Оқушы өзі оқып отырған мәтіннің ішінен өзіне ұнаған және ұнамаған жерін белгілеп жазып отырады және неге ұнады, неге ұнамады, сол жөнінде қорытынды жасайды.
Дискуссиялық карта
Иә Жоқ
қорытынды.
Оқушылардың 4-5 топқа бөлеміз. Тақырыпты, (мақаланы) топтың санына қарай, мазмұнына қарай бөліп береміз. 1,2,3,4,5,- әрбір топ өкілдері берілген бөліктерді оқиды. Топтағы оқушылар өзара пікір алмасады, ортақ тапсырма жасайды. Әр топ өз лидерін тақтаға шығарады. Ол оқушы оқыған білгенінің мазмұнын түсіндіреді.
Екі шеңбер жасалады. Екі жағындағы бөліктеріне заттар, адамдар, құбылыстардың өздеріне ғана тән белгілер жазылады. Шеңбердің бір- бірімен айқасқан жеріне ортақ белгілері жазылады.