Қылмыстық іс жүргізу құқығы



Дата07.01.2022
өлшемі21,46 Kb.
#20103

Ибрагим Айдана Шакирткызы 1 курс

Пән: Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы

1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы, пәні және бастау көздері.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы - Қылмыстық істер (қылмыстық іс жүргізу) бойынша және анықтау органының, алдын ала тергеудін, істі қозғау бойынша прокуратура мен соттын, қылмыстық істерді соттық қарау мен тексеру, үкімді орындаудың іс жүргізу мәселелерін шешу бойынша қызметін реттейтін іс жүргізу тәртібін тағайындайтын құқықтық нормалар жүйесі.

2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесі

Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

3. Қылмыстық процесс (іс жүргізу) ұғымы мен мәні

Қылмыстық процесс — бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады.

Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:

тікелей — әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;

жалпы — заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.

4. Қылмыстық процесс сатылары

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес қылмыстық процестің сатысын әдеттегі (немесе қалыпты) және айрықша (немесе экстраординарлық) деп бөледі.

Олар әдеттегі (қалыпты) :
1) қылмыстық іс қозғау;
2) анықтау немесе алдын ала тергеу нысандарындағы алдын ала тергеу;
3) тараптардың қатысуымен сот отырысының (алдын ала тыңдау) нәтижелері бойынша судьяның жеке-дара шешімдер қабылдауы және судьяның шешімдер қабылдауы нысанында сот отырысын тағайындау (сот отырысына дайындау, айыпталушыны сотқа беру));
4) сот талқылауы;
5) екінші сатыдағы соттарда апелляциялық немесе кассациялық нысанда іс жүргізу;
6) үкімді орындау.
Қылмыстық процесс теориясы мен заңнамадағы ерекше (экстраординарлық) :
1) сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізу;
2) жаңа немесе жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық істерді қайта бастау.

5. Қылмыстық процесс принциптері

Қылмыстық іс жүргізу қағидалары қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларымен сәйкес келеді. Бұлар — заңдылық, жариялылығы, судьялардың тәуелсіз болуы және олардың тек заңға бағынуы, азаматтардың заң және сот алдында тең дәрежеде болуы. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу құқығының төмендегідей негізгі қағидалары бар:

— Қылмыстық процестегі жариялылық — мемлекеттіліктің негізін белгілейді, оның мәні азаматтардың ісі емес, құқық қорғау органдарының маңызды және жауапты міндеті қоғам мен азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау болып табылатындығында. Мемлекет өзіне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыс жасаған адамға зиян шегушінің (жәбірленушінің) өз еркімен немесе еркінен тыс жағдайда қылмыстық қудалауды қозғау міндетін жүктейді.

— Іс мән-жайларының жан-жақтылығы, толықтығы объективтілік қағидасы. Сот, прокурор, тергеуші және жауап алуды жүргізуші адам істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін жауапкершілікті жеңілдететін және қылмысты әшкерелейтін мән- жайларын да анықтауға міндетті. Олардың дәлелдеу міндетін айыпталушыға жүктеуге құқықтары жоқ. Айыптаушылардан, іске қатысушы басқа адамдардан күш көрсету, қорқыту және өзге де заңсыз тәсілдер арқылы жауап алуға тыйым салынады.

Істің мән-жайын жан-жақты зерттеу, іс бойынша шығарылған барлық болжамдарды тексеруді, айыпталушыны (күдіктіні) әшкерелейтін немесе ақтайтын мән-жайды зерттеуді білдіреді. Зерттеудің толықтығы дәлелденуі тиіс, барлық мән-жайлар зерттеліп болғанда ғана істің толық қаралғандығын білдіреді. Дәлелдеудің объективтілігі іс жүргізуде тек бір тергеушінің (анықтау жүргізетін адам) ғана емес, сонымен бірге кез келген бақылаушы немесе қадағалаушы органның көзқарасына ғана сүйенбейтіндігін көздейді.



— Айыпталушының қорғалу құқығын, қамтамасыз ету қағидасы. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап, адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. Мемлекеттік органдар күдіктінің, айыптаушының жеке және мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.

— Кінәсіздік презумпциясы қағидасы. Презумпция дәлелдеуді талап етпейтін топшылама. Кінәсіздік презумпциясы адамның кінәсіздігі туралы топшылама. Қарапайым сөзбен айтқанда: «Ұсталмаса ұры емес».

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет