Іі. Негізгі бөлім



бет1/3
Дата29.09.2023
өлшемі27,68 Kb.
#111689
  1   2   3
Байланысты:
реферат


Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.1.Сөз тіркесі жайындағы түсінік
1.2.Сөз тіркесінің жасалу жолы
1.3.Есімдіктің басыңқы сыңарда жұмсалу ерекшелігі
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Сөз тіркесі – сөйлем құраудың материалды негізі де, сөйлем – кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір – бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық – синтаксистік категория ретінде тексереді.


Сөйтіп, сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық құрылысын зерттейтін ілімді синтаксис десек, тілдің синтаксистік құрылысын да сол термин арқылы атаймыз.
Әрбір ғылым саласының басталу, жетілуі, даму кезеңдері болады. Қазақ тіл білімінің бұғанасы бекіліп қалыптасқан қай саласын алсақ та, олардың әрқайсысының даму кезеңдері болған. Ғылым салаларының даму барысында оның әдепкі біртұтастық түйдегінің жеке мәселелері бөлшектеніп танылып сол саланың дербес бөлшегі болып та қалыптасуы мүмкін.
Қазақ тілінің синтаксис мәселелері ол баста жалпы сөйлем құрылысы орайында қаралып келсе, сол ғылым дами келе сөз тіркесінің синтаксисі 1950 жылдары бой көрсетіп, оның жеке мәселелері көптеген ғылыми зерттеудің объектілері болып, қазір солардың жүйелік тармақтары айқындалып, жасалу, жұмсалу заңдылықтары ашылды. Сөйтіп, сөз тіркесі жай сөйлем синтаксисімен бөлініп, өз алдына бөлек синтаксис ғылымының бір саласына айналды.

Сөз тіркесінің синтаксисі жайлы мағлұматты оның зерттелу тарихымен ұштастыра ұғыныспайынша көп мәселенің байыбына бара алмай қаламыз. Егер орыс тіл білімінде бұл синтаксис ғылымының бірнеше тарихы бар дейтін болсақ, қазақ тілі сөз тіркесінің зерттелу 50 – 60 жылдан әрі аспайды. Ол қысқа тарихтың тіл білімінің қосары айтарлықтай мол болғанмен, сөз тіркесі синтаксисі енді ғылымдық дербестігіне оқшауланып, бұғанасы бекіп келе жатыр. Қазақ тіл білімі үшін осылай болуының өзі заңды.


Қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек сіңірген ғалым С.Жиенбаев болатын. Оның жай және құрмалас сөйлем мәселелеріне арналған құнды зерттеулерінің қатарында сөз тіркесі бөлек талданбайды. Бірақ «үйірлі мүше» деген атпен қай сөздің қандай сөздермен топ құрай алатыны жөнінде айтқандарының сөздердің толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін айыру жөніндегі дәлелдерінің есімді, етістікті сөз тіркестеріне қатысы бар.
Негізгі бөлім
Сөздер сөйлем құрау үстінде өзара түрлі функциялық қатынасқа түседі, ол функциялық қатынас сөздердің грамматикалық байланысы арқылы көрінеді. Мысалы, Күн ұясына қонды деген сөйлемді алайық. Мұнда сөйлем кұрамына енген сөздер өзара мынандай грамматикалық (синтаксистік) байланыста тұр: Күн— қонды; ұясына — қонды.
Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі (немесе одан да көп) сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
Сыртта ол аспандағы жұлдыздарға қарап тұрды. (Т. Ә. «Сары сыбызғы»). Бұл сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар: Ол қарап тұрды; жұлдыздарға қарап тұрды; аспандағы жұлдыздарға (қарап тұрды).
Біз сөз тіркесіне берген анықтамада оған екі шарт қойып отырмыз. Біріншіден, сөз тіркесі деп тану үшін сөздер бағыныңқы қатынаста болуға тиіс, яғни екі сөздің бірі екіншісіне грамматикалық формасы, қызметі жа-ғынан бағыньңқы қатынаста түруға тиіс.
Жұлдыздарға деген сөзге аспандағы бағынынқы болып байланысып тұр. Қарап тұрды деген сөзге жұлдыздарға бағыныңқы болып байланысып тұр. Сөздер сөйлемде салаластық қатынасқа түсіп байланысуы да мүмкін. Мысалы, бірыңғай мүшелердің байланысуы.
Тіл білімінде бірыңғай мүшелердің өзара катынасын, сөз тіркесіне жатқызбау керек деген де пікір бар. Көпшілік ғалымдар бірыңғай мүшелерді сөйлемнің өз кұрылымына байланысты, онын өрбуіне қатысты компонент деп қарамайды. Оны дара-дара сөйлемдердің сыйысу амалы деп атайды: Көкшетаудың бұлағы әлдиледі. Айыртаудың бұлағы әлдиледі. Бірақ тіл біліміне арналған бірталай еңбектерде сөйлемдегі бірыңғай мүше болып келген сөздері де сөз тіркесінің қатарына жатқызады. Сондағы дәлелдері мынандай: сөйлем құрамында бірыңғай мүшелер өзара белгілі бір грамматикалық қатынасқа түседі: ыңғайластық, талғаулык, карсылықты т. т. Бұл қатынастар шылау сөздер, интонация арқылы білдіріледі.
Бірыңғай мүшелердің қатысуымен кұрылған сөз тіркестері салаласып байланысқан тіркес деп аталып жүр. Ілгеріде келтірілген сөйлемде Көкшетау мен Айыртаудың деген сөздер бұлағы деген сөзге бағыныңқы мүше ретінде байланысып тұр: Көкшетаудың бұлағы, Айыртаудың бұлағы. Ал бұлар өзара тең салалас қатынаста: Көкшетау мен Айыртау.
Сөз тіркесі синтаксистік қызметі жағынан, лексикалық мағынасы жағынан даралығын жоғалтпаған сөздерден кұралады. Мысалы, өршіген жел, биік мая, тоты құс. Сөз тудыру, сөздің грамматикалық мағынасын кұбылту үшін пайда болған тіркестер сөз тіркесі катарына жатпайды: қызыл балық, ақ боз, ақ баттауық, көк ала. 
Мысал ретінде кетірілген сөздер — күрделі сөздер. Бұлардың компоненттері бастапқыда синтаксиске тән тәсілдер арқылы қосылғанмен, казір бір ұғьмды атайтын сөз қалпына енген. Көп жағдайда осылай кұралған тіркестер жүре келе бірігіп, біріккен сөзге айналып кетеді. (Ашқарақ, шетел, қолғап, жапалақ).
 Сөз тіркесі сөйлемнің сөздерден гөрі күрделі, сөздердің өзара бастапкы байланысқа түсуі арқылы пайда болған бөлшегі, тұлғасы деп санаймыз. Осыған карай сөз тіркесін сөйлем құрауға қатысатын материал деп те атауға болады. Өйткені сөздер сөйлемге дара-дара кірікпейді, өзара мағыналык, грамматикалық байланысқа түсіп кіреді. Күлімдеген ай шалқып тұр: ай шалқып тұр, күлімдеген ай.
 Сөз тіркесі, сонымен, екі сөздің арасындағы катынасты білдіреді. Құрамы жағынан бұл сөзден де, сөйлемнен де бөлек екені анық, ал мағына жағынан қалай десек, сөз тіркесі де атауыштық (номинативтік) қызмет атқарады: оқыған бала, жаңа қалада, далада жайылғант. т. Бұл жағынан сөз тіркестері сөзге жуық. Осылай екенін мынадан байқауға болады. Атау көп жағдайда жаңа ұғымға жуық келетін сөздерге түрлі анықтауыш қатыстыру арқылы жасалады: шай қасық, сары май. Осылай кұралған атауыш тіркестер тұтасып біріккен сөзге айналып кетеді: қол қап-қолғап.
Сөз тіркесін сөздер бағыныңкылық катынасқа түсіп те жасайды дедік. Солай болғандықтан олардын бірі басыңқы, екіншісі грамматикалық қызметі, формасы жағынан соған бағынышты болады. Бірі басыңкы компонент деп аталады, екіншісі бағыныңқы компонент деп аталады: судың ағысы.
Басыңқы компоненттің лексикалық мағынасы, грамматикалық бітімі бағыныңқы компоненті түгелдей өзіне лайықты етіп, бағындырьп тіркестіреді. Бағыныңкы компонент басыңқы сөз арқылы айтылған ұғымды толықтырады: анықтайды, мекенін, мезгілін білдіреді, объектісін атайды т. б. Осынысына орай сөз тіркесінің кұрамындағы басыңқы компонент пен бағыныңқы компоненттің арасындағы қатынасты негізінен анықтауыштық, толықтауыштык, пысықтауыштық деп топтап, жинақтап атауға болады.
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады, басыңқы сыңары етістік болса, етістікті сөз тіркесі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет