Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психологиялық әрекеттегі рөлі Орындаған: Кертай А



бет1/3
Дата11.03.2023
өлшемі0,94 Mb.
#73323
  1   2   3
Байланысты:
263501 (1)

Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психологиялық әрекеттегі рөлі

Орындаған: Кертай А.

Кертай Н.

Топ: ППк 16-2

Қабылдаған: Қолдас Г.

Жоспар

  • Қиял туралы жалпы ұғым
  • Қиял жайында ғалымдардың түсінігі
  • Қиял түрлерi
  • Қиял бейнелерiнiң жасалу жолдары

“Жанның өзiнде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады” (М. Жұмабаев).

  • Қиял дегенiмiз сыртқы дүние заттары мен кұбылыстарының субъективтiк образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрiнетiн, тек адамға ғана тән психикалық процесс:
  • Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлi комбинацияларға түседi де, жаңа нәрселердiң бейнесi туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өңдеу процесiнде екiншi сигнал жүйесi шешушi рөль атқарады.
  • Қиялдың адам қажетiне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуi адамға ерекше қанат бiтiрiп, оның iлгерi өрлеуiне себепшi болады. Халық “Қыран жетпеген жерге қиял жетедi” деп өте тауып айтқан. Бiр кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857— 1935) космосқа ұшуды армандап едi. Космос кораблiмен аспан әлемiне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкерi Тоқтар Әубәкiровтiң және басқаларының ерлiктерi осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың iске асуы болып табылады.

Адамдардың қиялына тән кейбiр ерекшелiктердi төмендегiше топтастыруға болады:

  • Әр адамның қиял ерекшелiктерi оның жеке қызығулары мен қасиеттерiне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келедi.
  • қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшелiктерiне де, бiлiм тәжiрибесiне де байланысты.
  • қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелiгiне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрiнiп отырады. “Жаратылыстың құшағында,— деп жазады М. Жұмабаев,-меруерт себiлген көк шатырдың астында, хош иiстi жасыл кiлем үстiнде, күнмен бiрге күлiп, түнмен бiрге түнеп, желмен бiрге жүгiрiп, алдындағы малымен бiрге өрiп, сары сайран далада тұрып өсетiн қазақ баласының қиялы жүйрiк, өткiр, терең болуға тиiстi”.
  • қиял — адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын iздестiру қиялсыз мүмкiн емес.
  • адам қиялы еңбек процесiнде, iс-әрекет үстiнде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негiзгi шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, iстейтiн еңбектiң нәтижесiн күнi бұрын көре бiлу, яғни оны өңдеп, өзгертiп, елестете алу — адам қиялына тән негiзгi белгiлер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет