Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары Дәрістің жоспары



бет1/8
Дата03.02.2022
өлшемі48,78 Kb.
#24790
  1   2   3   4   5   6   7   8

Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары

Дәрістің жоспары:

1. Атом - молекулалық ілім

2. Химияның стехиометриялық заңдары

3. Химиялық құбылыстар. Реакциялардың жіктелуі



1.Атом - молекулалық ілім
Химияның ғылыми негізін қалауға себеп болған М.В. Ломоносов.

М.В. Ломоносов атом-молекула теориясын, материяның сақталу заңын ашты.



М.В.Ломоносов 1741 жылы Атом-молекула туралы өзінің ілімін ұсынады: «Күллі зат ұсақ бөлшектерден тұрады, олардың өзара ілінісетіндік қабілеттігі бар, заттың қасиеті негізінде осы ұсақ бөлшектердің қасиетіне байланысты».

М.В.Ломоносов бөлшектердің кішіректерін атомды - элемент деп, іріректерін молекуланы- корпускула деп атайды. Молекулалардың қасиеті оның құрамына кіретін атомдардың қасиеттеріне, орналасу тәртібіне тәуелді. Корпускалар үнемі қозғалыста болады, ол қозғалыс механикалық заңдарына бағынады. Заттың жылынуы, суыы корпускулалар қозғалысына байланысты деді.

Негізгі қағидалары:

1.Барлық заттар молекуладан тұрады.

2. Молекулалар атомдардан тұрады

3. Молекулалар мен атомдар үнемі қозғалыста болады

4. Жай заттардың молекулалары бірдей атомдардан, күрделі заттардың молекулалары әр түрлі атомдардан тұрады.

5. Химиялық реакциялар кезінде молекулалар бұзылады, ал атомдар сақталады.



Атом- химиялық элемент және оның барлық қасиетін көрсететін жай заттың ең кіші электробейтарап бөлшегі. Мысалы. К, Nа, Fе, С. Н.

Молекула – барлық химиялық қасиетке ие заттың ең кіші электробейтарап бөлшегі.Мысалы.Н2, О2, Н2О

Атомдық массаның әртүрлі түсініктері бар: атомның абсолюттік массасы(m°), салыстырмалы атомдық масса (Аг) және салыстырмалы молекулалық масса (Мг)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет