Сабақ негізделген оқу мақсаты



бет1/3
Дата20.12.2023
өлшемі23,89 Kb.
#141535
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Қазақ тілінен сабақ жоспары


Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Ғылымбаева

4- бөлім
Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис
Ғаламның пайда болуы

Мектеп : “М.Әуезов атындағы орта мектеп” КММ
Пәні. Қазақ тілі

Күні:6.12.2018 жыл

Мұғалімнің аты-жөні:Сагибаева Айтолкын Жакашевна

Сынып: 8



Қатысқандар:18

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты :

8.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу
8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану

Сабақ мақсаттары

Деректерді пайдаланып, диалог құрады.

Өз ойларын жүйелі жеткізеді, сөз тіркестерін тауып, түрлерін ажырата алады.

Алынған мәліметтерге сілтеме жасай алады.Жинақы мәтін құрады.

Бағалау критерийлері

  • Тақырыпқа қатысты диалог құрады

  • Жинақы мәтін, мақала жазады

  • Сөз тіркесінің түрлерін ажырату

Тілдік міндет

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сөз тіркестері жай және күрделі тіркес

Диалог құруға /шығарма жазуға пайдалы тіркестер:

Құндылыққа
баулу

Ашықтық және өмір бойы оқу




Оқушылар тақырып бойынша ақпаратты өз
бетінше табады және басқалармен бөліседі.

Ынтымақтастық




Берілген тапсырмаға қатысты топтағы оқушылармен өзара пікір алмасады, бірлесе жұмыс істейді.

Алдыңғы оқу:

Ғаламның пайда болуы, сөз тіркесі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар



3 минут


5мин

Шаттық шеңбері: «Мадақтар бұрқасыны» әдісі
Топқа бөлу: Жұлдызнама бойынша бөлу
І топ: «Жетіқарақшы» (арыстан,бикеш, таразы)
ІІтоп:«Темірқазық»(сарышаян,мерген, тауешкі)
ІІІ топ «Үркер» ( балықтар, торпақ, егіздер)
Үй тапсырмасын сұрау «Стикердегі сұрақ» әдісі
1-сұрақ:Құс жолы дегеніміз не?
2-сұрақ:Құс жолының құрамына қанша галактика кіреді?
3-сұрақ: ашық қараңғы түнде құс жолы галактикасын қалай көрінеді?
4-сұрақ: Галактикалық дискінің құрамына нелер кіреді?
5-сұрақ:Тұтқалар қай жерде орналасады?
6-сұрақ: Сөз тіркесі дегеніміз не?
7-сұрақ: Сөз тіркесінің негізгі белгілерін ата
8-сұрақ: еркін сөз тіркесіне мысал келтір
9-сұрақ: Тұрақты сөз тіркесіне мысал келтір
10-сұрақ: жай тіркес пен күрделі тіркестің айырмашылығын ата
Сабақтың мақсатын айту , бағалау критерийлерін анықтау




Ортасы
5минут


10мин
2мин
13мин

ЖЖ
5-тапсырма Берілген суреттерді пайдаланып, «Ғарыш әлемі және ғарышкерлер» тақырыбында диалог құрады. Сөз тіркестерін табады.
ҚБ: жұппен бағалау (смайликтер)
ТЖ
6-тапсырма бойынша екі топ мәтін құрастырады, сілтеме жасайды
І топ: «Алғашқы ғарышкерлер»
ІІ топ: «Қазақстанның тұңғыш ғарышкері»
7-тапсырма тақырыбында мақала, жинақы мәтін жазады. Жай және күрделі тіркестерді ажыратады.
ІІІ топ: «Шоқжұлдыздар және жұлдызнама»
ҚБ: бас бармақ әдісі арқылы топтарды бағалау
Сергіту сәті: «Бинго» ойыны (8-тапсырма)
Үйге: 50-бет 9-тапсырма
ҚБ
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Ғарышқа ұшқан 5 жануар
Жануарлар ғарышта болған алғашқы тірі жан иелері болды. Алғашында ғалымдар
адам баласы ғарышта ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде өмір сүре алмайды деп
ойлады. Сондықтан да салмақсыздықтың тірі жаратылысқа әсерін тексеру үшін олар
алдымен жануарларды ғарышқа аттандырды.
1. 1959 жылы ғарышқа Авель және Бейкер маймылдары ұшқан. Олар ғарыштағы саяхатты
жақсы өткерген, алайда зерттеуге арналған тетіктерді шешу кезінде бірі өлген.
2. Маймылдардан басқа ғарышқа тасбақа, мысық, және ит ұшырылған.
3. Ең алғаш ғарыштық зерттеулер 1949 жылы иттерге жүргізілген. Иттердің ғарышқа
ұшуы үшін бойы 32 см, салмағы 6 кг болу керек болған. Оларды ғарышқа ұшырмас бұрын
алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген. Иттердің алғашқы ғарышқа сапары сәтті
болған.
4. Ең алғаш 1957 жылдың 3 қарашасында жер аумағындағы орбиталық ұшуға Лайка есімді
ит ұшқан. Ол кезде космостық құрылғылардың жерге қайтып келуі екіталай
болғандықтан, ит ғарышта тек 1 апта тіршілік етеді деген болжам жасалған. Алайда ғарыш
кемесінде салмақсыздық байқалып, ит ыстықтан өлген.
5. 1960 жылы ғарышқа Белка, Стрелка иттері мен тышқан, егеуқұйрық, шыбын
ұшырылған. Ғарыш кемесі жерге сәтті оралған. Осы ұшырылымнан кейін ғарышқа адам
барады деген тұжырым жасалған.
(а) Мәтіндегі терминдерді, маңызды деректерді кестеге түртіп отырыңыз.

Терминдер

Маңызды деректер











(ә) Жағдаят: Сіз радио бағдарламасынан ғарышты бағындырған жануарлар туралы
деректерді естідіңіз. Сіз үшін бұл ақпараттар қызықты болды. Осыны досыңызбен бөлісіңіз.
Жоғарыдағы терминдер мен деректерді қолданып, досыңызбен диалог құрыңыз. Сөз
тіркесінің байланысу тәсілдері, түрлері, сөз тіркесінің түрлеріне көңіл бөліңіз.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннен терминдер мен ғылыми деректерді анықтайды;
- тақырыпқа қатысты диалог құрастырады;
- сөз тіркесінің байланысу тәсілдері, түрлері, сөз
тіркесінің түрлерін қолданады.
- диалогте термин мен деректерді қолданады.

Оқулық,
әдістемелік







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет