І тарау Интернет туралы негізгі тїсінік жјне оныѕ аспектілері



бет1/15
Дата08.10.2023
өлшемі1,41 Mb.
#113452
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



Кіріспе

Internet-ттің 35 жылдан тұратын тарихы бар. Компьютерлік технология саласында 35 жыл ішінде қаншама ғаламдық өзгерістер болды десеңші. Бұл феноменнің бастамасы 60-жылдардың аяғында Пентагон есептеу техникалары бойынша маман-ғалымдарға желі жұмысын бақылай алатын шектеусіз мөлшердегі пайдаланушыларға ақпарат алмасуға арналған компьютерсіз алгоритм жасауды ұсынды, себебі Пентагондық мамандардың тұжырымдауы бойынша бас компьютердің. өзінің және желіні басқарудың орталық пультінің болуы әскери қақтығыс жағдайында оның өте осалдығын байқатты. 1969 жылы сол кездегі дестелер коммутациясының жаңа технологиясына негізделіп Arpanet желісі құрылды. Бұл желіге орнатылған тиімді де қолайлы технологиялық шешім Internet-те пайдаланылды.


Arpanet-ке әрқайсысы өзінің бір үлесін қосатындай тұтастай алғанда оның көрсететін қызмет аясы кеңейді. ондаған университеттер мен компаниялар қосылды. Абоненттер электронды поштамен алмаса алатын, қашықтағы деректер базасымен жұмыс ісейтін, қашықтағы компьютерге бағдарламаны жібере алатын және желілік телеконференциялар мәселелерін талқылайтын бағдарламалар құрылды. [4]
Бүгінгі таңда Internet барлық жер шарына таратылған 48 біріккен желіден тұрады. Бұл кіші желілердің кейбіреулері тұтас географиялық аймақты қамтиды, екінші біреулері төңіректік желі сипатын алады. Келесі 5 жылда Internet-ке қосылған Ресейдің аумақ бойынша бөлінген компьютерлерінің саны артады, қазіргі 3,2 млнның орнына 100 млн-ға дейін пайдаланушылар саны өседі. Желідегі WWW желілерінің саны әрбір екі айдың ішінде еселеніп отырады.
Ғаламдық ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму процесі қазіргі уақытта өте қарқынды жүруде, қоғам және экономика үшін оның мүмкіндіктерін пайдалану жаңадан басталды. Бұдан 10 жыл бұрын Қазақстанда «Интернет» деген сөзді ешкім естіген жоқ, сонан соң ол бірнеше жыл бойы ғаламдық кітапхана түрінде елестетілді яғни оның міндеті қажетті ақпаратты тауып беружәне оған қол жеткізу шектеулі деп түсінді. Қазіргі кездегі «коммуникациялық» даму кезеңінде интернет желісінің басты міндеті өзіңе ұнаған серіктесті табуға көмектесу және қажетті қарқындылықпен оларға керекті коммуникацияны ұйымдастыруға арналған құралдарды ұйымдастыру болып табылады. Қазір интернетте өзінің өкілдігі жоқ кішкентай ұйымды да табуға болмайды. Интерне-қораптар, интернет-казино (ойынхана), интернет-аукциондар дамуда. Кейбір фирмалар өнімге немесе қызмет көрсетуге тапсырыс беру және жеткізгені үшін курьерге төлемді де жүзеге асыруды ұсынып отыр. Қазіргі дамыған индустриальды қоғамды «WebСайт», «Чат», «E- mail» терминдерінсіз көзге елестету мүкін емес.
Соңғы зерттемелер нәтижесі маркетингте интернет-технологияны пайдалану экономикаға нақты пайда әкелетіндігін көрсетті. Бұл тұтынушылар қалай үлкен тиімділікті және ыңғайлылықты пайдаланса, тап солай фирмаларда пайдаланатындығымен байланысты. Ғаламдық компьютеризациялау болашақта немесе жақын жылдары жоспарлануда.
Дипломдық жұмыс жазу үшін Орал қаласы аумағында өз жұмысын жүзеге асыратын «Желаев нан өнімдері жауапкершілігі шектеулі акционерлік қоғам нысанасы алынды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты -Қазақстандық кәсіпорындардың маркетингтік іс әрекетінде ғаламдық Интернет желісінің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланғандығы және маркетингтік іс-әрекеттерге интернет-технологияны енгізу арқылы маркетингтік жұмыс түрлерінің тиімділігі артатындығына қорытынды жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай міндеттер алға қойылды:
1) маркетингтік іс-әрекеттердің тиімділігін арттырудың теориялық және әдістемелік аспектілерін қарастыру
2) маркетингтік іс-әрекеттерде оның тиімділігін арттырудың бірден-бір құралы ретінде интернет-технологияны қолдану процесінің мәнін ашу.
3) Нақты кәсіпорын мысалы арқылы маркетингтік іс-әрекеттердің ағымдық сипатын қарастыру және оның тиімділігін артыру үшін интернет-технологияны енгізудің нұсқаулығын дайындау.
4) Қазақстандағы маркетингтік іс-әрекеттерді құқықтық реттеу бір жүйеге келтірудің негізін ашу.
Алға қойылған міндеттерді шешу мақсатында дипломдық жұмыс үш тарауға бөлініп қарастырылды. Бірінші тарау ғаламдық Интернет желісіне жалпы сипаттамадан тұрады. Екінші тарау «Желаев нан өнімдері жауапкершілігі шектеулі акционерлік қоғам нысанасына ұйымдастыру-экономикалық сипаттаманы қамтиды. Үшінші тарау «Желаев нан өнімдері» АҚ-ның ақпараттық технология бөлімінің ақпаратттарына сонымен қатар комбинаттың Интернетті атап айтқанда қызмет көрсету саласына пайдалануына және соның ішінде Интернетте электрондық қорап құру және басқаруға арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет