І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Тағамдық өнімдерді ластайтын ксенобиотиктердің негізгі топтарын топтастырыңыз



бет35/70
Дата13.12.2022
өлшемі221,53 Kb.
#57014
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
10. Тағамдық өнімдерді ластайтын ксенобиотиктердің негізгі топтарын топтастырыңыз.
?
11. Тағамдық өнімдерге ксенобиотиктердің түсу жолдарын тұжырымдаңыз.

Тағамдық азықтарға түсетін қоспалардан уланулар. Тағамдық азықтарды ластайтын химиялық заттардың көп бөлігі табиғаты антропогендік немесе табиғи бөгде заттар. Қабылданған атаулар жиынтығына сәйкес, оларды контаминаттар, ксенобиотиктер немесе бөгде химиялық заттар деп атайды.


Тағамдық азықтарды бөгде химиялық заттармен ластайтын көздердің спектрі өте кең. Олар:
1 Өсімдік шаруашылығында және мал дәрігерлік практиксында пестицидтерді қолдану.
2 Тыңайтқыштарды орынсыз қолдану, мақұлдаудан өтпеген немесе рұқсат етілмеген тыңайтқыштарды қолдану.
3 Өсімдік шаруашылығында өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық ағынды суларды, мал шаруашылығының қатты және сұйық қалдықтарын, т.б гигиеналық талаптарды сақтамай, пайдалану.
4 Мал шаруашылығында және құс шарашылығында рұқсат етілмеген заттарды немесе рұқсат етілген, жемге қосатын, өсуін жақсартатын заттарды, жануарлардың ауруларын емдеу және олардың алдын алу үшін (антибиотиктерді, антигельминттік заттарды, т.б) пайдаланатын заттарды үлкен дозада қолдану.
5 Рұқсат етілмеген тағамдық қоспаларды немесе рүқсат етілгендердің өзін, рұқсат етілген мөлшерден асатын дозаларда пайдалану.
6 Тағамдық азықтарды өндірудің жаңа дәстүрлік емес технологиясын, оның ішінде, химиялық және микробиологиялық синтез өнімдерін қолдану.
7 Улы заттардың рұқсат етілмеген материалдан жасалған тағамдық жабдықтардан, ыдыстардан, азық салатын ыдыстардан, буып түйетін заттардан тағамға немесе тағамдық азықтарға өтуі.
8 Технологиялық өңдеу үрдісінде (қайнату, қуыру, сәулемен әсер ету, т.б.) тағамда, тағамдық азықтарда эндогенді улы заттардың пайда болуы.
9 Азықтарға бөгде химиялық заттардың қоршаған ортаның ластанған нысандарынан: ауадан, топырақтан, судан өтуі (миграциялануы).

Азық-түлік шикізаттары мен тағамдық азықтардың негізгі және ең қауіпті контиминанттарына жататындар: ауыр металлдар, антибиотиктер, пестицидтер, нитраттар, нитриттер, нитрозоқосылыстар, диоксиндер және диоксин тәрізді заттар, канцерогенді заттар, тағамдық қоспалар, микроағзалардың токсиндері, радионуклидтер. Тағамдық азықтардың құрамындағы бөгде химиялық заттардың (БХЗ) зиянды әсер сипаты әр түрлі. БХЗ жалпы уландыратын, сенсибилизациялаушы, канцерогенді, мутагенді, гонадотропты, эмбриотропты және тератогенді, кардиоуландырғыш әсер етуі, көбею функциясының бұзылуына, қартаю үрдісін жеделдетуге, ағзаның иммундық күшінің төмендеуіне, тағамдық заттардың сіңуінің бұзылуына, т.б. әкеп соғуы мүмкін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет