І модуль. Басқару психологиясының теориялық негіздері ғылыми білімдер жүйесі ретінде 1-Дәріс



Дата16.04.2022
өлшемі21,76 Kb.
#31178
Байланысты:
№ 1-лекция


І Модуль. Басқару психологиясының теориялық негіздері ғылыми білімдер жүйесі ретінде

1-Дәріс. Басқару психологиясына кіріспе және даму тарихы және зерттеу әдістері

Дәрістің жоспары:

1.Басқару психологиясына кіріспе

2.Басқару психорлогиясының даму тарихы

3.Басқару психологиясының зерттеу әдістері



Түйін сөздер: басқару психологиясы, басқару жүйесі, басқару және тқлға

Басқару психологиясының өзіне тән зерттеу пәні бар, ол – басқару процестерін ұйымдастыру заңдылықтарын және процесс кезіндегі адамдар арасындағы қарым қатынасты зерттеп, басқару процесінің әдістемелік негізін анықтайды.

Басқару психологиясының негізгі міндеті – басқару кезіндегі психологиялық құбылыстарды анықтау, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашу және олардың арасындағы байланыс себептеріне қорытындылар мен ұсыныстар жасау.

Басқару психологиясы ғылым мен практика ретінде жетекшілердің басқару мәдениетінің дамуы мен қалыптасуын, қызметкер тұлғасының басқаруды қолдану кезіндегі теориялық және практикалық білімдерінің негізіне керекті жағдайларды, еңбек ұжымының даму заңдылықтары ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастарды қарастырады.

Басқару түрi- жоғары мемлекеттік органдарды, олардың қүрылу тәртібін, өз араларында және халықпен өзара байланысын білдіретін жоғары мемлекеттік билікті үйымдастыру. Тарихта екі басқару түрі белгілі: монархия және республика.

Басқару психологиясы және зерттеу пәні.


  • Еңбек әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері;

  • Ақпараттарды қайта өңдеудің психологиялық ерекшеліктері;

  • Адам адамды қабылдау және бір біріне әсер ету механизмдері ;

  • Еңбек ұжымының және тұлғааралық қатынас қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері;

  • Басқару шешімдерін қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері және басқару іс әрекетінің психологиялық факторлары.

  • Басқару деңгейі:

  • Институционалды деңгей;

  • Басқару деңгейі;

  • Техникалық деңгей

Басқару психологиясының даму тарихы.

‘’Монархия’’ - алғашқы тарихи басқару түрі. Онда елдегі жоғары билік бір адаммен жүзеге асырылады. Мемлекет басы – монарх әдетте билікке мұрагерлік жолмен келеді және оның билігі басқа билік түрлеріне немесе сайлаушыларға бағынышты емес.

Монархияның екі түрі:

Монархияның екі түрі бар: абсолютті және конституциялық. Бірінші түрінде мемлекет басы биліктің барлық түрін өз қолына шоғырландырады. Екінші түрінде монарх билігі мемлекет Конституциясымен шектелген. Кейбір жағдайларда ол заңшығарушы билікке қүзыры жетпей, монарх тек өкілдік қызмет атқарады.

Бұл парламенттік монархия. Басқа жағдайлар¬да монарх атқарушы биліктің тізгінін өзі үстап, парламентке айрықша ықпал етеді: ол өз алдында жауапты үкіметті тағайындайды, парламенттің шешімдерін кері қайтару құқына ие, парламенттің жоғарғы палатасының мүшелерін тағайындауы мүмкін әрі парламент таратуға құқылы. Бұл түрінде, көріп отырғанымыздай, монарх пен парламент мемлекет билігін бөліседі.



Конституциялық монархияның бүл түрін дуапистік деп атау да қалыптасқан. Республика басқару түрі ретінде монархиядан әлдеқайда кеш пайда болса да, ежелден белгілі. Монархиядан айырмашылығы мемлекет басшылығы ауыспалы әрі сайланбалы, ал оның билігі өкілетті орган мен сайлаушылардан тәуелді болып келеді. Республиканың үш негізгі түрлері белгілі: парламенттік, президенттік және жартылай президенттік.

Басқару әдістері:



  • Әкімшіліктік;

  • Ұйымдастырушылық;

  • Құқықтық реттеу әдістері;

  • Экономикалық;

  • Әлеуметтік психологиялық.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Басқару және оның әлеуметтік-психологиялық негіздері мәселесін қандай ғылымдар зерттейді?

2. Басқару психологиясының негізгі мектептері қалай жіктеледі?

3. Басқару психологиясының заңдылықтары қалай жіктеледі?


Әдебиеттер:

1.Ахтаева Н.С.,Әбдіғапарова А.І, Бакбаева З.Н. Басқару психологиясы: Оқу құралы. –Алматы: Бастау баспасы, 2010.- 250 б.



2.Бердібаева С.Қ. Тұлға психологиясы. А, Қазақ университеті, 2016, 203 б.

3.Волкогонова О.Д., Зуб А.Т. Управленческая психология. – Москва: ИД «Форум» - Инфра, 2015.

4. Захарова Л.Н. Психология управления. Логос. 2014г.

5.Кабаченко В.С. Психология управления. Учебное пособие. – М.: Юнити, 201



6. Митин А.Н. Психология управления. – М.:ВотерсКлувер, 2011 – 400 с.

7.Элекронный учебник. Ахтаева Н.С. «Басқару психологиясы». // "Алла Прима" 2016г. 230стр. Қазақстан.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет