Инженерлік пәндер кафедрасы


Электрлік доғадағы пиролиз (электрпиролиз)



бет7/11
Дата13.04.2022
өлшемі161,31 Kb.
#30931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Электрлік доғадағы пиролиз (электрпиролиз). Электрдоғалық пештерде жүргізілетін метанның электр пиролизі 1940 жылдан бастап өнеркәсіптік мәнге ие болды. Метанды вольт доғасы арқылы екі метал элетродтарының арасынан өткізеді. Кернеуі шамамен 8000 вольт тұрақты тоқты пайдаланады. Газдың доға арқылы өту жылдамдығы шамамен 1000 м3/с; доғаның температурасы шамамен 50000С, ал оған дейін газ қыздырылатын температура шамамен 16000С. Шығатын газдарды лезде су бүркіп суытады (150-2000С-қа дейін).

1-суретте метанның электрпиролизіне арналған реактор бейнеленген. Реактор болаттан жасалған және цилиндір пішінді болады. Метан жоғарғы, ең кең, бөлігіне кіреді, онда желдеткіш және мыстан жасалған жоғарғы кернеудің элетроды болады. Соңғысы реактордың корпусынна қыш массасы арқылы оқшаулап және «көйлек» арқылы суытылады. Реактор корпусы-




1-сурет. Метанның электр крекингісіне арналған реактор:

1 – жоғарғы электрод; 2 – желдеткіш; 3 – жандыруға арналған қосымша электрод; І және ІІ – су; ІІІ – реация өнімдері

ның төменгі жағы жерге тартылған және екінші электод болып саналады. Енгізетін метанның турбуленттік ағынының нәтижесінде (желдеткіш) электрлік доға екінші электродпен әртүрлі ағын арқылы жанасып қозғалмалы болады. Метанның ацетиленге айналуы 50%-ға дейін жетуі мүмкін. Доғалық пештен алынатын газда шамамен 13% (көл) ацетилен, 45% сутек, шамамен 1% этилен, ыдырамаған метан, күкіртті сутектің, көкерткіш қышқылдың, көміртек оксидінің және басқа да сіңбелердің аздаған іздері (мөлшері) болады.

Пиролиз нәтижесінде 100 кг метаннан немесе шамамен 80% метаны бар табиғи газдан 45 кг 97%-дық ацетилен, 9,2 кг 98%-дық этилен, 5,13 кг күйе және 13 кг 98%-дық сутек алуға болады. Электрэнергияның тазартылмаған ацетиленге есептелген шығыны – шамамен 9 кВтс/кг.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет