И Қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



жүктеу 10.59 Mb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата15.03.2017
өлшемі10.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
9984

б 8 1 . 2 К а з  
И83
_ о
О
с к
О
<
ш
<
г о
<
шшшш.
о

ъ
п
.
я
И
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛШ ІНІҢ АНТОЛОГИЯСЫ
С. Исаев
Қазіргі қазақ 
тіліндегі негізгі
грамматикалық
ұғымдар
Павлодар
2010

УДК 811.512.122’36 
ББК 81.2 Каз-2 
И 83
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады
БАС РЕДАКТОР 
Арын Е.М.
ҚҮРАСТЫРУШЫ, ЖАУАПТЫ РЕДАКТОР
Құдабаев А. Ж.
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Айтбаев Ө., Әбілқасымов Б., Жанпейісов Е., Жанұзақов 
Жүнісбеков Ә., Қалиев Ғ., Қайдар Ә., Құсайынов К., Нақысб
Оралбае
Ш., Сарбалаев Ж
Серғалиев М
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМШ Щ  АНТОЛОГИЯСЫ 
И 83 
Казіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматика.
ІІавло-
дар:  С.  Торайгыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік  университеті,
2010. -1 8 0  б.
І8ВИ 978-601-238-072-9
Ұсынылып  отырган  оқу  құралында  жоғарғы  оқу  орындарын- 
да  негізгі  пән  ретінде  жүретін  «Қазіргі  қазақ  тілі»  курсының 
көлемі  жағынан  аса  ірі  саласы  —  грамматикалық  ұғымдар  сөз 
болады.  Грамматикалық  ұғымдардың  грамматикалық  мағына, 
грамматикалық 
форма, 
грамматикалық 
категория 
сияқты 
құбылыстардың тілдегі  орны, олардың бір-бірімен езара сәйкестігі, 
байланысы мен ерекшеліктері салыстырыла талданады.
Осы кітап зиялы қауымға, ғалымдарға,  аспиранттарға,  қазақ тіл 
білімін терең білгісі келетін жалпы көпшілікке арналады.
Еңбек  материалдары  1992  жылы  «Ана  тілі»  баспасы  басып 
шығарған автор еңбегінің негізінде алынды.

— 
УДК 811.512.122’36
и 
С.Торайғы 
ББК 81.2 Каз-2
ІЗВИ 978-601-238-072-9
©   Исаев С. 
.
Құрастьфушы А.Ж.Құдабаев 
С. Торайғьфов атынд. ПМУ 2010

А Л Ғ Ы   С Ө З
ҚАЗАҚ  ТІЛ  БІЛІМІ  -   қазақ  тілінің  әр  жақтары  (дыбыс
жүйесі  мен  сөздік  құрамын,  грамматикалық  құрылымы)  мен 
салаларын  (фонетика,  лексикология,  грамматика)  олардың  да- 
муын,  оз  ара  байланысын,  ішкі  заңдылықтарын  жан-жақты 
зерттейтін  ғылым  саласы.  Қазіргі  қазақ  тілі  — саяси,  ғылыми 
көркем  әдебиет,  публицистика,  күнделікті  радио  мен  теледи- 
дар хабарларында қолданылып жүрген Қазақстан Республика-
сының мемлекеттік тілі.
Қазақ тілінің өсуі мен дамуын  қазақ тіл  білімі түрғысынан
ғана  емес,  жалпы  түркология  ғылымы  түрғысынан  алып
қарағанда, шығып жатқан ғылыми еңбектерінің саны жағынан
болсын, жаңа әдістерді қолдану, ғылыми проблемаларды шешу,
мамандар  даярлау  жағынан  болсын,  әлемдік  түркологияда
алдыңғы қатарға шықты.
Тіл білімінің жаңа саласы статистика, қолданбалы лингвис- 
тика  әдістерін  түркология  ғылымында  алғаш  қолданған  да
Қазақстан ғалымдары болатын.
Бүгінгі кезде үлттық тілге деген сүраныстың көптігіне бай-
ланысты осы еңбекті шығару ісі қолға алынды.
Сіздердің  қолдарьгңызға  тиген  «Қазақ  тіл  білімінің 
антологиясы» атты сериялық басылым үлттық тілдің дамуына 
мол үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін белгілі жүйемен топ-
тастыруды жөн көрдік.
Қазақ  тіл  білімі  антологиясының  басты  мақсаты  -  
классикалық  үлгідегі  жазылған  ғылыми  еңбектердің,  тілдік 
зерттеулердің, 
ғылыми 
ой-түжырымдардың 
көрсеткішін 
кейінгі  жас  ғалымдарға,  үрпағымызға  үлгі  ету.  Талдаудың, 
пайымдаудың, дәлелдеудің сан қырлы төсілдеріне бойлатудың
нақты мүмкіндігін үсыну.
Қай  елдің  болмасын  рухани  мүрасын  танып  -   талдаудың, 
бағалаудың  ғылыми  қалыптасқан  шарттары  бар.  Мүндағы
3

ғылыми  ізденістер  осы  талаптардың  биігінен  көріне  алған. 
Қазақ  тіл  ғылымындағы  жетекші  ойлар  — тіл  салаларының
барлық бастау көзінің бұлағы.
Бұл  антолоғияны  құрайтын  ғалымдардың  еңбектері  қазіргі
кезде  кітапханалардың  сирек  қорларьгада  өте  аз  әрі  санаулы 
болғандықтан және кейбіреулері тіпті жетіспейтіндіктен қайта 
жинақтап, жариялату ісі қолға алынды.
Редакциядан
4

КІРІСПЕ
Жоғары  оқу  орындарында  негізгі  пән  ретінде  жүретін 
“Қазіргі  қазақ  тілі”  курсының  басты  жөне  негізгі  сала- 
сы  -   грамматика  болып  табылады.  Тілдің  грамматикалық
қүрылысы  тіл  деңгеилерінің  көлемі  жағынан  да,  мазмүны 
жағынан да әрі күрделісі, әрі ауқымдысы екені даусыз, өйткені 
тілдің  қоғамдық  қүбылыс  ретіндегі  өзіндік  ерекшеліктері, 
атқаратын қызметіндегі сан алуан жүктері, даму барысындағы 
диалектикалық  заңдылықтары — бәрі-бәрі  тілдің  грамматика- 
лық қүрылысынан анық көрінеді.  Сондықтан да “Қазіргі қазақ 
тілі” ғылыми курсының 80-95% грамматика болып табылады.
Осындай  маңызды  саланың көп  қағидалары  50-60  жылдар- 
да қалыптасқан қалпында келе жатыр. Оқулықтар мен ғылыми 
грамматикаларда  тілдің  грамматикалық  қүрылысының  бас- 
ты  үғымдары  болып  табылатын  грамматикалық  мағына, 
грамматикалық  форма,  грамматикалық  категория,  олардың 
тілдік  қүбылыс  ретіндегі  орны  және  бүлардың  бір-бірімен 
өзара  сәйкестігі,  байланысы,  ерекшеліктері,  әрқайсысының 
шекарасы, т. б. күні бүгінге дейін айқындалған жоқ. ¥сынылып 
отырған оқу қүралында бүл мәселелер нақты тілдік материал- 
дар арқылы ғылыми дәлелдеулер нәтижесінде талданып, сара- 
ланады. Тілдің грамматикалық қүрылысының басты, ең негізгі 
үғымдары -  грамматикалық  мағына мен грамматикалық  фор- 
ма,  олардың  әрқайсысының  жасалуы,  тілде  көрінуі,  түрлері, 
бір-бірімен  сәйкестігі  осы  ғылыми  курстың  бағдарламасына 
сай қүрылып, басқа деңгейлердегі кейбір үғымдармен, мысалы, 
лексикалық мағынамен, салыстырыла отырып талданды.
Бүл  қүралдың  екінші  бір  ерекшелігі  —  ғылыми  баяндау, 
дәлелдеме  әдеттегідей  монолог  түрінде  емес,  сүрақ  және 
сүраққа  жауап  ретінде  яғни  диалог  түрінде  болуы.  Бүл  -  тек 
оқытушының ғана емес,  студенттердің де өз  беттерімен  оқып,
5

үйренуіне,  әрмен  қарай  талдауды  жалғастыра түсуіне,  сөйтіп, 
ғылыми пікір қалыптастыруына көмек етеді.
Оқу  қүралы  филология  факультеттерінің  студенттеріне, 
аспиранттарға, филолог галымдарға үсынылады.
Автор
6

I бөлім
СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тіл  -   қоғамдағы  адамдар  арасындағы  аса  маңызды 
қатынас  құралы  болғандықтан  да,  ол,  бір  жағынан,  ойлау- 
мен,  екінші  жағынан,  сол  арқылы  санамен,  үшінші  жағынан, 
қоғамдық  өмірде  белгілі-белгілі  қызметтер  (коммуникативтік, 
эстетикалық-экспрессивтік,  т.б.)  атқаруымен  және  дыбыстық 
материалға  негізделуі,  оньщ  белгілі  мәнге  ие  бола  алуымен 
байланысты  болып  келеді.  Тіл,  ең  алдымен,  ойды  жарыққа 
шығарып, жетілдірудің қүралы болу арқылы ойлаумен тікелей 
байланысты.  Сондықтан  тілдің  негізгі-негізгі  деген  единица- 
лары ойлаудың басты категорияларымен сәйкес келіп жатады. 
Мысалы,  сөз үғымды  білдіріп,  соның тілдік көрсеткіші болса, 
ойды  білдірудің бірден-бір тілдік  көрінісі  сөйлем  болып  табы- 
лады. Міне, осы қасиеттері арқылы тіл айналадағы объективтік 
әлем,  шындық  туралы  адамның  санасын  үйымдастырып 
қалыптастырады,  олардың  арасындағы  әр  түрлі  байланы- 
стар  мен  қатынастарды,  олардың  сан  салалы  бөлшектері  мен 
түтастықтарын, ондағы жүйелер мен заңдылықтарды адам сана- 
сына үялатып, есте сақтауға негіз болады. Осы жағынан келген- 
де де тіл бірдеңені үйренудің, білудің, шындықты бейнелеудің, 
тіпті  абстракты  түрде  ойлаудың  қүралы  да  болып  табылады. 
К. Маркстің «Тіл де сана сияқты өте көне қүбылыс», -  деуі осы- 
дан  болса  керек.  Міне,  осы  қасиеттердің  барлығы  тілдің 
қоғамдық  қызметтері  -   коммуникативтік,  эстетикалық- 
экспрессивтік қызметтері арқылы жүзеге асады.
Сүрақ. Сөздің тілге және ойға, ойлауға қатысы қандай?
Жауап. Ойды білдірудің ең кіші тілдік единицасы -  сөйлем. 
Сөйлемнен  кіші тілдік единицалар (сөз тіркесі,  сөз, т.  б.) ойды 
білдіре алмайды.  Сонда ойлаудың бір бүтағы ой  білдіру, тілде
7

сөйлем арқылы көрініп іске асады. Ал сөйлем сөздерден, сөздер 
жиынтығынан белгілі.
Сұрақ.  Сөйлем  тек  сөздерден  ғана  емес,  сөз  тіркестерінен, 
морфемалардан да тұрады ғой?
Жауап. Бұл жерде сөйлем мен сөздің тікелей қатынасы ойды 
білдірудің  ең  кіші  тілдік  единицасының  (сөйлемнің)  ең  кіші 
мағыналы  (мәнді)  тілдік  бөлшектерден  тұратынымен  байла- 
нысты.  Ондай  ең  кіші  мағыналы  тілдік  бөлшек  -   сөз  болып 
табылады.  Дыбыстарды  былай  қойғанда  морфемалардың  өзі 
жеке  түрып  мағына  білдіре  бермейді,  ал  сөз  тіркесі  — сөзден 
әлдеқайда  үлкен  единица.  Бүл  — бір.  Екіншіден,  осы  қасиеті 
арқасында сөз тіл білімінің барлық саласына да (фонетика, лек- 
сика, сөзжасам, морфология, синтаксис) қатысты болып келеді: 
бірде тіл білімі саласының, енді бірде келесі бір саланың тікелей 
объектісі айқьгадалатын жүйелік фоны, контексі болып келеді.
§ 1. СӨЗ -  ТІЛ БІЛІМІНІҢ ОБЪЕКТІСІ
Тіл  білімінің  қай  саласын  алсақ  та,  оның  зерттеу  объектісі 
я  тікелей,  я  жанама  түрде  сөзге  келіп  тіреледі.  Өйткені  сөзде 
фонетикалық  қасиет  (дыбыстық  комплекс)  те,  лексика- 
семантикалық қасиет (ішкі мағына) те, сөзжасам қасиеті (жаңа 
сөз я жаңа мағына) де, грамматикалық қасиет (морфологиялық 
қүрам  мен  қүрылысы,  сөздердің  түрленуі,  сол  арқылы  бір- 
бірімен  байланысқа  түсіп,  сөйлем  құрауы)  те  бір-бірімен 
қабысып, қабаттасып келіп отырады.
Сұрақ.  Дегенмен  сөз  тіл  білімінің  бір  саласының, 
лексикологияның ғана, негізгі объектісі емес пе?
Жауап.  Сөз жоқ, сөз -  лексикологияның тікелей және басты 
объектісі.  Өйткені  тілдегі  сөздік  құрам,  оның  баюы,  дамуы, 
сөз  мағыналарыньщ  түрлері  мен  өзгеруі,  дамуы  т.  б.  сияқты 
сөздің  тікелей  басындағы  қасиеттері  лексикология  саласында 
қаралып, шешімін табады. Сондай-ақ сөз—сөзжасам саласының 
да тікелей объектісі.  Әр түрлі тәсілдер арқылы жаңа сөз жасау
8

проблемасы,  сөз  мағынасының  өзгеруі  арқылы да жаңа сөздщ 
пайда болуы, сөйтіп, тілдің сөздік қүрамын байыту процесі де 
сөзге тікелей қатысты қасиеттер болып табылады.
Ал, грамматика (гректің §гаттайке -  оқи алу, әріп жаза білу 
деген сөзінен қалыптасқан) болса, ол сөздердің түрлену жүйесі 
мен  грамматикалық  мағыналарын,  олардың  арасындагы  бай- 
ланыс  пен  қарым-қатынастарды,  сәйтіп,  сөздердің  түлғалану 
ерекшеліктерін,  сөздердің  бір-бірімен  тіркеске  түсіп,  сөйлем 
қүрау  сияқты  қасиеттерін  қарастырады.  Грамматиканың  бір 
саласы  морфологияныц  (гректің тогрһе -  форма,  түлға және 
1о§оз -  сез, ілім деген создерінен қүралған) да зерттейтін басты 
объектісі -  сөз.  Әрине,  морфологня лексикология  сияқты жеке 
создердің нақты  мағыналарын,  олардың қайдан  шыгып, қалай 
қалыптасқанын,  функциональдық-стильдік  сипаттарын  емес, 
создердің жалпы қасиеттерін, ортақ қасиеттері арқылы сөздер- 
дің  белгілі  топ  қүрай  алуы  мен  түрлену,  түлғалану  жүйесін, 
соның  нәтижесінде  пайда  болатын  жалпы  мән-мағыналарды 
топтап,  категориялық  ерекшеліктерін  зерттеп  сипаттайды. 
Сойтіп, морфология создердің грамматикалық сипаттарын зерт- 
теп айқындайды. (СРЯ, 87,  135). Морфология сияқты синтаксис 
(гректің зупіахіз -  қүрылыс, тізбек, тіркес, тәртіп деген созінен 
қалыптасқан) те  грамматиканың  бір  саласы.  Егер  морфология 
создің  жалпы  сипатын,  атап  айтқанда,  создің  грамматикалық 
мағыналарын,  олардың  берілу  жолдарын,  түрлену  жүйесі  мен 
парадигмалық  (гректің  рагайеі§та -   үлгі,  мысал,  рет  созінен 
алынған, яғни белгілі бір тәртіппен түрлену, озгеру қатарының 
түрақты жиынтығы, үлгісі, мысалы, септелу, тәуелдену, жіктелу 
үлгілері,  т.  б.)  қасиетін,  соз  формаларының  ерекшеліктерін, 
соның нәтижесінде  пайда болатын грамматикалық мағыналар 
жүйесін  жеке-жеке  емес,  жалпы  түрде  қарау  арқылы,  ортақ 
белгілері  негізінде,  яғни  создердің  грамматикалық  сипаттары 
негізінде  грамматикалық  топтарға,  олардың  категорияларға 
жіктелуін  қарастырса  синтаксис  сол  түрлену  түлғаларының
9

басқа  сөздермен  синтаксистік  қатьшасқа  түсу  ерекшеліктерін, 
сөйлемде  сөздердің  сол түлғаларында  атқаратын  қызметтерін, 
сөйтін, сөйлем қүрау, олардың қүрамдық, қүрылыстық түрлері 
мен  типтерінің  ерекшеліктерін  қарастырады.  Сөйтіп,  мор- 
фология  мен  синтаксистің  ортақ  жерлері  көп-ақ.  Мысалы, 
Мен  жазбаймын  өлеңді  ермек  үшін...  (Абай)  деген  сөйлемді 
талдап  көрейік.  Мен  -   1-жақ  жекеше  жіктеу  есімдігі,  атау 
түлғада түр,  жазбаймын  — сабақты  етістік,  болымсыз  түлғада 
(-ба), -й - көсемше түлғасы арқылы ауыспалы осы -  келер шақты 
білдіріп түр, -мын -  1-жақ жекеше жіктік жалғау, өлеңді -  жалпы 
зат есімді табыс септік арқылы тура объекті мағынасын білдіріп 
түр, ермек -  жалпы зат есім, түбір түлға, үшін -  септеулік шы- 
лау. Бүл — морфологиялық талдау. Синтаксистік жағынан: мен — 
бастауыш,  атау  септікте,  жазбаймын  —  баяндауыш,  жіктік 
жалғау  арқылы  бастауышпен  1-жақта  жекеше  қиыса байланы- 
сып түр, өлеңді (нені жазбаймын?) тура объектіні (табыс септік) 
білдіретіндіктен тура тольщтауыш болады, өлеңді жазбаймын -  
табыс  септік  жалғауы  арқылы  байланысқан  етістікті  меңгеру 
(сөз тіркесі), ермек сөзі үшін шылауымен тіркесіп келіп мақсат 
пысықтауыш  (не  үшін,  не  мақсатпен  жазбаймын?)  қызметін 
атқарып түр,  сол үшін шылауы  арқылы ермек сөзі жазбаймын
дегенге  меңгеріле  байланысып,  етістікті  сөз  тіркесін  қүрап
түр.  Жалпы  бүл  — жай,  жайылма,  жақты,  толымды,  хабарлы 
сөйлем:
Міне, осы талдаудан грамматиканың екі саласы морфология 
мен  синтаксистің  ортақ,  жақын  қасиеттері  мен  бір-бірінен  ай- 
ырма ерекшеліктері анық көрінеді.
Фонетиканың  негізгі  зерттеу  объектісі  дыбыстар,  олардың 
жүйелілігі  мен  қолданылу  ерекшеліктері,  заңдылықтары 
болса,  дыбыстардың  қыр-сыры,  жасалу,  артикуляңиялық 
ерекшеліктері мен қолданылу заңдылықтары сөзге тікелей бай- 
ланысты, сөз арқылы, сөздер қүрамында ғана олар толық көріне 
алады.  Жеке дыбысты  айтқаннан,  оның  барлық  сипаты толық
10

айқындала  бермейді.  Сөздің  бар  сипаты  оның  қолданысында,
ш
сөйлем  ішінде  айкындалатыны  сияқты  дыбыстардың  да  бар 
қасиеті  сөз  құрамында  қолданылуы  арқылы  айқындалады. 
Сондықтан да сөз фонетикаға да қатысты. Міне, осы қасиеттері 
негізінде сөзді  өте күрделі тілдік единица деп түсінеміз.  Сөз -  
сөйлемнен  кейінгі  ерекше тілдік  единица,  өйткені  ол -  тілдің 
мәнді, мағыналы бөлшегі.' ‘ 
іГ 

ғ 

Демек,  сөз  әр  қырынан тіл  оілімінің әр  саласына тікелеи  я
жанама  қатысты  оолып,  тш  оілімінің  непзп  ооъектісі  оолып 
саналады.
§ 2. СӨЗДІҢІШКІ МАҒЫНАЛЫҚ ЖӘНЁ СЫРТҚЫ
ДЫБЫСТЫҚ ЖАҒЫ
Тілдегі  ең  кіші  мағыналы  бөлшек  -   сөз.  Сондықтан  сөз 
белгілі  бір  үғымды  білдіреді,  яғни  белгілі  бір  заттың  аты  не- 
месе  сынның,  сапаның  белгісін,  санды,  әр  түрлі  әрекет- 
қүбылысты,  қимылды,  т.  б.  білдіреді.  Сондықтан  сөз  туралы 
әңгіме  болғанда,  ең  алдымен,  сол  сөз  білдіретін  мағына,  яғни 
сөздің ішкі сипаты, мазмүны қоса жүреді.
Сұрақ.  Морфема  -   сөзден  де  кіші  тілдік  единица  ғой.  Ал 
түбір морфема да мағыналы бөлшек емес пе?
Жауап.  Түбір  морфема  мәселесіне  қазақ  тілі  (сондай-ақ 
түркі  тілдері)  түрғысынан  келсек,  түбір  белгілі  бір  мағынаны 
білдірумен  байланысты.  Бүл  түрғыдан  келгенде,  түбір  деген 
үғым  мен  сөз  деген  үғымдар  сайма-сай  келеді  де,  сөз  деген 
үғымға  енетін  туынды  түбір  дегендер  ғана  одан  өзгеше  бола- 
ды.  Сондықтан  да  түбір  жеке  сөздің  баламасы  ретінде  ешбір 
түрленусіз  түбір  күйінде  тілде  қолданыла да  алады.  Мысалы, 
Зеңбірек снарядтары суға үсті-үстіне түсіп, аспанға шапшыған 
судан күміс бағаналар орната бастады (Ғ. Мүсірепов). Ызғырық 
суық  сұр  бүлт  Аспанды  тегіс  қаптаған  (Б.  Майлин).  Төрт 
бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ. Мүсірепов).
11

Берілген  сөйлемдердегі  күміс,  сұр,  төрт,  тас  деген  сөздер 
түбір күйінде қолданылған, яғни олар — әрі түбір, әрі сөз. Бірақ 
түбір деген үғымға қазіргі кезде ешбір мәнге ие бола алмайтын 
не  жеке  қолданыла  алмайтын  өлі  түбірлер  де  енеді.  Мысалы, 
оян, оят, баданадай, алпамсадай, момын, момақан, шалқақ, 
шалқалау, т. б. сияқты сөздердің түбірі, сөз жоқ, оя, бадана, ал- 
памса (я алп), мом, шалқа екенін бір түбірден өрбіген түбірлес 
сөздер де көрсетіп түр. Бірақ бүлар қазір тілімізде түбір күйінде 
қолданылмайды, жеке түрып ешбір мағына да білдіре алмайды. 
Сондықтан да оларды өлі түбір дейміз.  Ал басқа тілдерде, мы- 
салы, орыс тілінде, түбір әр уақытта мағыналы бола бермейді, 
жеке түрғанда ешбір мәнді, үғымды білдіре алмайды. Мысалы, 
прочптать  (оқып  шығу) деген  сөздің түбірі -  чит,  про -  при- 
ставка,  ать  -  жүрнақ,  бүндағы  чит бөлшегі  жеке  түрып  ешбір 
мәнге  ие  емес.  Сондай-ақ тілімізде  өте  сирек  болса да сөз  бен 
дыбыстың  да  сәйкестігі  кездеседі.  Мысалы,  у  (Мен  ішпеген  у 
бар  ма?  — Абай)  и  (басыңды  и)  тәрізді  сөздер  бір-бір  дифтонг 
дыбыстан  түр.  Осыған  қарап  кейде  жеке  дыбыстар  да  мәнді 
болады,  мағына білдіре  алады деп түжырым жасауға бола ма? 
Әрине, жоқ. Сондықтан әр уақытта белгілі бір үғымды білдіре 
алатын, тілдің ең кіші мағыналы бөлшегі сөз болып табылады. 
Бүл -  сөздің  басты  және  тұрақты  лексика-семантикалық  және 
грамматикалық  қасиеті.  Осы  қасиеті  арқылы  сөз  тіл  білімінің 
барлық саласының зерттеу объектісі болып табылады.
Сөздің  белгілі  бір  мағынаны,  үғымды  білдіруі  оның  ішкі 
мазмүны  болса,  сөз  белгілі  бір  дыбыстар  жиынтығынан 
түратындықтан, оның сыртқы дыбыстық жағы да бар. Кез кел- 
ген  сөз  белгілі  бір  дыбыстар  жиынтығынан,  демек,  дыбыстық 
комплекстен түрады.
Мысалы, бала деген сөз төрт дыбыстан түрады, оның бірі (а) 
екі рет қайталанған,  келмеген -  8 дыбыстан түрады, оның бірі
(е) үш рет қайталанған.
12

Сұрақ. Сөздің ішкі мағыналық жағы мен сыртқы дыбыстық 
комплекс  жағы  арасында  байланыс  бар  ма?  Байланыс  болса,
оның сипаты қандай?
Жауап. Сөздің ішкі мағыналық жағы мен сыртқы дыбыстық 
комплекс  жағы  арасында,  әрине,  байланыс  бар.  Егер  олардың 
арасында  ешбір  байланыс  болмаса,  кез-келген  дыбыстар 
жиынтығы сөз бола берер еді ғой, жаңағы бала, келмеген деген 
сөздер  белгілі дыбыстар  жиынтығынан және  ол дыбыстардың 
белгілі  бір тәртіппен  орналасуынан  жасалып тұр.  Ондағы ды- 
быстарды  абла  немесе  лаба  немесе  лбаа,  т.  б.  етіп  қосқаннан 
сөз жасалмайды.  Бұның өзі лексикалық единица ретіндегі сөз, 
оның  білдіретін  мағынасы  мен  сыртқы  дыбыстық  қабыршағы 
арасында  белгілі  бір  байланыс  бар  екенін  көрсетеді.  Бірақ  ол 
байланыс  -   табиғи  байланыс  емес.  Өйткені  дыбыстар  жеке 
түрғанда,  ешбір  мәнге  ие  бола  алмайды  б,  а,  л,  а,  дегеннің 
әрқайсысынан  ең  бір  мән  туып  түрған  жоқ.  Сондықтан  да 
белгілі жастағы адам мәніндегі бала сөзінің магынасы сол төрт 
дыбыс  білдіретін  мәннен  қүралып  түрған  жоқ  (жеке  дыбыста 
мән жоқ).  Тілімізде біркелкі дыбыстар жиынтығынан түратын, 
тіпті  бірдей  дыбысталатын  сөздердің  мағыналары  әр  уақытта 
бірдей  бола бермеуі,  лексикалық  омонимдер -  осының дәлелі. 
Мысалы,  қара  дегенге  қарама-қайшы  түсті  білдіретін  ақ  (ақ 
шәйі  орамал)  және  адал,  кінәсыз,  жазықсыз деген  мағыналар- 
дағы ақ (Ынсапсызға не керек істің ақ пен қарасы -  Абай) сөздері 
мен  малдың  сүті  және  сол  сүттен  өндірілетін  айран,  қатық, 
қымыз сияқты тағамдар мәніндегі ақ (ақ ішіп оңалып) сөзі мен 
жоқ  болу,  суалу  деген  мәндегі  ақ  болып  кету  сөзі,  шындық 
ақиқат,  хақ  мәніндегі  ақ  (ақ  өлім  немесе  ақ  сөйле),  судың  ар- 
насымен жылжуы мәніндегі  ақ (судай ақ) сөздерінің (ҚТТС,  1, 
126-137) дыбыстық  қүрамында,  айтылуында бір-бірінен  ешбір 
айырмашылығы  жоқ.  Соған  қарамастан  яғни  қаншалықты 
бірдей  дыбыстардан  түрып,  бірдей  айтылғанмен  әрқайсысы 
бір-біріне  байланыссыз  кейде  байланысты  (көп  мағыналық
13

негізіндегі омоним болса) әр түрлі мағынаны білдіреді. Сондай-
ақ қорек, тағам, тамақ мәніндегі ас (ас адамның арқауы), тамақ
пісіру,  әзірлеу  мәніндегі  ас  (ет  ас),  бір  жерден  екінші  жерге
қарай өту, өрлеу мәніндегі ас (таудан ас), т.  б.  сөздер де (ҚТТС,
1,  365-367)  дәл  осындай.  Бүл  сияқты  омоним  сөздерді  көп  теп 
келтіруге болады.
Демек,  сөздің  ішкі  мағыналық  жағы  мен  оның  сыртқы 
дыбыстық комплекс жағы  арасындағы байланыс табиғи  емес, 
тарихи  қалыптасқан  дәстүрлі  байланыс  болып  табылады. 
Басқаша  айтқанда  жекелеген  дыбыстардан  түратын,  қалыпта- 
сқан  дыбыстық  комплекс  жеке  бір  тілдік  единиңа  ретінде 
белгілі бір үғымды білдіретін болған. Міне ол үғым - сол сөздің 
мағынасы,  өйткені  сөз  айналамыздағы  зат,  қүбылыс  я  оның 
сыны  мен  саны,  қимыл,  іс-әрекет,  оның  әр  түрлі  амалы,  т.  б. 
жайындағы үғым не соның аты, атауы.
Сөздің мағынасы әр түрлі  болады.  Сөздің жеке түрғанда да 
белгілі  бір үғымның,  аты ретінде танылатын  нақты мағынасы 
да,  одан  туындайтын  әр  түрлі  ауыс,  келтірінді  мағынасы 
да,  сөйлеу  проңесінде  неше  түрлі  түлғалар  қосылуының 
нәтижесінде  пайда  болатын  немесе  басқа  сөздермен  қарым- 
қатынасқа түсу арқылы туатын сан салалы жалпы мағыналары 
да болады.
Әрине,  ол  мағына  түрлерінің  бір-бірімен  байланысы, 
жалғастылығы  болумен  қатар  бір-бірінен  айырмашылықтары, 
өзгешеліктері  болады.  Ең  алдымен  сөз  білдіре  алатын 
мағынаны  екі  түрге  бөліп  жүрміз:  лексикалық  магына  және 
грамматикалық мағына.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Гуианигарлық серия серия I'уманитирпых паүк 31 (574. 25) Семей облысы, павлодар уезіне
transactions -> Гшһңр Ц£ңсиі о л ж й з й л й р ы н 0й іы иийлі
transactions -> Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрліп
transactions -> Б. Бурамбаева терісі бағалы аңдарды
transactions -> Бижан бижан Ж.Қ. Павлодар, 2015
transactions -> К14 Л. К. Казангапова
transactions -> Оқулық қазақ тілді аудиторияға ағылшын тілін өз бе тінше үйренуге, тілдік курстарға жэне жоғары оқу орындары
transactions -> Казақ тілі терминдерінің салалық гылыми түсіндірме создіктерінің топтамасы Қазақстан
transactions -> Г. Ж. Жапекова архапкалык, мэаенпет
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет