Ж. Б. Иманбаева, З. С. Жаниязова, А. Әбілқасымова Математикадан 1-4 сыныптар үшін бақылау жұмыстары және қызықты таспырмалар



бет1/30
Дата05.05.2023
өлшемі196,15 Kb.
#90431
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30



Ж.Б.Иманбаева, З.С.Жаниязова, А. Әбілқасымова

Математикадан 1-4 сыныптар үшін
бақылау жұмыстары және қызықты таспырмалар


Ж.Б.Иманбаева, З.С.Жаниязова, А. Әбілқасымова
Математикадан 1-4 сыныптар үшін
бақылау жұмыстары және қызықты таспырмалар

Бастауыш сынып мұғаліміне арналған жинақ



Қызылорда қаласы, 2014 жыл

Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының 2014 жылғы ___ сәуірдегі Ғылыми-әдістемелік кеңесі отырысының № __ хаттамасына сәйкес баспаға ұсынылды.


Дайындағандар:




Иманбаева Жұмагүл Бекмырзақызы - № 136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі


Жаниязова Зубайра Сайлаубайқызы - № 136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі


Әбілқасымова Айна - №136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Пікір жазғандар:


Калиев Б.К. – Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Физика және математика» кафедрасының меңгерушісі, физика - математика ғылымдарының кандидаты.


Қойшыбаев М.Н. - Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты.

Алғы сөз



Математика пәні бойынша ұсынылып отырған бұл жинаққа бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейін тексеру мақсатында алынатын бақылау жұмыстарының нұсқалары енгізіліп отыр. Бақылау жұмысы оқушыларда математикалық және геометриялық түсінік қалыптастырады; есте сақтау және оны сәйкес жағдайларында қолдануға үйретеді; терминдердің мән-мағынасын түсініп, сәйкес іс-әрекет жасауға машықтандырады; өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамытады; талдай білуге, қорытынды жасауға, ізденіске бейімдейді.
Оқушының күнделікті тақырыптар бойынша алған білім, білік, дағдыларын мұғалім берілген бақылау жұмыстары арқылы анықтап, жалпы сыныптың білім деңгейіне және тапсырмалардың түріне қарай меңгерілуіне де сараптама жасап, зерттеу жүргізе алады. Ағымдағы бақылау жұмыстарының түрлі нұсқаларын өтілген материалдар бойынша мұғалім өзі таңдап алады немесе қосымша сабақтарда қодануына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, енгізіліп отырған қызықты есептер мен логикалық тапсырмаларды мұғалім әр сабақ сайын пайдалана отырып, оқушылардың ойлау, елестету, дәлелдеу, теріске шығару, талдау, салыстырмалы қарау, қортынды жасау қабілетін дамытады.
1-4 - сыныптарда «Математика» пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың да маңыздылығын жоғары бағалауға болады. Ол арқылы әр бала қосымша ізденеді; білімге құмарлығын арттырады; танымдық түсінігін қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет