Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы


Жарықтың жұқа пленкаларда интерференциялануы



бет17/80
Дата20.12.2023
өлшемі6,56 Mb.
#141558
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
Жарықтың жұқа пленкаларда интерференциялануы.
.


Жазық-параллель пластинкада жарыктың интерференциялануы.

1) Мөлдір жұқа пластинка алайық (суретте), оның жазық беттері параллель болсын. Осы пластинкаға монохромат жарықтың параллель шоғы түссін. Сонда А нүктесіне түскен I сәуле әрі шағылады, әрі сынады; сынып пластинкаға енген сәуле оның екінші бетінің Внүктесіне жетіп тағы аздап сынады және шағылады; сынған сәуле пластинкадан өтіп кетеді (ол суретте көрсетілмеген); шағылған сәуле С нүктесіне түсіп тағы да аздап шағылады және сынады. Сынған сәуле пластинка сыртына сыртына шығып СО бағыты бойынша кетеді. Осы С нүктесіне I сәулеге параллель II сәуле түсуі даусыз. Бұл сәуле де әрі шағылады, әрі сынады, шағылғаннан соң бұл да СО бағыты бойынша кетеді. Жарық әр түрлі ортада таралған жағдайда жолдың оптикалық ұзындығы деген ұғым пайдаланылады. Жолдың оптикалық ұзындығы деп жолдың геометриялық ұзындығы мен ортаныц жарық сындыру көрсеткішінің көбейтіндісі айтылады. Оптикалық жолдар айырмасы жолдың оптикалық айырмасы деп аталады. Біз қарастырып отырған жағдайда жолдың оптикалық айырмасы мынаған тең:
(1)немесе (2)
Жарық В мен С нүктелерінде шағыланда толқынның фазасы өзгермейді, өйткені екі жолы да жарық тығыздығы кем ортаның шекарасында шағылады. Сондықтан жолдың оптикалық айырмасына түзету ендірудің керегі жоқ.
2 ) Енді беттері параллель емес, яғни қалыңдығы бір ұшынан екінші ұшына қарай жайлап кеміп отыратын пластинка алайық . Оған нүктедей жарық көзінен монохромат жарық шоғы түсірілген болсын. Сонда, мысалы Анүктесіне түскен I сәуле аздап сынып пластинкаға енеді де, оның екінші бетінің В нүктесіне түсіп аздап шағылады, одан соң пластинканың бірін ші бетінің С нүктесіне барып тағы да сынады. Осы нүктесіне, I сәулеге когерент, II сәуле түсіп аздап шағылады, бұлар одан соң С01және С02бағыттары бойынша таралады да көзге түседі. Олар пластинканың Снүктесіне дейін әр түрлі жол жүргендіктен олардың жолының белгілі айырмасы болады. С нүктесінің жарық немесеқараңғы болып көрінуі сол жолдар айырмасына байланысты.
Егер, жоғарыда айтылған сәулелердің пластинка бетіне түсу бұрышы бірдей болса, онда оптикалық жол айырмасы тек пластинканың қалыңдығына тәуелді болады, сонда байқалатын әрбір интерференциялық жолақ пластинканың қалыңдығы бірдей орындарына сәйкес келеді. Сондықтан оларды бірдей қалыңдық жолақтары деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет