Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет10/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38

Ахмедов Бахытжан Асылбекович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушысы, 
Түркістан қ., dene-tarbiesi@mail.ru 
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНЕ САПАЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Түйін.  Жасөспірім  балуандарды  дайындауда  
оқу-жаттығу үдерісіне дене және психологиялық 
дайындығы бойынша дайындалған әдістеме физи-
ологиялық  көрсеткіштері    мен  жұмыс    қабілет-
тілігінің  қалпына  келу жылдамдығын арттыру 
сезімталдығын  дамытуға  назар  аудару,  көрсет-
кіштерін  жақсартуға,  өзін-өзі  реттеу  дағды-
ларын  меңгеруді  жеделдетуге,  ішкі  қорлардың 
ашылуын  жандандыру  және  жарыс  кездерінде 
шығармашылық  тапқырлық  қабілеттерін  көрсе-
туге мүмкіндіктері қамтылған. 
Кілтті  сөздер:  педагогика,  білім  беру,  оқы-
тып,  үйрету,  бағдарлау,  өздігінен  дамыту,  дене 
дайындағандығы, дене тәрбиесі.
Резюме.  В  статье  рассматривается  подро-
сток в подготовке представления борцов в учеб-
но-тренировочный  процесс  методики  повышения 
физической  работоспособности  и  скорости  вос-
становления  физиологических  показателей  чув-
ствительности  и  психологической  готовности, 
изготовленные по развитию внимания, улучшить 
показатели,  саморегулирования  и  ускорить  усво-
ение  навыков,  раскрытие  творческих  способно-
стей,  активизация  внутренних  запасов,  возмож-
ности и находчивость во время соревнований.
Ключевые  слова:  Ориентирование,  образова-
ние  развитие  личности,  саморазвитие,  физиче-
ская культура.
Summary:  The  article  discusses  the  adolescent 
in  the  preparation  of  the  submission  wrestlers  in 
the  training  process  strategies  to  improve  physical 
performance  and  speed  recovery  of  physiological 
indicators  of  sensitivity  and  psychological  readiness 
that is made to develop concentration, to improve the 
performance, self-regulation and accelerate learning, 
develop  their  creative  potential,  the  activation  of 
internal  reserves,  the  ability  and  resourcefulness 
during the competition.
Key  words:  Orientation,  education,  personal 
development,  personal  development,  physical 
education.
Жасөспірімдердің  дене  қозғалысы  сапала-
ры  қимылдық-қозғалыс  әрекетінің  мына  сапа-
лық  ерекшеліктерінен  тұрады:  күш,  жылдамдық, 
төзімділік, иілгіштік және ептілік.
Дегенмен,  кейбір  сапаларда  психофизиоло-
гиялық  механизімдері  ұқсас  тура  келетіндері 
байқалады,  сондықтан  күштің,  шапшаңдықтың, 
төзімділіктің, ептілік және иілгіштік, икемділіктің 
дербес  сапалық  ерекшеліктері  ретінде  барынша 
өнерлілігінің,  икемділігінің  ақиқаттығы  айқын-
далды  (яғни  бұл  әсіресе  ептілікке  тән).  Әртүрлі 
сапалардың жалпы бөліктері (компоненттері) мен 
механизмдерінің көрінуін іздеу, олардың бөлшек-
терге  бөлінуіне  (дифференциалануға),  құрамын 
айқындауға  әкеледі.  Бұрын  қарапайым  болып  са-
налған кейбір сапалар, енді бірқатар барынша қа-
рапайым  және  бір-біріне  байланысы  жоқ  дербес 
сапаларға бөлініп кетеді. Қазіргі уақытта олардың 
аяқталған жіктелуін беру, әсіресе әр түрлі сапалар-
дың көріну механизіміне барынша дәл сілтеме жа-
сау мүмкін емес.
Дегенмен,    жасөспірімдердің  әрбір  қозғалыс 
сапасы  құрылымының  күрделілігіне  қарамастан 
бірнеше  бөліктерді  қосып  алады.  Олардың  біреуі 
қозғалыс  аппараты  мен  дененің  бүтіндей  құрлы-
сын, ал басқалары реттеуші жүйенің қызмет ерек-
шелігін бейнелейді. 
Мысалы, қимылдық-қозғалыстың дәлдігін қоса 
ептілік, морфологиялық және биохимиялық компа-
ненттерге қарағанда орталық жүйке жүйесінің әсер 
етуіне көп байланысты. Күш пен шапшаңдықтың 
көрінуі елеулі мөлшерде морфологиялық бөліктер-
ге, яғни балуанның бойына, салмағына, бұлшықет-
тердегі және бүтіндей ағзадағы биохимиялық және 
гистологиялық өзгерістерге тәуелді. Қозғалыс са-
паларын құрайтын компоненттердің ішінде жалпы 
және арнайы түрлері айырмаланады.   
Жалпы  компонентттері  қозғалыс  сапасының 
бірнешеуіне тән, мысалы, өжеттіктің жігерлік са-
пасы немесе төзімділіктің әр түрлерінің көрінуін-
дегі шыдамдылық.
Арнайы  компоненттері қандай да бір сапаның 
өзгешелік  ерекшелігін  қамтамасыз  етеді.  Жалпы 
компонентттердің бар болуының арқасында бір са-
паның жаттығуын екіншісіне ауыстыруға болады. 
Сол  сияқты,  назарда  ұстайтын  нәрсе  бір  компо-
нентттің дамуы екіншісінің көріну деңгейін төмен-
детуі мүмкін.
Балуандардың  қарапайым  және  күрделі  қозға-
лыс сапаларын айырған дұрыс. Мысалы, күрделіге 
ептілік,  дәлдік  жатады.  Балуандардың  сапалары 
ішіндегі  өте  қажетті  компоненттері  психикалық 
сапа болып табылады (мысалы, дәлдік көзбен мөл-
шерлеу  шамасы).  Қимылдық-қозғалыс  сапалары-
ның  қарапайымына  және  күрделісіне  де  өзгеше 
ерекшелік қасиеттері тән. Мысалы, баскетболшы-
ның  ептілігі  мен  гимнасттың  ептілілігінің  шама 
бірлігі бірдей емес. 

63
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Қозғалыс  сапаларының  жас  ерекшеліктеріне 
қарай дамуы әртүрлі уақытта әр түрлі уақыттағы-
сымен  (гетерехронносью)  сипатталады.  Мұның 
мәні  әр  түрлі  қозғалыс  сапалары  өзінің  барынша 
табиғи дамуына әр түрлі жаста, яғни жылдамдық 
сапасы  13-15  жаста,  ал  күштілік  сапасы  25-30 
жаста және т.б. көрінеді.
Қимылдық-қозғалыс  сапаларының  әр  түрлі 
бағыттағы  өзгеруі  жыныстық  жетілу  кезеңінде 
ерекше  көрінеді.  Бұл  кезеңде  жылдамдық-күш 
сапасының  даму  қарқыны  тез  артады,  ал  қимыл-
дық-қозғалыс  жилігі,  қозғалыс  параметірлерін 
мөлшерлеудің  (өлшеу)  дамуы  тоқтайды  немесе 
біршама кері кетеді. 
Бұл қозу жүйке жүйесінің қозғалмалылығынан 
ықпал  ететін  жылдамдық-күш  сапаларының 
көрінуінен  және  үйлесімділік  мүмкіндіктерін  те-
жейтін нейродинамикалық өзгерумен байланысты 
болады.  Жасөспірім  балуандар  ағзаларының  жас 
ерекшелік  дамуындағы  елеулі  өзгерістермен  си-
патталатын  кезеңдері  ауыспалы  немесе  сезімтал-
дық деп аталады. Мұндай кезеңдерде арнайы жат-
тығу белгісі дене сапаларын дамыту үшін барынша 
жоғары әсер береді [2].
Күрес  түрлерімен  шұғылданатын  жасөспірім 
балуандарға  күрестің  әдістік-тәсілдік  жаттығу-
ларын  меңгерту  дәрежесі  қимылдық-қозғалыс 
әрекеттерін  қалыптастырып,  дамыту  барысында 
негізгі  болып  саналатын  дене  сапаларының  даму 
деңгейіне байланысты болады. Бұл  мәселенің то-
лық шешімін табу үшін балуандардың дене сапа-
ларына сипаттама бере кеткен дұрыс. 
Дене  сапалары  дегеніміз  балуандардың  қи-
мылдық-қозғалыс мүмкіндіктерін анықтайтын ағ-
заның  қызмет  ету  жүйесі  болып  саналады.  Дене 
сапаларын  негізгі  мына  бес  сапаларға  жіктейміз: 
күш,  шапшаңдық,  төзімділік,  иілгіштік,  ептілік 
(икемділік)  [2].
Самбо күресімен шұғылданатын жасөспірім ба-
луандардың күшін оның сыртқы қарсылық күшті 
жеңетін қабілеті немесе оған бұлшық ет күшімен 
қарсы тұру мүмкіндігімен анықтайды. Күшті тәр-
биелеу бұлшық еттің физиологиялық өзгерісімен, 
яғни бұлшық ет талшықтарының байқалуымен қа-
тар жүреді.
Күшті  дамыту  жаттығуларымен  шұғылдану 
нәтижесінде  адамның  дене  құрлысын  едәуір  өз-
гертуге  болады.  Күш  қатынастық  және  абсалют-
тік  болып  бөлінеді.  Абсалюттік  күш  –нақтылы 
қимыл-қозғалысқа  қатысатын  барлық  бұлшық  ет 
топтарының жиынтық күші.
Қатынастық күш – адам денесінің (көлемінің) 
1кг  салмағына  тура  келетін  абсолюттік  күштің 
мөлшері. Балуандардың күштік сапаларын тестіле-
уді динамометрдің   жәрдемімен өткізуге болады. 
Белгілі  бір  жасқа  дейін  абсолюттік  және  қатына-
стық  күштерде  биологиялық  жасқа  сәйкес  физи-
ологиялық  өзгерістердің  нәтижесінде  бұл  күштің 
екі  түріде  артады.  18-22  жасқа  дейін  дамып  келе 
жатқан ағзаның күш мүмкіндігіне арнайы әсер ету 
арқылы  күштің  және  соған  байланысты  сапаның 
өсуін арттыруға болады [5]. 
Бұдан  кішірек  жастарда  табиғи  өсу  елеулі 
төмендейді.  Бұлшық  ет  көлемінің  немесе  күш 
1-сурет. Жасөспірімдердің қозғалыс сапаларының жас кезеңдерінде көрінуі 
 
Ж
ас 
кез
ең
де
рі
 
Қозғалыс сапалары 
Де
не
нің
 
ба
за
лық 
абс
олю
т к
үші
 
Қоз
ға
лыс
тың
 
ша
пша
ңдығы
 
Ж
ылда
мдық 
күш 
(бір
 
орн
ын
ан
 
ұз
ын
дық
қа
 
се
кіру са
па
сы

Төзімділік 
Иілгі
шт
ік
 (а
лға
 
ең
кей
у)
 
Ст
ат
ик
алық 
күшт
ік
 
Ди
нам
ик
ал
ы
қ к
үшт
ік
 
Ж
алп
ы  (
 500
 
м жүгіру)
 
 
7-8 
 
 
 
 
 
 
 
 
8-9 
 
 
 
 
 
 
 
 
9-10 
 
 
 
 
 
 
 
 
10-11 
 
 
 
 
 
 
 
 
11-12   
 
 
 
 
 
 
 
12-13   
 
 
 
 
 
 
 
13-14 
 
 
 
 
 
 
 
 
14-15 
 
 
 
 
 
 
 
 
15-16 
 
 
 
 
 
 
 
 
16-17 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ауыспалы кезеңдер 
 
төменгі сезімталдықтағы ауыспалы кезеңдер 
 
орташа сезімталдықтағы ауыспалы кезеңдер 
 
жоғары сезімталдықтағы ауыспалы кезеңдер 
 
 
 
 
 

64
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
мүмкіндігінің бұл жаста тез өсуіне жәрдемдесетін, 
денсаулыққа зиянды емес химиялық қосымшалар 
арқылы іске асыруға болады. Жиырма бес жастан 
асқаннан кейін күш сапасына және дене мүшелері 
құрылысына (жекелеген бұлшық ет жүйесіне) алға 
қойған  мақсатты  орындау  үшін  көп  уақыт  талап 
етіледі.  Күш  сапасы  ауырлық  күштерімен  жат-
тығулар жасау арқылы қалыптасады: өз денесінің 
салмағымен (жерден денені шынтақты бүгіп-жазу 
арқылы көтеру , белтемірге тартылу , отырып-тұру 
және  т.б)  және  спортқұрал  –жабдықтарымен 
(штанга,  тренажерлар,  резиналық  серпінді  құрал-
дар және т.б). Күшті дамытуға арналған жаттығу-
лар түрлері төмендегіше айырмаланады:
1. Сыртқы қарсылық күштерімен орындалатын 
жаттығулар:
а) ауыр зат салмағымен;
ә) әріптесінің қарсы күшімен;
б) серіппелі заттың қарсылығымен;
в) сыртқы ортаның қарсылығымен;
г) өз салмағына тура келетін ауырлықпен орын-
далатын жаттығулар. Күшті тәрбиелеу әдісі барын-
ша әр түрлі бейнеде болуы мүмкін. Оларды таңдау 
мақсатқа байланысты айқындалады.
 2. Оқу-жаттығу сабағында іс-тәжірибеде негіз-
гі күшті тәрбиелеу әдісі мыналар:
1) барынша (максимальный ) күш салу әдісі;
2) қайталап күш салу әдісі;
3) динамикалық күш салу әдісі;
Барынша    күш  салу  әдісі  ауырлықпен  жат-
тығуды барынша шегіне дейін және соңғы шама-
лас  күшпен  орындаумен  сипатталады  (жаттығу-
ды орындау рекордының 90% -мен ) , жаттығуды 
орындауға бір талаптанғанда оны он үш рет қай-
талайды , ал сабақ барысында бес-алты рет талап-
танып, онда 15-18 рет қайталап арасында 4-8 ми-
нут демалады (күш қалпына келгенше ). Бұл әдіс 
нақтылы  жаттығуларға  күшке  арналған  жаттығу-
ларды  орындаудан  жоғары  нәтижеге  жету  үшін 
біртіндеп өсіру пайдаланылады және «қопарылыс 
күштерімен» ( «взрывной силы» ) байланысты.
Қайталап  күш  салу  (немесе  «қарсылыққа» 
дейін әдісі 30-70% рекордтықты құрайтын, бір та-
лаптанғанда  сериясымен  4-12  ретке  дейін  қайта-
лайтын ауырлықтармен жасалатын жаттығуларды 
қарастырады. Бір сабақ барысында 3-6 рет талап-
танып  шығу  орындалады.  Қатарынан  орындала-
тын жаттығулар сериясының арасындағы демалыс 
2-4 минут. Бұл әдіс шыдамдылық күшін тәрбиеле-
уге жәрдемдеседі.
Динамикалық  күш  салу  әдісі  кіші  және  орта 
ауырлықтарды ( рекордтық салмақтың 30% дейін) 
қолданумен байланысты.
Мұнда жаттығулар бір талаптану кезінде сери-
ясымен  15-25  рет  аса  жоғары  ырғақпен  қайтала-
нады. Бір сабақта 3-6 рет талапанып шығу орын-
далып,  олардың  арасындағы  демалыс  2-4  минут 
аралығында болады. Бұл әдіс секіруде, лақтыруда 
,басқа да әрекеттерде қажетті жылдамдық күш са-
паларын дамытуға жағдай туғызады.
Күшті  дамытудың  жәрдемші  әдісі  изометри-
ялық  (немесе  статистикалық  )  болып  табылады. 
Мұнда  бұлшық  еттердің  керілуі  олардың  ұзын-
дығының  өзгермеген  күйінде  орындалады.  Бұл 
әдісті пайдалану әр түрлі бұлшық ет топтарының 
4-6 секунд бойы барынша керілуіне мүмкіндік бе-
реді. Бір сабақта жаттығуды 5 ретке дейін қайталап 
,  әр  керілуден  кейін  1  минутқа  дейін  демалдыру 
қажет.  Бұл  әдіс  кез  келген  бұлшық  ет  топтарына 
әсер етуге мүмкіндік беріп, олардың өсуіне басқа 
әдістермен үйлестікке жағдай (стимул) жасайды. 
Адамдардың  дене  құрлысының  әр  түрлілігіне 
қарамастан бұлшық ет көлемдерін ұлғайту немесе 
азайту  мақсатына  жету  үшін  күш  мүмкіндіктерін 
жүйелі  және  әдістемелік  дұрыс  құрылған  жатығу 
сабақтарын өткізу жолымен қол жеткізуге болаты-
нын есте ұстаған жөн [2].
Күрес түрлерінде балуанға кілемде қарсыласын 
жеңу үшін айлалы тәсіл немесе қарсы әдіс қолда-
нып оның қарсыласуына кедергі жасап, жауырын-
нан кілемге тигізіп таза жеңіске жету немесе жеңіс 
ұпайларын жинап, басымдылықпен ұту жеткілікті 
дәрежедегі дене күшінсіз жүзеге аса бермейді. 
Белдесуде дене күшін қолданусыз табысқа жету 
мүмкін емес. Әрине балуанның денесіндегі барлық 
бұлшық  еттердің  бірдей  дамытылғаны  үйлесімді 
болар еді. Алайда, дене бұлшық еттердің барлығы 
үйлестікте дамыған балуандар сирек кездеседі.
Бір  балуандардың  қол  бұлшық  еттері,  басқа-
ларының  аяқ  бұлшық  еттері,  үшіншілерінің  арқа 
бұлшық еттері күшті дамыған болады. Сондықтан, 
самбо  күресімен  шұғылданатын  жасөспірім  ба-
луандардың  оқу-жаттығу  сабақтарында  ең  әлсіз 
бұлшық  еттер  тобын  дамытуға  тиімді  мүмкіндік 
туғызатын жаттығуларды іріктеп, таңдап алынған-
дарын қолдану қажет.
Дегенмен басқа бұлшық ет топтпрында, әсіресе, 
күшті дамығандарына ерекше назар аударған жөн 
немесе ол бұлшық ет топтарының күштерін пайда-
лану  барысында  барынша  нәтижелі  әдістік-тәсіл-
дік әрекеттер орындалады. Күшті басқа дене сапа-
ларымен (шапшаңдық және иілгіштік ) үйлестікке 
дамыту керек. 
Тек  күшті  дайындықпен  шұғылдану  бұлшық 
еттердің  созылғыштық  ,  иілгіштік  қасиетін  жой-
ып дөрекіленуіне әкелуі, қимылдық - қозғалыстың 
тежелуі және шапшаңдық сапаларының төмендеуі 
пайда болуы мүмкін. Бұл, жағдайда  әсіресе, гань-
тель,  штанга,  кір  тасы  (гир)  сияқты  ауырлықпен 
артық  шұғылдану  нәтижесінде  жиі  ұшырасады. 
Бірдей  жағдайдағы  белдесуде,  әрине,  дене  күші 
басым балуанның жеңіске жететіні түсінікті. Көп-
теген  атақты  балуандардың  нәтижелі  табысының 
осы күш сапасына тәуелді екені айқын.
Қатарынан орындалатын жаттығулар сериясы-
ның арасындағы демалыс 2-4 минут. Бұл әдіс шы-

65
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
дамдылық күшін тәрбиелеуге жәрдемдеседі.
Динамикалық  күш  салу  әдісі  кіші  және  орта 
ауырлықтарды  (рекордтық  салмақтың  30%  дейін) 
қолданумен байланысты.
Мұнда жаттығулар бір талаптану кезінде сери-
ясымен  15-25  рет  аса  жоғары  ырғақпен  қайтала-
нады. Бір сабақта 3-6 рет талаптанып шығу орын-
далып,  олардың  арасындағы  демалыс  2-4  минут 
аралығында болады. Бұл әдіс секіруде, лақтыруда, 
басқа да әрекеттерде қажетті жылдамдық күш са-
паларын дамытуға жағдай туғызады.
Күшті  дамытудың  жәрдемші  әдісі  изометри-
ялық (немесе статикалық) болып табылады. Мұн-
да бұлшық еттердің керілуі олардың ұзындығының 
өзгермеген күйінде орындалады. Бұл әдісті пайда-
лану  әр  түрлі  бұлшық  ет  топтарының  4-6  секунд 
бойы  барынша  керілуіне  мүмкіндік  береді.  Бір 
сабақта  жаттығуды  5  ретке  дейін  қайталап,  әрбір 
керілуден  кейін 1 минутқа дейін демалдыру қажет. 
Бұл  әдіс  кез  келге  бұлшық  ет  топтарына  әсер 
етуге  мүмкіндік  беріп,  олардың  өсуіне  басқа  әді-
стермен  үйлестікте  жағдай  (стимул)  жасайды. 
Адамдардың  дене  құрылысының  әр  түрлігіне  қа-
рамастан  бұлшық  ет  көлемдерін  ұлғайту  немесе 
азайту  мақсатына  жету  үшін  күш  мүмкіндіктерін 
жүйелі және әдістемелік дұрыс құрылған жаттығу 
сабақтарын өткізу жолымен қол жеткізуге болаты-
нын есте ұстаған жөн [2].
Күрес түрлерінде балуанға кілемде қарсыласын 
жеңу үшін айлалы тәсіл немесе қарсы әдіс қолда-
нып  оның  қарсыласуына  кедергі  жасап,  жауыры-
нын кілемге тигізіп таза жеңіске жету немесе жеңіс 
ұпайларын жинап, басымдылықпен ұту жеткілікті 
дәрежедегі дене күшінсіз жүзеге аса бермейді.
Белдесуде дене күшін қолданусыз табысқа жету 
мүмкін емес. Әрине балуанның денесіндегі барлық 
бұлшық  еттердің  бірдей  дамытылғаны  үйлесімді 
болар еді. Алайда, дене бұлшық еттерінің барлығы 
үйлестікте дамыған балуандар сирек кездеседі.
Бір  балуандардың  қол  бұлшық  еттері,  басқа-
ларының  аяқ  бұлшық  еттері,  үшіншілерінің  арқа 
бұлшық еттері күшті дамыған болады. Сондықтан, 
самбо  күресімен  шұғылданатын  жасөспірім  ба-
луандардың  оқу-жаттығу  сабақтарында  ең  әлсіз 
бұлшық  еттер  тобын  дамытуға  тиімді  мүмкіндік 
туғызатын арнайы  жаттығуларды іріктеп, таңдап 
алынғандарын қолдану қажет.
Дегенмен, басқа бұлшық ет топтарында, әсіресе, 
күшті дамытуға ерекше назар аударған жөн немесе 
ол бұлшық ет топтарының күштерін пайдалану ба-
рысында  барынша  нәтижелі  жеке  әдістік-тәсілдік 
әрекеттер  орындалады.  Күшті  басқа  дене  сапала-
рымен (шапшаңдық және иілгіштік) үйлестікте да-
мыту керек. Тек күштік дайындықпен шұғылдану 
бұлшық еттердің созылғыштық, иілгіштік қасиетін 
жойып  дөрекіленуіне  әкелуі,  қимылдық-қозға-
лыстың  тежелуі  және  шапшандық  сапаларының 
төмендеуі пайда болуы мүмкін. 
Бұл, жағдай әсіресе, гантель, штанга, кір тасы 
(гир) сияқты ауырлықпен артық шұғылдану нәти-
жесінде  жиі  ұшырасады.  Бірдей  жағдайдағы  бел-
десуде, әрине, дене күші басым балуанның жеңіске 
жететіні түсінікті. Көптеген атақты балуандардың 
нәтижелі  табысының  осы  күш  сапасына  тәуелді 
екені айқын көрсетілген.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ахмедзянов  М.  Н.  Физическое  воспитание 
учащихся в деятельности начинающего педагога: 
учебное пособие. Челябинск. 1997.
2.Баранов В. А.,Венглинский Г. П., Столяр К. Э. 
Теория и практика физической культуры в вузе. М., 
2004.
3. Барчуков И. С. Физическая культура: учебное 
пособие для студентов высших учебных заведений. 
М.: ЮНИТИ, 2003.
4.Боген  М.  М.  Физическое  совершенство  как 
основное понятие теории физической культуры // 
Теория и практика физической культуры. 1997. № 
5.Бордовская Н. В., Реан А. А. Педагогика: учебник 
для вузов. СПб., 2000. (Учебник в электронной би-
блиотеке СГИ).
6.Вислогузова М. А., Сушкова Ф. Б. Технология 
подготовки к творческой педагогической деятель-
ности. М., 1995.

66
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ:796.07
Халилаев Абдисадык Нурлакович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының доценті
Абусейтов Бекахмет Зайнидинович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ,  Өнер факультетінің «Дене мәдениеті» кафедрасының доценті, п.ғ.к.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫН ОҚЫТЫП ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІНІҢ 
ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕРІ
Түйін.    Бұл  мақалада  дене  мәдениеті  мен 
спорттың қазіргі заманғы теориясы мен әдісте-
месінде қимылдық ойындар тек дене жаттығула-
рымен шұғылдануды ұйымдастыру формасын ғана 
емес, сонымен бірге қозғалысты қалыптастырып, 
дамыту әдісі және тәрбиелеу құралы ретінде де 
қарастырылады. Бұл әдістің өзгешелігі ойындағы 
қозғалыс ты меңгеру баланың іс-әрекеті үшін дер-
бестік  және  қызықтыратын,  белсенді  жағдай-
да,  өз  қатарларымен  және  ересектермен  тығыз 
қарым-қатынаста,  бірлескен  педагогикалық  әсер 
ету аясында жүретіндігі қамтылған.
Кілтті  сөздер:  педагогика,  білім  беру,  оқы-
тып,  үйрету,  бағдарлау,  өздігінен  дамыту,  дене 
дайындағандығы, дене тәрбиесі. 
Резюме.  В  этой  статье  рассматривает-
ся  современные  теории  и  методике  физической 
культуры  и  спорта,  подвижные  игры  не  только 
заниматься  физическими  упражнениями  формы 
организации, движения, а также формирование и 
развитие рассматриваются как средство и метод 
воспитания. Движения ребенка в игре, в отличие 
освоение  этого  метода  за  действия,  интересую-
щие и самостоятельность, активно, со взрослыми 
и  тесно,  в  рамках  совместного  педагогического 
воздействия.
Ключевые  слова:  Ориентирование,  образова-
ние  развитие  личности,  саморазвитие,  физиче-
ская культура.
Summary: In this article, the modern theory and 
methodology of physical culture and sports, outdoor 
games not only to exercise the forms of organization, 
movement, and formation and development are seen as 
a means and method of education. The movement of the 
child in the game, in contrast to the development of this 
method for the actions of interest and independence, 
actively, with older and closely, in the framework of 
the joint pedagogical impact.
Key  words:  Orientation,  education,  personal 
development,  personal  development,  physical 
education.
Дене  тәрбиесінің  кешенді  құралдарына  дене 
жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштері мен 
гигиеналық  қозғаушы  күштері  жатады.  Адамның 
дене тәрбиесінің негізгі ерекшелігі бар (специфи-
калық) құралы дене тәрбиесінің заңдылықтарына 
сәйкес  пайланылатын  қозғалыс  әрекеттері,  яғни 
дене  жаттығулары  болып  табылады.  Дене  жат-
тығулары  гимнастика,  ойын,  спорт  және  саяхат 
түрінде тарихи жинақталып, әдістемелік түрде қа-
лыптасты.
Дене  жаттығулары  дене  тәрбиесінің  құралы 
ретінде  шұғылданушылардың  белсенді  қозғалыс 
әрекетін қамтамасыз етеді. Дене жаттығуларының 
сапалы сипаты бірқатар мына психикалық қызмет-
тер жиынтығынан көрінеді: жетілдіруге талаптану, 
оған жетуге деген әрекеттің мақсаты мен құралда-
ры туралы мағлұматы, берілген жаттығуды орын-
дауға деген ықылас пен ерік-жігер күшінің болуы 
және т.б.
Дене жаттығуларын дұрыс орындауға қоршаған 
орта  жағдайының  әсері  және  оған  бағдар  алу, 
қозғалу мағлұматының, ойлау жұмыс қабілетінің, 
толқу  сезімінің  және  т.б.  болуы  әсер  етеді.  Дене 
жаттығулары  адамның  психикалық  қасиеттерін 
жетілдіруге  мүмкіндік  жасап,  оның  ойлау  (зерде, 
сана) қызметін жақсартады.
Дене жаттығулары қызығушылық пен сезімді, 
ерік-жігер мен мінезді дамытып, адамның рухани 
даму  құралының  бірі  болып  табылады.  Олар  со-
нымен бірге адамның дене және психикалық қыз-
метінің бірлігін көрсетеді.
Табиғаттың  сауықтыру  күштері  -  күн  радиа-
циясы  мен  су,  сол  сияқты  гигиеналық  қозғаушы 
күштері жеке және қоғамдық гигиена талаптарын 
сақтау  дене  тәрбиесінің  өзгеше  құралы  ретінде 
әдістемелік мақсатқа сәйкес ұйымдастырылса, бұ-
дан да басқа олар дене жаттығуларының шұғылда-
нушыларға барынша тиімді әсер етуіне мүмкіндік 
жасайды.
Аталған  құралдарды  кешенді  пайдалану  дене 
тәрбиесінің білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру 
міндеттерін толыққанды, міндетті түрде іске асыру 
жағдайы, сонымен бірге дене тәрбиесі жүйесінде 
ақыл-ой,  адамгершілік  және  эстетикалық  тәрбие 
құралдары қодданылып, барлық тәрбие түрлерінің 
негізгі байланысын көрсетеді.
Дене жаттығуларының пайда-болуы адам қоға-
мының  ұзақ  даму  барысына  жатады.  Дене  жат-
тығуларының пайда болуында шешуші рөлді мате-
риалдық өмір жағдайлары, атап айтқанда, бәрінен 
бұрын  еңбек  қызметі  ойнады.  Мұнда  адамның 
жаттығу болмысын сапалы түрде түсінуінің үлкен 
маңызы бар. Адамды еңбекке дайындау үшін оның 
дене  күшін  дамытуға  бағытты  түрде  әсер  етуге 

67
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
және  қозғалыс  тәжірибесін  балаларына  үйретуге 
деген қажеттілікке байланысты дене жаттығулары 
пайда болды.
Дене  жаттығулары  бастапқы  кезде  еңбек  қи-
мыл әрекеттерімен тығыз байланыста болды. Дене 
жаттығуларының  дамуына  өнер,  әскери  қызмет, 
сонымен бірге құрамына дәстүрлі ойындар мен би-
лер кіретін діни табынушылық салт-дәстүрлер еле-
улі  әсер  етті.  Дегенмен,  материалдық  қажеттілік 
пен жағдай барлық уақытта дене жаттығуларының 
қалыптасып,  дамуының  қозғаушы  күші  болды. 
Дене жаттығуларын меңгеру басынан бастап басты 
негізде жетілген білімге, біліктілікке және дағдыға 
байланысты  болды.  Қоғамның  және  оның  ішінде 
дене  тәрбиесінің  даму  деңгейіне  қарай  дене  жат-
тығуларының еңбекпен және басқа тікелей қолдан-
балы  әрекеттермен  байланысы  тікелей  тәуелділік 
сипатын жоғалтты. Енді олар белгілі бір өндірістік 
немесе әскери жағдайларға байланысты болмайды. 
Мысалы, табиғи жүгіруден (олжаны қуалау немесе 
жаудан құтылу үшін қашу), яғни белгілі бір қажет-
тіліктен немесе қауіптің дәрежесінен табиғи кедер-
гілерге байланысты жүгіруден басқа осы нақтылы 
жағдайлардың нәтижесінде қысқа, орта және ұзақ 
қашықтыққа кедергімен секіру пайда болды.
Дәл  осы  сияқты  найзаны  аңшылықтағы  си-
яқты  белгілі  бір  нысанаға  емес,  ұзаққа  лақтыру, 
ұзындыққа  секіруді  келісімді  кедергілер  арқылы 
орындай  бастады  және  т.б.  Дене  жаттығуларын 
дерексіздендіру  (абстрактілеу)  нәтижесінде  күр-
делі  қозғалыс  актілерінің  жекелеген  бөліктерін 
бөлек және оны дене тәрбиесінің мақсатына пай-
далану  келісім  бойынша  "табиғи"  деп  аталатын 
еңбек, әскери және тұрмыстық қызметтен тарихи 
алмасқан  жаттығулардан  басқа  (жүру,  жүгіру,  өр-
мелеу, секіру, лақтыру, ауырлық көтеру, жүзу және 
т.б.)  дене  тәрбиесінің  ілімі  және  іс-тәжірибесінің 
(практикасының)  даму  барысында  арнайы  жаса-
лынған  талдауға  жұмсалатын  жаттығулар  қалып-
тасты.
Талдауға  жұмсалатын  жаттығулар  қозғалыс 
негізіне  үйрету,  қозғалыс  сапаларын  дамыту,  сол 
сияқты  педагогикалық  немесе  емдік  міндеттерді 
шешу  үшін  қолданылады.  Бұған  гимнастикалық 
қондырғылардың көпшілігінде орындалатын жат-
тығулар, дененің жекелеген бөліктеріне (аяқ, қол, 
кеуде және т.б.) арналған жаттығулар, әр түрлі зат-
тармен орындалатын жаттығулар және т.б. жатады.
Дене  жаттығулары  еңбек  негізінде  пайда 
болғандықтан, еңбекпен ортақ қозғалыстары көп, 
яғни екеуінде де биомеханикалық, физиологиялық, 
биохимиялық  ішкі  құрылыстарында  ортақтық 
көрінеді. Дегенмен, бұл дене жаттығулары мен ең-
бекті теңестіруге арналған негіз болмайды.
Еңбек адам мен табиғат арасындағы орындала-
тын  қызмет  жүйесі:  табиғаттың  сыртқы  көрінісін 
өзгерту арқылы -адам оның заттарын өз қажеттілі-
гіне жаратады және сонымен бірге ол өзінің де дене 
пішінін өзгертеді. Алайда өндірістік жұмыс бары-
сында  адамға  дене  еңбегінің  әсер  етуі  өндірісті 
дамыту заңдылықтарына бағынышты бағытталған 
қозғаушы күш болып саналады. Қоғамдық өндірі-
сте еңбек өнімділігінің арттырылуы басты негізде 
сол  өндірістің  жетілдірілуінің  есебінен  жүреді, 
мысалы, өндіріске автоматтандыруды ендіру. Яғни 
мүнда дене еңбегінің үлесі азаяды және оның тіке-
лей жұмысының дене дамуына әсері де азаяды. Ал 
дене жаттығуларына келетін болдақ, олардың әсері 
дене тәрбиесі жүйесі заңдылықтарымен айқында-
лады.
Дене  жаттығуларының  көмегімен  адамның 
дене және рухани қабілеттерін дамыту мақсатында 
бағытталған  әсер  ету  іске  асырылады.  Жекелеген 
жағдайларда  дене  еңбегі  дене  жаттығуларымен 
үйлестікте,  сыртқы  ортаның  қолайлы  жағдай-
ында  (ормандағы,  даладағы  жұмыс),  анықталған 
жүктеме  өлшемімен  өткізілсе  дене  тәрбиесінің 
көмекші құралы орнына жүреді. Бірақ бұлай пай-
даланылған дене еңбегі дене тәрбиесінің мақсаты 
мен заңдылықтарына бағынып, оның қолданылуы 
мен  бағыты  өзгереді.  Жоғарыда  айтылғандарды 
ескеріп, дене жаттығуларын дене тәрбиесінің заң-
дылықтарымен іске асатын қызмет ретінде айқын-
дауға болады.
Дене  жаттығуларының  табиғатын  дұрыс  ұғы-
нудың табиғи-ғылыми негіздері И.М.Сеченов пен 
И.П.Павловтың  "еркін  қозғалыс"  деп  аталатын 
материалистік  ілімі  болып  табылады.  Бұл  қозға-
лыстардың  айырмаланатын  ерекшеліктері,  олар-
дың сапалы сипаты, олар алға қойылған мақсатсыз 
және  ерік-жігер  күш  салуынсыз  ойға  келмейтін, 
мүмкін  емес  нәрсе  И.М.Сеченовтың  сипаттауын-
ша  "ақылмен  және  ерік-жігермен  басқарылатын" 
еркін қозғалыс адамның өмір жолындағы жағдай-
лары мен тәрбиесінде дағдыға айналып жатталған. 
Ал И.П.Павлов еркін қозғалыстың физиологиялық 
ішкі құрылысын ашып, олардың мидың үлкен жар-
ты  шарының  қабығына  жинақталған  қызметінің, 
яғни күрделі талдау-жинақтау (аналитикалық-син-
тетикалық)  барысының  нәтижесі  екенін  көрсетіп 
ашты. Бұған көптеген алғышарттар, бірінші және 
екінші  белгі  беру  (сигналдық)  жүйелері  екінші 
белгі беру (сигналдық) жүйесінің іс жүзіндегі ба-
сты рөлімен қатысады. Еркін қозғалысты басқару 
шартты  және  шартсыз  рефлекстерді  қосатын  ба-
рынша күрделі кезең [1,2,3].
Дене  жаттығулары  дене  тәрбиесінің  заң-
дылықтары  негізінде  қолданылмаса  денеге  кері 
әсерін  тигізіп,  зиян  келтіруі  мүмкін.  Сондықтан 
педагог дене жаттығуларының нақтылы жағдайда 
әсер  етуін  біліп,  адам  ағзасының  бірегей  ажыра-
майтын бүтін дүние екенін есепке алып және кез 
келген  қозғалыстың,  оның  ішіндегі  дене  мүше-
лерінің  және  жүйелерінің  қызметін  қозғап,  оған 
бүтіндей әсер етеді.

68
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Дене  жаттығуларының  тиімді  әсер  етуін 
анықтайтын барынша ортақ қозғаушы күштер са-
бақтарға  педагогикалық  дұрыс  басшылық  жасау, 
мақсатқа сәйкес әдістемелік оқытып үйрету және 
тәрбиелеу болып табылады. Мұнымен қатар мына-
ларды ескеру қажет:
Шұғылданушылардың    жеке    ерекшеліктері  
(жасы,    жынысы,  денсаулық  жағдайы,  дайындық 
деңгейі,  еңбек  күн  тәртібі,  оқу,  демалыс,  тұрмыс 
жағдайы және т.б.).
Дене  жаттығуларының  өзіндік  ерекшеліктері, 
яғни олардың күрделілігі, жаңалығы, жүктемелігі, 
әсерлілігі және т.б.
Сыртқы орта жағдайының әсері (метеорологи-
ялық, жергілікті, қондырғылар мен құрал-сайман-
дардың  сапасы,  сабақ  өтілетін  орынның  гигиена-
лық тазалық жағдайы және т.б.).
Педагог адам ағзасының жұмыс қабілеті тура-
лы  негізгі  ғылыми  ережелерді  білуі  тиіс  (төселіп 
дағдылануы,  жүктеме  мен  демалыстың  ағзаға 
әсері, жаттығулардың кейінгі әсер етуі және т.б.).
Дене  жаттығуларының  әсерін  анықтайтын 
қозғаушы  күштерді  тұрақты  және  дұрыс  есепке 
алу  сабақты  әдістемелік  ұтымды  ұйымдастырып 
өткізуге,  дене  тәрбиесінің  міндеттерін  табысты 
шешуге мүмкіндік береді.
Барлық құбылыстар мен қозғаушы күштердегі 
сияқты дене жаттығуларының да өзіндік мазмұны 
мен түрлері болады. Дене жаттығуларының мазмұ-
нына  бүтіндей  атқарылатын  қызметтер  жиын-
тығының  қатары  кіреді  (механикалық,  биологи-
ялық, психологиялық және т.б.), яғни олардың әсер 
етуімен қозғалыс қызметінің қабілетгілігі дамиды. 
Дене жаттығуларының мазмұнына оның бөліктері 
(мысалы,  ұзындыққа  жүгіріп  келіп  секіруде  жү-
гіріп келу, жерден серпілу, ұшу, жерге түсу кіреді) 
шешетін  міндеттері,  сонымен  бірге  қозғалысты 
орындау  кезіндегі  ағзада  өтетін  қызметтік  өзгері-
стердің  барлығы  жатады.  Осы  бөліктердің  бар-
лығы дене жаттығуларының мазмұнын құрайды.
Дене жаттығуларының түрлері (формасы) олар-
дың ішкі және сыртқы құрылымынан, ұйымдасты-
рылуынан мағлұмат береді. Дене жаттығуларының 
ішкі  құрылымы  қозғалыстың  орындалу  кезіндегі 
негізгі  қызметтерін  қамтамасыз  ететін  өзара  бай-
ланыстағы,  өзара  үйлестіктегі  жүйеліктермен 
сипатталады.  Биологиялық,  психологиялық,  ме-
ханикалық  және  т.б.  қызмет  салаларының  өзара 
байланыстары  мен  үйлестігі.  Мысалы,  жүгіру, 
штанга көтергенге қарағанда басқаша, сондықтан 
бұл жаттығулардың ішкі құрылымы да әр түрлі бо-
лады. Жаттығулардың сыртқы түрі жағынан қозға-
лыс  барысында  кеңістік,  уақытша  және  күштік 
қатынастарымен  сипатталып  көрінетін  жағымен 
ұсынылады.  Дене  жаттығуларының  мазмұны  мен 
түрі өзара байланыста және бірлікте болады, бірақ 
бұл  бірлік  өзіне  қарама-қайшылықты  туғызады. 
Мазмұн-жаттығудың  барынша  қозғалыстағы, 
үзіліссіз өзгеріп отыратын жағы, мазмұнның өзге-
руі түрдің өзгеруіне жол ашады. Мысалы, әр түр-
лі  қашықтықта  шапшаңдық  сапасының  әр  түрлі 
көрсетілуімен  (мазмұн  белшегін),  әрине,  жүгіру 
әдісінің  бөліктері  де  әр  түрлі  болады:  қадамның 
ұзындығы,  кеуденің  тұрқы  және  т.б.  (түр  бөлік-
тері).  Дегенмен,  түр  де  мазмұнға  белсенді  әсер 
етеді.  Мысалы,  осы  орындалған  қозғалыс-қи-
мылында белгілі бір немесе басқа дене сапалары-
ның нақтылы көрінуі дағдыға әсер етеді (түр бөлік-
тері), сондықтан гимнасттың күші суға жүзушінің 
күшінен,  штангашының  шыдамдылығы  жеңіл  ат-
леттің шыдамдылығынан айырмаланады және т.б.
Дене жаттығуларының әдістері үздіксіз өзгеріп 
және  жетіліп  отырады.  Тәжірибелі  мамандардың 
рекордтық  спорттық  нәтижелерге,  спортшылар-
дың  дене  дайындығын  өсіруіне,  оқытып  үйрету 
әдістерін жетілдіруге және қозғалыс заңдылықта-
рын терең ғылыми талдап, өңдеуге деген ұмтылыс 
барлық жаңа және барынша тиімді, пайдалы дене 
жаттығулары түрлерін жасауға әкеледі.
Бұл жөнінде қазіргі заманғы спорттық әдістерді 
өткен жылдардағы әдістермен спорттың кез келген 
түрлерінде салыстыру арқылы көз жеткізуге бола-
ды.  Спорттық  әдістің  өзгеруі  барынша  жетілген 
спорт  құрал-жабдықтарын  қолданумен  байланы-
сты.
Қозғалыстың  әдіс  негізін,  оның  негізгі  бөлім-
дері мен бөлшектерін айырмалауға болады.
Әдістердің  негізі  -  бұл  белгілі  бір  анықталған 
әдіспен қозғалыс міндеттерін шешу үшін қажетті 
және  жеткілікті  қозғалыстың  динамикалық  және 
кинематикалық  ерекшеліктері  (үдетілетін  белгілі 
бір бірізді, жүйелі күш, дененің жекелеген бөлік-
терінің үйлестігі және т.б.).
Әдістердің  негізгі  бөліктері  -  бұл  берілген 
қозғалыстың  негізгі  ішкі  құрылысының  барын-
ша маңызды және шешуші бөлігі. Мысалы, екпін 
алып  келіп  биікгікке  секіру  үшін  әдістің  негізгі 
бөлшегі  аяқты  жоғары  және  жылдам  сермеумен 
байланысқан жерден серпілу, ал лақтырушы үшін 
-ақтық күш салу, гинастикада өз уақытында және 
шапшаң  жамбас-тоқпан  жілік  байланысындағы 
иілумен жалғасқан тежеу. Спорттық қозғалыстағы 
негізгі  қозғалыстарды  орындау  салыстырмалы 
түрде әдетте қысқа уақыт аралығында орындалады 
және үлкен бұлшық еттің күш салуын талап етеді. 
Педагогикалық  жұмыста  бұл  ұғым  өте  маңызды 
рөл  ойнайды,  өйткені  қандай  да  бір  жаңа  дене 
жаттығуларын  табысты  меңгеру  үшін  жеке  ерек-
шеліктеріне қарамастан, әдіс негіздерінің ережесін 
меңгеру  барлық  шұғылданушылар  үшін  міндетті 
болып саналады.

69
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  бола-
шағы қоғамның идеялық бірлігінде» 6. Білім беру 
туралы  Қазақстан  Республикасының  заңы-Алма-
ты: Қазақстан, 1992
2. Әбділлаев  Ә.К.      Оңалбек Ж.К.   Дене  мәде-
ниетінің  ілімі  және  әдістемесі. Түркістан 2004-
223б.
3. Әбділлаев  Ә.К.   Дене  мәдениетінің  ілімі  
және  әдістемесі. Кентау 2007-227-246б.
4.  Әбділлаев    Ә.К.,Мұхамеджанов  Б.Қ.      Дене  
мәдениеті. Кентау 2008-60-61б.
5. Дене шынықтыру туралы Қазақстан Респу-
бликасының заңы. Қазақстан № 1. 2000. 
6. Матвеев Л.П. Введение в теорию физической 
культуры: Москва: ФиС 1985.
7. Выдрин В.М. Теория   физической культуры, 
Ленинград, 1988.
8.  Әлімжанова  Г.  Ерғазиева  К.  «Салауатты 
өмір салтын ұстау» «Бастауыш мектеп» 2004-2.
9.  Қайымова  Ш.  «Салауатты  өмір  салтын 
құру», «Өзіндік таным» , 2005-2. 
10. Абдрахманова А. «Салауатты өмір салты-
на құрылымдық модель», «Валеология дене тәрби-
есі спорт» №12 -2003.
11. Есжанов Б. «Салауатты өмір салтын қа-
лыптастыру», «Ислам әлемі».2005-10 17. Исламо-
ва А. «Педагогикалық салауаттанудың даму негіз-
дері», «Мектептегі дене шынықтыру» 2004-3.

70
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ:796.07

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет