ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«Педагогика» пәні бойынша
лекция жинағы
Түркістан 2023
Дәріс № 12
Оқыту формалары, әдістері, құралдары ТПҮ қозғаушы күші ретінде
Дәріс жоспары:
1. Қазіргі кездегі оқыту әдістері.
2. Оқытудың құралдары мен мен әдістемесі.
3. Қазіргі кездегі - сабақ.
4. Оқушылардың оқу қызметінің өйымдастырылуы және мұғалімнің сабаққа дайындыұы.
Дәріс мақсаты мен міндеттері: Қазіргі кездегі оқыту құралдары және әдістер, әдістемелер жиынтыұымен таныстыру.
ПОН 4- Дидактикалық мақсатқа сәйкес оқу әдістерін таңдай алады;
ПОН 5- Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін диагностикалайды.
Дәріс мазмұны:
1. Қазіргі кездегі оқыту әдістері. 1960-1970 жылдар аралығында оқытудың түсіндірмелі – иллюстративті түрі практикада кең орын алып келгені бәрімізге белгілі. 1960 жылдың аяұында оқушылардың танымдық қабілетін дамыту тұрғысында дидактика ілімінде жаңа бағыттар пайда болды. Оқытудың бұл түрі зертеушілердің пайымдауынша, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдану білім сапасының деңгейін көтеруге ықпал етеді. Оқыту әдіс тәсілдері дегеніміз – белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу тәсілі немесе мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Оқыту әдістерінің қөрылымы өте күрделі. Оның мазмөндық қөрылымын анықтаұанда, ғалымдар ең алдымен атқаратын қызметін естен шығармау керектігін ескертеді. Оқыту әдістері, оларды дөрыс оқу мақсаттарына орай, бір-бірімен тыұыз бірлікте, атқаратын қызметіне қарай қолданғанда ұана тиімділігі артады. Оқыту әдістері білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, мотивациялық қызмет атқарады, сондықтан әдістерді сабақтың дидактикалық мақсаттарына сәйкес қолдана білудің маңызы зор. Мұны жүзеге асыратын тікелей субъект оқытушы екендігі, ең алдымен оның теориялық білімінің тереңдігі мен әдістемелік-кәсіби шеберлігіне байланысты.
Әдіс –«метод» гректің сөзбе-сөз аударғандығы «бір нәрсеге жету жолың немесе «зерттеуң деген маұынаны білдіреді. Осы күнге дейін дидактикада шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі- оқытудың әдістерін айқындау, топтау,жіктеу жүйелеу. Оқу әдістерін жүйеге түсіріп, топтап жіктеудің оқыту процесінде алатын орны ерекше. Оны жіктеудің оқытушы үшін де білімді қабылдап отырған студент үшін де, оның танымдық іс-әрекеті үшін де маңызы зор.
Әдістемелік еңбектерде оқыту әдістерін әр түрлі топтаудың жүйесі қалыптасқан.Дидактика ілімінің көрнекті өкілдері И. Я. Лернер мен М. Н. Скаткин оқыту әдістерінің сипатына қарай 5 түрін ұсынады.
түсіндірмелі-көрнекілік әдісі: білімді «даярң күйінде алу, яұни студенттер репродуктивті ойлау деңгейінде қалады.;
репродуктивті: үлгі, ереже негізінде оқу
проблемалық хабарлау, оқу материалын бере отырып, проблема қою, оқу іс-әрекетінің нәтижесін дәлелдей отырып,мәселені шешу жолдарын көрсетеді. Бұл қазір кең қолданылып жүрген әдіс;
ішін ара-іздену немесе эвристикалық әдіс. Ойлау процесіөнімділік сипат алады. Үйренуші өз бетімен жұмыс жасайды және олар үнемі бақылауда болады;
зерттеушілік әдіс (оқушының өз бетінше шыұармашылық-іздену әрекеті);
Белгілі ғылым Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін 3 топқа бұліп қарастырады;
оқытуды ынталандыру және уәждеу: танымдық ойындар, оқу ой толұақтары, пікірталастар, мадақтау;
оқу әрекеттерін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері: сөйлеу, көрнекілік, практикалық индуктивті, дидуктивті, өқсату, проблемді іздену, эвристикалық, зерттеу, реппродуктивті (нөсқаулар, түсіндіру, жаттыұу), кітаппен өз бетінше жұмыс.
Оқыту әдісі - өте күрделі ұғым, өйткені бұл әрекетті, категорияны айқындайтын мәселенің аумағы да, қамтитын жүйесі де сан салалы. Сондықтан да педагогика ілімінде әдістемеге байланысты нақты тұжырымдалұан анықтама боларлық бірыңұай ереже жоқ десе де боларлық. Әдістеме ғылымның әр саласын зерттеуші ғалымдар бір-біріне жақын пікірлер Ұсынып оқыту, білгізу және оны жүзеге асыру жөнінде білімдендіруді Ұйымдастыру әдістерін Өз тұрғысынан қойылұан мақсатқа жету тұрғысынан қарастырады.
Әдіс – оқыту барысында ұстаздар мен шәкірттің ынтымақтаса еңбектену нәтижесінде қойылұан мақсатқа жетуін реттейтін тәсіл. Оқыту әдісінің көмегімен оқушы белгілі деңгейдегі білімді, іскерлік әрекеттің машық, даұдысын игереді, дүниетанымын қалыптастырады, қабілетін өрістетеді. Ал оқыту барысында әдісті таңдайтын және оның нақты әрекетке айналдыратын оқытушы ұстаз. Оқыту әдістеріне: сөздік әдістер (әңгіме, дәріс, кітаппен жұмыс), көрнекілік әдіс (бақылау, демонстрация,иллюстрация), машықтық әдістер (жаттыұу, лабораториялық, зерттеу, өзіндік оқу жұмыстары, танымдық ойындар, ситуация, сөхбат),бақылау және өзіндік бақылау әдісі (баұдарламалы оқыту, білім беруді бақылау) жатаж\ды. Сонымен оқыту әдісінің атқаратын қызметі білімдендірудегі тиісті мақсатқа жету, ал мақсатқа жету оқытушының шеберлігіне, білімдарлыұына, оқу процесін тиімді Ұйымдастыра білуіне, шәкірттерді ынталандыра алуына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |