ЕГУДЕН КЕЙІНГІ РЕАКЦИЯ МЕН АСҚЫНУЛАРДЫ ЕМДЕУ
(ЖЕДЕЛ, АУРУХАНАҒА ДЕЙІНГІ КӨМЕК*)
Реакция
|
Токсикалық** – (гипертермия)
|
Аллергиялық*** – (анафилактикалық шок, Квинке ісігі және басқалары)
|
Неврологиялық**** (тырысу, естің бұзылуы және басқалары)
|
Парацетамол (ибуфен) – 10мг/кг, ішкізу;
Литикалық аралас (0,1мл/жас, анальгин, димедрол, папаверин немесе новокаин бұлшық ет ішіне).
|
Адреналин 0,1% - 0,5-1,0мл мөлшерде тері астына немесе бұлшық ет ішіне, немесе норадреналин 0,2% - 0,1-0,5мл мөлшерде тері астына немесе бұлшық ет ішіне.
Преднизолон 5-10-нан 30мг/кг дейін вена ішіне (бұлшық ет ішіне) немесе гидрокортизон 100мг-нан 500мг-ға дейін вена ішіне.
Антигистаминдік препараттар:
тавегил 1% 0,5-1,0мл бұлшық ет ішіне;
димедрол 1% 0,3-1,0мл бұлшық ет ішіне немесе вена ішіне;
супрастин 2% 0,5-1,0мл бұлшық ет ішіне немесе вена ішіне;
пипольфен 0,5%-2,5% - 3-10мл бұлшық ет ішіне.
|
Дегидратация:
лазикс 1-3мг/кг бұлшық ет ішіне немесе вена ішіне;
маннитол 15-20% 0,5-1,5г құрғақ затты 1 кг дене салмағына вена ішіне,
көрсетілімдер бойынша люмбалді пункция.
Тырысуға қарсы терапия:
Реланиум - 0,5-1,0мл мөлшерде 1-3мг/кг ректальды немесе вена ішіне;
маннитол 15-20% 0,5-1,5г құрғақ затты 1 кг дене салмағына бұлшық ет ішіне немесе вена ішіне.,
ГОМК – 50-100мг/кг вена ішіне;
Карбамазепин;
Фенобарбитал (люминал) 2мг/кг ішкізу.
|
* минимальді доза балалар үшін, максимальді – ересектер үшін;
** токсикалық реакцияларда аталған препараттардың бірін қолданады;
*** анафилактикалық шокта және артериалдық қысым тез төмендегенде науқас ауыр халден шыққанға дейін адреналинді немесе норадреналинді әр бір 15 минут сайын тағайындайды.
Квинке ісігінде - антигистаминдік препараттар, нәтиже болмағанда преднизолон.
Басқа аллергиялық реакцияларда - - антигистаминдік препараттар.
**** барлық неврологиялық бұзылыстарда емдеуді лазикстен бастайды, бас миының ісіну клиникасы жоғарылағанда маннитолды қосады, тұрақты тырысуда – тырысуды басу үшін – седуксен немесе ГОМК, содан соң, тырысудың алдын алу үшін фенобарбитал.
Достарыңызбен бөлісу: |