Ж-аймауъітов т уы н лы ла ры ндағы


Сондықтан  ла,  ол  бул  м әселені  қалайда  ысырып  тастауға



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата15.02.2017
өлшемі2,08 Mb.
#4149
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сондықтан  ла,  ол  бул  м әселені  қалайда  ысырып  тастауға 

тырысады.  Осынын  бәрі  жиналып,  іштегі  қатал  қазының  үнін 

үмыттырып  жібереді.

Мүқаштын  ішкі  монологы  оның  бастан  кешкен  жагдаилары 

мен  толғаныстарының,  үмытылыстарының  диалектикасы  гана 

емес,  сонымен  қатар  айып  пен  жазықсыздық  деп  аталатын  негізі 

мәселелердіц  де  диалектикасы.

«Мүқаш»  атты  м онолог-бөлім   -   кейіпкер  м інезінің 

Қсілыптасуын 



анықтап,  романның  сюжеттін  қүрайтын  оқигалар 

мен  кейіпкер  әрекеттерінің  арасындагы  байланысты  түсінуге 

көмектесетін  Мүқаштың  өткен  өміріне  жасалган  шегініс.  Бүл 

монолог алгашқысындай кейіпкердің эмоционалды-психологиялық 

жай*күйін  талдауды  онша  мақсат  етпейді.

Жүсіпбек  романдарында  бір  сәттік  көніл  күйді  сипаттаушы 

ойларды беретін монолог-репликалар да  жиі  кездеседі:  «Балташ... 

ішінен «сен де бір сболыш екенсін, Доғанікі дүрыс екен» деп ойлады» 

(1.2.248.).  Бүл  -   сол  сәттеп  көңіл  күй,  аяқ  астынан  туындаган  ой, 

немесе нақты бір ситуацияға байланысты пікір. Бүның бәрі -  образ 

жасаудын,  характер  сомдаудын  амалдары.

Қартқожа,  Ақбілек,  Бекболат,  Мүқаш  т.  б.  кейіпкерлердің 

характерін  ашуда  монологтың  үлесі  ерекше.  Монолог  арқылы 

автор  кейіпкер  жанының  тылсым  түпкіріне  еніп,  онын  көніл 

қойнауының  түпкірінде  жатқан  қүпияларды  ашуға  талпынады. 

Алайда, кейбір монологтарда кейіпкердін жан дүниесі жалпылыма, 

жанама  түрде  ғана суреттелініп,  негізінен автордын өзінін  пікірін, 

көзқарасын  бьідіреді.

М әселен,  ортақ  төл  сө зб ен   беріл ген   Қарақож аны ң 

монологындагы  дала  халқынын  тагдыры  жайындағы,  онын  даму 

жолдары  мен болашагы т. б.  мәселелер жайындагы толганыстары 

осыган дәлел.  «... Әрі малдан айрыльгп, әрі егіннің ть\ін біле алмай, 

әрі  сайманга,  көлікке  жарымай,  итшілеп,  дертке-дерм енге 

шалдығып,  азып-тозып  бара  жатқан  жоқ  па?  Сондықтан  қазір 

отырықшы  болғаннан  қазақ  оналып  кетеді  деп  кім  кепіл  болып, 

аузы  барып  айта  алар?  Отырықшы  болуга  қазаққа  жер  жете  ме? 

Анау он болыс сүйіндік,  мынау жолдагы қаракесек,  найман елдері 

сыйып  орнығарлық қырда  қандай жер бар?»  -   Қартқожа  қаладан 

уйіне  қайтьш  келе  жатып  осындай  ойларға  беріледі  (1.2.131.).

Кейбір монологтарда романдагы басқа кейіпкерді сипаттайтын 

оны  теренірек  мінездеуге  көмектесетін  ойлар  айтылады.  Мысал 

ретінде  «Суық  хабар»  атты  тараудағы  Қартқожанын  ортақ  төл 

сөз  араласқан  монологын  келтіруге  болады.

53


Байқап  қарасақ,  монологтарда  кейшкерлердін  өмірінін  өтпелі 

кезендеріндегі  ой-сезімдері  мен  көңіл-күйлері  ашылады.  Автор 

кейіпкерді  өмірінің  қиын  сәттеріндегі  толқу  мен  жан  дүниесінін 

ширығуы  арқылы  олардың  бүған  дейін  байқаламаған  немесе 

сезінбеген мүмкшшіліктері мен қасиеттерін ашады. Сонымен бірғе, 

кейіпкер  өмірінің  ен  қиын  сәттеріндеғі  монологтар  олардын  өз 

жағдайларын пайымдап түсінуге деген занды талпынынысы секілді. 

Шынында да, монологтардың басым көпшілігі басқа түскен әр түрлі 

жағдайды  пайымдап,  енді  не  істеу  керек  деген  сүраққа  жауап 

іздеген  кейіпкердің  жай-күйін  бейнелейді.

Кейіпкер монологтарында Аймауытов біртүтас психологиялық 

қалыпты  талдап,  онын  қүрамын  әр  түрлі  сезімдерге  ажьгратып 

қана  қоймайды,  сонымен қатар  оны адамнын ішіндегі аласапыран 

ойлардың,  сезімдер  мен  сауалдардың  тартысы  ретінде  ашуға 

тырысады.  Аймауытов негізінен  нақты  бір сезімдердің мазмүнына 

көңіл  бөледі,  бәлкім  сондықтан  болар  онын  романдарында  Л.  Н. 

Толсгой шығармаларындағыдай ой мен сыртқы әсер тасқыны ішкі 

сөздің   «біртүтас»  арнасына  тоғысатын  ассоциативті-шартты 

сипаттағы  монологтар  кездеспейді  дерлік.

Сонымен,  Аймауытовтың  талдау  үлесіне  сезімдердің  пайда 

болуъга емес,  олардың бар кейпін көрсету,  процесті суреттеу емес, 

барлы қ  элем ен ттер дің   бас  қ осқан  к үй ін дегі  қайшылықты 

үндестігімен  көрсету тән  болып  келеді.  Психологиялық  процесті 

тікелей  суреттеу  арқылы  мінезді  ішінен  айқын  да  жүйелі  түрде 

бейнелеу М.  Әуезов творчесгвосында кездеседі.  Ал,  Аймауытовта 

қорытындылап  бейнелеу,  мінездеу  жағы  басым.  Аймауытовтың 

психологиялы қ 

анализі 

к в бін е 

психологиялы қ 

қорытындылаушылыққа  бейім,  көбіне  жекелеген  эмоционалды- 

психикалық  жай  күйлерді  емес,  кейіпкердің  ішкі  өмірінің  бүкіл 

кезеңдерін,  немесе  түрақты  психикалық  ерекшеліктерін  ашуға 

бағытталады.

Осыған  байланысты  Ж үсіп бек тің   ж а з у   мәнеріне  егж ей - 

тегжейлі,  тиянақты  анализ  («жан  диалектикасы»)  тән  емес. 

Зерттеушілердің  айтуынша,  тек  кейіпкердің  ішкі  өмірінің  қысқа 

бір бөлігін,  онын  жекелеген  сәттерін  алғанда  ғана,  микроскоптық 

зерттеу  арқылы  ішкі  өмірдің  диалектикасына  енуге  болады. 

А ймауы тов 

болса, 

қоры ты нды лауға, 

зер т т еу л ер  

мен 

түжырымдарды  жинақтап,  қорытуға  бейім.  Ол  кейіпкердің  көңіл 

күйіндегі  бір  сөтті  суреттеуден  бастап,  аяғын  оған  тән  жалпы 

психологиялық  ерекшелікті,  ж.ан  дүн и есін е  тән  қасиеттерді 

қорытумен  аяқтайды.

54


Біртутас қалыптын  әртүрлі жекелеген  сатыларын  бөліп алып, 

сонымен  бірге  қарама-қарсы  сезім дерден   туратын  курделі 

үйлесімдерлі көре білу  -  Аймауытов психологизмшщ ерекше белгіа 

болып  табылады.

А втор  м онолог  әдісім ен   кейіпкердің  ішкі  өм ірінін  аса 

ш иеленіскен  сәтінлегі  драматизмінің  терендігін  ашатынын 

жогарыда  атап  өттік.  Соның  салдарынан,  монолог  көбінесе  екі 

даустың  айтысына  айналган  диалогы,  адамның  іштей  екіге 

жарылуы  түрінде  беріледі.  Әсіресе,  «Ақбілек»  романынлағы 

монологтардык  қурылымы  мен  формалары  ерекше  бай.  Бірқатар 

монологтарда  кейіпкердіц  екі  ойлылыгынын  сипаты,  іштей  екіге 

жарылуы  бір  зат  туралы  екі  көзқарасты  білдіретін  екі  даустың 

күресі түрінде көрсетіледі. Мәселен, Бекболаттын ішіндегі екі дауыс 

қабылданбақ шешім жайында дауласады. Бүл жерде махаббат пен 

мейірімділік уні женіп шыгады. Сол секілді,  Мүқаштын да ішшдегі 

ар-үяттын  үні  оның  өз  қылығы  мен  зүлымдыгына  көзін  ашуга 

тырысады.  Бірақ,  екшші  дауыс  одан  басым  түседі.

Монологта  екі  дауыстиң  болуына  қарамастан  жалпы  диалог 

тәсілінін  қүрылу  принципі  әр  қилы  болуы  мүмкін.  Офицердін, 

Қартқожа  мен  Мүқаштын  монологтарын  талдау  арқылы  осы 

ойымызды  дөлелдеуге  тырысайық.

Офицер  монологы  қиялдағы  екінші  адаммен  әңгімелесу 

формасында қүрылуымен сипатталады. Офицер өзіне айып болып 

тагылуы  мүмкін  нәрселерді  ойша  болжап,  жауабын  да  соган 

дәлірек  тауып  ақталуга  тырысады.  Қиялдағы  оппоненттін  пікірі 

төл  сөз  формасында,  емле  және  тыныс  белгілермен  дараланып 

берілмей,  офицердін  топшылауында  берілтен.

«Мал-мүлкі.члі  талады,  кісімді  өлтірді,  қызымды  алып  кетті 

деп  бізді  бүзық  адам  көріп,  қазақтар  жазғырады.  Дуниеде  не боп 

жатқанынан  хабарсыз,  ауылынан  адым  жер  шыгып  көрмеген,  ан 

сықылды  жайылған  қазақ біздін  негып  мүндай  күйге түскенімізді 

қайдан  білсін.

Ата-анадан,  туысқаннан,  туган  ж ерден  кім  безейін  деп 

ойлайды?

Еркін  қызық  өмірді.  жан  тыныиггықты  кім  жақсы  көрмейді?

...  Адамда  ерік  жоқ.  Адам  лажсыз  елінін  тілегіне  бағынады. 

Дүниеде тагдыр бар, лажсыз өмірге көну бар: тағдыр деген сондай, 

бостандық,  еркіндік  деген  жоқ...

Баяғыда,  қазақ  орысқа  қарағанда,  қатын  патша  қазақтан 

солдат  алмаймын  деп,  қолқат  берцгп-мыс  деп,  талшық  қылады. 

Тепнде  қазақтың  солдат  болудан  қорыққаны  бізге  теріс  те  емес.

55


Кім біл ед і қ о л ы н а  қ а р у  берсе,  о р ы с ж ұ р т ы н а   ж а у  болы п  ке тп ес ін е 

к ім н ің   к ө зі  ж етед і?  О нда...

Қ а з а қ   о р ы с қ а   ж е р ім д і  а л д ы ң   д е п   ө к п ел ей т ін   ш ы г а р .  Ж е р  

қ а зы н а н ік і  ғой.  О ры с  өсіп  ж е р г е   сы й м ай   ж атса,  бос  т ұ р ғ а н   ж е р д і 

а л м а й   қ а й т е д і?   Қ а з а қ т а   ж е р   кө п ,  б а я ғ ы д а й   к ө ш іп -қ о н ы п ,  к е ң  

д а л а н ы   ш а р л ап   ж ү р е   берем   д еп   о й л ай д ы ...

Қ а з а қ   зә б ір ін   тиді  деп   бізді  ай ы п т ай д ы .  З ә у е д е   қ а з а қ   ә с к е р  

б о л ы п ,  қ а з а қ  әскері оры с елін ің  іш інде ж атса,  м аң ы н а  зәб ір і ти м ес  

п е  еді?  М ал ы н   алмас,  д ү н и есін   та л ам ас,  қы зы н   қаты н,  қ а ты н ы н  

ж ет ім   қ ы л м ас  па  еді?»  (1.2.154-155.).

О ф и ц е р   те к   өзі  ж а й л ы  то л ғ ан ы п   қ а н а  қой майды ,  ө з  ә р е к е т ін е  

қи сы н д ы  д ә л е л   тауы п ,  оны   а д а м гер ш іл ік  түр ғы сы н ан   а қ т а п   а л у ғ а  

ты р ы с а д ы .

Енді  Қ а р т қ о ж а н ы ң   1916  ж ы л ғ ы   и ю н ь   ж а р л ы ғ ы н а н   ке й ін г і 

м о н о л о гы н а н   үзіндіге  н а з а р   а у д а р ай ы қ .

«Т үң ғы ш п ай  кетсе,  енді м ен  о қи  ал ар м ы н  ба? Ә л д е үйді қ ү д а й ғ а  

та п сы р ы п ,  кетіп   қа лам   ба!  Қ о й ...  қ ү д а й ғ а  ш е т б о л ар м ы н ...  Ә ж е м д і 

қ а л а й   қ и ы п   тастар м ы н .  Т ү ң ғы ш п ай д ы ң   ж а с   б ал ал а р ы   ж ет ім сір е п  

қ а л а д ы   ғ о й ...  қой ,  о қ ы м а й -а қ   қ о я й ы н .  ...  Ш ы н ы м ен   о қ и   а л м а й  

қа л ғ а н ы м   ба?»  (1.2.45.).

А л ғ а ш қ ы   о ф и ц е р д ің   м о н о л о г ы н а н   ез г е ш е л іг і  -   Қ а р т қ о ж а  

м о н о л о гы н д а  о й л ау ш ы   ад ам   іш тей   екіге  бөлініп,  екінш і  д ау ы сп е н  

д и а л о г қ а   тү сед і.

Ө зім е н   қ а р с ы   д а у ғ а   т ү с е т ін   іш кі  ек ін ш і  д а у ы с   М ү қ а ш т ы н  

м о н о л о гы н  с т р у к ту р а л ы қ  ж а ғ ы н а н  Қ ар тқ о ж ан ік ін е ж а қ ы н д а т а д ы .

«О сы ны ң  б әр ін   істеп  ж ү р г е н   м ен   екенім ді  білсе,  біл м ей   т ү р а  

ма,  а л   м ен і тір і  қо й ған ы  ма?  ...  Қ ой,  м ен  ж ы н д ан ғ ан   екен м ін .  М ені 

с а й т а н  аз ғ ы р ғ а н  екен...  Б ір а қ енді ісгі т ү з е т у г е  б о л а ма? Б о л м ай д ы : 

ш ы н ы м д ы   ай т с ам   д а  б ас ы м н а н   асы п   к е тті.  Елдің  м ен е н   ж а у ы з  

д ү ш п а н ы ,  а р а м   с ү т   ем ген ,  а р а м з а   ү л ы   б о л у ы   м ү м к ін   е м е с ...»  

(1 .2 .1 6 4 -1 6 5 .)

Б ү л   м о н о л о гтар д ы ң   ж а л п ы   ү қс аст ы ғы н ға  қ ар ам астан ,  әң г ім е 

қ ү р у   т ү р ғ ы с ы н а н   к е л г ен д е,  о ф и ц е р д ін   д и а л о г ы   м ен   с о ң ғ ы   екі 

м о н о л о г т ы ң   а й ы р м а ш ы л ы ғ ы   б а р .  А т а п   а й т қ а н д а ,  с о н ғ ы   е к і 

м о н о л о гт а р ғы  екі дауы сты  д и а л о г ты н  қ ү р ы л у  при н ц и п тері ө зг еш е . 

Қ и я л д а ғ ы   а д а м н ы н   с ү р а ғ ы н а   ж а у а п   р е т ін д е   қ ү р а л ғ а н   о ф и ц е р  

м о н о л о гы н а   іш тей   екі  ү ш т ы л ы қ ,  ө зін е-ө зі  қар сы   ш ы ғу   т ә н   ем ес. 

О л   қ и я л д а ғ ы   ад ам н ы ң   а у з ы н а н   н ақ ты   ай ты лм аса  да,  м ү м к ін д ік  

д ег ен   са у а л д а р ы н а   ө з  о й л ар ы н   ай ты п,  өзін ің   сан асы н а т ә н   ж а у а п  

б ер ед і. А л  М ү қ аш  пен Қ а р т қ о ж а  м о н о л о гтар ы н а кей іп кер д ің  ө зін е- 

ө зі  қ а р сы   к елу і,  іпггей  екі  ү ш т ы л ы қ   тә н .

56


Балташтын суық ренді қарсы алысьінан абдыраған М ұқаштын 

мына  монологы  сұрақтар  тізбегі  мен  ж ауап  түрінде  берілген: 

«Совет  өкіметі  кедейдікі  дегені  қайда?  Кедей болса,  менен  артық 

кедей  бар  ма?  Менен  артық  Советке  еңбек  сінірген  кім  бар?  Бұл 

бір  борж ой  гой!  Оқыған  неменін  өсгіп  селтие  қалатыны  бар.  Сен 

қоймасан  да  қоятын  кісіні табармын»  (1.1.248.).

Кейбір  кейіпкерлердін  монологтары   -   оқи ганы н  барысы, 

ондагы   қа қ ты гы ста р ,  а д ам н ы н   әр   қи лы   ұ м ты л ы стар ы   мен 

тілектері,  ойлары мен сезімдері арқылы асихикалық процестермен 

қатар олардын сол сәттегі моральдық жай-күйлерінін көрінісі б о л ь т 

келеді.  Осындай  бейнелеу  амалдарын  қолдану  арқылы  ж азуш ы  

кейіпкердің ж ан дүниесінің пердесін  ашып,  оның жасырын  өмірін 

көз  алдына  әкеледі.

Ж үсіпбек романындағы кейіпкердін ішкі сөзі -  монологындағы 

интонация,  сөйлем  құры луы ,  грам м атикалы қ  заңды лы қтарды  

сақтай отырып қүрылган сөйлемдердегі сөздердің орналасу тәртібі

-   бәрі  сыртқы  сөздің  -   диалогтын  зандылықтарына  бағынган.

А қтардан  қүтылып  үйіне  қайты п  келе  ж атқан   А қбілектің 

э к сп р е сси в ті  м о н о л о гы   -   р о м а н д а ғ ы   к ү р д е л і  д е   ә с е р л і 

монологтардың  бірі.  О йлар  мен  сезімдердін  әрбуіне  алда  келе 

ж атқан  туысқандарынын  әңгімесі  түрткі  болады.  Ж азуш ы   лап 

берген естеліктер ағымын суреттеп жатпай, тек атап кетеді:  «еткен 

күндер  бір-бірлеп  есіне  түседі...»  (1.2.201.).

С о н а н   кей ін   бары п  а в то р   сол  ес тел ік тер д ін   н ә т и ж е с ін  

толы ғы нан  суреттеуге  көшеді:  «Өз  аулы ны н  тауы н а,  ж ер ін е 

жақындаған  сайын  таза  ж ерлі  басуға  езінен  өзі  ұялып,  атылып 

өліп  кетпей,  қара  мұрттын мылтығына бекер-ақ  жармасқам  екен» 

деген  өкініш  пайда  болады  (1.2.201.).

Нгер  естеліктер  арқылы   пай да  болган  кейіпкер  басындағы 

жағдайды  бір сөэбен  «торығу» деп  белгілесек,  жазушыға  кереп  -  

сол  «торығуды»  қүрайтын  ш умақ-шумақ  ойлар  мен  сеэімдердін 

ж ы м д асы п   ө р іл у і. 

Ж . 

А й м а у ы т о в т а   ө м ір д ін   к е р е ғ а р  



қайшылықтарының өзінен әлдебір ақылға қонымды заңдылықтар 

сезіледі,  сол себепті онын кейіпкерлері қиындықты женіп,  бақытқа 

қолдарын  жеткізеді.  Бұл  үшін  адам  білім  алу  арқасында  өзінін 

жалпы  өмірге деген  көзқарасын  езгертуі  керек.

«Суық  хабар»  бөліміндегі  19-дан  31-ге  дейінгі  ж ас  жігіттерді 

майдан  ж ұм ы сы н а  ал у   ж өнін дегі  ж ар л ы қ  -   хабары н  есгіген 

Қ а р т қ о ж а н ы н   м о н о л о гы   д а  қ ү р ы л ы м ы   ж а ғ ы н а н   к ө ң іл  

аударарлықтай.

Аймауытов алдымен авторлық баяндау арқылы Қартқож аны н

57


көңіл-күйінің  жалпы  сипаттамасын  ж әне  оның  психологиясын 

жанама  түрде  ашады,  сосын  сол  арқылы  бізді  кейіпкердің  ішкі 

рухани  жай-күйіне  әкеледі,  содан  кейін  барып  монолог  арқылы 

онын  ойлары  мен  сезімдерінін  барысын  тікелей  суреттей ді. 

«Қошқыл  мандайынан  ашы  тер  тагы  да  шып-шып  шығьш,  жер 

шүқып  т ер ең   ойға  кетті»  (1.2.144.).  Алайда  к ей іп к ер д ің  

толғаныстары емле, тыныс белгілері арқылы арнайы бөліп алынып 

көрсетілемгенімен, бүл кейіпкердің ішкі дүниесін суреттейтіи автор 

сөзі  де  емес,  ортақ төл  сөз де  емес,  тек  монолог  екеніне  оқырман 

ешбір  күмәнданбайды.  «...  19  бен  31...  Мен  биыл  18-ге  шығып 

түрмын.  Мені  алмайтын  шығар.  Жоқ,  әлде  алып  қоя  ма?  Менің 

шын  жасымды  қайдан  біледі?  Тілмәштің  кінегесінде  н еш еде 

екенмін.  Жасты өзгертуге болар ма?  ...  Болмас онда жүрттың бәрі 

не  жас,  не  кәрі  болып  шығады  ғой».  Қасқағым  сәтте  кейіпкер 

басынан бір-біріне қарама-қарсы сан қилы ойлар өтеді.  Өзі жайлы, 

ағасы  Түңғышпай  жайлы,  ағасын  әкеткен  күнде  өз  мойнында 

қалатын  оның  бала-шағасы  мен  шаруашылығы  жайлы  әр  алуан 

ойлар,  бірінен-бірі туындап,  біріне-бірі үласып  жатады:  «...  ойбай- 

ау!  Әлі  өз  басымды  айтып  отырмын...  баратын  біздің Түңғышпай 

екен ғой,  ол 25-те. Ол кетсе,  үй иесіз қалғаны-ау! ...осынша жанның 

міндеті  менде  болады-ау!  ...оларды  қалай  асырап  сақтармын...»

Оған  келіп,  өзінің  көптен  аялап,  енді  Жүніс  арқылы  ж үзеге 

аса  бастаған  арманының  болашақсыздығы  жайлы  жаңа  ойлар 

араласады.  «Ж үністен  жаңа  хат  танып  үшкөлге  барам   деп 

жүргенде,  мүндай  күйге  үшырадым-ау!».  Бәрін  тастап  қалаға 

к етсем ,  оқысам  д еген   тіл егін е  туы с-туған дары н а  д ег е н  

ж ауапкерш ілік  сезімі  қарсы  шығады:  «Түңғышпайдыи  ж ас 

балалары  жетімсіреп  қалады  ғой,  қой,  оқымай-ақ  қояйын». 

А вторлық  қорытынды  кейіпкердің  ой-сезім дерін  ж ин ақ тай  

отырып,  монологты  аяқтайды:  «Шынымен  оқи  алмай  қалғаным 

ба? деп, үй ішін ойлағанда, терен үңгірдің кемеріне келіп қалғандай, 

өзінен-өзі  қорқып,  енді  қайтып  оқуды  ойламайын  деп  тырысгы» 

(1.2.45.).

Монологтың  негізінен  кейіпкер  өмірінің  шиеленіскен  қиын 

с әт т ер ін д е,  р ухан и   к үй зел іс  пен  қауып-қатер  түстар ы н да 

туы ндауы   да  онын  стиліне  әсер   етпей  қоймайды.  М үн дай 

монологтарға  сүраулы,  лепті  сөйлем дер  тән,  олардың  көбі, 

жоғарыда  келтірген  мысалдардан  байқагынымыздай,  сүрақ  пен 

жауаптын  араласуынан  түрады.

Аймауытов  романдарынан  кейіпкер  ойларының  агымын  сол 

қаллында  қағазға  түаріп  отыратьш  монолог  -   «стенограмманы»

58


ізлеудін реті жоқ. О лар  қазақ әдебиетінде көп кейін  пайда болды.

Кейіпкердің  ішкі  күйін  анағурлым  толы қ  әрі  терен  хөрсету 

үшін  Аймауытов  монологты  дара  күйінде  емес,  психологиялық 

талдауды н  басқа  да  түрлерін  -   авторлы қ  анықтамаларды,  ішкі 

күйдін сыртқы көрінісін суреттеуді,  кейіпхердін не автордын өзінін 

б а я н д а у ы н д а   б ер іл г е н   е с тел ік тер д і,  о р т а қ   т ә л   сө зд і  қо са 

пайдаланады.  Мысалы  Ақбілектін  біз  тоқталған  монологы  онын 

психологиялық жай-күйі туралы авторлық баяндаудан басталадьг. 

Ақбілектің  осы  сәттегі  басгы  сезімі  —  өкініш.  Бүл  монологтын 

ерекшелш -  кейіпкердін жеке басынын моральдық-психологиялық 

қасиеттерінен  емес,  Ақбілек  душ ар  болы п  отырган  жағдайдан 

туы ндауы.  Ж ағдай ды н   шиеленісуі  мен  кейіпкер  көңіл-куйінің 

ширыгуы  монолог  стилінен  көрініс  алады.  Басқа  монологгардан 

ерекшелігі мүнда кептеген сүрақтарға ж ауап табылмайды. Қыздың 

аяныш ты  зары н а  үласаты н  бүл  монолог  адам  тағдырымен  ісі 

жоқтыгын  білдіретін табигап ъш   безбүйректігімен  қатар беріледі. 

С ол  арқы лы   қ асір ет  ж ам ы лған  А қбілектің   ж алғы злы ғы   мен 

шарасыздыгы  бүрынғыдан  да  күшейе  түседі.

«Ей,  Т әнірім -ау!  Осы  келе  ж а т қ а н д а   бір  қа заға  үшырап 

кетсемші!  Астымдағы ат омақасып,  астында тіл қатпай қатсамшы! 

Немесе  ж ер  ойылып  жүтып  қойсайшы'  Болмаса  үстімізден  қара 

б ү л т  тө н іп ,  н а ж а ғ а й   соқсай ш ы !  Ә й т п е с е   ал б ас ты   басып 

түншықтырсайшы!  Әнеугі  қангып  келғен  орыс  енді  келіп  алып 

кетсейші!  Ең  болмаса,  есімді  біліп  тірі  барғанша,  әкемнін  алдына 

апарганда,  кірпігім  қимылдап  жатсамшы!

Ақбілек аспанға қарады -  аспанды мезгілсіз бүлт қүрсар емес; 

жерге  қарады  -   ж ер  баяғы  жер,  қозғалар  емес,  сүрінер  ме  екен 

деп,  өкшесін  тебінді  -   кер  жорға  сүрінер  емес...»  (1.2.202.).

Ж умы сты ң  бірінші  бөлімінде  айтып  кеткеніміздей  Ақбілек 

образын  сомдауда  әлеуметтік-сословиелік детерминизмнін  азаюы 

байқалады.  Бір  ж ағы нан  бүл  оқи ғаны ң  шиеленісуімен  де,  ой- 

сезімнің әлеуметтік-сословиелік бояуларынын белгілі бір дөрежеде 

өшірілуіне  себеп  болған  апатқа  да  байланысты.  сондықтан  бүл 

жерде жалпы адам баласына тән қасиеттер,  мінез-қүлықтар көбірек 

орын  алады.  Кез  келген  кедей  қызы  да  Ақбілектің  орнында  дәл 

осындай  сезімдерге  бөленер  еді.



Романдардагы  дналогтың  қостүрғылы  сипаты,  кейіпкердің 

рухани  әлемін  суреттеудегі  ишара-белгі  жүйесінің  маңызы

Романдагы  характер  сомдауын,  оны  даралаудын  тәсілдерінін



5 9

бірі -  диалог. Төлегеннін қонақтарына арналған көріністерге назар 

аударайықшы: диалог шиеленісіп басталып, роман-диспуттардағы 

идеологиялық даударга үқсағандай болады.  И. С. Тургенев,  Ф. М. 

Достоевскийдін  роман-диспуттарында  мінез  сомдау  жүйесіндегі 

диалогтардың  алатын  орны  ерекше  екенін  зерттеушілердің  бәрі 

де  атаған  болатын.  «Идеологический  спор  Базарова  с  Павлом 

Петровичем  (X  глава)  непосредственно  обнажает  сознание,  их 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет