Жалпы геология емтихан сұрақтары



бет3/19
Дата26.09.2022
өлшемі69,33 Kb.
#40405
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
1. Минералдардың түстері үшке бөлінеді. Оның біріншісі - минералдың құрамына кіретін заттардың түсіне, (идиохромат бояу), екіншісі - минерал ішіндегі қоспа заттардың түсіне (аллохромат бояу), үшіншісі - басқа кездейсоқ жағдайға байланысты. Үшіншісін кейде жалған түс деп атайды (псевдохромат бояу)
2. Сызық түсі. Минералдың сызық түсі дегеніміз оның майда тозаң түріндегі түсі. Оны анықтау үшін фарфордың күңгірт бетін минералмен сызып көреді. Әр типті минералдар тек өзіне тән сызық түсін қалдырады. Мысалы, пириттің негізгі түсі қола сары да, сызығы-қара, гематиттің түсі-қорғасынша сұр, ал сызығы-қызыл т. с. с.
3. Жылтырлық. Минералдың бетіне түскен жарық сәулесі белгілі бір мөлшерде шағылып, оның жылтырлық қасиетін сипаттайды. Мысалы, алмаз (гаухар) сияқты асыл тастардың негізгі қасиеті - жылтырлығы, олар әр қырынан сәуле шашыратып тұрады. Минералдың жылтырлық қасиеті мына түрлерге бөлінеді: шыныша, алмазша,сабынша,шала металша,металша,топырақша жалтырау.
4. Мөлдірлік.  Минералдың мөлдірлік қасиеті олардың жылтырлық қасиетімен тығыз байланысты. Мөлдірлік дегеніміз - минералдың жарық сәулені өткізгіштік қасиеті, минералдың сәуле жұту қабілеті жоқ болса немесе өте аз болса, ол минерал мөлдір болғаны. Мөлдірлігіне қарай минералдар үш топқа бөлінеді:

  • Мөлдір минералдар (кварц, исланд шпаты, гипс, кальцит, мусковит);

  • Шала мөлдір минералдар (киноварь, хальцедон, опал, сфалерит);

  • Мөлдір емес минералдар (пирит, магнетит, т.с.с.).

5. Жымдастық.  Жымдастық деп кристалды заттардың белгілі бір бағытта жарылғыштығы немесе ыдырағыштығын айтады. Жымдастығы күшті кристалдар оп-оңай жарылады. Ондай кристалдардың жымдасқан жапсарлары сызаттанып, жіктеліп көрініп тұрады. Сондықтан жымдастықты жіктестік деп те айтуға болады. Жымдастық кристалдардың тек қана ішкі құбылыстарына, ұсақ бөлшектерінің орналасу тәртіптеріне байланысты, ал олардың сыртқы нысандарына ешбір байланысы жоқ.
6. Қаттылық. Қаттылық деп минералогия ғылымында көбінесе бір минералды екінші минералмен тырнап сызғанда соған кедергі жасау дәрежесін айтады. Мұнымен қатар минералдың қаттылығы сыртқы механикалық күштің әсеріне қасарысу дәрежесі деп те аталады. Минералдардың қаттылық дәрежесін анықтау үшін он түрлі минералдардың қаттылығы алынған. Мұны алғаш ұсынған неміс ғалымының атымен  Моос шамасы  деп атайды. Моос шамасындағы он минералдың ең жұмсағы бір, ең қаттысы ондық сандарымен белгіленген. Әрбір қатардағы минерал өзіне дейінгі минералдың бетіне сызық түсіре алады.
7. Тығыздық.  Тығыздық, минералдың химиялық құрамы мен кристаллдық тордағы элементарлық бөліктердің қалануына байланысты: Минералдың массасын оның көлеміне бөлсек, онда тығыздығы анықталады. Өлшем бірлігі-г/см3. Тығыздық шамасына қарай минералдар  жеңіл  (<2,5г/см3), орташа (2,5-4,0г/см3)  ауыр  (4,0-10,0г/см3), өте ауыр  (>10г/см3) болып ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет