Жағдайдың көрсеткіштерін тұрақты нақтылау



бет1/9
Дата01.03.2023
өлшемі39,93 Kb.
#70755
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
шпор


1-2 сұрақ Тактика (грек. Taktuka – әскери сапқа тұрғызу өнері) барлық әскер түрлерінің және қарулы күштер түрлерінің бөлімшелері, бөлімдері мен құрамаларының ұрысқа дайындығы мен оны жүргізудің теориясы және практикасы.
Тактика әскери өнердің құрамдас бөлігі болып табылады, ол оперативтік өнер мен стратегияға бағынышты бола отырып, олардың мүддесіне әрекет етеді және оперативтік өнердің алдына қойылған мақсаттарға жету үшін қызмет көрсетеді.
Тактиканың теориясы ұрыстың мазмұнын, сипатын, заңдылығын және оның дайындау, жүргізу әдістерін өңдеп, бөлімшелердің, бөлімдердің, құрамалардың ұрыс мүмкіншіліктерін зерттейді.
Тактиканың практикасы-командирлердің, штабтардың және әскердің ұрысты дайындап, жүргізу жұмыстары:
- жағдайдың көрсеткіштерін тұрақты нақтылау;
- ұрыс тапсырмасын бағыныштыларға жеткізу; ұрысты жоспарлап, дайындау;
- бөлімшелер мен бөлімдерді басқарып, ұрыс қимылдарын жүргізу;
- Ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету;
 Тактикалық дайындық дегеніміз- бөлімшелердің, бөлімдер мен басқару органдарын ұрысты жүргізуге дайындау, жүргізу болып табылады.
 Сарбаздардың атыс, техникалық, арнайы, инженерлік, саптық, дене дайындығы және де басқа сабақтардан қабылдаған білімі мен дағдылары, қалыптасқан кешенді білімдері тактикалық дайындыққа қызмет істейді. Әскердің далалық дағдысының негізі-тактикалық дайындық. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамының тактикалық дайындығының көрсеткіші ұрыстағы жеңіс болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет