Инженерлік сызба



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата09.03.2017
өлшемі3 Mb.
#8572
1   2   3   4

Жергілікті тіліктер 

 

Қарапайым тіліктерге жергілікті тілікті де жатқызуға болады. 

Нәрсенің  жекелеген  шектеулі  жерінің  пішінін  көрсету  қызметін 

атқаратын  тілік  –  жергілікті  тілік  деп  аталады  және  көріністе 

тұтас  ирек  сызықпен  шектеледі.  Бұл  сызық  кескіндегі  басқа 

сызықтармен беттеспеуі керек (2.14 сурет). 

 

Күрделі тіліктер 

 

Екі  немесе  одан  да  көп 

қиюшы 

жазықтықтармен 



алынған 

тіліктер 

күрделі 

тіліктер  деп  аталады.  Күрделі 

тіліктерді  орындау  кескіндер 

санын 


азайтуға 

мүмкіндік 

береді,  себебі  бір  көрініске 

бірнеше  қиюшы  жазықтықтар 

қолдана  отырып,  оның  әр 

бөлігіндегі 

ішкі 

формасын 



анықтай аламыз. 

Қиюшы 


жазықтықтардың 

орналасуына қарай тіліктер  

 

сатылы 


 

сынық болып бөлінеді. 

Олар  да  қарапайым  тіліктер 

сияқты  горизонталь,  фронталь 

және  профиль  болады.  Күрделі 

тіліктерде  сатылы  және  сынық 

тіліктер 

қатар 


қолданылуы 

мүмкін. 


Сатылы 

тіліктер 

өзара 

параллель 



қиюшы 

жазықтықтармен  (2.15  сурет),  ал 

сынық  тіліктер    90º-қа  тең  емес 


 

16 


қиылысқан  жазықтықтармен  орындалады  (2.16  –  2.18  суреттер). 

Кескіндерді  бұрмаланусыз  шартты  түрде  көрініс  жазықтығына 

параллель жазықтыққа беттестіреді. Мұндайда бұру бағыты (2.17 

сурет)  қарау  бағытымен  сәйкес  келмеуі  де  мүмкін.  Қиюшы 

жазықтықтарды  бұрғанда  оның  артындағы  нәрсе  элементтерін 

бұрудың қажеті жоқ. Олар бастапқы күйінде сәйкес жазықтыққа 

проекцияланып алынады (2.18 сурет).  

  

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қималар.  Нәрсені  бір  немесе  бірнеше  жазықтықпен  ойша 

қиғанда  алынатын  фигура  кескіні  қима  деп  аталады.  Тіліктен 

айырмашылығы,  қимада  қиюшы  жазықтыққа  түскен  кескін  ғана 

көрсетіледі, ал оның артындағылар кескінделмейді. 

Қиманы өз алдына кескін ретінде мынадай тетікбөлшектерде 

қолдануға  болады:  рычагтар,  стойкалар,  тесіктері  мен  ойықтары 



 

17 


бар  біліктер,  рукоятки,  спицы  и  др.  Тілік  құрамына  кірмейтін 

қималар оңашаланған (2.20 сур. а, в) және қабаттасқан (2.20 сур. 

б)  болып  бөлінеді.  Қабаттасқан  қималар  нәрсе  кескініне 

орындалып, тұтас жіңішке сызықпен көрсетіледі, кескін контуры 

қима орналасқан жерден үзбей сызылады (2.20 сур. б).  

Оңашаланған  қималар  сызбаның  бос  жеріне  (2.20  сур.  а) 

немесе  нәрсе  кескінін 

үзіп, 


сол 

жерге 


орындалуы мүмкін (2.20 

сур.  в).  Оңашаланған 

қималар  тұтас  негізгі 

сызықпен сызылады. 

Егер 

қиюшы 


жазықтық  тесік  немесе 

ойықты 


шектейтін 

айналу 


бетінің 

осі 


арқылы  өтсе,  онда  тесік 

немесе  ойық  контуры 

қимада 

тұтас 


көрсетіледі (2.21 сурет). 

 

 



2.3.

 

Сызбаларда кездесетін шығарма элементтер 

 

Егер  нәрсенің  қандай  да  бір  бөлігі  графикалық  нақтылықты 

қажет  ететін  болса,  оның 

шығарма 


элемент 

деп 


аталатын  қосымша  кескіні 

(көбінесе 

үлкейтілген) 

қолданылады. 

Шығарма 

элементті 

қолданғанда  кескінге  сәйкес 

орны  тұйық  тұтас  жіңішке 

сызықпен  (шеңбер  немесе 

овал) көрсетіліп, реттік номері 

шығарма сызық сатысына рим 

цифрымен  белгіленеді  (2.22 

сурет). 


 

18 


Шығарма  элемент  үстіне  де  дәл  сол  цифр  қойылып,  шығарма 

элементтің орындалу масштабы көрсетіледі  (масштабтар әртүрлі 

болуы мүмкін). 

 

 



2.4. Кескіндерді орындаудағы шарттылықтар мен 

ықшамдаулар 

 

Сызбалар 

қарапайым 

және  түсінікті  болу  үшін, 

сонымен 

бірге 


сызбаны 

орындауда 

уақытты 

үнемдеу  үшін  2.305  –  68 

МЕСТ келесі шарттылықтар 

мен 


ықшамдауларды 

ұсынады. 

Егер  кескін  (көрініс, 

тілік)  симметриялы  фигура 

болса,  кескіннің  жартысын 

(2.23 сур. А көрінісі) немесе 

жартысынан  көбірегін  ирек 

сызықпен шектеп (2.23 сур. Б 

– Б тілігі) сызуға болады.  

Егер  нәрсенің  біркелкі 

орналасқан бірдей бірнеше элементі 

болса,  онда  сызбада  оның  бір-екі 

элементі  тұтас,  ал  қалғандары  – 

ықшам 


немесе 

шартты 


түрде 

көрсетіледі (2.24 сурет).  



 

19 


Біртіндеп  өту  сызығы  тұтас  жіңішке  сызықпен  кескінделеді. 

Бір  беттің  келесіге  біртіндеп  өту  сызығы  шартты  түрде 

көрсетіледі немесе мүлде көрсетілмейді (2.25 сурет). 

Пластиналар,  сонымен  қатар  тетікбөлшек  элементтерінің 

(тесіктер, фаска, ойықтар және т.б.) өлшемдері 2мм немесе одан 

кіші  болса,  нәрсенің  масштабынан  ауытқып,  үлкейтіліп 

көрсетіледі. 

Дөңгелек  фланецте  орналасқан  тесіктерді  тілікте  қиюшы 

жазықтыққа түспейтіндей 

етіп орындау керек. 

Винттер, 

тойтарма 

шеге, 

шпонкалар, 



біліктер, 

шатундар, 

тұтқалар 

(рукоятка) 

сияқты 

тетікбөлшектер 



бойлай  тілінген  тілікте 

тұтас 


орындалады. 

Маховиктер  мен  тісті 

дөңгелектердің 

шыбықтары, 

қатаңдық 

қыр, 


ушкалар 

сиқты 


тетікбөлшек 

элементтеріне  тілік  орындағанда  қиюшы  жазықтық  ості  бойлай 

орналасса,  бұл  бөлшектер  тілікте  штрихталмай  көрсетіледі  (2.26 

сурет).  Егер  қиюшы  жазықтық  мұндай  элементтерге  еніне 

бағытталса,  онда  штрихталады  (үстінен  қараған  көріністе 

ушконың жергілікті тілігі, 2.26 сурет) 

Поперек  қимасы  тұрақты  немесе  заңды  өзгеріп  отыратын 

ұзын  нәрселер  немесе  элементтерді  (біліктер,  тізбектер, 



 

20 


шыбықтар, фасонды жайма, шатундар, т.б.) үзіп бейнелейді (2.27, 

а.б). 


Тұтас  тор,  өрнек,  рельеф,  накатка  және  т.б.  мүмкіндігінше 

ықшамдалып кескінделеді (2.27, в сурет). 

Нәрсенің  жазық  бетін  бөліп  көрсету  үшін  тұтас  жіңішке 

сызықпен диагональдар жүргізсе болғаны (2.27, г сурет). 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

2.5.

 

Аксонометриялық проекциялар

 

 

Жалпы  түсінік  және  анықтамалар.  Аксонометриялық 

проекция  немесе  аксонометрия  нәрсенің  бір  жазықтықтағы 

көрнекі кескіні. 

Аксонометриялық 

проекциялауда 

нәрсе 


өзі 

тиісті 


координаталар  жүйесімен  бірге  аксонометриялық  проекцияның 

таңдап  алынған  кез  –  келген  жазықтығына  проекцияланады. 

Сөйте  тұра  нәрсені  Охyz  нақты  координаталар  жүйесімен 

байланыстырады,  ал  проекциялау  бағыты  координаталар  осінің 

бағытымен  сәйкес  келмейді  және  координата  жазықтықтарының 

біріне де параллель емес. 

Аксонометриялық  проекциялар  параллель  проекциялау 

арқылы  алынады,  сондықтан  оған  параллель  проекциялаудың 

төмендегідей қасиеттері тән:  

 

жалпы жағдайда түзудің аксонометриялық проекциясы түзу 



болады; 

 

егер 



түзулер 

өзара 


параллель 

болса, 


олардың 

аксонометриялық проекциялары да параллель болады; 



 

21 


 

егер  нүкте  кесіндіні  қандай  да  бір  қатынаста  бөліп  тұрса, 

онда  нүктенің  аксонометриялық  проекциясы  да  кесіндінің 

аксонометриялық проекциясын сондай қатынаста бөледі; 

 

жалпы  жағдайда  шеңбердің  аксонометриялық  проекциясы 



эллипс болады, ал жеке жағдайда – шеңбер немесе түзу. 

 

 



Сызбада қолданылатын 

Аксонометриялық проекциялар 

 

Нәрселердің 

аксонометриялық 

проекцяларын 

тұрғызу 

ережелері  2.317-69  МЕСТ  –  да  қарастырылған.  Мемлекеттік 

стандарт  аксонометриялық  проекциялар  түрлерінің  ішінен  нәрсе 

кескінінің  аз  бұрмаланатынын  және  сызбасын  тұрғызуға 

қолайлысын ұсынады. 

Аксонометриялық  проекциялардың  барлық  түрі  де  екі 

параметрмен: аксонометриялық остер бағытымен және белгілі бір 

аксонометриялық 

жүйе 

түзетін 


остердегі 

бұрмалану 

көрсеткіштерімен сипатталады. 

2.317-69  МЕСТ  –  да  келтірілген  көптеген  аксонометриялық 

проекциялар  ішінен  оқу  сызбасында  кеңінен  қолданылатыны 

тікбұрышты изометрия және тікбұрышты диметрия.  

Тікбұрышты  изометриядағы  аксонометриялық  остердің 

орналасуы 2.28 суретте келтірілген. Х, У, Z остеріндегі бұрмалану 

көрсеткіштері 0,82-ге тең. 


 

22 


Тікбұрышты  диметриядағы  остердің  орналасуы  2.29  суретте 

келтірілген.  Бұрмалану  көрсеткіші  У  осінде  0,47-ге,  ал  Х,  Z 

остерінде 0,94-ке тең. 

Аксонометриялық 

проекцияларды 

тұрғызуда 

мұндай 

бұрмалану  көрсеткіштерін  қолдану  ыңғайсыз  болғандықтан, 



2.317-69 МЕСТ-на сәйкес тікбұрышты изометриялық проекцияны 

Х, У, Z остерінде бұрмаланусыз, яғни бұрмалану көрсеткішін 1-ге 

тең етіп орындайды. 

Тікбұрышты  диметриялық  проекцияны  орындағанда,  У 

осіндегі  бұрмалану  көрсеткіші  0,5-ке,  ал  Х,  Z  остерінде  1-ге  тең 

етіп алады. 

Шеңбердің аксонометриялық проекциялары 

Тетікбөлшектердің аксонометриялық проекцияларын тұрғызу 

барысында  шеңберлердің  де  аксонометриялық  проекцияларын 

салу  жиі  кездеседі.  Проекция  жазықтықтарына  параллель 

жазықтықтарда 

жатқан 


шеңберлер 

аксонометриялық 

проекциясында эллипске проекцияланады. 

Эллипстерді дұрыс сызып орындау үшін алдымен оның үлкен 

және кіші остерінің орналасуын білу керек. 

 

 



Аксонометриялық проекциялардың қай-қайсысында да үлкен 

ось жетіспей тұрған оске перпендикуляр орналастырылады (2.30, 

2.31),  ал  кіші  ось  қашанда  үлкен  оске  перпендикуляр. 

Эллипстерді 

тұрғызуда 

қолданылатын 

қосымша 

остер 


аксонометрияның  негізгі  остеріне  параллель  болады.  Егер 

 

23 


тікбұрышты  изометрияны  келтірілген  коэффициенттері  арқылы 

орындайтын  болса,  онда  1,  2,  3  эллипстердің  үлкен  осі  1,22,  ал 

кіші  осі  -  0,71  берілген  шеңбер  диаметріне  тең  болады  (2.30 

сурет). 


Келтірілген 

коэффициенттері 

арқылы 

тікбұрышты 



диметрияны  орындайтын  болса,  1,  2,  3  эллипстердің  үлкен  осі 

1,06 шеңбер диаметріне тең, ал 1 эллипстің кіші осі 0,95 және 2, 3 

– 0,35 шеңбер диаметріне тең болады (2.31 сурет). 

 

Аксонометриялық проекцияларда тілік орындау 



 

Ішкі 


жағында 

қуыстары 

бар 

тетікбөлшектердің 



аксонометриялық  проекцияларын  орындағанда,  оның  пішінін 

айқындау  үшін  тіліктерді  қолданады.  Бұл  екі  немесе  үш 

жазықтықты 

қолдану 


арқылы 

жүзеге 


асырылады, 

жазықтықтардың әрқайсысы координата жазықтығына параллель 

орналастырылады.  Көбіне  қиюшы  жазықтықтар  тетікбөлшектің 

симметрия  жазықтықтарымен  сәйкес  келеді.  Аксонометриялық 

проекцияларға  тұтас  тілік  орындамайды,  себебі  тетікбөлшектің 

сыртқы пішіні көрінбей қалады. Көп жағдайда ширек бөлігі (2.35 

сурет),  кейде  сегізден  бір  бөлігі  алынып  тасталады.  Қиюшы 

жазықтық  арқылы  алынған  бұрыш  әрқашан  көрінетін  етіп 

сызылады.  

Штрихтау  сызығы  әрбір  қиюшы  жазықтықта  белгілі  бір 

бағытта  жүргізіледі,  олар  тікбұрышты  изометрия  үшін  2.32 

суретте, ал тікбұрышты диметрия үшін 2.33 суретте көрсетілген.  



 

24 


Тетікбөлшектің  аксонометриялық  проекциясына  орындалған 

тіліктің,  оның  проекциялық  кескініне  орындалған  тіліктен 

айырмашылығына көңіл аудару керек, яғни қатаңдық қыры, жұқа 

қабырғалар, ушко сияқты тетікбөлшек  элементтері штрихталады 

(2.34 сурет). 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аксонометриялық проекция көрінісін таңдау 

 

 

 

Тетікбөлшектің  аксонометриялық  проекциясын  тұрғызбас 



бұрын  оның  орындауға  ыңғайлы  және  көрнекілігін  айқын 

көрсететіндей көрінісін таңдап алуымыз қажет. 

Тетікбөлшектің  барлық  көрінетін  жақтары  біркелкі  болған 

жағдайда  (2.35  сурет)  тікбұрышты  изометрияны  пайдаланған 

жөн.  Тікбұрышты  диметрияны  тетікбөлшектің  ерекшелігін 


 

25 


сипаттайтын  элементтер  бөлігі  бір  қабырғасына  жинақталған 

болса, 


яғни 

аксонометриялық 

проекцияның 

фронталь 

жазықтығына  параллель  орналастыруға  болатындай  жағдайда 

қолданады (2.36 сурет). 

 

 

3. БҰРАНДАЛАР 



 

3.1. Бұрандалар туралы жалпы түсінік 

 

 

Цилиндрдің  немесе  конустың  айналма  бетіне  жанаса  кез-келген 

жазық фигураның айналма қозғалысының нәтижесінде алынатын 

винттік бетті бұранда деп атайды. Жазық фигура цилиндр (конус) 

бетіне  қатысты  өз  орнын 

өзгертпестен 

айнала 

отырып  цилиндр  (конус) 



осін  бойлай  қозғалады. 

Осылайша, 

цилиндрде 

(конуста)  профиль-пішіні 

(үшбұрышты, 

шаршы, 


дөңгелек,  трапеция  немесе 

т.б.)  мен  адымы  арқылы 

сипатталатын  винттік  бет 

түзіледі (3.1сурет). 

 

Техникада 



бұранда 

әртүрлі профильде қиылған 

винттік  ойықтарды  бөлшек 

бетіне 


басу 

арқылы 


алынады. 

Бұрандалар 

станоктарда  кескіштердің 

көмегімен, 

сырыққа 

пластинамен,  роликтермен 

жаймалау  арқылы  немесе 

плашка  және  із  салғыш 

құралдарды 

(метчик) 

қолдана  отырып,  қолмен 

ойып 


салу 

арқылы 


алынады.  

 

 



 

26 


Бұрандалар классификациясы: 

 

бұранда 



ойылған 

беттің 


пішініне 

байланысты 

(цилиндрлік, конустық); 

 

бұранданың  сырық  бетіне  немесе  тесікке  орналасуына 



қарай (ішкі, сыртқы); 

 

профиль  пішініне  қарай  (үшбұрышты,  тікбұрышты, 



трапеция тәрізді, дөңгелек); 

 

қолданылуына 



қарай 

(бекіту, 

тығыздап 

қатайту, 

қозғалтқыш, арнайы және б.); 

 

винттік беттің бағытына қарай (оң және теріс); 



 

жүрістер санына қарай (біркірмелі және көпкірмелі). 

Барлық  бұрандалар  екі  топқа  бөлінеді:  стандарт  және 

стандарт  емес;  стандарт  бұрандалардың  параметрлері  стандарт 

бойынша анықталады. 

 

3.2. Бұранда элементтері мен негізгі параметрлері 

 

Бұрандалардың  негізгі  параметрлері  11708-66  МЕСТ-мен 



анықталған. Бұрандаларды үш диаметрмен сипаттайды: сыртқы d 

 

 



Бұранданың сыртқы 

диаметрі d (D) 

- сырқы бұранданың төбелері немесе 

ішкі  бұранданың  ойықтары  арқылы 

өтетін  цилиндрдің  диаметрі.  Бұл 

бұранда  көптеген  бұрандалар  үшін 

анықтамалық 

өлшем 


болып 

есептеледі,  сондықтан  бұранданың 

шартты белгілері қатарына кіреді. 

Бұранда профилі 

-  бұранданы  осі  арқылы  өтетін 

жазықтықпен 

қиғандағы 

қима 


контуры (3.2 сурет). 

Бұранда профилінің 

бұрышы ά 

-  профилдің  бүйір  жақтарының 

арасындағы бұрыш (3.2 сурет). 

Бұранда адымы Р 

бұранданың  осіне  параллель 



бағытталған  профилдің  көршілес 

аттас 


бүйір 

жақтарының 

ара 

қашықтығы (3.3 сурет). 



Бұранда жүрісі t 

бұранда 



осіне 

параллель 



 

27 


бағыттағы,  бір  ғана  винттік  бетке 

жататын 


профилдің 

аттас 


қабырғаларының арақашықтығы (3.3 

сурет). 


Біркірмелі 

бұранданың 

жүрісі  қадамға  тең,  ал  көпкірмелі 

бұрандада  –  кіріс  санын  (n)  қадамға 

(Р) көбейткенге тең  

(t = nР).  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Бұрандаларды  алу  үшін  қолданылатын  құралдарда  шеттері 

қиықжиекті  болып  келеді.  Сондықтан  бұранданың  соңғы 

орамдары дұрыс пішінді болмайды. Профилдің биіктігі біртіндеп 



 

28 


кеми  береді.  Бұранданың  ұзындығын  есептегенде  оның  іске 

жарамсыз 

бөліктері 

есептелмейді 

және 

көрсетілмейді. 



Бұранданың  іске  жарамсыз  бөліктерін  көрсетпеу  мақсатында 

мұндай  жерлерін  жонып  тастайды.  Бұрандалы  сырықты  тесікке 

оңай  бұрап  кіргізу  үшін,  бұранданың  шетіне  45º  бұрыш  жасай 

қиықжиек (фаска) орындалады (3.5 сурет). 

 

 

 

3.3. Бұрандалар кескіні 

 

Бұрандаларды  сызбада  кескіндеу  2.311-68  МСТ  бойынша 

жүзеге  асады.  Сырықтағы  бұранданың  сыртқы  диаметрі  тұтас 


 

29 


жуан  негізгі  сызықпен  және  ішкі  диаметрі  тұтас  жіңішке 

сызықпен сызылады (3.6а сурет). 

Бұрандалы 

тесіктің 

ішкі 

диаметрін  тұтас  жуан  негізгі 



сызықпен,  ал  сыртқы  диаметрін 

тұтас  жіңішке  сызықпен  сызады 

(3.6б сурет). 

Бұрандалы 

беттің 

оске 


перпендикуляр 

жазықтықтағы 

проекциясында 

шеңбердің 

¾ 

бөлігін  кез  –  келген  жерден  үзіп, 



тұтас  жіңішке  сызықпен  сызып 

көрсетеді. 

Бұранданы 

кескіндегенде 

тұтас 

жіңішке 


сызық  негізгі  сызықтан  0,8  мм 

қашықтықта 

жүргізіледі, 

яғни 


бұранда 

қадамы 


шамасынан 

аспауы керек (3.6 сурет).  

Бұранданы  шектейтін  сызық 

тұтас негізгі сызықпен бұранданың 

сыртқы 

диаметріне 



дейін 

жүргізіледі  (3.6  а,  б  сурет)  немесе 

бұранда  көрінбейтін  болса,  үзік 

сызықпен  сызылады  (3.6  в,  е 

сурет). 

Тіліктер мен қималарды штрихтағанда сызықтар тұтас негізгі 

сызыққа дейін, яғни тесіктің сыртқы диаметріне дейін жүргізіледі 

(3.6 б, в, д сурет). 

Егер  арнайы  конструктивтік  қызмет  атқармайтын  болса, 

қиықжиектер 

(фаски) 

сырықтың 

немесе 

тесіктің 



оске 

перпендикуляр  проекциясында  кескінделмейді  (3.6  сурет). 

Сырықта бұранданы кескіндейтін тұтас жіңішке сызық қиықжиек 

сызығымен  қиылысуы  керек  (3.6  а,  г  сурет).  Көрінбейтін 

бұрандалы тесіктер кескіні 3.6 е суретте көрсетілген. 

 

 



 

 

 

 

30 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.4. Бұрандалардың белгіленуі 

 

 Бұрандалар  параметрлерін  бекітетін  стандарттар  олардың 

шартты  белгіленуін  де  қарастырады.  Бұранданың  шартты 



 

31 


белгіленуіне оның түрін анықтайтын әріптік белгіленуі, сонымен 

қатар  бұранда  өлшемі,  яғни  оған  (конустық  және  құбырлық 

цилиндрлік  бұрандалардан  басқа)  барлық  бұрандалар  үшін 

бұранданың  сыртқы  (үлкен)  диаметрін  жатқызады.  Бұл  өлшем 

конустық  және  құбырлық  цилиндрлік  бұрандаларда  шығарма 

сызық сатысына жазылады.  

3.8 суретте жиі кездесетін стандарт бұрандалар түрлері мен 

стандарт емес бұрандалардың белгілену үлгісі көрсетілген: 

а) оқу сызбасындағы тетікбөлшектердегі метриялық 

бұрандалардың белгіленуі: 

М10 – ірі адымды метриялық

М16 х 1, М24 х 2 – ұсақ адымды; 

М20LH – солақай; 

б) трапециялық және тіректік бұрандалардың белгіленуі; 

в)  конустық  және  құбырлық  цилиндрлік  бұрандалардың 

белгіленуі; 

г) стандарт емес профильді бұрандалар. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет