«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» Бірлестік жетекшісі: А. Т. Мурзагельдина Армысыздар, құрметті оқушылар, ардақты ұстаздар! Бүгінгі «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»



бет1/7
Дата18.04.2023
өлшемі1,48 Mb.
#84044
  1   2   3   4   5   6   7

«Оқушылар сарайы» КММ
«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»


Бірлестік жетекшісі:
А.Т.Мурзагельдина

Армысыздар, құрметті оқушылар, ардақты ұстаздар!


Бүгінгі «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 30 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу.
Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы, ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты қазіргі ғылыми дәлелдеулер бойынша, қазақ ұлтының алғашқы пайда болуы 13 - 14 ғасырларда басталды деп жүрміз. Олай болса сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет - ғұрып, салт - дәстүрлері қалыптасып, дамыды. Оның озық үлгілері ұрпақтан ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге жетті
Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
Бабаларымыздың бұрынғы жүріп өткен дәстүрлі жолы бүгінгі жас ұрпақ үшін қараңғыда жол табар шырақ секілді.
Олай деуміздің негізгі себебі салт-дәстүр ырым-тиымдар секілді қағидалар мен ұстанымдар мағынаға толы үлкен өнеге. Біздің дана абыздарымыз күнделікті қолданып жүрген сандардың өзін қасиетке балап, әрқайсының мән-мағынасын ашып кеткен. Осы орайда құрметті оқушылар
Ұлтымыздан, ата-бабамыздан бізге не қалған? Ата –бабамыз қандай сандарды киелі санаған деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: -3,5,7 сандарын киелі санаған.
Жүргізуші:-Ендеше, осы сандар туралы не білеміз екен? Қане, айтып көрейік.
Үш көз:
Су анасы-бұлақ
Жол анасы- тұяқ
Сөз анасы –құлақ
Үш арсыз: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш қуаныш: 1.Алғыс алу. 2. Өзіңді көптің іздеуі 3. Ісіңнің өшпеуі
Бес қару: Айбалта,найза, қылыш, садақ, мылтық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет