7
(әдістемелік нұсқаулық)
Кіріспе
Қазіргі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Олардың әлеуметтік ортаға бейімделуі, қоғамда өз орындарын дұрыс бағыттай алуы, құқықтарының қорғалуы, үлкендер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауын бүгінде әлеуметтік тәрбие беретін мамандар ұйымдастыруы қажет.
Сонымен қатар, қазіргі таңда мектепте жасөспірімдерге, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру, материалдық көмек көрсету, әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік педагог мамандары қызмет атқарады.
Әлеуметтік педагог - социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттейді. Ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтайды. Ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік – этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектеседі. Қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола отырып, тәрбиеленушінің шынайы өмірге қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал етеді.
Сондықтан да, мектептегі әлеуметтік педагогтардың қызметін ұйымдастыру, ортада әлеуметтік мәртебесін көтеру және іс-қағаздармен жұмыс жүргізу барысында осы әдістемелік нұсқау ұсынылып отыр. Балалардың құқықтарын қорғау үшін нормативтік құқықтық актілер мен мектептегі әлеуметтік педагог жұмысын жүргізудегі Қазақстан Респбликасының заңдарының негізгі баптары және жоспарлары, іс-құжаттары, тренингтер мен жаттығулар қарастырылған.
І бөлім
Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік
нұсқаулық
Жалпы ережелер
Әлеуметтік педагог қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын, БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция», ҚР «Неке және отбасы туралы заңы», басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады.
Әлеуметтік педагог қызметіне тағайындау және қызметтен босату бекітілген талаптарға сай жүзеге асырылады. Әлеуметтік педагог қызметіне жоғарғы оқу орындарының «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша толық курсын аяқтаған, педагогикалық жоғарғы оқу орындарында «Әлеуметтік педагог» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен, сонымен қатар біліктілікті арттыру институттарында біліктілікті арттыру курстарынан өткен жоғары білімді мамандар қабылданады.
Әлеуметтік педагог мектеп директорына тікелей бағынады, мектеп Жарғысын, аталмыш нұсқаулықты, басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып өз қызметін жүзеге асырады.
Мақсаты
Әр тұлғаның психология-медико-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау және оқушының тәртібіндегі кездесетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, өз уақытысында әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін қолдау, құқығын қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |