Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ


(9 «а»-сынып оқушысы Рахметуллаев Аманжол баяндама жасайды.)



бет6/6
Дата21.04.2022
өлшемі40,99 Kb.
#31720
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
(9 «а»-сынып оқушысы Рахметуллаев Аманжол баяндама жасайды.)
І ЖҮРГІЗУШІ: Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі. Ақиқат пен әділдіктің туын биік ұстап, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы мемлекеттік деңгейде жылдың бас кітабы ретінде ұсынылуы кейінгі ұрпақтың ыстық ықыласы мен халқымыздың өз перзентіне деген сүйіспеншілігін білдірсе керек.

ІІ ЖҮРГІЗУШІ:

Келесі сөз кезегі Павлодар қаласы №17 қалалық кітапхана қызметкері Алмагүл Қонақбайқызы Жармағанбетоваға беріледі.



(Алмагүл Қонақбайқызы Жармағанбетова сөз сөйлейді.)

ІІ ЖҮРГІЗУШІ: Алаштың маңдайына біткен біртуар тұлға, ұлттың ұяты мен намысын, рухы мен тілін қастерлеп өткен Батыр бабамыздың артына қалдырған мұрасы мен мұратын,

өнегесі мен өсиетін насихаттау – біздің міндетіміз.


І ЖҮРГІЗУШІ: Келесі сөз кезегі тарих пәнінің мұғалімі Мұхтар Дастан Бекболатұлына беріледі.
(Тарих пәнінің мұғалімі Мұхтар Дастан Бекболатұлы сөз сөйлейді.)
І ЖҮРГІЗУШІ: Сахнаға 9 «а»-сынып оқушысы Сайдхан Нұртілеуді шақырамыз.

ІІ ЖҮРГІЗУШІ: Нұртілеудің орындауында «Ұшқан ұя» шығармасынан үзіндіні қабыл алыңыздар.

9 «а»-сынып оқушысы Сайдхан Нұртілеу монолог оқиды.

І ЖҮРГІЗУШІ: Жазушы, аудармашы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі,


ІІ ЖҮРГІЗУШІ: Күлтегін атындағы сыйлықтың лауре­аты, Еуропаның Франц Кафка қоғамы марапатының иегері, түрколог-ғалым Немат Келімбетовтің есімі өз елімізде ғана емес, шетелге де кеңінен таныс.

І ЖҮРГІЗУШІ: Келесі сөз кезегі 9 «а»-сынып оқушысы Манарбекова Аружанға беріледі.
(9 «а»-сынып оқушысы Манарбекова Аружан Н.Келімбетовтің өмірбаянына тоқталады)

І ЖҮРГІЗУШІ: Баға жетпес әдеби мұрасы – көркем туындылары мен аудармалары, ғылыми-зерттеу еңбек­тері мен мақалалары – дүниежүзілік мәдениет пен әдебиетке асыл қазына болып қосылды.


ІІ ЖҮРГІЗУШІ:

«Үміт үзгім келмейді» кітабы бүгінде әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, шетелдік оқырман қауымның сүйіп оқитын кітабына айналып отыр.

І ЖҮРГІЗУШІ: ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы, жазушы Бауыржан Момышұлы, ғалым Немат Келімбетовтің қазақ мәдениеті мен әдебиеті тарихындағы алатын орны өте зор.
ІІ ЖҮРГІЗУШІ: Ұлты ұлықтаған тұлғалардың туған елі үшін жасаған игі ісін білу, құрмет тұту – толассыз, тоқтаусыз құбылыс.
І ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті қадірменді қонақтар, зиялы қауым ұстаздар!

ІІ ЖҮРГІЗУШІ: Егемен еліміздің жарқын болашағы оқушылар!

І ЖҮРГІЗУШІ: Бүгінгі салтанатты кештен қуат алып, тек жақсылықта болыңыздар.

ІІ ЖҮРГІЗУШІ: Біз сіздерге кездескенше күндеріңіз жақсы болсын дейміз.

I ЖҮРГІЗУШІ: Кездескенше, құрметті ағайын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет