Жалаңаш бұрынғы аты Жал ағашты, Бұл жерді қазақ кетіп орыс басты



Дата06.02.2023
өлшемі12,03 Kb.
#65681
Байланысты:
Жалаңашым


Жалаңашым
Жалаңаш бұрынғы аты Жал ағашты,
Бұл жерді қазақ кетіп орыс басты.
Жал ағаш деген сөзді ол өзгертіп,
Жалаңаш деген атау содан қапты.

Сипатты келбетің бар Жалаңашым,


Сенбеген көзбен көріп араласын.
Көмкерген көк орманың кестелеген,
Өзгеше сән бергендей жал ағашың.

Егілген етегіне қалың шырша,


Ырғалар самал жел бетін бұрса.
Жайқалар жасыл егін құрағымен,
Меркінің суы шықса Жалаңашқа.

Осы еді көңілімді көптен бөлген,


Халқымның ерінбей тер төккен жері.
Сарғайса күзде жері сары алтындай,
Жайқалар жасыл барқыт көктемдегі.

Мұхаметшәріп Рыскелдіұлы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет