Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38

Касымова Роза Садыковна
п.ғ.к., доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық  университеті
Мәлікова Бағжан
Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының 4 курс студенті
БАЛАЛАР ҮЙІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Резюме: В этой статье рассматривается про-
блема формирования экологической культуры вос-
питанников детских домов.
Summary:  This  article  discusses  the  problem  of 
formation of ecological culture of pupils of orphanage.
Қоғамдағы  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 
тұрақсыздықтардың әсерінен елімізде қиын өмір-
лік  жағдайға  тап  болған  балалар,  әсіресе,  жетім 
және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үй-
інде тәрбиеленуде.
Қазіргі  кездегі  материалдық-рухани  қажет-
тіліктердің  тапшылығы,  елдегі  экономикалық 
әлеуметтік  жағдайлардың  қиындығы,  жұмыссы-
здық  отбасындағы  ата-ана  мен  бала  арасындағы 
қарым-қатынасты  күрделендіріп  отыр.  Көптеген 
ата-аналар өздерінің балаларынан бас тартып, бей-
күнә  сәбилердің  тағдырын  тәркі  етуде.  Әр  түрлі 
себептермен  отбасынан  ажырап  қалған  балалар 
отбасылық қарым-қатынас мәдениетін игеру мүм-
кіндігіне  әлсіздеу  келеді.  Сондықтан,  бала,  бала 
құқығы,  отбасы  және  неке,  отбасылық  қарым-қа-
тынас мәдениеті, тәрбиенің түрлері жетімдер мен 
ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мәсе-
лелері қоғамның, білім беру мекемелерінің өзекті 
мәселелерінің бірі болып табылады. 
Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында 
балалар  үйі  мен  мектеп-интернаттардағы  жағдай 
туралы,  ондағы  тәрбие  жүйесі  мен  әлеуметтік  
жағдайы жайлы жиі айтылып жүр. Бірақ, балалар 
үйіндегі мәселелер тек осымен ғана шектелмейді. 
Аса қиын жағдайлардың санатына мыналарды да 
жатқызуға  болады:  жетім  балалар  денсаулығына 
деген  әлеуметтік  қамқорлықты  күшейту;  олар-
дың құқықтарына қол сұқпау; қоғамға толығымен 
сіңісуіне,  онда  орналасуына  жағдай  жасау;  теріс 
жолға  салынып,  нашақорлыққа,  маскүнемдік  пен 
түрлі  қылмыстарға  барудан  сақтау;  өзінің  шағын 
ортасын, отбасын құруға қол созу және ажырасу-
лар санын азайту; ерте жүктілік пен жалғыз басты 
ата-аналарды  болдырмауға  тырысу;  отбасылық 
қарым-қатынас  мәдениетін  меңгеруді  қамтамасыз 
ету.  Балалардың  бойына  отбасылық  қарым-қаты-
нас мәдениетін қалыптастыру, оларды үлкен өмір-
ге  даярлау  мен  қалыптасқан  жеке  тұлға  ретінде 
тәрбиелеу,  әлеуметтік  қорғау,  экологиилық  мәде-
ниеттін қалыптастыру, әлеуметтік педагог маман-
дардың тікелей міндеті болып қала бермек.
Ал,  қазақ  елінде  тарихтан  белгілі,  соғыс  за-
манында  ата-аналары  қайтыс  болған  кезде  жетім 
балалар  қараусыз  қалып  отырған.  Оның  өзінде 
Тәуке  ханның  -  Жеті  Жарғы,  Есім  ханның  -  Ескі 
жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы 
адамдарға асырап алуға беріп отырған.
Қазан  төңкepici,  6ipiншi  дүниeжүзiлiк  соғыс, 
Азамат  соғысы,  1920  жылдардағы  табиғат  құ-
былыстарының  жайсыздығы,  қуаңшылықтан 
егіннің  шықпай  қалуы,  халықтын  ашаршылыққа 
ұшырауы,  тағы  осы  сияқты  саяси-экономикалық 
жағдайлар  бүкіл  елдегі  көп  баланың  жетім  қа-
лып, панасыздықтың күйін кештipyгe алып келді.
Осыған  байланысты  мемлекеттің  алдында  пана-
сыздарды жойып,оларды үкімет қарамағына алып, 
ел  арасында  кезбелік,ұрлық-қарлық  сияқты  жат 
қылықтардан  қоғамды  тазарту,  қылмыстық  icтep-
гe  тосқауыл  қою,  гуманистік  ic-әрекеттердің  icкe 
асуын  қарастыру  мәселесін  уақыт  өзі  алға  шыға-
рып,осы мақсатта жетім балалар үйін ұйымдасты-
ру қажеттілігі айқындалды.
Балалар  үйлері  тәрбиеленушілерінің  саны 
артқан  сайын,  олардың  тәрбиесі  мен  қамсыздан-
дырылуы,  әлеуметтік  қорғалуы  жайлы  өзекті 
мәселелер  көбейе  түседі.  Олай  дейтін  себебіміз, 
балалардың  сәбилер  үйінде,  жетімдер  үйінде, 
мектеп-интернаттарда  бейімделу  үрдісі  үлкен 
қиындықтармен  жүзеге  асады.  Осы  категория-
дағы  балалардың  баяу  интеллектуалды  дамуы, 
психологиялық  еңсесінің  түсуі,  туған  үй,  оған 
қатыстылығы  сезімінің  қалыптаспауы  олардың 
өмірлік  хал-жағдайларын  әлдеқайда  нашарлата-
ды.  Мекемелердің құрылымының өзі, оларды жас 
ерекшелігіне байланысты бөлу (балалар үйі, мек-
тепке дейінгі және мектептік балалар үйі, мектеп 
интернаттар), ол жерлерде балалардың тұру ерек-
шеліктері  туыстық  қатынастардың  бұзылуына 
ықпалдасады,  жалғыздық,  қорғансыздық  сезімін 
күрделендіре түсері анық.
Авторлар бұл мекемелер балалардың бойында 
өз еркімен күн көруге қажетті қасиеттерді дамыт-
пайды  деп  пайымдай  келе,  оның  түлектер  үшін 
де,  қоғам  үшін  де  шешуді  қажет  ететін  мәселеге 
айналып  отырғанын  мәлімдейді.        Ғалымдардың 
зерттеу барысында алған дәлелдеріне сай балалар 
үйіндегі  тәрбие  беру  үрдісі  –  көпжақты  және  қа-
рама-қайшылықтарға толы, арнайы білім мен дай-
ындықты, мамандардан, мекеме қызметкерлерінен 

139
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ерекше  тұлғалық  қасиеттерді  талап  ететін  құ-
былыс. Бүгінде ата-ана қамқорлығынан айырылған 
балалармен жүргізілетін  тәрбие жұмысының күр-
делі  екендігін ескергеніміз жөн.  
Көптеген зерттеуші-ғалымдардың Т.А. Басило-
ва, И.А. Залысина, Т.М. Землянухина, Н.П.Иванова, 
Л.Я.Олиференко, A.M. Прихожан, Е.О. Смирнова, 
H.H. Толстых зерттеу нәтижелерінде көрсетілген-
дей, бүлдіршіндерді балалар үйінде ұстау олардың 
өсіп-жетілуіне түрлі келеңсіз әсер береді екен. Бұл 
өз  кезегінде  баланың  жеке  тұлға  болып  қалыпта-
суында  күрделі  салдарға    алып  келіп,  болашақта 
әлеуметтенуінде қиындық туындатады.
Педагогикалық  және  психологиялық  зерт-
теулер,  балалар  үйі  мен  мектеп-интернаттар-
дың  жұмыс  жасау  тәжірибесін  жалпылау  ата-ана 
қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  физикалық, 
психологиялық және әлеуметтік дамуы отбасында 
өсіп  келе  жатқан  құрдастарынан  ерекшеленетінін 
дәлелдеп отыр. Мысалы, А.М. Прихожан мен Н.Н. 
Толстых интернат пен мектеп оқушыларының пси-
хикалық  дамуының  түрлі  қырларын  салыстыра 
келе келесідей нәтижелерді көрсеткен: жетім бала-
лар олардың әлеуметтік статусының ерекшелігіне 
байланысты  апатия,  өмірге  деген  тұтынушылық 
қарым-қатынас, жүріс-тұрыстары, және т.с.с. теріс 
қоғамдық үрдістерге әуес болып келеді. Жетім ба-
лалар үшін қоғам өміріне аяқ басу кезінде туындай-
тын  мәселелердің  қатарында  өз  бетімен  күн  көре 
алмаушылық,  отбасын  құра  алмаушылық  басым-
дық танытады. Олардың өмір туралы көзқарастары 
мен  шынайылық  арасындағы  қарама-қайшылық 
қазіргі  жағдайда  бейімделу,  өзінің  жүріс-тұрысы 
мен  талаптарын  жағдайға  байланысты  өзгертуге, 
жұмыс  жасай  алмау,  дұрыс  мамандық  таңдамауы 
және т.б. қабілеттердің жетіспеушілігінен білінеді. 
Балалар үйінен кеткеннен кейін түлек ересектердің 
(ата-ана, туыстар) қолдауынсыз күнде кезіктіретін 
көптеген  мәселелерді  шешуге  қауқарсыз  күйде 
болады.  Балалар  үйінің  түлектері  жұмысқа  тұру, 
баспана алу кезінде үлкен қиындықтарға тап бола-
ды, ересектермен тілдесе алмайды, өздерінің тұр-
мысын  жасау,  бюджетті  құру  мен  оны  ұстануды, 
өзінің заңды құқықтарын қорғауды білмейді.
Жетім  балаларды  өзін  қоғамның  толыққанды 
мүшесі ретінде сезімде тәрбиелеу, әсіресе экологи-
ялық мәдениеттерін қалыптастыру, яғни табиғатты 
қорғау, жасыл экономика, үнемдеу т.с.с. мәселелер 
бүгінгі  күннің  басты  мәселесіне  айналып  отыр. 
Балалар  үйінен  тәрбиеленіп  шыққан  балалар  үл-
кен өмірге мүлде дайын болмай шығады. Өйткені, 
оларда ешбір тәжірибе жоқ. Ал, тәжірибе жинақтау 
біздің ойымызша, отбасылық қарым-қатынас мәде-
ниетін  меңгерумен  бірге  келеді.  Мысалы,  ата-ана 
махаббатының болмауы: жатсыну, суық, ізгіліксіз 
дұрыс  ұйымдастырылмаған    қарым-қатынастар, 
зейін, ілтипат, ынталандырудың болмауы, ортаның 
ықпал  ету  нәтижесі,  экологиялық,  экономикалық 
тәрбиенің дер кезінде  берілмеуі  қиындыққа алып 
келеді.  
Балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмірде қиын-
дықтарға жолығуының мүмкін себептері:
өзге  адамдарға  сенімсіздікпен  қарау,  олар-
дан  тартыну,  жанашырлықтың  төмендігі,  дұрыс 
қарым-қатынас  орната  алмау,  тіпті,  қарама-қар-
сы  жыныс  өкілімен  байланыс  орнатуда  қиындық 
туғызады;
әлеуметтік  интеллекттің  даму  деңгейінің 
төмендігі мен өз сезімдерін дұрыс жеткізе алмауы, 
үйреншікті  қарым-қатынас  үлгілерінен  аса  алмау 
қаупі; 
өзінің іс-әрекеті мен өзге үшін жауапкершілікті 
сезіну деңгейінің төмен болуы;
өзімшілдік, қасындағы адамға қажетті қамқор-
лық көрсете алмау;
өзін-өзі бағалау деңгейінің төмендігі, өзіне де-
ген сенімсіздік және т.б.
Біздің  жағдайымызда,  мемлекеттік  мекеме 
ата-ананың  да,  мектептің  де  міндетін  өз  мойны-
на  жүктейді.  Ата-ананың  махаббатынан,  қамқор-
лығынан айырылған балалар  жүрегі  әрқашан  қол-
дап-қуаттауды,  жылылықты,  мейірім    шапағатты  
қажет  етеді. «Бөбек» қорының  президенті  Сара  
Алпысқызы  Назарбаева  айтқандай , мейірім  мен  
жан  жылуы  баланы   шаттыққа  бөлейді,  әрі  ем-
дейді.  
Балалар  үйі  тәрбиеленушілеріне  экологиялық 
білім беріп, оларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу-
де мектепте оқылатын әрбір пән алып бәйтеректен 
тараған бұтақтар тәріздес. Бәйтеректің діңінің қы-
зметін кез-келген пәндер атқаруы тиіс. Қоғамдағы 
экологияландыру  және  ізгілендіру  процестерінің 
тәрбиелік  маңызы  өте  зор.  Ізгілік  қасиетінің  эле-
менттеріне  экологиялық  компоненттерді  ендіру 
кейінгі нарықтық кезеңінде туып отырған  мәселе.. 
Бүгінгі  таңдағы  міндеттердің  бірі  –  әрбір 
адамға жаңаша ойлау әдетін қалыптастыру. Соның 
ішінде тұлғалық мәдениеті, адамдардың бір-біріне, 
табиғатқа деген ізгілік қасиеттерін арттыру, өзара 
қарым-қатынас  мәдениеті  күн  тәртібіне  қойылып 
отыр.  Экологиялық  тәрбие  туралы  терең  білімі, 
нақты  түсінігі  бар,  қоршаған  ортаға,  адамға  жақ-
сылық  тілей  алады,  қамқоршы,  қайырымды,  ина-
батты,  иманды,  әділетті,  кішіпейіл,  әдепті  т.б. 
қоршаған  ортаға  қарым-қатынас  кезінде  үнемі 
ізгілік  қасиеттер  көрініс  табатын,  оны  қорғаудың 
қажеттілігін  саналы  түсінетін,  сезінетін,  экологи-
ялық білімді жете меңгерген, оны өмірмен тығыз 
байланыстыра  алатын,  айналасындағы  адамның 
өзіне  деген  сый-құрметін  қажетсініп,  басқаға  да 
сый-құрмет  көрсете  алатын    жеткіншектерді  тәр-
биелеуіміз қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.На-
зарбаевтың ұсынған 2050 Қазақстан- стратегиялық 
бағдарламасында  осы    мәселеге    айрықша  көңіл 
бөлінгенін  атап  өткен  жөн.  Дамудың  осы  страте-

140
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
гиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы 
Білім  және  Ғылым  министрлігі    «Экологиялық 
білім  бағдарламасын»  бекіткен  болатын.  Аталған 
құнды құжаттарды басшылыққа ала отырып,  кез 
келген    ұстаз  өзінің  барлық  жұмыс  бағдарлама-
сын  жоғарғы  талап  дәрежесіне  сай  жүргізуі  тиіс. 
Қазақстан  Республикасы  тұрақты  дамудың  жаңа 
жолына  түскен  кезеңде  жастарды  соның  ішінде 
балалар  үйінде  тәрбиеленетін  жеткіншектерді  із-
гілікке,  парасаттылыққа  баулитын  экологиялық 
білім  мен  тәрбиенің  маңызы    зор.  Себебі  «та-
биғат-қоғам-адам»    жүйесіндегі  қарым-  қаты-
настардың  шиеленісуі  жылдан-жылға  күшейіп, 
экологиялық  зардаптар  жердегі  тіршілікке  қауіп 
төндіріп отыр.     Адам мен табиғаттың, қоғам мен 
ортаның өзара әрекеттестігі, өнеркәсіпті өндірістің 
қазіргі таңдағы көптеген жаңа технологияларымен 
қарқынды өсу жағдайына өмір сүруі,  қиындықтың 
шама-шегіне  жетті.  Адамзат  тіршілігінің  өзіне  де 
қауіп  төнді:  табиғат  қорлары    үзіліссіз    алынуы, 
ортаның  ластануынан  адам  өміріне  қауіп  төнуде. 
Бүкіл  әлемде  экологиялық  дағдарыстар  мен    та-
биғи  апаттар  ұлғая  түсуде.  Экологиялық  апаттар 
биоортадағы  жағдайларға  еткен  әсері  арқылы 
дүние жүзінің әрбір аймағындағы  түрлі құбылы-
стардың  дамуына  айтарлықтай  ықпал  жасауда.     
Қазіргі кезде экологиялық білім беру  және тәрбие 
мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері 
дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық 
білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін 
емес.    Адамның  табиғатты  «сарқылмас  байлық» 
деп тұтынушы ретінде бағалауы адамзат пен қор-
шаған  ортаның  тепе-теңдігінің  бұзылуына  жол 
береді.  Оның  кері  әсерінің  жылдан-жылға  ұлғай-
ып  бара  жатқандығын  аңғарған  адамзат  экологи-
ялық мәселелерді шешу үшін дабыл қаға бастады.  
Онда түрлі табиғатты қорғау ұйымдары құрылып, 
қоғамдық  акциялар  ұйымдастырылуда.  Қоршаған 
ортаны қорғау туралы заңдар шығарыла бастады. 
Дегенмен,  биосфераның  тозуы,  озон  қабатының 
жұқаруы, радиоактивті қалдықтардың көмілуі си-
яқты  әлемдік  деңгейдегі  экологиялық  мәселелер 
тиімді механизмдердің іске қосылуын талап етеді. 
Адам  мен  табиғат  арасындағы  қатынастар-
дың жалпыға ортақ ережелерін шығарып, оларды 
құқықтық  жауапкершілік  деңгейінде  бекіту  си-
яқты шешімдер экологиялық жағдайының одан әрі 
асқынуына жол бермейді деген тұжырым жасата-
ды. Экологиялық мәселенің бірегейлігі, ерекшелігі 
осында.  Демек,  әлемдік  дәрежедегі  экологиялық 
жағдайды жақсартудың тұрақты бағдарын ұстану 
үшін адам санасын қалыптастыруда түбегейлі өз-
герістер қажет. Ал бұл жаппай экологиялық білім 
алу  ісін  жолға  қоймай  мүмкін  емес.        Экологи-
ялық  білім  мен  тәрбие  қоғамның  әрбір  мүшесіне 
бағытталып, оған табиғатты қорғау және көркейту 
шараларын үйретуді көздейді. Мұның түпкі мақса-
ты – табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қа-
райтын экологиялық тұрғыда саналы жеке тұлғаны 
қалыптастыру. Ол үшін біріншіден, білім алушыға, 
балалар    үйі  тәрбиеленушілерге  жаратылыс  пән-
дерін негізге алып, белгілі дәрежеде экологиялық 
білім беру; екіншіден, осы білімін табиғатты қорғау 
мен көркейту ісіне бағыштай білуге тәрбиелеу қа-
жет.  Осы  аталған  екі  шараны  тиімді  ұштастыру 
нәтижесінде  оқушы-жастарда    қоршаған  табиғи 
ортаға жауапкершілік көзқарас қалыптасып,  жал-
пы адамдзат мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде 
экологиялық мәдениеті дамиды, қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.  Салпынова  К.  Экологиялық  тәрбие  берудің 
қазіргі жағдайы //География Казахстана и эколо-
гия №3 2004 .
2.  Манкеш  А.Е.  Бүлдіршіндерге  экологиялық 
тәрбие беру. –Алматы: РБК, 1998ж.
3.    Рындина  Е.Н.  Педагогические  условия  воз-
вращения воспитанника детского дома в кровную 
семью. // дис. кан. пед. наук. – Москва, 2007.
4.  Сугуралиева  А.    Отбасындағы  балалардың 
қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыру.  // 
Қызықты психология. – 2013. №7,8.
5.  Қошқарова  А.  Балалар  үйіндегі  тәрбиеле-
нушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психо-
логиялық ерекшеліктері. // - Түркістан, 2013. 
6.    Шагамуратова  Н.М.    Организационно-пе-
дагогические  условия  подготовки  воспитанников 
детского  дома  к  устройству  в  патронатные  се-
мьи. // дис. кан. пед. наук. – Уфа. – 2009. 

141
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Жумабекова Кырмызы Бакыткалиевна 
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы,
ҚАЗІРГІ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  МӘСЕЛЕЛЕРІ
Резюме. В статье автор рассматривает про-
блемы воспитания нового поколения. А такжеос-
новываясь на воспитательную систему, описыва-
ет актуальные проблемы в воспитании учащихся. 
Summary.  In article the author considers problems 
of  education  of  new  generation.  And  also  based  on 
educational  system,  describes  urgent  problems  in 
education of modern pupils.
Бала тәрбиесіне ерекше назар аударған бабала-
рымыз: «Балаңды беске келгенше ханыңдай ұста, 
он  беске  дейін  құлыңдай  жұмса,  он  бестен  кейін 
досыңдай көр» - деп, бала тәрбиесі мен дамуына 
ерекше  көңіл  аударған.  Қанымызға  сіңген  ізгілік 
пен  ұлттық  сапаларды,  яғни,  әдептілік,  бауыр-
малдық,  қонақжайлылық,  еңбекқорлық,  ізеттілік 
пен құрмет, үлкенді сыйлау, сондай-ақ, ұрлық пен 
қиянат  жасамау,  біреудің  ала  жібін  аттамау,  тағы 
сол  сияқты  қасиеттерді  санаға  сіңіруді  де  басты 
мақсатта  ұстанған.  «Әке  баласы  емес,  халықтың 
баласы болуға» дәріптеген ата-бабалар мұрасы қа-
шанда өзекті болмақ. Жан-жақты дамыған ұрпақты 
қалыптастыруды  көздейтін  және  қоғам  талабына 
сай  адамды  қалыптастыруда  белгілі-бір  мақсатқа 
сәйкес  жүйелі  ықпал  ету  іс-әрекеттері  заманауи 
тәрбиенің сипатынан көрініс береді.
1993  жылы  қабылданған  тәлім-тәрбие  тұжы-
рымдамасында: «тәрбие халықтың ғасырлар бойы 
жинақтап,  іріктеп  алған  озық  тәжірибесі  мен  ізгі 
қасиеттерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру,  бала-
ның  қоршаған  ортадағы  қарым-қатынас  дүние-
танымын,  өмірге  деген  көзқарасын  және  соған 
сай  мінез-құлқын  қалыптастыру»  -  деп  анықтама 
берілген,  ал  қазақ  педагогикалық  энциклопедия 
сөздігінде:  «тәрбие  қоғамдық,  өндірістік  және 
мәдени  өмірдің  белсенді  қатынасуымен  даярлау-
ды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптасты-
рудың  жүйелі  процесі»  -  деген  анықтама  береді. 
Жүсіпбек Аймауытовтың: «Тәрбиеге әсер беретін 
нәрсе  өскен  орта,  ата-ананың  тәрбиесі.  Соңғысы 
күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолда-
стың азғырып, не түрлі жаман мінезді жұқтыраты-
ны белгілі» - деп тұжырымдағаны тәрбие жүйесіне 
нық салмақпен қарау керектігін көрсетеді. Қазіргі 
заманда  жастармен,  жасөспірімдерменжұмыс  жа-
саудың  жаңа  әдістерін,  концептуалдық  жолдарын 
және формаларын іздестіру керектігі қоғам талабы 
болып отыр[1]. 
Адамзат дамуының қай кезеңдерінде болмасын 
тәрбиенің  тиімділігін  жетілдіру  ісі  ұдайы  жүзеге 
асырылып келді. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз 
ешбір  қоғамның  өмірі  ілгері  дамуы  мүмкін  емес. 
Баланы  тәрбиелеу  ісі  тиімді  және  нәтижелі  болу 
үшін тәрбиеге жан-жақты, кешенді түрде қараған 
жөн. 
Тәрбие  –  қайшылықты  және  күрделі  де,  үзақ 
үдеріс.  Оның  нәтижесін  есепке  алу  да  күрделі 
мәселе.  Нәтиже  тұлғаның  тәрбиелік  деңгейін 
түсіндіреді. Ендеше аз уақытта кең етек алып кет-
кен нашақорлық пен маскүнемдік, шылымқорлық, 
жезөкшелік пен жақын қатынасқа ерте жастан ара-
ласу,  кісі  өлтіру,  қарақшылық,  тастанды  балалар-
дың, қылмыстық әрекеттердің көбеюі секілді мәсе-
лелер  ата-аналар  мен  тәрбие  ісімен  айналысушы 
көпшілік қауымды алаңдатуы заңды құбылыс. Өй-
ткені мұның бәрі тәрбиенің нәтижесі әрі жіберіл-
ген  кемшілік  екені  түсінікті.  Мұндай  кемшілік-
тердің орын алуы түрлі сетептерге тікелей тәуелді 
деп айтуға болады: біріншіден, тәрбие мәселесіне 
жеткілікті  мән  берілмеу  салдарынан,  оның  білім 
беру  ісінен  алшақтауынан.  Екіншіден,  жоғарыда 
аталған  мәселелерді  шешуде  мамандар  мен  қыз-
меткерлердің  дайындық  деңгейінің  таяздығы  не-
месе  қазіргі  заман  талаптарына  сәйкессіздігі  мен 
артта  қалуы.  Мектепте  тәрбиелік  міндетті  дұрыс 
жүзеге асыру сынып жетекшісімен қатар,  кез-кел-
ген пән иесіне тікелей байланысты екені түсінікті. 
Үшіншіден,  тәрбие  теориясы  мен  тәжірибесінің 
арасындағы  алшақтық  және  оның  әдістемелік 
тұрғыдан қамтамасыз етілмеуі. Төртіншіден, білім 
беру  мекемелерінде  тәрбиенің  –  педагогикалық 
әрекетті  әр  қырынан:  мәдени  құбылыс,  педаго-
гикалық  ықпал,  балалар  әрекетін  ұйымдастыру, 
ынтымақтастық,  өмірлік  шығармашылық  ретінде 
қарастыратын күрделі модель екеніне мән берілме-
уі.  Мәселен,  кез-келген  мекемедегі  тәрбие  ісімен 
айналысушының  басты  мақсаты  –  сол  мекеменің 
тәрбиелік жүйесін қалыптастыру болуы тиіс. Бірақ 
ол әлі де болса барлық мекемеде қанағаттанарлық 
деңгейде  жүзеге  асып  жатқан  жоқ.  Бесіншіден, 
білім  берудің  әлеуметтік  мақсаты  мен  тұлғаның 
әлеуметтік қырына жете мән берілмеушілік неме-
се оқу-тәрбие үрдісінің нәтижесі тұлғаның саналы 
тәртібін қалыптастыру мен оның әлеуметтік өмір-
ге  бейімделу  ретінде  қарастырылмауы.  Тұлғаның 
әлеуметтенуі  жүзеге  аспаса,  онда  ол  девиантты 
мінез-құлық  иесіне  айналуы  мүмкін.  Осындай 
кемшіліктердің  етек  алмауы  үшін  қазіргі  кезеңде 
тәрбие кең мағынада алғанда әлеуметтік, қоғамдық 
құбылыс,  яғни  барлық  әлеуметтік  қоршаған  орта 
ықпалымен оқушы тұлғасын қалыптастыру үрдісі 
ретінде қарастырылуда[2]. 
Кей жағдайда бала бірқалыпты өсіп жетіле бер-
мейді.  Оған  себеп  әке  мен  ананың  қамқорлығын, 

142
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
қадағалауын, мейірімін көрмеуден туады. Осының 
нәтижесінде  жеткіншек  жастағы,  өтпелі  жастағы 
балалардың  даму  кезеңдерінде  кенеттен  кейбір 
өзгерістер болады. Бұл кезеңде олар ерекше назар 
аударуды қажет етеді. Өйткені балалар әлеуметтік 
өмірдегі түрлі құбылыстарды жеткілікті түсіне бер-
мейді. Осындай жағдайда балалар кейде жұмыссыз 
көшеде жүретін, бұрын қылмыс жасаған адамдар-
дың ықпалына түсіп, теріс қылықтармен айналы-
сады.  Түрлі  зарарлы  істердің  салдарынан  мектеп 
өмірінде тәрбиесі «қиын балалар» кездесіп жатады. 
Мұндағы қиын балалар – жаны шатынаған, жүрек 
сезгіштігі  дертті,  өзінше  оларға  басқа  адамдар-
дың  әділетсіздік  жасайды  деп  қарайтын  балалар. 
Мұндай  балалардың  мектеп  өміріне  ықыласы 
жойылған, оқуда, үйде, қарым-қатынас барысында 
ерсі, дөрекі істерге еліктеуге бейім келетіні белгілі. 
Жас ұрпақтың өмірі мен болашағын ойлауда, ата-а-
налар мен мектеп ұжымы бірлесіп, ынтымақтасып, 
тәрбие  процесінің  психологиялық-педагогикалық 
заңдылықтарының,  ережелерінің  ерекшеліктерін 
жете түсініп, тәрбие әдістерін шығармашылықпен 
тиімді  қолдана  білсе,  әрине  еш  қиыншылықтарға 
жол берілмейді. Дегенмен, ынтымақтастық әрекет-
тер қаншалықты жүзеге асырылуда деген мәселеге 
тереңірек ойланған жөн.
Заманауи қоғамның талаптары мен сол қоғамға 
бейімделу  барысындағы  тіршілік  ету  көптеген 
ата-аналардың  жұмыс  бастылығы,  отбасын  асы-
раймын  деген  шаруа  қуалаушылығы  баланың  то-
лыққанды тәрбиеленуіне нұқсан келтірмей қоймай-
ды.  Мектеппен  бірлескен  жұмыстарда,  мәселен, 
сыныптың ата-аналар жиналысына бас сұға алмай-
тын қызметкер ата-аналарымыз жоқ емес. Сынып 
жиналысындағы  бала  туралы,  тәртібі,  тәрбиесі 
менүлгерімі  жайлы  мәліметтермен  бөлісудің  өзі 
баланың болашағын ойлауға бір мүмкіндік береді. 
Дей тұрғанмен, ата-аналар мен мұғалімдердің өза-
ра  тіл  табыса  алмай,  шиеленісу  жағдайларының 
орын алып жататыны да бар.Мұның бір себебі ерке 
өскен  баланың  сөзіне  еріп,  Неге?  Не  үшін?  деп 
ашуға жол беріп, жазғырып жатамыз. Бүгінгі күн-
мен салыстырғанда,90-шы жылдардағы мектеппен 
бірлескен тәрбиелеу әрекеттері ата-ана тарапынан 
«сүйегі  менікі,  еті  сенікі»  деген  ұғым  аясында 
мықты тәртіпке бағынған. Онда білім мен тәрбие 
бірінші  орында  қарастырылып,  қатаң  тәртіпте 
қарастырылса,  қазіргі  таңда  қарым-қатынастың 
маңыздылығын алғашқы сатылардың бірінен бай-
қау қиын емес. 
Бұдан бөлек, кей жағдайда бала тәрбиесі бала 
күтушісіне, қала бердіәртүрлі ақпарат құралдары-
на (теледидар, интернет, телефон, аула т.с.с) тапсы-
рылып жатады. Баласының қайда, немен айналы-
сып  жүргенінен  бейхабар  ата-аналар  да  аз  емес.
Түрлі  бағдарламалар  мен  қазіргі  аниматорлық 
көріністерді  шектеусіз  тамашалап,  ондағы  кейіп-
керлердің теріс образдарын бала бойынан табылып 
жатқанын байқамай да қаламыз. Бала тәрбиесі на-
зардан тыс немесе өзге адамның қолынан болмауы 
тиіс.Бала  психологиясының  өзгеріс  табуына  әсер 
ететінін біле тұра, баламен түрлі келісімге отыру 
да  жөнсіз.  Мысалы,  «сен  мынаны  жасасаң,  мен 
сұрағаныңды беремін» немесе «мынаны жақсылап 
орындасаң,  қалаған  затыңды  (телефон,  планшет, 
ақша  т.с.с.)  сатып  әперемін»  деген  секілді  өзара 
бітімге келіп жатады. Баланың ойы мен психоло-
гиясы  сыйға-сый,  айырбас,  өзімшілдік,  пайдакү-
немдік  қасиеттермен  уланып  жатыр.Оларға  дер 
кезінде тоқтау көрсетпей, керісінше қызық көріп, 
тамашалап  отырудың  өзі  де  бала  бойындағы  ке-
леңсіз әрекеттердің үдеуіне септігін тигізеді. Бала-
лар көбіне жасаған қателіктерінің байыбына бара 
бермейді.Сондықтан  бала  тәрбиесінде  тәрбиелеу 
әдістерінің  тиімді  қолданыстары  олардың  дұрыс 
бағытталуына,  дұрыс  жолды  таңдауына  ықпалын 
береді. 
Отбасындағы  ең  негізгі  қызметі  ұрпақ  жалға-
стыру  болса,  екінші  кезекте  сол  ұрпағына  дұрыс 
тәрбие  беру  қызметі  тұрады.  Өкінішке  орай,  ба-
ланың  отбасында  толыққанды  тәрбиелене  алма-
уына  бүгінгі  күні  көптеп  кездесіп  жатқан  толық 
емес  отбасыларының  көбеюі,  мәселен  әке  тәрби-
есі жетіспейтін отбасылар. Бүгінгі таңда әке түрлі 
себептермен отбасындағы күшін жоғалтуда. Амал 
жоқ,  сүйенетін  ері  жоқ  көптеген  әйелдер  балаға 
ұлттық тәрбие беруден бұрын олардың қарны тоқ 
болғанын  ойлайды.  Екіжақты  ата-ананың  мей-
ірімін  көріп,  сезініп  өспеген  бала  -  өте  қамкөңіл, 
тез  ренжігіш,  күйгелек  мінезді,  қатыгез  болып 
келетіндігі  анықталған.  Сондықтан  тәрбие  беру-
дің негізгі өзегі - мейірім мен сүйіспеншілік. Бала 
кімнен  мейірім  көрсе,  сол  адамды  ерекше  жақсы 
көріп, сол кісіге еліктегіш келеді. Баланың қатесін 
түзетіп,  дұрысын  үйретуде  жаза  берудің  ерекше 
орны бар екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ жаза-
лаудан бұрын қателерді түзетуде ең әуелі мейірім 
мен насихаттың әсерімол. Себебі балаларға ұрсып, 
зекудің  пайдасынан  зияны  басым  болуы  мүмкін. 
Ата-ана  немесе  кез-келген  педагог  үшін  балаға 
көп  ұрсып,  оған  ұзақ  ақыл  айтқаннан  гөрі  оның 
басынан сипап, мейірім көрсетіп, арқасынан қағуы 
әлдеқайда  әсерлі.  Зерттеушілер  құшаққа  алы-
нып,  құштарлана  сүйілмеген,  басынан  сипалып, 
маңдайынан  иіскелмеген  балалардың  кейбір  пси-
хологиялық  ауруларға  ұшырайтынын  дәлелдеуде. 
Дегенмен, қазіргі таңда балардың өзім білемдікке 
салынып бара жатқандығын да аңғару қиын емес. 
Мұндай  жағдайда  тікелей  ұдайы  дамып  отырған 
қоғамға кінә артып жатамыз. 
Бүгінгі отбасы жағдайында бала тәрбиесін ұй-
ымдастыру көптеген ғылым саласынан білімді де, 
қабілетті болуды керек етеді. Ата-аналардың отба-
сын  асырау  мен  олардың  қажетін  қанағаттанды-
румен  уақыттарын  өткізумен  қатар  қойғанда,  үй-
дегі тәрбиеленуші жас ұрпақтың болашағын алғы 

143
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
сапқа  қою  керектігін  естен  шығармағаны  абзал. 
Сондай-ақ,  ата-аналар  баларды  тәрбиелеу  ісінде 
мектеппен  қарым-қатынас,  тікелей  байланыс  жа-
сауды басты міндетіміз деп қарауы тиіс. Оқу-тәр-
бие үдерісінің сапасын және тиімділігін жақсарту 
үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс 
істеулері үлкен мәнге ие.Дұрыс тәрбиебалаға өмір 
бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын  
басты тұлға–отбасында ата-ана, үлкендер, мектеп-
те сынып жетекшісі мен ұжым.Дегенмен, баланы 
тәрбиелеу  ісі  оның  әлеуметтік  ортамен  өзара  ті-
келей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. 
Мұндай  жағдайда  сынып  жетекшісінің  қызметі 
оқушылардың  әлеуметтік  өмірде  өзін-өзі  тани 
білуіне,  сынып  және  мектеп  ұжымында  өз  орын-
дарын таба білуіне көмектесе отыра, олардың да-
муына қолайлы жағдай туғызу. Демек тәрбие – бұл 
тұлғаны  қалыптастыруға  мақсатты  бағытталған 
үрдіс.  Бұл  тәрбиеленушілер  мен  тәрбиешілердің 
тәрбие мақсатына жетуге бағдарланған арнайы ұй-
ымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын 
өзара әрекеті. Қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиенің 
табысты  болуы  сол  тәрбиелеушілердің  (тікелей 
ата-аналар мен мұғалімдердің) тәжірибесіне, кәсі-
би  шеберлігіне,  мәдениетіне,  ынтымақтастығына, 
бір-бірін түсінушілігіне, өзара-қарым-қатынасына, 
көзқарастарының  және  мақсаттарының  бірлігіне 
байланысты болмақ. 
Халқымыз  жас  жеткіншектерді  нағыз  азамат 
болып  өсіп  жетілуіне  қамқорлық  жасауда  ұлттық 
тәлім-тәрбиеге  сүйенген.  Өйткені  жас  ұрпақ  ха-
лықтың ең қымбатты, ең қадірменді келешегі. Бұл 
сенімді  ақтауға  аға  ұрпақ,  яғни  ата-ана  ретінде, 
білім  беруші  мен  тәрбиелеуші  ретінде  біздің  ал-
дымызда  зорміндеттер  тұр.  Ерінбей  жастар  мен 
жасөспірім, жеткіншектерді тәрбиелеп, әлеуметтік 
мәселелердің тиімді шешімін тауып, құрметті және 
жауапты  мемлекеттік  міндеттерді  орындайтыны-
мыз хақ.
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - ұлттық 
мәдениетінің  маңызды  белгісі  болып  табылады. 
Ұлт  тәрбиесінің  құндылықтық  әсері  зор.  Сон-
дықтан  халықта  «Балаңды  өз  тәрбиеңмен  тәрби-
елеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген 
даналық сөз бар. Бұл қазаққа тән жақсы қасиеттер 
мен ұлттық сананы ұрпаққа қалыптастыру, ұлты-
мыздың  дүниетанымдық  тәжірибесін  жалғастыру 
дегенге саяды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әлқожаева Н.С. Педагогика. А., 2006.-151б.
2.  Иманбекова  Б.И.  Тәрбиеге  жетекші.  А., 
2004.-224б.
3. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 
2002.-384б.

144
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет