ҚЫСҚа мерзімді жоспар І тоқсан. 1-бөлім. ӨЗім туралы



Дата18.12.2022
өлшемі156,48 Kb.
#57918
түріСабақ
Байланысты:
1 сабак жоспары


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
І тоқсан. 1-бөлім. ӨЗІМ ТУРАЛЫ



1-сабақ: Өзіне-өзі қызмет көрсету

Мектеп: Орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің есімі:Асанова Аяулым Сафуановна

СЫНЫП: 1

Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны: -

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

1.1.3.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, көркем материалдар мен құралдарды қолдану және тәжірибе жасау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: 25

Тақырыптың мазмұнын түсінеді, тапсырмамен жұмыс істей алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Қызмет көрсету туралы түсінігі бар, дағдыларды меңгерген.

Кейбір оқушылар:

«Пішін» және «көлем» ұғымдарын зерттеу. Модельдеу ережелері мен әдістері туралы білім алу.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында топпен жұмыс істейді және өзінің ойын ашық айта алады.

Ресурстар

Оқулық, жұмыс дәптері, Түрлі- түсті шарлар, суреттер, кемпірқосақ туралы мультфильм кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақтың тақырыбы

«Кемпірқосақ» - гуашпен сурет салу.
«Кескіндеме» ұғымымен танысу.
Спектрдің жеті түсі және олардың кемпірқосақта орналасу тәртібі туралы білім алу.
«Дақ», «жағынды»

Сабақтың кезеңі
/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

  1. Оң көңіл күй орнату.

2–3 мин.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері.Балалар бір-біріне жымиып күлу арқылы бір-біріне ізгі тілектерін айтады.
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіреді.

Қол шапалақтау арқылы немесе мадақтау тәсілін қолдануға болады.





10-15 мин.

Ойлан, жұптас ,талқыла.
Оқулықпен, дәптермен жұмыс.
Берілген тапсырма бойынша ой қорытып жұпта, топта талқылайды және де әрқайсысы жеке сурет дәптерлеріне тақырыпқа байланысты долбар сурет салады, оны әшекейлеп, тақырыпқа байланысты салынған суреттерін көрсетіп қорғайды.



Оқушылар салған суреттерін әшекейлейді.
Жеке, жұпта,топта талқылап,сыныпта қорғайды.



Формативті бағалау.
Бас бармақпен бағалау

Плакат

Сабақтың ортасы
6 – 35 мин.

Сабақтың басында мұғалім оқушыларға қандай түстерді білетінін еске түсіруді тапсырады.
Түстермен жұмыс.
- Саған қандай түс ұнайды? Неге? Оқушылар қоршаған ортадан өздеріне таныс түстерді атайды. қызанақ, шие,
құлпынай, қызғалдақ т.б. қызыл түсті. Апельсин, мандарин, сәбіз, алау және т.б.қызғылт сары түсті.
Күнбағыс, бақбақ, балапан, Күн сары түсті.

Шөп, жаздағы ағаш түсі,қияр,


шегіртке және т.б. жасыл түсті. Осылайша түстер шеңберіндегі түстердің бәрін атап шығады.
«Көңіл күй» сергіту сәті.
Кескіндеме – бояу арқылы адам мен қоршаған әлемді бейнелеу өнері.
Жаңбырдан кейін аспанда ғажайып түстер пайда болады. Оны кемпірқосақ деп атайды.
Кемпірқосақ туралы мультфильм көрсету
- Кемпірқосақ түстерін атаңдар.
- Олар қандай ретпен орналасқан?
Практикалық кезең.
Кемпірқосақ суретін гуашпен салу.






Қоршаған ортадан өздері таныс түстерді атайды.
Оқушылар бізді қоршаған әлем түрлі түсті, әрбір заттың өзіне тән түсі бар деген қорытынды шығарады.
Кемпірқосақтағы түстердің атауы мен орналасуын; олардың белгілі бір заттармен
Ұқсастығын айтады.

Сен айналадағы әсемдікті сезіне және көре білдің, қоршаған ортадағы бейнелердің түсін ажырата алдың.
Жарайсың!

Кемпірқосақ туралы мультфильм https://www.youtub e.com/watch?v=Zh WEZIeOH2Q



Сабақтың соңы
4. Сабақтың нәтижесі.
Рефлексия.
2–3 мин.

Кері байланыс
Мен не білдім ?
Не үйрендім ?
Маған бүгінгі сабақта не түсініксіз болды ?

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп, білгендерін айтады



Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру

кері байланыс, стикер

1 мин

Үйге тапсырма

Басқа тәсілдермен «Кемпір қосақттың» суретін салу .

Күнделіктеріне жазып алады




Күнделік

2

Кері байланыс

Блоб ағашы бойынша оқушылардан кері байланыс алу.


Оқушылар сабақ барысында өздерін қай деңгейде екенін бояп бейнелеп береді

Формативті баға

Блоб ағашы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет