«Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеті» КЕаҚ
Инженерлік - технологиялық факультет
«Химиялық технология және экология» кафедрасы
ТАБИҒАТ ЖӘНЕ АДАМ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Орындаған: Қабылғазы Ж.Т.
Тексерген:Мурзалимова А.К.
Адам мен табиғат қарым-қатынасы(Взаимоотношения человека и природы) — антропогендік
факторлардың табиғатқа және табиғи факторлардың адамның денсаулығы мен шаруашылығына кешенді әсер-ықпалы. Тарихи процесте бастапқыда табиғаттың адамзатқа әсерінің бәсеңдеуі және оның ортаға әсерінің күшеюі байқалатын, бірақ кейін, әсіресе біздің заманымызда әсер-ықпал күштері теңескендей болып, табиғаттың кез келген өзгерісі адамдар мен олардың шаруашылығына шектеулі, аймақтық және ғаламдық ауқымда күшті ықпал жасайтын болады.[1.36-48б]
Адам мен табиғат арасындағы қатынас — динамикалық арақатынас. Ол қатынас адам экожүйесінің ерекшелігімен анықталады да, байланыс «табиғатты бағындырумен», «иемденумен» ғана емес, сондай-ақ адам денсаулығы мен тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық өзгерістермен айқындалады. Қоршаған ортаның табиғи және әлеуметтік элементтері тығыз байланысты. Ол байланыс әлеуметтік элементтердің, әлеуметтік жаратылулардың табиғи элементтерге, табиғи ортаға арақатынасымен айқындалып қана қоймай, табиғи элементтердің әлеуметтікке, әлеуметтік ортаға, мәдениетке әсер етуімен айқындалады. Баяғы көне заманнан бастап әлемнің бүтіндігі туралы идеясы бар болды және макрокосмос — Әлем мен микрокосмос — Адам арасында ұқсастық тұжырымдамасы дамыған. Шығыстың ұлы энциклопедияшы ғалымы Абу Райхан Беруни мың жыл бұрын айтқан: «Адамның денесі — әлеммен бірдей». Адамның табиғатпен ара қатынасы – мәңгілік және әрқашан заманауи, өйткені адам өзінің пайда болуымен, тіршілігімен және болашағымен табиғи ортамен байланысты. Табиғаттың элементі ретінде ол «табиғат – қоғам» деген күрделі жүйенің бір бөлігі болып келеді. Адамзат өзінің көптеген мұқтаждықтарын табиғаттың есебінен қамтамасыздандырады. Табиғаттың барлық элементтері қоршаған ортаны құрайды. «Қоршаған орта» түсінігіне адамның қолымен жасалған нысандар (ғимараттар, автокөліктер және т. б.) кірмейді, өйткені олар бүкіл қоғамды емес, жеке адамдарды ғана қоршап тұр. Бірақ адамның қызметі арқылы өзгерген табиғат телімдері (қалалар, ауыл шаруашылығы жерлері, су қоймалары, орман алқаптары) қоғам ортасын түзгендіктен, қоршаған ортаға кіреді. Қоршаған орта (ҚО) – адам мен басқа да тірі ағзаларды қоршап тұрған табиғи орта, адам қолымен жасалған материалдық құрамдас бөліктер, құбылыстар мен үдерістер, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық құрауыштар.[4.67-102б]
ҚО келесі қызметтерді орындайды: қор өндіру, орта түзу, табиғат қорғау және медициналық-географиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық?психологиялық. Н.Ф. Реймерс бойынша адамды қоршап тұрған орта өзара байланысқан төрт қурауыш-жүйешелерден тұрады: а) табиғи ортаның өзінен, ә) туындалған агротехникалық ортадан – «екінші табиғаттан» немесе квазитабиғи ортадан, б) жасанды ортадан – «үшінші ортадан» немесе артетабиғи ортадан, в) әлеуметтік ортадан. «Екінші табиғат» немесе квазитабиғи орта – табиғи ортаның адам қолымен жасалған жүйелі, өзін өзі қолдаушы қасиетінің болмауымен сипатталатын, барлық түрленулері (жыртылған жерлер, мәдени ландшафтар және т. б.; ыза жолдар; жасыл желектер).[2.12-35б]
Бұл түзілімдердің бәрінің тегі табиғи, бұлар табиғатта жоқ жасандылар емес, тек түрлендірілген табиғи орта болып келеді. «Үшінші табиғат» немесе артетабиғи орта – адамның қолымен жасалған барлық жасанды, табиғи ортада заттық - энергетикалық ұқсастығы жоқ, оған жат және жаңартып отырмаса, тез арада қирайтын әлем. Бұларға заманауи қалалардың асфальт жолдарын, бетонды, тіршілік пен қызмет орындарының ішкі кеңістігін, технологиялық құрылғыларды, көлік нысандарын, жиһаздарды және басқа заттарды, барлық синтетикалық заттарды және т. б. жатқызуға болады. Заманауи адамды негізінен артетабиғи орта қоршайды. «Өмір сүру сапасы» ұғымының әртүрлі түсінігі бар: өйткені оны әртүрлі тұрғыдан қарастыруға болады: физикалық, медициналық-экологиялық, экономикалық және әлеуметтанулық. «Өмір сапасының» сипаттаушы ерекшелігі болып келетіні тұрғындардың тіршілік деңгейі. Өмір сапасы мен ҚО сапасының өзара байланыстылығын заманауи экологиялық дағдарыс нәтижесінде пайда болған адамның биологиялық болмысын жеңу көзқарасынан қарастыру қажет. Ол түсініктердің өзара байланыстылығын әлеуметтік тұрғыдан адам биологиялық деңгейде қалыптасқан (және дамып келеді) және оны қоршаған табиғи ортадан (ҚТО) бөліп әкетуге болмайды деп қарастырған жөн. Сондықтан өмір сапасы мен ҚО сапасын бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. ҚТО экологиялық тепе-теңдік бұзылысымен өмір сапасының проблемасы шыға келді. Өмір сапасы — адам сұранысының белгілі бір қоғамдық жағдайда қамтамасыздандырылуы. Сұраныс сәйкес тәсілмен, белгілі бір ауқымда және құндылық бағыт шеңберінде орындалды деп ойлаудан ондай қамтамасыздандырылудан адам ләззат алуы керек.[3.56-79б]
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Қуатбаев А.Т. Жалпы экология. Алматы. 2012ж.
2. Джусупова Д.Б. Экологиялық биотехнология. Алматы.2013ж.
3.Братков В.В., Геоэкология. Алматы. 2014ж.
4.Нұрғызарынов А., Экология және тұрақты даму. Астана. 2014
Достарыңызбен бөлісу: |