История полиэтнических отношений Северо-Казахстанского региона в рамках изучения казахстанской модели национального единства Абжанов Руслан Маратович


Ұлттық бірліктің қазақстандық моделін зерттеу аясындағы Солтүстік Қазақстан өңірінің өзара полиэтникалық қатынастар тарихы



бет2/3
Дата15.11.2023
өлшемі24,44 Kb.
#123661
1   2   3
Ұлттық бірліктің қазақстандық моделін зерттеу аясындағы Солтүстік Қазақстан өңірінің өзара полиэтникалық қатынастар тарихы
Абжанов Руслан Маратович
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің магистранты,
Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.
E-mail: ruslan.abzhanov1987@mail.ru
Бексейітова Ақбота Дастанбекқызы. Ғылыми дәрежесі: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі.E-mail.ru: bekseit.at@mail.ru
Аңдатпа: Бұл ғылыми мақала ХVIII-XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның cолтүстік өңріндегі өзара этномәдени үдерістер тарихы мен этнодемографиялық қатынастардың ерекшелігін ұлттық бірегейліктің қазақстандық моделін зерттеу аясында зерделеуге арналады. Аталмыш мақалада автор өзара этномәдени байланыс эволюциясы мен өзіндік шынайы бейнесін тарихи ретроспектива тұсынан көрсетуге ұмтылыс жасайды.Негізгі екпін әртүрлі кезеңдерде қоныс аударып келген түрлі этностар мен автохтонды қазақ халқының өзара қарым-қатынасына жасалады.Соның ішінде автор қоныс аударған халықтар мен жергілікті қазақ халқы арасындағы өзара этномәдени байланыстар процесіне талдау жасалып, өңірдегі қарама-қайшылыққа дейінгі, содан кеінгі кеңес заманы кезеңіндегі күштеп ұжымдастыру, индустриализациялау мен модернизациялау уақытындағы соғысқа дейінгі урбнизацияға әсер еткен этнодемографиялық өзгерістер процесі, халықтарды күштеп депортациялаудың салдары қарастырылады.
Ұлттық бірліктің қазақстандық моделін зерттеу аясындағы Солтүстік Қазақстан өңірінің өзара полиэтникалық қатынастар тарихы

Мемлекетіміздің дербес тәуелсіздігі жариялаған сәтінен бастап, еліміздің саяси-экономикалық әлеуеті бірте-бірте жедел қарқынмен дами бастады. Қазіргі әлемдік сахнада мемлекетіміз жеткілікті табысты елдердің бірі ретінде қарастырылады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде біздің еліміз тұрақты саяси жүйеге, қоғамдық тұрақтылық пен жоғары халықаралық беделге қол жеткізді.


Республикамыздың экономикасы тұрақты дамып келе жатқан және ішкі этносаралық қатынастары тұрақты елге айналған болатын. Осының барлығы тиімді экономикасы бар демократиялық мемлекетке ұмтылған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дұрыс бағытталған саясатының нәтижесі болып табылады. [1].
Осындай табысты дамудың ең басты себептерінің бірі, ол – еліміздегі тұрып жатқан түрлі этносаралық қатынастарды реттеудің дұрыс саясатын ұстану болып табылады.
Әлемдік қақтығыстар мен табиғи катаклизмдер, оның ішінде этникалық негіздегі түрлі қарама-қайшы қақтығыстар дәуірінде Қазақстан дінаралық және этносаралық қатынастар жүйесіндегі тұрақтылықтың мызғымас үлгісі болып табылады.
Еліміздегі көпвекторлы этносаралық саясатты жүргізу бойынша аса үлкен жұмысты жүзеге асыратын бірегей еңбегі зор институт – ол Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Республикамызда халық саны 18 миллионнан
Астам болса, 130-дан астам түрлі этностық топтар мен 17 конфессиялардың өкілді өзара келісімде өмір сүреді.[2].
Бүгінгі таңда этносаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделі әлемнің беделді келісім алаңдарында еліміздің визит карточкасына айналған болатын.Дегенмен, елімізде көптеген этностық халықтың қалыптасу тарихын, сонымен қатар этномәдени өзара іс-қимылдың ерекшелігін зерттеу өзекті мәселе болып қала береді.Этномәдени өзара іс-қимыл байланысы іс жүзінде барша әлем халқтарының тарихи дамуының ажырамас бөлігі болып табылады.Яғни, бұл оның сапасы мен даму қарқынын анықтайды. .
Тарихтан халықтардың оқшау өмір сүруге тырысқаны туралы көптеген мысалдар баршамызға мәлім.Бұл оларды одан әрі даму мүмкіндігінен айырып, ақыр соңында басқа елдер мен халықтардың артта қалуына әкелген болатын.Еліміз әрқашан мәдениетаралық келісімге ашық жолмен жүріп, дамып отыр.Әртүрлі этностармен қатар тату-тәтті өмір сүруінің бірнеше ғасыры ішінде өзара этносаралық іс-әрекеті қимылының бай тәжірибесі жинақталған болатын.[5].
Әртүрлі этностардың қатар өмір сүруінің бірнеше ғасыры шенінде этносаралық өзара іс-қимылдың бай тәжірибесі жинақталған болатын.Қазіргі уақытта елімізде этномәдени әр түрлілікті сақтау, жаһандануға байланысты сырты үрдістердің әсері, сондай сияқты одан әрі даму болашақ нәтижелері осы тәжірибені есепке алу мен пайымдаудың орындылығын талап етеді.
Этномәдени өзара іс-қимыл әрекеті сөзсіз құнды тарихи мұра болып саналады.Оның білімі азаматтарға өзара тиімді ынтымақтастық пен толеранттылық дәстүрлеріне жүгінуге, елімізде тұрып жатқан этностардың бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып, орныққан өзара іс-қимылына сүйенуге мүмкіндік береді.Сонымен қоса, этносаралық іс-қимылдың тарихи тәжірибесіне сүйену, ол біздің пайымдауымызша, мәдениетаралық диалог пен
этносаяси тұрақтылықты дамыту үшін маңызды базистік шарттардың бірі – өзара тиімді интеграция факторларын анықтауға өз септігін тигізе алады.
Зерттеудің өзектілігі этникалық тарихтың өңірлік әдіс-тәсілімен де байланысты болып келеді.Солтүстік Қазақстан өңірі республикалық және жалпы одақтық маңызы бар жетекші орынды аграрлық-шикізат аймақтарының бірі болды. Патша Үкіметінің отарлау саясаты, революцияға дейінгі кезеңдегі қоныс аудару қозғалысы, сонымен қатар азаматтық соғыс, 1920-1930 жылдардың басындағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін, сондай-ақ депортация кезеңіндегі урбандалудың жеткілікті биік қарқыны ел халқының даму серпіні мен этникалық құрамына зор әсер етті.Дәл сол уақытта халықтың күрделі әлеуметтік-демографиялық құрылымы қалыптасып, Қазақстанның солтүстік аймағы полимәдени және полиэтникалық өңірге айналған болатын. [6].
Солтүстік Қазақстан аумағы Дала мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығы арасындағы шекаралық позицияны алатын көптеген этникалық топтардың белсенді байланыс аймағына айналды.Көбінесе, түркі және славян этносы тарихи тағдырының тығыз тоғысуы орын алды. Бұл өзара әрекеттесудің бір жарым мың жыл тарихы мен түрлі мақсатты бағыттары орын алды.Түркі халықтарының батыс көші-қонынан айырмашылығы, славян халықтарының шығысқа таралуы XVIII ғасырдың басынан бастап басқа да саяси және шаруашылық себептер нәтижесінде белсенді басталды. Бұл біздің солтүстік көршіміз Ресейдің империялық ұмтылыстары негізінде казак әскерлерінің отарлауымен тығыз байланысты болды.
Экономика саласындағы этносаралық өзара іс-қимыл мәдени және тұрмыстық қызметке әсер ете қоймады.Бұл туралы танымал тюрколог В.В.Радлов ұлттық киім элементтерін, тамақтануды, тұрғын үй мен ыдыс аяқтарды т.б. негізге алудың көптеген мысалдарын келтірген. Әрбір байланыста болған этникалық топ қуатты аккультурациялық үрдістерді бастан өткеріп, өзінің этникалық орнын сақтап қалды.
Қазақтар патшалық ассимиляциялау мен орыстандыру отаршылдық саясатына қатты қарсылық көрсетті. ХІХ ғасырдың 30-шы жылдары қазақтың қозған, айдабол, қаржас және т.б. рулары Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысты. [4].
Өлкені қоныс аударушылардың қоныстану ұзақтығы мен этникалық өзара әрекеттесу үрдістерді зерттеуде үлкен қиындықтар туғызатынын мойындау керек. Әр кезең белгілі аймақ дамуындағы өзара этникалық әрекеттесу үрдісіне өз ізін қалдырды.Мәдениетаралық қарым-қатынас үрдістері анағұрлым қарқынды болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында шаруалар мен мәдениетаралық қарым-қатынас үрдістері, кейін аймақты үкіметтік отарлауы анағұрлым қарқынды орын алды. Ауқымды құнарлы жер телімдерін тартып алу нәтижесінде, көшпелілердің дәстүрлі шаруашылықтан отырықшылық түріне бет бұрысы басталды.Олар күнделікті тұрмыс пен шаруашылықтың үйреншікті формасын өзгертіп, оған бейімделуге мәжбүр болды.
Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы этно-демографиялық процестерді талдау нәтижесінде индустрияландыру, Ұлы Отан соғысы, халықтарды депортациялау, кейінірек тың игеру жылдары қарама-қайшы этносаралық ахуал қалыптасты. Бір жағынан этносаралық өзара әс-қимылдың кең әлеуметтік тәжірибесі үшін аймаққа жаңа мигранттардың келуіне мүмкіндік ашылды.Екінші жағынан қоныс аударушылардың келуі аясында аймақтық социумдағы жергілікті қазақтардың үлес салмағының едәуір төмендеуі байқалды. Осы жердің байырғы этносы мен өз еркі бойынша емес келген халықтар үшін аталмыш социалистік революция сұрапыл болды. [7].
Кеңес үкіметінің еріксіз отырықшыландыру мен ұжымдастыру саясаты қазақ халқы үшін қасіретті болды.Жаппай қуғын-сүргін саясаты психологиялық шиеленісті тудырды.
Этномәдени өзара іс-қимылдың мазмұны коммунистік идеология негізінде анықталып, ұлттық қырларды жоя отырып, бірыңғай кеңес халқы ортақтығын құру болатын.Бұл, әрине, этникалық құрамды сақтау мүмкіндігін тым шектеді.
Дәл сол уақытта Солтүстік Қазақстанның өлкесі өзіне көпэтносты өңір мәртебесін бекітіп, ал оның қалалары этностардың өзара іс-қимылының бастамашысы болып, қазіргі қазақстандық қоғамға тән толеранттылықты қалыптастыру негізін қалаған болатын. [10].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет