ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

ҚАНЫШТЫҢ  ҚОЛБАЛҒАСЫ 

 

Бір жылы Қарсақпайдан Жезқазғанға 



Асығып, атқа Қаныш тез қонғанда, 

Қоржынға қолбалғасын сала салды, 

Кәдеге қажет қой деп кез болғанда. 


 

Қолбалға қара мойын, сабы шырғай, 

Үгіткен қара тасты  сағы сынбай. 

Мұқалмас – қол басындай болат еді ол, 

Жұқармас – Қаныш аға намысындай. 

 

Бұл балға сол өңірдің талай тасын  



Қолда ойнап күтірлеткен жон арқасын. 

Тастардың тамыршысы – әміршісі, 

Қазақтың шарлап жүрген Сарыарқасын. 

 

Бұл балға барлаушымен арып-ашып, 



Қарсақпай, Қаражалға жолы ұласып, 

Жезқазған, Жезді, Саяқ тастарының 

Тап басып үлгірген кез бағын ашып. 

 

Қаныш та сол балғадай шымыр кезі, 



Суарып, сусындатқан өмір тезі. 

Жәйремнің тастарына жолаушы өтіп, 

Қарады «қайран-ай» деп көңіл көзі. 

 

Жазығын Жайылманың қаусырынып, 



Кезегі тұр-ау, әттең, сәл сырылып... 

Қашанда туған жердің қара тасы 

Қанышқа таңғажайып – таңсық үміт. 

 

Сол бір сәт тәтті қиял толғап, тербеп, 



Сол бір сәт зерек зерде қалды «әттең» деп. 

Сол бір сәт шәйі орамал желпігендей, 

«Ақбақай» –  ән естілді жел жақтан кеп. 


 

«Апыр-ау, мынау менің сүйікті әнім, 

Көмейден сыңғырлатып құйып нәрін, 

Әнді айтқан жебеушім бе, демеушім бе, 

Болсын деп асар асу, биік тауың». 

 

«Апыр-ау, апыр-ау» деп үлгіргенше, 



Қолатқа көзін қадап бұл көргенше, 

 

Сауырлап қойшы бала шапты осылай, 



Аң қуған айдалада бір мергенше. 

 

Ентігіп жеткен бойда көзі жайнап, 



Көзінде оттай жанған сезім ойнап, 

Ағажан, кешіріңіз, - деді дағы, 



Босаңсып, бәсеңсіді сөзі жайлап. 

 



Мен сізді завферма ма, басқарма ма,  

Деп едім, қос көрінер сасқанда, аға. 

Ай болды, сырқат еді жалғыз шешем, 

Жан келмес төрт боп көзің тосқанда да.  

 



Қап, - деді Қаныш сонда, - қап, інім-ай, 



Жамандық көрмегейсің жағың сынбай. 

Ал кәне, үйге қарай жол баста, - деп, 

Қозғалды құс қанаты қауырсындай. 

 



Айтпақшы, әлгі әнді айтқан сен бе, қарғам,  

Әнші боп келеді осы елдегі адам. 

Дауысың кең екен, - деп қалды Қаныш, -  


Кеңдіктің кетпеуін-ай, кең даладан... 

 

Бейтаныс жолаушыдай – бүкіл үміт, 



Қараша қоңыр қостың құты кіріп. 

Сүлесоқ жатқан ана үнсіз ғана, 

Жалма-жан төсегінен ұшып тұрып. 

Сабадан қымыз құйып сырлы ожаумен, 

Сырқаты сап тынғандай нұрлы ажармен: 

Қалқам-ай, жүзің жылы, кімсің? – деді, - 



Қыдыр-бақ емессің бе қырда жүрген?.. 

 



Жо... жо... жоқ, жоға, - деді сонда Қаныш, 

 - 


Анажан, байтақ дала, жолдар алыс. 

Шалғайын сол даланың шарлап жүрген,  

Едім мен Қаныш деген бір балаңыз... 

 



Қаныш па, Сәтпаев па? 

                                         

Сол сіз бе, аға?! 

Манадан тұрған жігіт үнсіз ғана, 

Қаныштың құшағына құлай берді, 

Талайын тап қылғандай жолсыз дала. 

 

Сезе ғап зиялыны ана-дағы, 



Сөз болды қой қайырған бала қамы

Қамалға туған аға тап болғандай, 

Елжіреп тұрды сол сәт ана жаны. 

 

Қамалға Қаныш аға қимай қарап, 



Қоржыннан бір зат алды қойған орап. 

Ағаңның көп ұстаған балғасы еді, - 



Ұсынды ол, - ұстап жүр - деп, - сыйға балап. 

 



Қамалжан, кен іздеген барлаушылар, 

Балғамен тасты үгітіп, барлай сынар. 

Кім білген, кенші болсаң...- деп қалды аға, - 

Жассың ғой, талабың да таудай шығар!  

  



Қой жайып өскенменен ел баласы, 



Кенші етпей қоймас кеніш – кең даласы. 

Деді ол: - Іздей қалсаң ағаңды егер, 

Жезқазған – геологтар кен қаласы. 

 

Құп-құйттай қолбалғаға қарап Қамал, 



Ұқсады ұшар құсқа қанаттанар. 

Биыл күз аман болса Қамал бала, 

Тұрды ойда – оқу іздеп талаптанар.  

 

...Сол жылы соғыс оты лау ете қап, 



Сап тынды су сепкендей бала талап. 

Қаныштың қолбалғасын Қамал – солдат, 

Майданға алып кетті матаға орап. 

                                * * *  

Сол балға, Қаныш берген құрыш балға 

Қамалмен түсті талай ұрыстарға. 

Астынан жау оғының шыққан кезде 

Ұқсады ол ұстыны бар туысқанға. 

 

Кей-кейде бала солдат шаршап, қажып, 



Жүрегі ел жақты ойлап, аңсап, сазып, 

Буыны босағанда, болат балға 



Бірлесіп көтергендей сан батпан жүк. 

 

Шырғай сап – Ұлытаудың шынары-ау деп, 



Сом болат шын ерліктің шыдамы-ау деп, 

Туған жер тау-тасының иісі сіңген, 

Ағаның қасиетті құралы-ау деп. 

 

 



Иіскеп шүйдесінен, көк құрышқа 

Жанитын жігіт намыс, кек – қылышқа. 

Суырылып жан қалтадан болат балға, 

Қолда ойнап қолма-қол сан қақтығыста. 

 

Шүйдесі тиіп жаудың шүйдесіне, 



Ып-ықшам қол ұрыстың үйлесіне. 

Жансерік жанкештіде қол балғаны 

Қамалдың хақы қандай сүймесіне. 

 

Алдында ана көзі, аға көзі, 



Балғаны берген сертке балады өзі. 

...Берлинде бейбіт күнге салют атты, 

Қой жайған Жайылманың қаракөзі. 

 

Қолбалға бес жыл бойы төс қағысып, 



Темірмен тілі бар жан, досша ұғысып, 

Жеңістің несібесі жеткен күні 

Жетті ол туған жерге құстай ұшып. 

 

Жарықтық, түске кіріп Жәйрем тасы, 



Жақұттай елестейтін қойнау – төсі. 

Барлаушы – бұрғышылар салған көші -  

Екен бұл еңбек жанып қалған кезі. 

 

Сұр шинель солдат жігіт ойланбастан, 



Солардың қосына кеп жайраң басқан. 

Баяғы – бала үмітке байлам қосқан, 

Кешегі – от кешкен күн қол жалғасқан, 

Сандыққа сақтады да қара балға, 

Орнына қара бұрғы, қайла алмасқан. 

 

...Жәйремде, жас қалада, жасыл бақта, 



Сырласып, жауап алып сан сұраққа 

Отырмыз,  

                   

ортамызда –  қарт бұрғышы, 

Бөленіп баққа қонған бал шуаққа. 

 

Кешкі уақ, 



Кенші қала  сәл тыныстап, 

Көшелер көп лекпен толқыды сәт, 

Қарт кенші қанаттанып отыр қазір, 

Кеудесін қос орденді шалқақ ұстап. 

 



Қадасын өз қолыммен қаққан қала, 



Тез өсті, тез өсті өзі, - деп таңқала. 

 - 


Бұл дағы революция шапағаты, -  

Дейді ол, көпті аңғартып, көпті аңғара. 

 

Үй жақтан: 



Шәй әзәр ғой, шал-ау, - деген 

Дауысқа кезімізде елеңдеген, 


Сұр «Волга» баяу сырғып тоқтай қалды 

Қақпаның қарсы алдына кеп көлденең. 

 



Балғажан, Балғатайым, - деп үлгірмей, 



Жас жігіт еңсегей бой – еңгезердей, 

Қарттың кеп құшағына ене берді, 

Қарт та оны сүйе берді сөзге келмей. 

 

Осы екен, осы бір сәт екен мұң-ақ, 



Қамал қарт манағыдан бетер қунап, 

Кемпір-ау, той қамына кіріс, - деді,- 



Қарынын ақ түйенің бір жарар шақ. 

 

Комбинат директоры Нағи аға: 



«Қайырлы болсын!» - деді қарияға. 

Кеншілік дипломын ұлы сонда 

Көрсетті сәл имене, сәл ұяла. 

 

Көзінен тамшы үзіліп қартың сонда: 



Рахмет, жақсы заман, жарқын заңға. 

Болмаса, Ұлы Октябрь кім болар ем... - 

Дей берді ол қуаныштан шарқ ұрғанда. 

 

Алдынан таңдай атып бір-ақ үміт, 



Шешілді – кенші Мусин, сыры ағылып... 

Сандықтан шықты сонда суырылып, 

Қол балға – Қаныш берген мұра-мүлік. 

 

 



ҚАРАПАЙЫМ ПРОМЕТЕЙ 

 

Айекең атты бір ұста, 

Болған-ды біздің ауылда. 

Әмбебап еді жұмысқа, 

Қадірмен күллі қауымға. 

 

Қырқыншы жылдар соң жағы, 



Жаралы елдің өзегі. 

Ерлердің орны елде әлі 

Үңірейіп тұрған кезі еді. 

 

Айекең ұстаханасы 



Аталушы еді үлкен «үй». 

Ауылдың балта, балғасы, 

Білезік, кетпен, білте-шүй. 

 

Бәрі осы қара көріктен 



Шығатын еді шыңдалып. 

Көрікке қартың беріп дем, 

Тұратын нарттай нұрланып. 

 

Ауылға ұста –  қамқоршы, 



Ауылға ұста – депутат. 

Айекең  орны – ел төрі, 

Өнері күллі елге ортақ. 

 

Еңбегін елге бұлдауды 



Білген емес ол бірақ. 

Аралап шығыр, қырманды 

Халыққа – қыдыр, елге – бақ. 


 

Кенде емес еді сөзге де, 

Кезегі келсе жөнімен. 

Бет орамалы – кездеме, 

Көмір аңқитын терінен. 

 



Колхозда биыл он орақ, 

Он бес-ақ кетпен қалды, -  деп, 

Қанша айыр барын шамалап, 

Қараптан қарап шал жүдеп, 

Қайысқан кезде, біреулер:  

Ол сенің неңді алды, - деп, 



Биліктен ойы бар-ды, - деп, 

Қағытатын шалды кеп. 

Кейитін оған Айекең: 

Қайтейін-ай, - деп, - беу, сені, 



Көктеме келсін, - деуші еді. 

Ел қарық болса бізге де, 



Бұйырар кебек-кеусені. 

 

Білесіңдер ме, мен деген 



Байға да ұста болғанмын. 

Алтынмен, күміс, зерменен 

Алмасын соққан паңдардың. 

 

Байлардан рахат көрді кім, 



Тапқаным қайғы-зар, жала. 

Пайдам тек – Аманкелдінің 

Мылтығын соққаным ғана. 

 


Сол шиті мылтық «тірлігі» - 

Торғайға келді Октябрь. 

Советтік заман бірлігі  

Жеткізген бізді баққа бұл. 

 

Сондықтан дейтін елден жат, 



Жалқының күні жақсармас. 

Адамға жеке келген бақ 

Азамат болмай, дос болмас. 

 

Бұзауыменен бір сиыр, 



Бес-алты ұсақ, бір бие. 

Елі етене, жұрты үйір, 

Жимай-ақ жиһаз, дүние. 

 

Үлде мен бүлде кимеген, 



Қалыпты қоңыр күйменен. 

Озам деп жұртпен жарыспай, 

Опық жеп және қалыспай, 

Бақ іздемей-ақ жол ашар, 

Тақ іздемей-ақ таласар, 

Қара көрік пен қара шал 

Бір ауылды алға сүйреген. 

 

                  * * * 



...Бала едік біздер... 

                             

Сол үйге 

Жиі де жиі келуші ек. 

Көміліп қара көмірге 

Көрігін басып беруші ек. 



 

Келер ек сол бір үйге біз, 

Ентігіп ұшып оқта-тек. 

Тапсақ бір құйттай ине, біз 

Тапқандай алтын қартқа әкеп. 

Берер ек,  

               

ал қарт қызығып, 

Қарайды бізге тыныстап. 

Түп-түйір шоқтың қызылын 

Тұрады ол сонда уыстап. 

                  

                      * * * 

Балалық шақтың әркімде 

Бар шығар бір-бір «тәңірісі». 

Мен үшін әлі,  

                        

әлі күнге 

Тап сондай «тәңірі» сол кісі. 

Жаралған оттан, жұлдыздан, 

Заманның ұлы бірбеткей, 

Революция туғызған 

Қарапайым Прометей.. 

 

 



КҮЛҒАЙША 

 

Соғыс алғаш басталған жыл.  



                                               

Сұрғылт күз. 

Ел қырманда. Масақ теріп жүрдік біз. 

Дүңк-дүңк еткен жау дақпыртын естісек, 

Дір-дір етіп қорқушы едік сұмдық біз. 


 

Біз баламыз, қорыққанмен не шара

Біз де бірақ тығылмадық тасаға. 

Тәуекелдің қайығына қос ескек, 

Қос сөз болды: «Хош бол, жаным! Хош, ана!» 

 

Біз баламыз, біз білеміз –  жау барда, 



Жігер керек, жүрек керек әр жанға. 

Ебіл-себіл жылаған ел ес бізге, 

Еркектерді әкетерде майданға. 

 

Жар бойында жапырақсыз мүлгір тал, 



Кешеу күзде түскен кезде қырбық қар, 

Сыдырылып қалды ауылда шал-шауқан, 

Кемпір-кепшік, қыз-келіншек – мұңлықтар. 

 

Кетті не бір жалғыздар мен жартылар, 



Бір кіндіктен, бір түңдіктен – жалқылар. 

Қалды не бір қара шыңырақ, қара орман, 

Үміт отын жылтыратып артына 

 

Соның бірі Сүлейменнің үйі еді, 



Қара шаңырақ, құт босаға киелі. 

Кәріп кемпір төсек тартып төтеннен, 

Қаршадай қыз қалды болып сүйеуі. 

 

Екі арыс ұл, егде тартқан Сүлеймен, 



Қорыққан жоқ соғыс деген үрейден. 

«Түтінімді өшірме» деп тілеумен 

Тек сүлеймен тілсіз іштей түнерген.  


Мәрт азамат санасында сол тілек 

Маздап жанды намыспенен, жігермен. 

  

Кетерде әке: 



Хош, Күлғайшам, - деп келіп, 

Көмейінде қалды бір сөз кептеліп. 

Емеурінге ерте үйренген есті қыз, 

Айтпай ұғып, құшағына кетті еніп. 

Екі ағасы – екі азамат нар талап, 

Халхин Голдің тауқыметін арқалап, 

Шыға сала, Шығыс жақтан Батысқа 

Тұра ұмтылды келген жауға анталап. 

 

Күлғайша қыз – гүл майса қыз, сол жылы 



Өн бойында он жеті жас өрлігі. 

Тағдыр – талан, жөнелді енді жетелей, 

Қыз балалық қыдай нәзік жол мұны. 

 

Тағдыр – талан, тауқыметін тартты алға, 



Ал арқала, алға адымда, тоқталма. 

Қасақана қас тағдырға қарсы тұр, 

Қас-қағымда дауылдары соққанда. 

 

Күлғайша қыз – гүл майса қыз, сол ойдан, 



Қас жауына қанын тартып қарайған. 

Ант-суына берік дейтін, сөз рас, 

Адамзатта – әйелзаты талайдан. 

 

Естілікті еске салар кескіні, 



Күлғайша қыз - әйелзаттың өскіні. 

Он екіде ашылмаған бір гүлі, 

Тек төсінде бүлкілдейді қос бүрі... 

 

Онжылдықты тәмәмдаған Торғайдан, 



Күлғайша қыз – гүл майса қыз, сондай жан. 

Жұрт айтатын «ішкі жаққа оқуға 

Бара алмапты басталған соң қан майдан».  

 

Жұрт айтатын «Комсомолға ерте өткен, 



Пысықтығы кем емес деп еркектен. 

Қыз баланың қайсары екен дейтін ел, 

Көз жасын бір көрсетпейді-ау, мөлт еткен». 

 

Зейінді екен, пейілді екен, - деп біреу, 



Айтылды оған көп мүміркеу, көп тілеу. 

Соғыс мынау, - деп ойлайтын шешесі, -  



Маңайында әке, аға – жоқ тіреу. 

 

...Төрт-бес жауып, қара жерге қар бекіп, 



Егін бітіп, қыстауларға мал кетіп, 

Жетім-жесір, жарымжандар ауласын 

Қамыс-талмен қамсау жасап, шарбы етіп, 

Бердік біздер... комсомолка Күлғайша, 

Қасымызда қамқаршыдай һәм жетік. 

Келдік біздер... Содан кейін мектепке 

Бала көңіл, бала қиял сәл бекіп. 

Жетіншінің жеті-сегіз шәкіртін 

Қарсы алды апай. 

                          

Кеттік класс – төрге өтіп. 

Бастап кетті әдебиет сабағын, 



Әдемілік әлемі өзін тербетіп. 

 

 - 



Апай, қазір Ер Тарғындар соғысса, 

Сұм фашисті орар еді-ау қамысша? 

«Шіркін, - дейміз, - әкеміз бен шешеміз 

Ер Тарғын мен Ақжүніс боп табысса». 

 



Апай, неге шын ғашықтар болған зар? 



Бейбіт күнді көп қой адам армандар. 

Адамзаттың уақытын тәрк етіп, 

Неге керек садып қытай-қорғандар?  

 

Күлғайша қыз қабырғасы қайысып, 



Балауса ойы қиялымен сайысып. 

Мұның бәрі –  өмір заңы, - дейтұғын, 



Өмірзая, қызғалдақтай майысып. 

 

Өмір заңы, өмір заңы  деген не, 



Өмір заңы – болса әділет жеңер ме? 

Өмір заңы - әкеміз бен көкеміз

Тез келетін күткен күн боп келер ме? 

 

Деп ойлаймыз, көп ойлаймыз,  қиял – құс, 



Қандай ғана қасиетті – тіл алғыш. 

Бой тоңазып бала қиял үркеді, 

Терезеден кәрін төгіп қырау қыс. 

 



Ал балалар, комсомолдар тойы ертең, 

Салтанатақа келесіңдер таңертең. 

Комсомолға өтесіңдер сап түзеп, 


Ұлы Отанның отауына боп өркен. 

 

Деген апай, тап сол күні кешкілік, 



«Қайтыс бопты шешесі» деп естідік. 

Сүлейменнің шым үйінің сыртына 

Үлгіріпті ел құрым киіз қос тігіп. 

 

 



Іштей айтып «әттеңдерді», «қаптарды», 

Желік көңіл тоқырап сәл тоқталды. 

Орақ ауыз Оңғар тентек білгішсіп, 

Өмір заңы – осы, міне, - деп қалды. 



 

Әне, әне, арулаған ақ жуып, 

Аяулы ана сапар кешіп мәңгілік. 

Ауыл сырты қарым жаққа жөнелді, 

Қара қосты жалғыз қызға қалдырып. 

 



Әне, әне, анау, қара бөкебай, 

Күлғайша ғой, - деп қалды Оңғар –  

                                               

о, тоба-ай, 

Бейшараның халі мүшкіл боп қалды-ау, 

Әкесі мен оралмаса екі ағай... 

 



Бүгін бізге не салтанат, не жиын, 



Қайғы басып жатқанында өз үйін. 

Тарайық та, - деп қалды Оңғар тағы да, 

От ауызды әдетімен өзінің. 

 



Тарамайық, қорымға, әйде, барайық, 

Бір-бір уыс біз де топырақ салайық. 

Жұмат молда зекіп қалса зытармыз, 

Апайға тек бір көрініп қалайық. 

 

Деді біреу. 



                     

Дем арасы келістік, 

Қорым жаққа қарлы құйын боп ұштық. 

Біз жеткенде жатты үлкендер бет сипап, 

Бет сипамай –  қайғыны іштей бөлістік. 

 

Міне, ғажап! Апай жоқ қой, жоқ апай, 



Апай қайда, - деп қалды Оңғар, - ағатай. 

Тәйт, - деді анау, - қазақ қабір басына... 



Сәтте ұғындық. 

                        

Қалт бұрылдық, доғадай. 

 

Жұрт беттеді Күлғайша апай үйіне, 



Біз де ілестік. (Болар екен түбі не?) 

Біреу зекіп тастай ма деп қорқамыз, 

Естісе апай ұят сол ғой тіріде. 

 

Қақпа ашылды. 



                            

Қара шәлі оранып, 

Дауыс салып шығар апай, қаралық. 

Өң бе, түс пе, салтанатқа шыққандай 

Жұрт алдына шыға келді таранып. 

 

Күлғайша апай үнсіз бір сәт тоқталды, 



Біз байқадық. 

                       

Сөз айтуға оқталды. 


Жұрт тым-тырыс қалған кезде, жап-жас қыз: 

Ау, ағалар, ал, ағайын, - деп қалды. 



Ал, ағайын, анашымның ас-суы,, 

Молайта алмас, тоғайта алмас тапшыны. 

Біздің үйден татар дәмді, тойға бір 

Ұластырып, жасайықшы жақсы ырым. 

Біз мектепте өткізбекші ек дәл бүгін 

Комсомолдың мерекелі дәстүрін. 

Анау баллар косомолға өтпекші, 

Соны өткізіп, жасайықшы кеш бүгін. 

 

Қарсы келмей өжет дауыс, от лепке, 



Айтпады ешкім «тәйт әрі» деп, «тек» деп те. 

Бригадир Бердімұрат жол бастап, 

Үйге кірмей, тарттық тегіс мектепке. 

 

Қызыл мата қиып алып бір байрақ.  



Күлғайша қыз әне, әне жүр байлап. 

Отан туы, Жастық туы, Біздің ту -  

Құйттай мектеп төбесінде тұрды ойнап. 

 

 



МАЙ  ЖЫРЫ 

Алма ағаш гүліндей ақша бұлт, 

Аққудың үніндей пәк шабыт. 

Алқынған тұмалар тас жарып, 

Айдын көл керілген қас қағып. 

 

Алаңның алқызыл тулары, 



Заманның сан дүбір думаны. 

Адамның сезімі сияқты 

Аспанның мәңгі бір нұрлары. 

 

Қозғалған мұхиттың мұздары, 



Гимні – достықтың ізгі әні. 

Қол созған біреуі біріне 

Құрлықтың ұлдары, қыздары. 

 

Даңғайыр диқанның табысы, 



Ерлердің дәстүрлі әр ісі. 

Жаңа өскен тұлымның желкілі, 

Тәй басқан құлынның дауысы. 

 

Немесе Байқоңыр атағы, 



Немесе Шұбартау шопаны. 

Немесе Арқаның даласы – 

Атанған миллиард Отаны. 

 

Тік шыққан түтіндер төбемде, 



Тік ұшқан бозторғай белеңде. 

Тыныштық белгісі емес пе, 

Жүйріктер жарысы – Медеуде. 

 

Алатау суындай мың бұлақ, 



Жаңа таң нұрындай тың қуат. 

Дүниені тербеткен тыныштық –  

Заманға жарасым, ынтымақ. 

 

Бәрі-бәрі, май сенің тынысың, 



Әуенің, әуезің, дыбысың. 

«Ырыстың алды ғой – ынтымақ» 

Сен солсың – сұлу Май,  

                                         

ұлысың! 


 

ӨЗЕН 

 

Арқасы қозып, әл бермей кетіп ырқына, 



Ақ иық өзен ағады келіп бұрқырап. 

Ақ азу толқын жағаны теуіп жұлқылап, 

Ақ еділ шабыт сілтейді сонда сылтымай. 

 

Сәуірдің сәркіл аспаны сыздап сіркіреп, 



Сері өзен сонда риясыз ырғып сілкінер. 

Таңдайды қақпа, 

                          

қандай бұлақ та бұл кезде, 

Таңырқайды екен тына қап бір сәт сілтідей. 

 

Көлге де құйып, шөлге де құйып бәлсіндей, 



Құмға да құйып, құрдымға құйып, һәм сіңбей. 

Кезермес еді көнтақа ернің, шөлейттер, 

Осындай асау өзенге толы болса іргең. 

 

Ырқы жоқ кезде ағыстар нені байқамақ, 



Көпірлерді де кетеді бірге шайқап ап. 

Өзіндерге біз бұғалық салмақ боламыз, 

Әбестіктерді, әуестіктерді қайталап. 

 

Қасиетті өзен ағады бірақ шұбала, 



Қаншама толқын... тоңмойыны бар ішінара, 

Өзендер осы буырқанып, бусап жатпаса, 



Жазыққа шалғын шаш етектен кеп шыға ма?.. 

 

 



 

* * * 


Сенде бір үміт, менде бір үміт, 

Салдай шайқалған сеңге ілініп. 

Қандай Байкалдан, қандай Каспийден 

Бөлінген екенбіз, бекер бүлініп. 

 

Жырақтап, жуықтап кейде арамыз. 



Әйтеуір екеуміз асықпыз, алаңбыз. 

Ақжал бір дауыл жұтып қоймаса, 

Алда бір біздің жасыл жағамыз. 

 

Бір күн үрейлер үйіріп, 



Бір күн желдер бұйырып. 

Қалт-қалт дүние-ай, саған біз, 

Сонда қараймыз қиылып. 

 

Сонда дүние-ау, бізді ая бір, 



Суыт желіңді соққыз, саябыр. 

Желің тоқтаса – жалтаң аязы 

Түсіп кетпесін суық ноябрь. 

 

Саған, дүние-ау, қарыз боп қалмаспыз



Және барыңды сарқып алмаспыз. 

Рақым сұраған әлде алғаш біз, 

Жоқ... жоқ! 

                      

Соңғы да болмаспыз. 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет