Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет119/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   271
КОНДУКТОМЕТРИЯ


  1. Кондуктометрия негізінде қандай құбылыстар жатады?

  2. Қандай мәндерді меншікті және эквивалентті электрөткізгіштік деп атайды?

  3. Анализде кондуктометрияның қандай түрлері қолданылады?

  4. Кондуктометрияда қандай электродтар қолданылады?

  5. Кондуктометр құрылысы және оның жұмыс орындау принциптері.

  6. Ұяшықтар мен электродтарды жұмысқа қалай дайындайды?

  7. Кондуктометриялық титрлеудің қандай түрлері бар?

  8. 0,1н NaCI ерітіндісі бар ұяшықтың кедергісі 46,80 Ом. Әр электродтың ауданы 1,50см2, ал ара қашықтықтары 0,75см болса, меншікті және эквивалентті электрөткізгіштік қанша болады?

Жауабы: ϰ = 1,07 См . м-1; ϰ =1.07 . 10-4. м2 . экв-1.

  1. 50 мл НСI ерітіндісін 2н КОН ерітіндісімен титрлегенде мына нәтижелер алынған:

Vкон, мл 3,20 6,00 9,20 15,60 20,00 23,50
L, См 3, 20 2, 56 1,86 1,64 2,38 2,96
НСI ерітіндісінің нормальды концентрациясын анықтау керек.
Жауабы: 0,504 моль/л.

  1. 50 мл сірке қышқылын 0,5н NaOH ерітіндісімен титрлегенде мына нәтижелер алынған:

VNaOH , мл 4,00 4,50 5,00 5,50 6,00 6,50 7.50 8.50
R, Oм 37,5 34,05 31,15 28,5 26,6 25,4 25,7 26,0
Ерітіндідегі СН3СООН массасын (г) мен нормальды концентрациясын анықтау керек. Жауабы: 0,183г; 0,061н.

  1. 0,01н ВаСI2 ерітіндісінің кедергісі 231,3Ом. Электродтардың ауданы 0,865см2, ал ара қашықтықтары 0,258см болса, осы ерітіндінің эквивалентті электрөткізгіштігі қанша болады?

Жауабы: 129 См . см2 . экв-1 = 1,29 . 10-2 . м2 . экв-1

  1. Ұяшықтағы 0,05н NaCI ерітіндісінің кедергісі 93,5 Ом. Электродтар ауданы 2,0см2, олардың арасы 1,0см. Ерітіндінің меншікті және эквивалентті электрөткізгіштігін анықтау керек.

Жауабы: 0,0053 См . см-1 = 5,35 . 10-1 См . м-1;
107См . см2. экв-1= 1,07 . 10-2См . м2.экв-1.

  1. 0,01н НСI ерітіндісінің меншікті және эквивалентті электрөткізгіштігін санау керек, егер ерітінді кедергісі 390,625Ом болса және әр электродтың ауданы 2 см2, аралары 1,0 см болса. Ерітінді құйылған ыдыстың константасы қанша?

Жауабы: 1,28 . 10-1 . См . м-1; 1,28 . 10-2 См . м2 . экв-1; 0,5

  1. 50см3 НСI ерітіндісін 0,01н NaOH ерітіндісімен титрлегенде мына нәтижелер алынған:

VNaOH , см3 0 2,0 4,0 6,0 8,0 10,0
ϰ См . см-1 1,50 1,09 0,67 0,63 0,99 1,35
Кондуктометриялық титрлеу нәтижесі бойынша НСI концентрациясын анықтау керек. Жауабы: 0,001н.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет