Инклюзивті сынып жағдайында Блум таксономиясын оқыту жетістігін бағалау әдісі ретінде қолдану



бет1/3
Дата28.11.2023
өлшемі443,53 Kb.
#131091
  1   2   3

Инклюзивті сынып жағдайында Блум таксономиясын оқыту жетістігін бағалау әдісі ретінде қолдану
ЖОСПАР
1.Инклюзивті сынып жағдайында Блум таксономиясын оқыту
2.Блумттаксономиясын8оқу8процесінде8енгізу8ерекшеліктері
3.Блум8таксономиясына8сәйкес8бағалау8критерийлерін8бөлу
4.Блум8таксономиясы8бойынша8сұрақтар8типологиясы
5.Инклюзивті білім беру жағдайында критериалдық бағалау жүйесін ұйымдастыру
6.Қорытынды
Әдебиеттер


Инклюзивті сынып жағдайында Блум таксономиясын оқыту
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді
-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
-пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру.

Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы.Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.


Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді. Блум таксономиясының мақсаты –оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру . Блум жүйесі арқылы уақытты тиімді пайдалануға және сапалы білім мен оқушылардың өзін-өзі бағалауға қол жеткізуіне жағдай жасай аламыз.Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің үлгісі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен тәжірибе жасайды. Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
1) репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз ететін әдістер тобы;
2) оқушылардың өз бетімен білім іздену әдістер тобы, яғни проблемалық әдістер, олар проблеманы шешу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштауға бағытталады;
3) оқушылардың көркем-эмоционалдық белсенділігін дамытатын әдістер тобы;
4) оқушылардың меңгерген білімдерін өздері қоршаған ортаны тани түсуге қарай бағыттайтын практикалық әдістер тобы.
Когнитивтік ғылымда басты зерттеу нысаны – айналасын қоршаған дүние ақпараттарын өңдеуші адамның іс-әрекеттері, яғни когнициясы.
Жалпы таным-білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады. Когнитивтік ілім заңдылығына сәйкес, адам тіл арқылы ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде түсініледі, ал адамның әрекеті тіл арқылы оның ішкі жай-күйіндегі дүниелермен анықталады. Олай болса, когнитивизмнің негізгі қағидасын зерттеушілер еңбектеріне сәйкес былайша анықтауға болады:
- адамның ойлау тетігін зерттейтін бағыт;
- адам санасындағы ақпараттардың өңделуі;
-дүниенің ментальді моделін қалыптастырушы;
- тілде берілген адамның ойындағы ұғымның түсінілуі;
-ойлауды реттейтін психикалық қасиеттер.
Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр. Соның бірі- инклюзивті білім беру.Инклюзив-сөзі латын тілінен аударғанда-”өзімді қосқанда” ал, ағылшын тілінен аударғанда” араластырамын” деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту- адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен бірге оқыту. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне, әлеуметтік жағдайы мен физиологиялық жағдайына қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.Инклюзивті білім беру барысы- қазіргі таңда жалпы білім беретін сыныптардағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен арнайы сыныптар, арнайы білім беру орындары, арнайы мектепке дейінгі білім беру орындарының оқу әрекетіне енгізіліп отыр.Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50% психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар және аутизм, жүйке жүйесі бұзылған, ақыл ой белсенділігі төмен балалар құрайды. Психикалық даму тежелісі (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.Мұндай балалар мектепте және үй жағдайында ерекше қадағалауды қажет етеді. Бұл балалармен жұмыс істеу арнайы біліммен қатар бұл балалармен жұмыс істеудің нақты жолдарын білуді, оларды танып білумен қатар, оларға арнайы түзеу жұмыстарын ұйымдастырып, мұғалімге және ата-анаға бағыт-бағдар бере білу керек.Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері- жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі, ерекше білімді қажет ететін балаларды дені сау балалармен бірге оқыту;
Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсаты:
-Балаларды психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық қолдау
-Қоғамның көзқарасын өзгерту
-Өз қатарластарымен тіл табыса білуге үйрету
-Толық білім алуды ұйымдастыру
-Қоршаған ортаға бейімдеу
-Дені сау балалармен тең дәржеде ұстау
-Өз өзіне сенімін арттыру
-Кедергісіз аймақ

Алғашында арнайы мамандар жеткіліксіз болып, жаңа білімнің қыр-сырын ұғыну, түсіну қиын болғанымен, қазіргі таңда арнайы мамандар-логопед, дефектолог, олигофренопедагог, әлеуметтік педагог, психолог мамандар қайта даярлаудан өтіп, сонымен бірге пән мұғаклімдері қайта даярлау курстарынан өтіп инклюзивтік білім беру бойынша жұмыстанып келеді. Қазіргі таңда әр маман өз жұмысының қыр-сырын біледі, жұмыстана алады деп үлкен сеніммен айта аламын.Түзете-дамыта оқытудың мақсаты:Балаларды оқып, жазып, санап үйрету оқу іс-әрекетінің негізгі біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениетін дамыту, жеке гигиена мен салауатты өмір негіздерін үйрету;


- тиімді әдіс-тәсілдерде қолдана отырып, оқушылардың психологиялық сауығуына ықпал ету, жеке тұлға қызығушылығын арттыру және оның дамуындағы әртүрлі қиыншылықтарды түзеу;
- балалардың танымы мен белсенділігін, зияткерлік қабілеттерін, өз бетімен білім алу дағдыларына жағдай жасау;
- ата-аналармен, мұғалімдермен, әлеуметтік жұмыскерлермен байланыс жасау;
- мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қазіргі экономикалық жағдайында өз орнын таба алуына жағдай жасау.
Түзете –дамыта оқытудың міндеттері:
Оқушының психикалық, тұлғалық дамуындағы ауытқуды болдырмау,
-жеке тұлға қалыптастыру, оқу дағдысы мен біліктілігін дамыту;
-педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балаларға коррекциялық түзету сабақтарын, танымдық өрісінің дамуына бағытталған жеке сабақтар жүргізу;
ПМПК-мамандарымен, дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог мамандармен бірлесе отырып жұмыстану арқылы түзеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру; жеке, топтық сабақтар нысанында түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу; отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға (немесе оларды аустыратын тұлғаларға) ақыл-кеңестер беру, оқыту; оқушының психикалық дамуында кездесетін сәтсіздіктердің алдын алу, диагностика бойынша алдын-ала болжау; сөйлеу, интеллект, көру, есту және есте сақтау қабілеті, тірек қозғалыстары аппараты, эмоциялық еріктік саласы бұзылған, оқуда немесе қарым-қатынас жасауда, мінез-құлқында қиыншылықтары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық түзеу және оңалту түрінде кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында”-деп бекерге айтылмаған сыңайлы. Олай болса қазірге таңда білім саласындағы әр ұстаздың мойнына артылған жүк ауыр. Ұстаз бір ғана шәкірттің білімі мен тәлім-тәрбиесіне ғана жауапты болып қана қоймай, елдің ертеңін, болашағын өз мойнына алардай жауапкершілік танытуы тиіс. Жас та берілген тәрбие, жас қайыңды игендей”, - дейді, олай болса құрметті әріптестер”теңізге” тамшыдай тамып, жәрдеміміз тиіп жатса, біз ешнәрседен аянбай қиын да, қызыққа толы ұстаздық жолда ерінбей еңбек етіп, еңбегіміздің жемісін көре білуіміз керек.
Қазіргі уақытта ерекше оқытуды қажет ететін балалар білім алу үшін
мекемелерді таңдауға кұқылы, сол себепті бүл жерде оқудын әр кезеңінде білім,
икемділік, дағдыларды меңгеру талаптары мен әлеуметтік бейімделу
жағдайларын ескеру қажет. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға білім беру
мазмұны олардың даму ерекшеліктерімен анықталуы тиіс, ең негізгі кажеттілігі
калыпты түлғалармен бірдей білім алуға жағдайларын қамтамасыз ету.
Ерекше оқытуды қажет ететін баланың белсенді әлеуметтенуі үшін
кемістіктерді түзету, нақты екіншілік реттегі кемістіктің алдын алу және білім
беру арқылы кемістіктің орнын толыктыру қажет. Бұл жағдай психикалық
немесе дене кемістікке байланысты бала бойында туындаған білім алудағы
ерекше кажеттіліктерін толық қанағаттандыру аркылы жүреді.
Мысалы, естімейтін баланың дамуындағы жағымсыз салдарын алдын алу
үшін бір-қатар жаңа білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ету керек, олар:
– калған есту қабілетін дамыту және қалдык естуін пайдалануға үйрету;
– сөйлеуші адамның сөзін ерін кимылы аркылы сөйлеу тілін кабылдауға
үйрету;
– түзетушілік педагогикалық қолдау көрсету арқылы бұрын
-қалыптасқан сөздік қорын жоғалтпауын қадағалау;
– дыбыссыз кеңістікте бағдар алып жүруге үйрету.

Баланың есту, көру, қозғалыс, т.б даму мүмкіндіктерінің шектеулігі


сапалы сипатта екенін ескерген дұрыс. Бұл жерде тұлғалық қалыптасу
толығымен өзгереді және даму үшін, білім алу үшін ерекше жағдайларды қажет
етеді. Ең біріншіден білім беру бағдарламасын меңгеруімен тоқтамай, жеке
өмір сүру дағдыларын қалыптастыру қажет. Өмір сүру біліктері қоршаған
ортада кеңістікті немесе уақытты бағдарлау болсын, түрлі қарым- қатынас
жасау, әлеуметтік бейімделу, өз мінез-қүлқысын саналы түрде тәртіпке келтіру
және болашақ өмірге деген позигивті көз қарасын қалыптастырады.
Арнайы оқыту мен тәрбиелеу бір бірмен тығыз байланыста болғандықтан
арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз етуді қажет етеді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет