Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ Қайрат ж о л ды ба й ұ л ы


 Адамның қалауына байланысты жағы



Pdf көрінісі
бет13/24
Дата03.03.2017
өлшемі8,77 Mb.
#6782
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

2. Адамның қалауына байланысты жағы
Алла  Тағала  эу  баста  эр  адамның  қай  жерде,  қай 
уақытта не  істейтінін бастауы  жоқ  эзэли эрі  шексіз  ілімі 
арқылы  білген.  Өйткені  Алла үшін  өткен  шақ,  осы  шақ, 
келер шақ деген ұғым жок. Міне, ¥лы  Жаратушымыз сол 
білгенін адам үшін тағдыр етіп «Лэухул-Махфуіга» жазған. 
Баскаша  айтканда,  адамның  қалауы  -   Алла  Тағаланың 
жазған тағдырында есепке алынған.
Адам баласы күнэ немесе ізгі іс істеуге мәжбүр емес. 
Өйткені  адамда  тавдау  еркі  бар.  Мысалы,  жолда  кетіп 
бара жатып, түсіп қалған акшаны көрдік делік. Осы сэтте 
адамның  таңдауына  бірнеше  нүска  келеді.  Біз  соның 
біреуін ез қалауымызбен тандаймыз.
1. 
Ақшаны акырын ғана қалтамызға сүңгітіп жіберіп, 
ол жерден дереу қарамызды батырамыз.
185

ИМАНИ ГҮЛ
2. Ақшаны алып, иесін тауып қайтарамыз.
Жоғарыдағы таңдаулардың қайсысын таңдасак та өз 
еркімізбен, дербес  қалауымызбен  іске  асырамыз.  Бірінші 
таңцауды  істеп  күнэға  батуымыз  да,  екіншісін  таңдап 
сауапқа кенелуіміз де мүмкін.
Алла  Тағала  Қүраида:  «О ған  (адамға)  ж ақсы лы к 
және  ж ам анд ы қ  ж олдары н  корсетпедік  пе?»  «Кім 
ж ақ сы л ы қ  істесе пайдасы  өзіне, ал , кім  ж ам анш ы лы к 
істесе  оны ц  зи ян ы   да  өзіне.  Раббы ң  қүлдарына 
еш қаш ан  зү л ы м д ы қ  ж асам айды »” ,  -деп  жақсы,  жа- 
манды тандаудағы адамға берілген ерікті білдіреді.  Акын 
Майлықожа  да  осы  ақиқатты  мына  жыр  жолдарымен 
жеткізген:
«Алла берді екі жол
Бірі оңда, бірі сол.
Ойланыңдар, бауырлар!
Дүние кыска,  ақырет мол».
Алла  Тағаланың  бұйрықтарын  орындаған  адам 
Жаратушының 
саликалы 
құлдарының 
тұғырына 
көтеріледі.  Ал бұйрыктарына қарсы  шыққан пенде  күнэ- 
һар болады. Алла Тағала эу баста күнаһар жэне салиқалы 
кұл  болудың  жолдарын  осылай  тағайындап  белгілеген. 
Сондықган кімде-кім осы екі жолдың қайсысын үстанса, 
жазылған нэтижесіне жетеді. Міне, осы қүлдын қалауына 
қарай таңдалған нэтиженің Алла Тағала тарапынан эу ба- 
стан білінуіне «тағдыр» делінсе, білінген нэрсенің уақыты 
жеткен мезетте Алла Тағаланың кұдіретімен жүзеге асуы- 
на «цаза» делінеді.
Жоғарыда  ¥ л ы   Жаратушымыз  эзэли  ілімі  арқылы 
біздің  мына  дүниеде  не  істейтінімізді  біліп,  білгенін 
тағдыр  етіп  «Лэухул-Махфузга»  жазған  дедік.  Демек, 
біз  бұл  дуниедегі  барлық  істерімізді  Алла  Тағала  алдын
”   Фуссилат сүресі/46
186

ИМ АНИ 
Г У Л
ала  білгені  үшін  істемейміз,  керісінше,  Алла  Тағала  не 
істейтінімізді  білгені  үшін  тағдырға  жазған.  Яғни,  Алла 
Тағаланың біздін  істейтін ісімізді  алдын ала  білуі -  бізді 
сол істі  істеуге мэжбүр етпейді.
Мысалы,  біз  күннің  шығу  сағатын  астрономия 
ғылымы  арқылы  алдын  ала  біліп,  күнтізбеге  жазып 
қоямыз.  Уакыты  жегкен  мезетте,  дэл  сол  минутта  күн 
шығады.  Ал  енді  осы  күннің  шығуы  біздің  алдын  ала 
есептеп  білгеніміз  үшін  жүзеге  асты  ма?  Жоқ,  элде  сол 
уақытта шығатын болганы үшін біз білеміз бе?
Тагдырды сылтау ету дүрыс па?
Кейбір адамдар өз ерік, дербес таңдауларымен істеген 
күнэларынан  «тагдырымда  осылай  жазылып  қойса, 
цайтем?! Немесе тагдырымда  гибадат жасау болганда 
гибадат  етер  едім»  деп,  тағдырды  сылтау  етіп  ақталып 
жатады.  Тағдырымен осылай  акталып,  эрбір  жаман ісіне 
жазмышты  сылтау  еткен  элгі  адамдар  өздерінің  өмірде 
Колы  жеткен  кейбір  жетістіктерімен  «Мен  істедім,  мен 
жасадым»  деп  көкірегін  кағып  мақтанып  жатады.  Ал, 
енді  эрбір  ісін тағдырда жазылғаны үшін жүзеге  асырып 
жатса,  бүл  мактануларын,  павдануларын  калай  түсінуге 
болады?  Тіпті,  баска  бір  адам  үйіне  кіріп  мал-мүлкін 
үрлап кетсе,  сот алдында «Бұл байгүс тагдырында ұрлау 
болган соң мәжбүрлікпен үрлаған гой», -  деп ұрыны ақтау
-  элгі эрбір жаман ісін тагдырға сілтеушінің үш үйыктаса 
түсіне  де  кірмейді.  Тағдырды  себепші  етіп  көрсеткен 
ешбір  адам  кішкентай  баласын  қылқындырып  өлтірейін 
Деп жатқан адамды көріп:  «Бүл кісінің тагдырында меніц 
баламды  өлтіру  жазылган  екен,  цаласа  да,  цаламаса  да 
баламды  өлтіреді» деп баласын айналып өте шықпайды. 
Демек,  мұның  бэрі  ғибадаттан  кашу  үшін  көрсетілген 
арзан  сылтау  мен  күнэлардан  оп-онай  акталу үшін  шай-
187

И М АНИГҮЛ
тан  «ұстаздыц»  үйреткен  қисық  жолы  ғана.  Әйтпесе, 
тағдырдың  жазмышына  мэжбүр  болғандықган  емес. 
Өйткені  адам  эрбір  ісін  өз  қалауымен  істейді.  Жэне 
ертең  тағдырында  не  бар  екенінің  ол  үшін  көмескі, 
беймэлім  екенін  ескерсек,  «Тагдырымда болса цайтем?» 
деу -   іші  қуыс  салмақсыз  әшейін  сылдыр  сөз  ғана.  Егер 
адамдардың  бэрі  эрбір  істерін  ежелден  Алла  Тағала  та- 
рапынан  жазылған  тағдырларына  мэжбүр  болғандықтан 
аткаратын  болса,  ¥ л ы   Жаратушымыздың  пенделеріне 
пайғамбар  жіберіп,  кітап түсіруінің,  адамдарды тозақпен 
ескертіп,  жәннатпен  сүйіншілеуінің  ешқандай  мағынасы 
қалмас еді.
Тағдырдан тагдырга қашып барамын...
Бір кездері Омар (р.а.) Мәдина қаласындағы бірнеше 
сахабаны  жанына  ертіп  Шамды  бақылап,  тексеру  үшін 
жолға шығады. Шамның сол кездегі бастығы Әбу Убэйда 
ибну  Жәррах  Омар  (р.а.)  мен  жанындағы  жолдастарын 
каланың  сыртынан  күтіп  алады.  Әбу  Убэйда  Омарға 
(р.а.)  Шамда  оба  ауруының  етек  алғанын  жеткізеді.  Ха- 
барды  естір-естімес хазреті  Омар  жанындағы  сахабапар- 
мен  ақылдасады.  Сахабалардың  кейбіреуі:  «Осы  жер- 
ге  дейін  келдік  қой,  Аллага  тәуекел  етіп  қалага  кіріп, 
ж  ум ысъшъиды  бітіріп кетейік»,
 
-  десе,  енді  біреулері: 
«Кері қайтайық», - деген ойларын ортаға салады. Хазіреті 
Омар да осы кері қайтайық деушілерге  қосьшады.  Сонда 
Әбу Убэйда:
-   Уа,  Омар  Алланың  тағдырынан  қашқаньщ  ба?- 
дейді.
Омар (р.а.):
-  
«Брг  сөзді  сенен  басқа  біреу  айтқапда  гой!  Из, 
Әбу  Убайда,  Мен  Алланыц  тагдырынан  оньің  басқа
188

И М А Н И ГҮЛ
dip  тагдырына  қашып  бара  жатырмын»,
 
-  деп  жауап 
катадьт. Сосын түсінікті етіп ойын ашпак ниетпен:
-   Уа,  Әбу  Убэйда,  сенің түйелеріц  бар  делік.  Мына 
жердің бір жағы жасыл-желек, балғын шөп, ал екінші жағы 
кұрғақ,  сусыз  тап-тақыр  жер делік.  Сен егер  түйелеріңді 
жасыл желек, балғын шепке жайсаң Алланың тағдырымен 
жайған  боласың.  Ал  егер,  керісінше,  кұрғак  жерге  жаяр 
болсаң Алланың тагдырымен жайған болмайсың ба?
Бұл  эңгімеге  кейіннен  қосылған  Абдуррахман  ибн 
Ауф былай дейді:
-   Уа,  Омар,  менің  бүл  турасында  мағлұматым  бар. 
Бұл мәселеге байланысты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) мы- 
нандай хадис естідім. Пайғамбарымыз былай деді:
«Бір  жерде  оба  ауруының  бар  екенінен  хабар- 
дар  болсаңдар,  ол жерге  бармаңдар,  ал  егер  сол  жерде 
болсаңдар сыртқа шықпаңдар».
Омар  (р.а.)  бұп  хадисті  естігеннен  кейін  каггы 
қуанады,  Пікірінің  дұрыс  шыкқаны  үшін  Алла  Тағалаға 
шүкір етеді.
Тэуекел
Тэуекел  сөзі  «сенім  арту,  істі біреуге тапсыру» де­
ген  мағыналарды  білдіреді.  Ал  шариғаттағы  терминдік 
мағынасы:  «Белгілі бір мацсатца,  нәтижеге цол жеткізу 
үшін  цажетті  заттьщ  және  рухани  барлың  себеп- 
сапдарларды орындаганнан кейін пәтижесін Аллага тап­
сыру,  күту» дегенге саяды.
Мысалы,  диқан  уакыты  келгенде  жерін  жыр- 
тып,  іұқьтмын  сеуіп,  сосын  суарып,  содан  сон  арам 
шөптерін  жұлып,  қажет  болса  түбін  қопсытып,  керекті 
тыңайтқыш  дэрілерін  шашканнаи  кейін  жаксы  өнім 
беруін  Үлы  Жаратушыдан  тілеп,  еңбегінің  нэтижесін 
Одан  күтуі,  кұдіретіне  сенім  артып,  тапсыруы  Ислам
189

ИМЛНИГҮЛ
кұптаган тэуекелге жатады. Бүлардың ешқайсысын орын- 
дамай  жатып  «тагдырымда  не  болса,  сол  болады»  деп 
кол  кусырып  қарап  жату  -   тэуекел  емес,  жалқаультқтың 
дэл  өзі.  «Атыңды  арцандап,  тұсаулаганнан  кейін  гана 
Жаратцата тэуекел  ет»  деген  атам  казақтың мақалы -  
дэл Исламдағы осы тэуекел түсінігіне сай айтылған. Тіші 
бүл мақал пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінен алынған.
Тэуекел  .-   мұсылмандардың  тағдырға  деген  бекем 
сенімдерінің табиғи нәтижесі.  Тэуекел  еткен адам -  ¥лы  
Жаратушысына ешбір шартсыз бас иіп, тағдырына, өзіне 
берілген үлесіне риза болған иманды жан. Тағдырға иман 
етіп,  тэуекелге  бел  байлау  -   жалкаулық  етіп,  ай  карап, 
жүлдыз  санау  емес,  керісінше,  бар  күшіңді  салып,  бар 
мүмкіншіліктеріңді  қолданғаннан  кейін  нәтижесін  Жара- 
тушыдан күту. Себебі, Алла Тағала әрбір істің нәтижесіне 
жету  үшін  белгілі  себептер  мен  зандар  жаратқан.  Яғни, 
бидай  екпей,  егін  өспейді,  ауру  емделмей,  жазылмайды. 
Игі  істер  істеп,  күнэлардан аулақ болмайынша,  Алланың 
ризашылығы да болмайды, жэннат та қашық. Олай болса, 
тэуекел -  еңбек етіп, тер төгіп,  барлық керекті себептерді 
орындаганнан 
кейін 
нәтижесін 
Аллаға 
тапсырып, 
Жаратқанның берген үлесіне риза болу, бас ию.
АллаТағалаҚүранда:«...Ш еш іміңдіқабылдағаннан 
кейін  А ллаға  тәуекел  ет.  Е ш   күмәнсіз  А лла  Тағала 
тәуекел  еткендерді  ж ақсы   кореді»,  -  деп  мүминдердің 
басқа біреуге емес, тек Өзіне ғана сенім артып, бас июлерін 
бүйырады.
Р ы з ы қ
Рызық  сөздікте:  «Азық,  жейтін,  ішетін,  жал- 
пы  пайдалапатын  нэрсе»  деген  мағыналарды  білдірсе, 
шариғаттық терминде:  ¥ лы   Жаратушының  жан иелеріне 
жеп-ішу, пайдалану үшін берген несібеге айтылады.
190

ИМ АНИГҮЛ
Барлық  жан  иелерінің  рызығын  беруші  тек  қана 
Алла  Тағала.  Кұранда:  «Жер  басып  жүретін  барлы к 
ж ан  иелерінін  ры зы ғы н  беру тек кана Алла Т ағалаға 
тән»100.
«...Қ алаған  ж ан  иесініц  ры зы ғы н  кеңейтіп, 
к ал ағаи ік ін   тары лтад ы »101  -  деп  барлық жан  иелерінің 
мол, яки  аз  етіп рызығын беруші шексіз қүдірет иесі тек 
Алла Тағала екенін білдіреді.
Біз қолымыздан келгенше еңбек етіп, рызык табу үшін 
Алла тарапьшан қойылған барлық заңдар мен себептерді 
орындаймыз.  Сосын,  Алланың  нәсіп  еткен  азды-көпті 
тағдырымызға жазьшған рызығымызға кол жеткіземіз.
Адал рызьпсгың себептерін орындаған адамға -  адал, 
ал  харам  рызықтың  себептерін  орындағанға  -   харам 
рызық беріледі.  Адал рызык тапқан  күл  сауапқа кенелсе, 
хараммен қорекгенген құл күнэға белшесінен батады.
Еңбек  етіп,  тер  төкпей  жатып  тағдырды  сылтау  ету 
дүрыс  емес.  Алла  құлдарының  кейбіреулеріне  рызық- 
нэсібесін  көп  етіп  берсе,  енді  біреулеріне  аз  береді. 
Бір  адамның  бай  болуы  -   Алланың  ол  күлын  жақсы 
көретіндігінің  немесе  кедей  болуы  -   жек  көретіндігінің 
белгісі  емес.  Оның  берген  байлығы  да,  кедейлігі  де 
Қүлдарына берілген сын.
Еңбек 
еткен  ешбір  қулын  Алла  Тағала  аш 
қалдырмайды.  Бүл  дүниеде  эркім  өзіне  тағайындалған 
рьізығын  жейді.  Ешкім  ешкімнін  рызығына  аузын  сала 
алмасы анық.
Т ағд ы р д ағы  эділдік
Мұса  (алейһиссәлам)  бір  күні  «Уа,  Раббьш,  маган 
әділдігіңді  көрсетші»  деп  өтініш  жасаған  екен.  Алла
100 һ у д  сүресі/6.
101 Ш ура сүресі/12.
191

ИМАНИ ГҮЛ
Тағала Мұса алейһиссәламға:  « Б ү л аққ а м аң ы н а барып, 
онда  болып  ж атқан   б ар л ы қ   оқ и ғаларды   қадағалап, 
бақы ла»,  -  деп  уахи  етеді.  Муса  (алейһиссэлам) 
Раббысының  айтқанын  бүлжытпай  орындап  бүлақтың 
маңына барып тасаланып қалады.
Бұлақтың басына бір аггы адам келіп атын суарып жа- 
тып,  қалтасындағы  алтынын  түсіріп  алады.  Алтынының 
түсіп  қалғанынан  бейхабар  бұл  адам  артына  карамастан 
жөніне кете барады. Ол кете саяысымен, бір кішкене бала 
бүлақтың басында жатқан алтынды кере сала дереу алады 
да  қойнына  тыққан  күйде  қ а т а   жөнеледі.  Бала  кете  са- 
лысымен,  бұлақтьщ  басына  бір  соқыр  адам  келеді.  Осы 
мезетте әлгі алтынын түсіріп алған атгы адам жоғын іздеп 
кайта  келіп  қалады.  Атты  адам  соқыр  адамға:  «Алты- 
нымды цайтар, сенен басқа бул жерге ешкім келген жоң, 
алтынды  сен  алдыц»,  -  деп  жағасына жабысады.  Соқыр 
адам:  «Мен алган жоңпын»,  - деп қанша ақталса да, атты 
адам сенбейді. Сөйтіп, атгы адам соқыр адамды сол жерде 
мерт  етеді.  Муса  алайһиссәлам  бір 
Караганда 
зүлымдык 
сияқты  көрінген  бүл  оқиғалардьщ  мән-мағынасын  Алла 
Тағаладан  сұраііды.  Сонда  Алла  Тағала:  «А тты  адам 
бүрыіі  баланы ң әкесінін ал ты н ы н   ур.іаган еді. Б һ  сол 
алты н ды   балаға  мүрагер  етіп  қай тар д ы қ.  Ал  анау 
сокыр  адам  баяғы да  атты   адам пы ң   әкесін  өлтірген 
еді.  Енді,  міне,  атты   адам ға  соқы рдан  әкесінің  өшін 
әпердік».
Ажал
Ажал  сөзі  -   «уаңыт,  мезет»  жэне  «алдын-ала 
белгіленген  уақыт» 
деген 
мағыналарды 
білдіреді. 
Шариғатгағы  терминде  -   адам  баласы  жэне  баска  жан 
иелері  үшін  белгіленген  өмірдің  бітуіне,  яғни,  өлім 
уақытына айтылады.
192

И М АН ИГҮ Л
Әрбір адамның өзіндік ажалы бар. Алла Тағала эрбір 
адамға  белгілі  бір  уақытқа  дейін  өмір  сыйлаған.  Ажал 
деп  осы  белгіленген  уақыггың  бітуін  айтамыз.  Құранда: 
«А ралары цда  өлімді  біз  белгілеп,  тағайы ндады қ...»102
-  делінеді.
Эр  пенде  ¥лы   Жаратушымыз  тарапынан  алдын  ала 
тағайындалып,  белгіленген  ажалынан  бір  мезет  бұрын 
яки  кейін  қалмай,  дәл  уақытында  өліммен  қауышады. 
«Мунафиқун»  сүресінде  былай  делінеді:  «Ажалы  келіп 
ж еткен ешбір  адамды Алла Тағала (ажалынан)  мулде 
кеш іктірмейді»103
Ажалдың  уақыты  ешбір  себеппен  өзгермейді. 
Пайғамбарымыздың  «Туысқиндарінен  жақсы  қарым- 
қатынаста  болу  -   өмірді  рартады»  мағынасындағы 
хадисіне Ислам ғүламалары екі түрлі тұсінік береді.
1. 
Ғүмыры  мол  сауап,  қайырлы  амалдармен 
берекеттеніп,  аз  уақытта  бейне  бір  көп  уакыт  өмір 
сүргендей болады.
2.  Алла  Тағала  мүндай  кұлдарыныц  жақсылық  жа- 
сайтынын  алдын  ала  әззли  ілімімен  білгендігі  ушін  сш 
күлының өмірін эу баста ұзақ етіп тағдырына жазған.
С үрақ:
Әрбір  адамның  ажалы  алдын-ала  тағдырында 
белгіленген. Ал енді осы ажалы жеткен адамды өлтіргеннің 
күнәсі не? Бэрібір сол уақытта өлетін еді ғой.
Тағдыр  себеп пен  оның нәтижесіне  біртұтас  карай- 
ды.  Яғни,  Алланьщ  эзэли  ілімінде  эр  адамнын  ажалы 
мен ажалына себеп болар іс-кимылдың кай уакытта, кай 
жерде  жүзеге  асатыны  алдын  ала  белгілі  болғандықтан 
тағдырга  солай  жазылған.  Өлген  адамның  өлім  уакыты
102  Уакиға суресі/60.
103 Мунафиқун/11.
193

ИМАНИ ГҮЛ
ғана емес,  онымен  бірге  оның  еліміне  себеп  болатын  іс- 
әрекет те алдын ала білінгендіктен, себеп-нәтиже тағдырға 
бірге жазылған. Өлген адамды ол адам өлтірмегенде, онын 
өлімі немен жүзеге асатыны бізге беймәлім. Мысалы, жол 
апатынан болды дейік. Онда оның тағдырына ажалы «жол 
апатынан болады», деп жазылар еді.
Демек, 
оны 
өлтірген 
адам 
өз 
қалауы  мен 
өлтіргендіктен ақыретте жауапқа тартылады.
Тағдырға байланысты тартысуға 
неліктен гыйым салынған?
Бірде  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  тағдырға  байланысты 
сөз  таластырып  отырған  сахабаларын  көріп:  «Сендер- 
ге осыларды  істеу эмір етілді ме? Жоқ,  ялде Мен  сен- 
дерге  осы  ушін  жіберілдім  бе?  Сендерден  бурынгылар 
(адамдар)  осы  тақырыпта  тартысқандықтан  қүрып 
кеткен», - деп тағдыр турасында тартысудың дұрыс емес 
екенін білдірген.
Пайғамбарымыздын  тағдырға  байланысты  қажетсіз 
сөз  таластыруды тыюының хикметін  былай деп  түсінуге 
болады.
1. 
Адамның  өз  қалауымен  болатын жэне  қалауынын 
тысында  болатын  тағдыры  бар.  Қалауынан  тыс  болатын 
тағдырдың  себептері  мен  хикметтері  бізге  беймэлім. 
«Ацыл  жаратылган,  жаратушыны  толъщ  түсіне  ал- 
майды»  демекші,  ақылымыз  қалауымыздан  тыс  болатын 
тағдырдың себептері мен хикметгерін және сырын толык 
шеше  алмайды.  Адамның  туылған  жылы,  эке-шешесінің 
кім  болуы,  ұлты,  жынысы  жэне  калауынан  тыс  болатын 
аурулар  мен  пэлекеттердің  хикметтері  мен  сырларын, 
себептерін  түсіну  үшін  өзімізді  кинау,  бір-бірімізбен 
сөз  таластыру  түбі  жоқ  түңғиыкка  батумен  бірдей.
194

ИМАНИ ГҮЛ
Пайғамбарымыздың  тыйған  тартыс  мәселесі  тагдырдың 
осы екінші түріне байланысты болуы мүмкін.
2. 
Адам  баласы  жалпы  тағдырды  толық  эрі  дэл 
түсіне  алмайды.  Өйткені  тағдыр  тақырыбы  -   өте  киын 
эрі күрделі мәселе.  Сондықтан эрбір мүсылман тағдырға 
байланысты  мэселелерді  дін  мамандарынан  сүрап,  осы 
такырыпқа байланысты жазылған кітаптарды оқып түсіне 
алғанынша  түсініп,  ал  түсінбей  ақыл  жеткізе  алмаған 
мэселелерін  Алланын  шексіз  ілімі  мен  эділдігіне  тапсы- 
рып, адамдармен бос дау-дамайға кірмегені жөн. Алла ең 
дүрысын біледі.

ТАҒДЫРҒА ИМАН КЕЛТІРУДІҢ 
ПАЙДАЛАРЫ
Т а ғд ы р ға  и м а н  ад ам д ы  ж ау ап сы зд ы қ  пен 
панданудан  с а қ т а й д ы .
Адам  табиғатында  өз  кателігін  мойындамай, 
екінші  біреуге  сілтеу  немесе  тағдырға  жала  жа- 
уып,  жауапкершіліктен  кашу  бар.  Әрдайым  жасаған 
күнэларына  әр  түрлі  сылтау  күрастырыи,  бас  сауғалап 
қашып  кетер  жол  іздейді.  Міне,  осы  өз  ерік-қалауымен 
жасаған  күнэларын  тағдырға  жауып,  жауапкершіліктен 
қашкысы  келетін  адамньщ  алдына  Алла  Тағала  тара­
пынан  берілген  «дербес  ерік-цалауы»  шығып,  «Қайда 
барасы ң? Сен істеген әрбір ісіңді өз ерік-қалауы ңм ен 
атқарды ң.  С онд ы қтан   к ү и әлары н а  тағд ы р д ы   сы л­
тау  ете  алмайсы ң»,-деп  тозақтьщ  қызыл  отын  көзіне 
елестетіп, жауапкершілігін есіне салады.
Сондай-ак, 
адам 
табиғатында 
қолы 
жеткен 
жетістіктерменмақтанып,паңцануытағыбар.Күнәларынан 
акгалып, тағдырды сылтау  еткен элгі адам істеген кейбір 
жаксылықтары  мен  колы  жеткен  бэзбір  жетістіктерін 
келденеңдетіп: 
«Мен  істедім,  мен  бүйттім,  меи 
сөйттім» деп, дем арасында өзгеріп, күбідей ісініп шыға 
келеді.  Менмендігі  бара-бара  ұлғайып,  тэкаппарлыққа 
айналып,  ақыры  эрбір  ісін  жаратқан  ¥ л ы   Жаратушысын 
ұмыт қалдырып, кердең басып, айналасындагы адамдарға 
мысқылдай карап, жеңінің үшымен сәлем береді.
Осындай  нәпсісіне  адамдық  тізгінін  ұстатып, 
тәкаппарлыққа, 
менмендікке 
күл 
болып, 
мүрнын 
шүйіргісі  келетін  пенденің  алдына  «тагдыр»  шығып:
196

ИМАНИ ГҮЛ
«Сенің м ақтаиуға, паңдануға ешбір яқы н жоқ. Б ар л ы қ  
ж а қ с ы л ы қ қ а  апарар жолды көрсетіп, ниетіңе жеткізіп 
сәтін салған, ізгілікті жаратып, жетістікті  нәсіп  еткен 
А лла  емес  пе?»,  - деп  күлдыц шамасын  көзіне  көрсетіп, 
« тәкапп арлы қтан  аулақ бол!» дейді.
Иэ,  адамның  қолы  жеткен  жетістікгері  мен  жасаған 
игідіктеріне  иелік  етуге  еш  акысы  жоқ.  Себебі,  эрбір 
жақсы істің жасалуын Алла Тағала каламаса калай жүзеге 
асар еді? Құлдың ниет етіп, істегісі келген ізгі ісіне «жоқ» 
деп  ¥ л ы   Жаратушысы  тоскауыл койса,  құлдын  қолынан 
не  келер?  Адамга  істің жақсысын  ажырата  білетін  ақыл 
сыйлаған,  қабілет берген,  оның жасауға ниет еткен  эрбір 
ісін жүзеге асырған ¥лы  Иесі  емес пе?!  Иэ, жақсылықты 
калаған -  біз, ал оны жаратқан -  Алла Тағала.
Жақсылық атаулыны жүзеге асырудағы адамның алар 
еншісі  лифтің  ішіндегі  түймені  басуындай-ак.  Мысалы, 
лифтпен  жоғары  қабатқа  шығуды  қалап,  саусағыңыздьщ 
ұшымен  түймені  басасыз,  сөйтіп,  лифт  сізді  қалаған 
қабатыңызға  шығарады.  Шыққаннан  кейін  «лифтіні 
жоғарыға мен шығардым» деп, мақтана алмайсыз. Өйткені 
сіз лифтіні емес, лифт сізді шығарды.
Таразыньщ  екі  басын  тен  ұстап,  астамшьшық  пен 
ЩҚсандықтан  бойын  аулак  ұстаған  тақуа  жан  барлық 
істеген  күнэлары  үшін  «нәпсімді  тыңдап,  шайтанныц 
арбауына  алданып,  жаманшылыцты  таңдаган,  цалаган 
менмін, олай болса өзім ктәлімін» деп ¥лы  Иесінен істеген 
күнәларының кешірілуін тілесе, қолы жеткен жетістіктері 
Үшін «Алла Тагалам мүны нәсіп еткен  Сенсіц,  сәттілігін 
салган  тагы  Өзщсіц!»  деп,  жақсылықгың  шынайы  иесі 
Алла  Тағалаға  рахметін  білдіріп,  өзінің  борыштарлы- 
ғьін  сезінеді.  Мұндай  тақуа  жанның  жадында  эрдайым: 
« С аған келген барлы қ ж аксы лы к Алладан, ал басьщ а
197

ИМ АНИГҮЛ
келген барлы қ ж ам ан д ы қ нзпсіңнен»1"4, - деген касиетгі 
аят жаңғырып тұрады.
Б а с ы н а  қ и ы н ш ы л ы қ  түскен  ж ан 
т а ғд ы р д а н  ж у б ан ы ш  таб ад ы .
Тағдырға иман етіп, әрбір істің Алланың рүқсатынсыз 
іске  аспайтынына  жүрекпен  сенген  кез  келген  адам  ба­
сына  келген  киыншылыктар  мен  пэлекеттердің  әсерінен 
өз-өзін  жеп,  іштей  тынып,  үмітсіздікке  бас  имейді.  ¥лы 
Жаратушысының қүлын жақсылықпен де, қиыншылықпен 
де  сынайтынын  білгендіктен:  «Алла  Тагалам,  магап  са­
быр  бер!  Сауабыңа  кепелейін»  деп,  келешекке  деген 
үмітін  қанат  етіп,  қайрат-жігерін  камшылайды.  Басына 
келген  айыкпас  ауруга:  «сау  болганда  бәлкш Аллаға  де­
ген  мұцтаждыгьшды  үмытып,  зр  түрлі  күнәга  батар 
ма  едім?  Бәлкт,  Алла  маган  сауап  жинаудың,  Өзіне 
жацындаудың жолын осылай берген шыгар. Еидеше, ауру- 
ларым кунәларыма кәффарат болар» деп, сынык көніліне 
медет  табады.  Мал-мүлкін  жогалтып  алса,  яки  баска 
біреудің  қолында  кетсе:  «Алла  Тагала меніц  тагдырыма 
жазбаган  гой,  бүйырмаган  екен,  барлъщ  мал-мүліктің 
шынайы иесі -   ¥лы Жаратушым Сен өзіңсің,  цалаганыңа 
бересің, қалаганыңнан аласың» деп, ¥ л ы  Иесінің алдында 
басын барынша иіп, эр нәрсенің Оның қалауымен гана бо- 
латынын жадында тагы бір рет жаңғыртып, түгесілмес са- 
уабы мен жәннаттагы мэңгілік сый-сияпатынан үміт етеді. 
Себебі, сабыр  сактап, шүкір еткен құлдың мына дүниеде 
жогалған пэни мал-мүлкі ақыретте мэнгілік мал-мүлікіне 
айналып, жаннат төрінен менмүндалап тұрады.
Жобасын  жасап,  жеті  рет  өлшеп,  бір  рет  кескен 
ойындағы  ісі,  армандаған  мақсаты  орындалмай  қалса,
104 Ниса сүресі/79.
198

ИМ АНИГҮЛ
«қайырлысы болсын» деп, сабыр танытады.  Ал тағдырға 
иманнан нәсібін ала алмаған байғүс жандар басына түскен 
жоғарыда  айтылған  қиыншылықтар  мен  пәлекеттерге: 
«Неге бүлай болды, қап, эттеген-ай», -  деп санын сабалап, 
айналасынан кінэлі  пенделерді іздеп, басын тастан-тасқа 
ұрып,  өмірден  түңіліп,  үмітсіздіктің  қараңғы  әлемінде 
түншығып жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет