«Ізгі сөздер патшалығы» үйірмесінің


Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция)



бет49/49
Дата16.01.2023
өлшемі170.36 Kb.
#61481
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Вариатив.Ертегілер елінде
999999, treatise34952
Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция)

Тәрбиеші ертегі желісі бойынша балаларға сұрақтар қояды.
Тәрбиеші балалардың бүгінгі жетістігіне мақтау айтып мадақтайды.

Ертегі желісі бойынша сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ертегінің мазмұнын түсіне алады.
Түсінігі бар: Ойлау қабілеттері қалыптасқан.
Орындай алады: Сұрақтарға нақтылы жауап береді.

Күні: 25. 05. 18 Балбөбек тобыТәрбиеші: Тұрсын Г.Р
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімі : Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы : Жеті лақ ертегісін сахналау.
Мақсаты:
Білімділік: Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайту. Сахналау арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік:Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.Көркем шығарманың тәрбиелік маңызын түсіндіру
Көрнекіліктер:Ертегі кітап , ертегі кейіпкерлерінің маскасы.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Тәрбиеші балаларды шеңберге шақырып бүгінгі күнге тілектер айтуды ұсынады.

Балалар шеңберге тұрып бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу



Тәрбиеші балаларға қонаққа Айжан қуыршақ келгенін айтады.
-тәрбиеші балалар қонағымыз сендердің білімдеріңді,өнерлеріңді көргісі келеді. Біз бүгін қонағымызға ертегіні саханалап берейік. Ол үшін
Үйірме барысында балалар ертегі желісіне байланысты суреттерді орналастыруды үйренеді.
Тәрбиеші балаларға «Мен қазір ертегіні оқимын, сендер сәйкес суреттерді көтересіңдер» дейді. Оқу барысында балалар сәйкес суреттерді көрсетеді. Ертегі кейіпкерлеріне сипаттама береді.
Егер бала қателессе, тәрбиеші оқуын тоқтатып, олар мен эпизодтың мазмұнын талдайды, сәйкес суретті көрсетеді. Одан кейін тәрбиеші балалардан суреттерді ертегі желісі бойынша орналастыруларын сұрайды.
Балалар тапсырманы орындап болғаннан кейін, тәрбиеші ертегіні тағы да оқиды, балалар сәйкес суреттерді тағыда көтереді. ( және үлкендерге көрсетеді). Үйірме соңында тәрбиеші мынадай ойын ұсынады.
Ол суреттерді әдейі қате орналастырады да, балалардан «қай сурет өз орнында тұрған жоқ» - деп сұрайды. Одан кейін ойынды қиындатады.
Бір суретті алып тастап, балалардан «қай сурет жетіспей тұр?» - деп сұрайды. Бұндай тапсырмалар балалардың сюжетті ашу тізбегін және кейіпкерлерді белгілі бір белгілеріне қарай орналастыруды түсінуіне үйретеді.
Рөлдерді белгілеуде балалар кейіпкерлердің суреті бар медальдарды алады. Ертегіні қоюда аса маңыздысы, балаларды кейіпкер дауысы ырғағын дұрыс салуы. Тәрбиеші жүргізуші рөлін ойнап, ертеті мәтінін оқып, кейіпкерлерді кезекпен сахнаға шығуын қадағалау. Үйде бүкіл ертегіні көрсету қажет емес, ертегінің бір фрагментін көрсетіп шектелуге болады. Бұл жағдайда балаға бір кейіпкердің рөлі беріледі. Бұл сабақтың нәтижесінде балалардың нақты мазмұндауда сериялық іс-әрекетті қолдану шеберлігі қалыптасады.

Балалар қонақты қарсы алады.
Ертегіні сахалауға дайындалады.
Балалар ертегілерді атайды.
Балалар сәйкес суреттерді көтереді.

Бір суретті алып тастап, балалардан «қай сурет жетіспей тұр?» - деп сұрайды.


Балалар кейіпкерлердің суреті бар дөңгелек пішінге суреттер жабыстырылып, лента байланған медальдарды алады.

кезекпен сахнаға шығып рөлдерді ойнайды.



Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция)

Балаларға ертегі желісі бойынша сұрақтар қойылады.
Үздік қатысқан балалар мадақталады.

Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.



Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Ертегінің мазмұнын түсіне алады.
Түсінігі бар: Ертегі кейіпкерлері жөнінде түсініктері бар.
Орындай біледі: Ертегіні сахналай алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет