балаларымыздың  бастапқы  мүмкіндіктерін  теңестіру  болған 
«Балапан» бағдарламасы бастамасын көтердім. 
Ол жүзеге асырыла бастаған сәттен бері 3 956 жаңа балабақша мен шағын орталықтар іске қосылды.  
Туу көрсеткішінің жоғарылығын, жалғасып жатқан демографиялық өсімді ескере келе, мен «Балапан» 
бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдадымҮкімет пен әкімдердің алдына балаларды 
мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамтуға қол жеткізу міндетін қоямын» деген болатын 
елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» бағдарламасында [1]. 
Осындай  тапсырыстарды  іске  асыру  барысында  қолға  алатын  жұмыстардың  бірі  мектеп  жасына 
дейінгі балаларды музыка арқылы жан-жақты дамытып, әсемдікке баулу болып табылады. 
Музыканың біз ынта қоятын бір ерекшелігі – оның адамға өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ әсер 
ететіндігінде. Құлаққа жағымды бесік жырын естігенде нәресте тыныштала қалады. Ал енді сергек марш 
ойналса, оның жүзінде өзгеше нышан байқалып, қимылы жиілейді. Бұл сияқты эмоциялық әсер нәрестені 
ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады. 
Ақыл-ой мен дене жағынан дамуды, адамгершілік  тазалық пен өмірге  деген эстетикалық көзқарасты 
үйлесімді ұштастыру –  әр тарапты сомдалған жеке адамды қалыптастырудың қажетті  шарты. Балаларға 
музыкалық тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыру көп ретте осы мәртебелі міндетке жету ісіне көмектеседі. 
Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну, жақсы 
мен жаманды байқап, шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасау, сөйтіп көркемдік қызметтің әр түріне 
қамтылу қабілеттерін дамытуға бағытталған. 
Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі – музыка. Музыка осы маңызды міндетті орындау 
үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек. Ал жалпы музыкалық қабілеттің негізгі белгілері 
қандай? 
Музыкалық  қабілеттің  бірінші  белгісі  –  музыкалық  шығарманың  сипатын  сезіну,  естігеніне  бірге 
қуану не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті. 
Музыка  бөбекті  толғандырады,  қабылдаушылық  қабілетін  оятады,  өмір  құбылыстарымен  танысты-
рады,  оларды  бір-бірімен  салыстырған  ой  (ассоциациялар)  туғызады.  Марштың  ырғақты  әуені  оның 
көңіл-күйін  қуанышты,  көтеріңкі  етсе,  ал  науқастанып  қалған  қуыршақ  жайындағы  пьеса  мұңайтады, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
189 
жабырқатады. Бір баланың ересек адамның радио арқылы орындап тұрған мұңды әнін естігенде: «Ағай өз 
қайғысы  жайында  ән  айтып  тұр»  дегені  бар.  Демек,  ол  адамның  ішкі  тебіреністерін  бейнелеген  әннің 
сарынын сезген. 
Музыкалық  қабілеттің  екінші  белгісі  –  тыңдау  қабілеттілігі,  неғұрлым  жарқын  және  түсінікті 
музыкалық  құбылыстарды  салыстыру,  оларға баға бере  білу  қабілеті. Мұның өзі  ең қарапайым музыка-
лық  дыбысты  тыңдап,  ести  білу  мәдениетін,  қайсыбір  бейнелеу  құралдарына  ден  қойып,  еркін  тыңдау 
қабілетін  талап  етеді.  Мәселен,  балалар  музыкалық  дыбыстардың  ең  қарапайым  қасиеттерін  (домбыра-
ның, тағы басқа аспаптардың жоғары және төмен тембрлік дыбысын) бір-бірімен салыстырады, музыка-
лық шығарманың ең қарапайым құрылымын (әннің бастамасын, қайырмасын, пьесадағы үш бөлімді, т.б.) 
бір-бірінен  айырады,  бір-біріне  қарама-қарсы  көркем  образдардың  айқындылығын  (өлең  бастамасының 
биязы  жұмсақ  және  созылыңқы  сипаты  мен  қайырманың  жігерлі  тез  сипатын)  байқайды.  Бара-бара 
балалардың өздері бар ынтасымен тыңдайтын және орындайтын сүйікті шығармаларының қоры жинақта-
лады, музыкалық талғамдарының алғашқы негіздері қаланады. 
Музыкалық  қабілеттің  үшінші  белгісі  –  музыкаға  шығармашылық  көзқарастың  көрінісі.  Бала 
музыканы  тыңдап  отырғанда,  көркем  образды  әнді,  ойынды,  биді  көз  алдына  елестете  отырып,  өзінше 
қабылдайды. Мәселен,  бала сергек басып келе жатқан оқушыларға, маң-маң басқан аюға, үркек  қоянға, 
т.б.  тән  бейнелі  қимылды  іздейді.  Таныс  би  қимылдары  жаңа  құрылымдар  мен  түрлерде  қолданылады. 
Балалар қарапайым әуендерді ойдан шығарып айта береді [3]. 
Музыкаға жалпы бейімделушіліктің дамуына қарай балалардың музыкаға деген эмоциялық көзқарасы 
қалыптасып,  есту  қабілеті  жетіле  түседі,  шығармашылық  елестету  сезімі  пайда  болады.  Балалардың 
тебіреніс-толғаныстары өзіндік эстетикалық реңк алады. 
Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер  ете  отырып, оның адамгершілік бейнесін қалыптастырады. 
Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден де, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Балаларды эмоциялық-
образдық мазмұны әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге баулимыз. 
Қазақ  халқы  туралы,  кең-байтақ  егеменді  еліміз  туралы,  Астана  туралы,  әндер  Отанымызға  деген 
сүйіспеншілік сезімдерін туғызады. Түрлі халықтарының жеке және хормен айтылатын әндері мен билері 
олардың  әдет-ғұрыптарын  білуге  ынталандырады,  интернационалдық  сезімдерді  тәрбиелейді.  Музыка-
ның  жанрлық  байлығы  қаҺармандық  образдар  мен  лирикалық  көңіл-күйді,  көңілді  юмор  мен  жеңіл  би 
мелодияларын  түсінуге  көмектеседі.  Музыканы  қабылдағанда  туатын  алуан  түрлі  сезімдер  балалардың 
тебіреністерін, олардың рухани дүниесін байытады [2]. 
Ұжым  болып  ән  салу,  билеу,  ойнау  көп  ретте  тәрбиелік  міндеттерді  шешуге  көмектеседі,  мұндайда 
балалардың бәрі ортақ әсерге бөлінеді. Ән айту қатысушылардың бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді. 
Әнді дәл айтпайтын адам әннің жақсы айтылып, орындалуына кедергі жасайды, ал  ол  бәрінің сәтсіздігі 
ретінде қабылданады. Көптің бірдей тебіренуі дербес дамудың қолайлы негізін қалайды. Жолдастарының 
үлгісі, бәрі бірдей шаттанып, қуанышты түрде орындауы жүрексіз, батылсыз балаларды қанаттандырады. 
Басқа балалардың сәтті шыққан өнері ықылассыз, өр көкірек баланың жағымсыз қылықтарға бой ұруына 
белгілі  кедергі  болып  табылады.  Ондай  балаға  жолдастық  көмек  көрсетуге,  сөйтіп,  кіші  пейілділікке 
тәрбиелеуге және оның басқадай қабілеттерін дамытуға болады. 
Музыкамен  айналысу  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  жалпы  мінез-құлқына,  мәдениетіне  себін 
тигізеді. Түрлі тапсырмаларды, іс-қимыл түрлерін (ән айту, музыка тыңдау, балалар аспаптарында ойнау, 
музыка ырғағына үйлесімді қимылдар жасау) алма-кезек ауыстырып  отыру  балалардың ықылас қоюын, 
тапқырлық көрсетуін, тез қабылдап, тез тауып қимыл жасауын, ұйымшыл болуын, жігерлі күш-қимылды: 
әнді дер уақытында бастап, дер кезінде аяқтауды; биде, ойындарда тезірек жүгіріп кеткісі, әлдекімдерден 
озып  кеткісі  келген  ықтиярсыз  тілекке  берілмей,  музыкаға  бағынып,  қимылдай  білуді  талап  етеді. 
Осының бәрі тежеу процестерін жетілдіреді, ерік-жігерді тәрбиелейді. 
Музыканы  қабылдау  ақыл-ой  процестерімен  тығыз  байланысты,  яғни  зейінді,  байқағыштықты, 
тапқырлықты талап етеді. Балалар дыбыс үніне құлақ салады, ұқсас және бір-бірінен өзгеше дыбыстарды 
салыстырып, олардың бейнелік мәнімен танысады, көркем  образдардың сипатты мағыналық ерекшелік-
терін  байқайды,  шығарманың  құрылымын  түсіне  білуді  үйренеді.  Шығарма  орындалып  болған  соң 
тәрбиешінің  қойған  сұрақтарына  жауап  бергенде  бала  алғашқы  тұжырымдары  мен  салыстыруларын 
айтады:  пьесаның  жалпы  сипатын  анықтайды,  әннің  әдеби  мәтінінің  музыкалық  құралдары  арқылы 
жарқын  бейнеленгенін  ескертеді.  Мұндай  эстетикалық  баға  беруге  алғаш  ұмтылуда  ақыл-ойдың  алғыр 
болуы қажет етіледі және оған педагог бағыт беріп отырады. 
Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымалдық маңызы бар. Онда балаларды жаңа көріністер-
мен байытатын өмір құбылыстары бейнеленген. Мәселен, Өмірбек Байділдаевтің «Менің Отаным» (сөзі 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
190 
Б.Искаковтікі) әнін тыңдағанда олар Отанымызды мадақтаған шалқыған салтанатты, халықтың әр сезімін, 
шаттық қуанышын сезінеді. 
Баланы  эстетикалық  және  ақыл-ой  тұрғысынан  жетілдіре  отырып,  оның  қабылдау  және  көз  алдына 
елестету қабілетін жандандыратын, ой-қиялын оятатын кішкентай да болса шығармашылық көріністерін 
барынша демеп, қолдау керек. 
Ересек  адам  балаға  шығармашылық  тапсырмалар  береген  кезде  ақыл-ой  белсенділігін  қажет  ететін 
ізденіс  туады.  Мәселен,  ән  айтқанда  бала  әуенінің  өзі  тапқан  түрін  жанынан  шығарып  айтады,  әдеби 
мәтіннің бейнелі интонацияға сәйкестігін табуға тырысады. 
Музыкалы-ырғақ (ритмика) сәтінде балалар рақаттана әндетіп, музыка ырғағына сай қимылдай жүріп, 
өздері  ойлап  тапқан  жаңа  биге  көшеді.  Би,  халықтың  жеке  билері,  пантомима, әсіресе  музыкалық  ойын 
түріндегі  драма  балаларды  өмір  көріністерін  бейнелеуге,  бейнелі  қимыл,  мимика,  сөз  арқылы  қайсыбір 
персонажды  сипаттауға  итермелейді.  Бұл  жағдайда  белгілі  бір  жүйе  байқалады;  балалар  алдымен 
музыканы  тыңдайды,  тақырыпты  талқылайды,  рөлдерін  бөліседі,  содан  кейін  барып  іске  кіріседі.  Әрбір 
кезеңде ойлануға, қиялдауға тура келетін жаңа міндеттер туып отырады. 
Есту  мүшелері  қабылдайтын  музыка  адамның  бүкіл  организмінің  жалпы  жағдайына  әсер  етеді,  қан 
айналымында, тыныс алуда өзгерістер туғызады. В.М. Бехтеров осы ерекшелікті атап көрсете келіп, егер 
музыканының организмге әсер ету механизмін анықтаса, онда әуенге деген сезімді туғызуға немесе оны 
бәсеңдетуге  болатынын  дәлелдеп  берді.  Мажорлық  және  минорлық  сарындардың  организм  жағдайына 
қаншалықты әсер ететінін зерттей келе П.Н. Анохин музыканың әуен, ырғақ және басқа компоненттерін 
тиімді пайдаланса адамға жұмыста да, демалыс кезінде де пайдалы деген тұжырым жасады. Музыкалық 
әсердің  физиологиялық  ерекшеліктері  жөніндегі  ғылыми  деректер  музыканың  бала  тәрбиесіндегі  ролін 
материалистік тұрғыдан негіздеп берді. 
Ән айту дауысты жетілдіреді, дауыс желбезегін бекітеді, сөзді дұрыс айта білуге үйретеді (логопед – 
дәрігерлер  тұттықпаны  емдегенде  ән  айтқызу  тәсілін  қолданады),  вокальдық-дыбыс  координациясын 
қалыптастыруға  көмектеседі.  Ән  салушылардың  өз  тұлғасын  дұрыс  ұстауы  тынысты  реттеп,  тереңдете 
түседі. 
Музыка  мен  қимылдың  өзара  байланысына  негізделген  ритмикамен  шұғылдану  баланың  тұлғасын, 
координацияны  жақсартады,  аяқты  нық  басып,  жеңіл  жүгіретін  қасиет  қалыптастырады.  Музыкалық 
шығарманың  динамикасы  мен  екпіні  тиісінше  қимыл  шапшаңдығын,  оның  ауырлығын,  амплитудасын, 
бағытын да өзгертіп отыруды талап етеді. 
Музыкамен  шұғылдану  баланың  жеке  басының  жалпы  дамуына  жәрдемдеседі.  Тәрбиенің  барлық 
жақтарының  өзара  байланыстылығы  музыкалық  қызметтің  алуан  түрлері  мен  формалары  процесінде 
қалыптасады.  Балалардың  эмоциялық  елгезектігі  мен  музыкалық  есту  қабілетінің  жетілуі  олардың  ізгі 
сезімдер мен іс-қылықтарға қолдарынан келетін формада жауап қайтаруға мүмкіндік береді, ой қызметін 
күшейтуге  көмектеседі,  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қимыл-қозғалыстарын  ұдайы  жетілдіре 
отырып, дене жағынан шыңдап шығарады. 
Баланың қабілеті белсенді музыкалық қызмет процесінде дамиды. Жастың өсу сатыларындағы өзгеріс-
терді ескере отырып, музыкалық қызметті баланың ең жас шағынан бастап дұрыс ұйымдастырып, бағыт-
қа  салу  –  педагогтың  міндеті.  Өйтпеген  күнде  дамуда  кенжелеп  қалушылық  болатыны  байқалады. 
Мәселен,  балаларды  музыкалық  дыбыстарды  биіктігіне  қарай  айыра  білуге  үйретпесе,  ондай  балалар  7 
жасқа толғанша өзінен кіші бала әлдеқайда оңай орындайтын тапсырманы орындай алмайды. 
Музыкалық дамудың неғұрлым елеулі ерекшеліктері мыналар:  
- есту сезімі, музыкалық есту қабілеті; 
- әр түрлі сипаттағы музыкадан эмоциялық әсер алғыштығының сапасы мен деңгейі; 
- ән айту, музыкалы-ырғақ орындаудағы қарапайым дағдылары, қимылдары; 
- жас жағынан дамудың жалпы тенденцияларына тоқталайық [3]. 
Бір жасқа аяқ басқанда. Психологтар балалардың есту сезімінің ерте пайда болатынын айтады. Кейбір 
деректер  бойынша,  нәресте  туғаннан  кейінгі  10-12  күнде-ақ  дыбысқа  елеңдей  бастайды,  домбыра  үнін 
естігенде тыныштала қалады да, тыңдайды. 4-5 айда кейбір музыкалық дыбыстарды саралауға бейімделе 
бастағаны  байқалады:  нәресте  дыбыстың  қай  жерден  шыққанын  аңғарып,  әндеткен  дауыстың  ырғақта-
рына құлақ түреді. Дұрыс дамып келе жатқан нәресте алғашқы айдан-ақ музыканың сипатына қозғалыс 
комплексі деп аталатын қимылмен жауап береді, қуанады немесе тынышталады. Ал бір жасқа шыққанда 
бөбек ересек адамның салған әнін тыңдап, оның ырғағына ілесе былдырлап, уілдейді. 
Музыкаға  деген  эмоциялық  сезімталдықтың  пайда  болуы,  есту  сезімдерінің  дамуы  баланы  нәресте 
күнінен бастап-ақ музыкаға тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
191 
Екі  жасқа  аяқ  басқанда.  Музыканы  қабылдағанда  балалар  жарқын  контрасты  эмоциялар  көрсетеді: 
көңілді  жадыраушылық  немесе  сабырлы  күй  танытады.  Есту  түйсіктері  едәуір  сараланған  болады:  бала 
жоғары немесе төмен дыбыстарды, қатты және бәсең үнді, тіпті  тембрлік  реңкті айыра біледі  (металло-
фонда  немесе  барабанда  ойнайды).  Әнді  саналы  түрде  қайталап  айтатын  алғашқы  интонациялар  пайда 
болады; бөбек әндеткен  ересек адамға қосып, әннің музыкалық сөздерінің аяғын оған ілесе қайталайды. 
Ең  қарапайым  қимылдар  жасауды  меңгереді:  музыка  әуені  ілесіп  алақанын  соғады,  аяғымен  еденді 
тықылдатады, дөңгеленіп билеген болады. 
Үш  және  төрт  жасқа  аяқ  басқанда.  Балалардың  сезімталдығы  артады,  заттар  мен  құбылыстардың, 
оның ішінде музыканың қасиеттерін дәлірек айыра алатын болады. Әр баланың есту сезімінде өзіне тән 
ерекшеліктері байқалады. Мәселен, кейбір бөбектер қарапайым әуенді дәл қайталап айта алады. 
Жетілудің бұл кезеңі баланың дербес әрекетке ұмтылатындығымен сипатталады. Енді ол әр жағдайды 
айта  берудің  орнына  солардың  басын  құрап,  байланыстыра  сөйлейтін,  бейнелі  ойлайтын  болады,  қол-
аяқтарының  бұлшық  еттері  басталады.  Төрт  жасқа  толар  шағында  балалар  ересектердің  азғана  көмегі 
арқылы шағын әнді орындай алатын дәрежеге жетеді. Сондай-ақ олар билеуге, ойнауға мүмкіндік беретін 
түрлі қимылдар жасауға қалыптаса бастайды. 
Бес  жасқа  аяқ  басқанда.  Бұл  –  балалардың  көп  нәрсені  білуге  құштар  шағы.  «Неге?»,  «Неліктен?» 
деген  сұрақтарды  көп  қоятын  шағы.  Бөбек  құбылыстар  мен  оқиғалар  арасындағы  байланысты  ажырата 
бастайды,  қарапайым  тұжырым  жасай алады.  Ол өте  байқағыш  келеді:  Музыканың  көңілді,  қуанышты, 
сабырлы  екенін;  дыбыстардың  жоғары,  төмен,  қатты,  ақырындығын;  пьесадағы  екі  бөлімді  (біреу  тез, 
екіншісі баяу), әуеннің қандай аспапта ойналып тұрғанын (домбыра, баян) ажырата біледі. Бала әнді қалай 
айту,  қол  ұстасып,  ән  салып  жүріп  билеуде  (жай  топта) қалай  қимылдау  керектігін,  шапшаң  биді  қалай 
орындау керектігін түсінеді. 
Бұл жаста дауыс ашық, құбылмалы сипат алады. Ән интонациялары тұрақтана бастайды, бірақ әлі де 
болса ересек адамның тұрақты демеп отыруын керек етеді. Вокалдық-есту қабілеттері үйлесе бастайды. 
Қозғалыстың негізгі түрлері – жүру, жүгіру, секіруді балалардың меңгеруі оларды ойындар мен билер-
де  кеңірек  қолдануларына  мүмкіндік  береді.  Кейбіреуі  рөлді  орындағанда  (мәселен  сюжеттік  ойында) 
басқаларға  еліктемеуге  тырысады.  Енді  біреулері өзінің  бейімі  мен  қабілетіне  қарай  істің  тек  бір  түріне 
ғана ықылас қояды. 
Алты  және  жеті  жасқа  аяқ  басқанда.  Бұл  –  балаларды  мектепке  даярлайтын  кезең.  Музыка  туралы 
алған  білімдері  мен  әсерлері  негізінде  балалар  енді  тек  сұраққа  жауап  беріп  қоймай,  сонымен  қатар 
музыкалық шығармаға өзінше сипаттама да бере алады, музыканың бейнелеу құралдарын талдай біледі, 
музыка әуеніндегі әр түрлі сарындарды сезіне алады [3]. 
Бала  музыкалық  образды  тұтас  күйінде  қабылдауға  қабілетті,  ол  оның  төңіректегілерге  деген 
эстетикалық  көзқарасын  қалыптастыра  түсу  үшін  өте  маңызды.  Бірақ  талдау  қызметі  тұтас  қабылдауға 
зиян келтіреді деген мағына туа ма? Осы орайда балалардың сенсорлық қабілеттері мен музыканы қабыл-
дау  қасиеттерін  байқау  үшін  жүргізілген  зерттеулер  онда  қызықты  заңдылықтың  бар  екенін  көрсетеді. 
Егер зейін қоя тыңдау, бөліп қарау, «музыкалық тілдің» ең жарқын құралдарын айыра білу міндетін алға 
қойсақ,  онан  музыканы  қабылдаудағы  қабілеттілік  кемімейді  екен.  Бала  бұл  ерекшеліктерді  бөліп  ала 
біледі және оларды есінде ұстай отырып, музыканы тыңдағанда, әндер мен би қимылдарын орындағанда 
белгілі бір образға сай қимыл жасай алады. Мұның өзі оның музыкалық-есту қабілетінің жетілуіне, нота-
лар бойынша ән салуға әзірленуге қажетті дағдыларды меңгеруіне жәрдемдеседі. 
6-7  жастағы  балалардың  даусы  бұрынғыдан  да  бекіп,  диапазоны  кеңейеді,  әншілігі  айқындалады, 
дыбысы айшықтанады. 
Енді әндер мен билерді, ойындарды өз бетінше, шығармашылық тұрғыда орындайды. Музыкаға деген 
жеке ынтасы мен қабілеті айқын көріне бастайды. 
Музыкалық жетілудегі жас ерекшеліктерін айыра білу педагогтың балаларға жасына қарай музыкалық 
тәрбие берудегі істің реті мен мазұнын нақтылай түсуіне мүмкіндік береді [4]. 
Қорыта айтқанда, барлық қағидалар балалар бақшасындағы музыкалық тәрбиенің міндеттерін айқын-
дап  беруге  мүмкіндік  туғызады,  бұл  қағидалар  баланың  жеке  басын  жан-жақты  және  үйлесімді  тәрбие-
леудің  жалпы  мақсатына  бағындырылып,  музыкалық  өнердің  өзгешелігі  мен  мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп құрылады: 
1. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәриелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармала-
рының  мазмұнын  тереңірек  сезіп,  түсінуіне  көмектесетін  музыкалық  қабалдағыштығын,  музыканы  есте 
ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады. 
2.  Балаларды  алуан  түрлі  музыкалық  шығармалармен  таныстырып,  олардың  музыкалық  әсерлерін 
байыта беру керек. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
192 
3. Балаларды музканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка тыңдау, ән айту музыкалық-
ырғақтық қимыл, балалардың музыкалық аспаптарында ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет. 
4. Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен лаб-биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ 
сезуін жетілдіріп, әншілік дауыс пен қимылдарын әрлендіре түсу керек. 
5.  Ән  айтудың  қарапайым  түріне  және  қимыл  әдістеріне  үйрете  беру,  бұл  істе  музыкалық  шығарма-
лардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек. 
6.  Алған  әсерлері  мен  музыка  жөніндегі  ұғымдары  негізінде  музыкалық  талғамы  пайда  болған 
балалардың  алғаш  көрінуіне  жәрдемдесу  керек,  ол  үшін  алдымен  олардың  музыкалық  шығармаларды 
таңдауына, содан соң бағалай білуіне көмектескен жөн. 
7. Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойындар мен хорларда характерлік образдарды 
беруде; үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда; ойдан шығарған шағын 
әндер мен қайырымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек. Сонда дербес, үйрен-
ген  репертуарды  күнделікті  өмірде  қолдануға  деген  инициативамен  талпыныс,  музыкалық  аспаптарда 
ойнауға, ән салып, би билеуге деген құлшыныс қалыптасады. 
Балаларға музыкалық тәрбие беру міндеттері мектеп жасына дейінгі балалардың бәріне тән. Балалар-
дың жасына қарай бұл міндеттердің түрлері өзгеріп, күрделілене түседі. 
 
1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 
Қазақстан халқына жолдауы. 14 желтоқсан. - Астана, 2012. 
2.  Ұзақбаева  С.А.  Қазақтың  халықтық  педагогикасындағы  эстетикалық  тәрбие.  п.ғ.д.,  дисс…  21.05.93.  - 
Алматы, 1993. - 425 б. 
3. Балалар бақшасында музыкалық тәрбие беру методикасы /ред. басқарған Н.А. Ветлугина. - Алматы: Мектеп, 
1981. – 279 б. 
4. Кабалевский Д.Б. Прекрасное побуждает добро. - М., 1973. – 231 с. 
 
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН 
ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
С.М. Крыкбаева – ө.ғ.к., ҚазМемқызПУ аға оқытушысы 
 
Резюме 
В этой статье расматривается педагогические аспекты развитие эстетический вкус учащихся на основе казахской 
национальной костюмы.  
Национальный костюм на длительном протяжении непрерывно подвергался совершенствованию с точки зрения 
эстетики,  но  его  форма  и  конструкция  были  проверены  и  утверждены  многовековой  практикой.  Достигнув 
абсолютного совершенства, они выдержали испытание временем и эволюцию вкусов. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет