Жамбыл- даналықтың жауһары,даралықтың тарланы Усерова Шахризада Асылбекқызы



Дата31.12.2021
өлшемі24,8 Kb.
#21991

Жамбыл- даналықтың жауһары,даралықтың тарланы
Усерова Шахризада Асылбекқызы

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы

Өлең-өнердің үздігі,жыр-жұлдызы.Ақын-қайраткер С.Сейфуллин: «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды.Оны жинап алып халқының қолына беру- біздің әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз» десе,академик-жазушы Ғ.Мүсірепов: «Жамбыл дүниеге екі туып келген адам: тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан туды, тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан тағы туды.Қазақтың Гомерін туғызу үшін заман тоқсан жыл толғатты.Бірінші туғанда- ана бесігінде өсті,екінші туғанда- Отан бесігінде өсті.

Көне грек Гомерінің қайда туғанына осы күнге дейін жеті шаһар таласады.Гомер анадан туды ма,ойдан туды ма,ол әлі таласта.Қазақ Гомерінің туған елі- ұлы жүз,Екей.Тоқсан мен жүз жастың арасындағы он жылда ұлы Жамбыл- Гомер атанды.Ақын Жамбылдың екі рет туғаны да,түрлі заманда жасағаны да,өмірінің ең соңғы жылында бүкіл дүние таныған атақ алуы да- феномен,сирек кездесетін,себебін осы күнге дейін ғылым таба алмай қойған сыр» деп жыр дарияның бастау арнасы мен мың сан иіріміне де енеді,өлең- өнердің көркемдік құпиясына да ден қояды.Біздіңше,С.Сейфуллин мен Ғ.Мүсіреповтің көзқарас мұраттарынан,талантты тану мен бағалауға қатысты ой-пікірлерінен ақындық өнердің жарық жұлдызы- Ж.Жабаевтың өмірі мен өнерпаздық сырлары,айрықша құбылысты тұстары,тұлғалық табиғаты терең танылады.

Халық поэзиясында өлең өнерімен даңқ тұғырына көтеріліп,Жыр дария- нұрлы әлем,құдірет- құбылысқа айналған,бүгінде 170 жылдығын атап өткелі отырған Жамбыл Жабаев өмірі өрнекті,өнері өрісті,болмысы бөлек,еңбегі ерен,дарынды дара,таланты сирек,көркемдік құбылыс-құпиясы көп даналардың бірі болып табылады.

Ж.Жабаевтың өнегелі өмірі мен өнерпаздық мұра-мирастары кеңес дәуіріне дейінгі және кейінгі кезеңдері жан-жақты зерттелді.»Қазақ әдебиетінің тарихына» енді жеке жинақ,оқулық пен оқу құралдарына кірді.Мерейтойлық кітап,ұжымдық еңбектер түрінде де жарық көрді.Ақиқатында,Ж.Жабаев ақындық өнердің биік белесіне көтерілген,өлең-жырдан жауһар жиған,оның бастау,бұлақтарын ағысты арнаға,кең өріске шығарған дарыны дара,таланты сирек тұлғалардың шоғырынан жарқырай көрінеді.Мағыналы өмірінің ширек ғасырдан астам бөлігін Ж.Жабаев шығармашылығына,оның ақындық мұрасын,зерттеп-зерделеуге арнаған қоғам қайраткері,әдебиеттанушы-ғалым М.Жолдасбеков: «Жамбылдың ақындық жолға түсуінің ең әдепкі адымы өзінің алдындағы белгілі ақындардың өлеңдерін,ел аузындағы өлең-жырларды жаттап айтудан басталады.Жас ақынЖетісу елінің ертедегі салтымен бәдік,жарапазанды көп айтады,бірақ ол ешқашан дін,шариғат жолын үгіттемей,күлдіргі,әзіл-қалжың өлеңдерді көбірек шығарған.Жарапазанды сылтауратып,жас ақын бірде әйгілі Сүйінбайдың ауылына келіп,Сүйекемнің үйінің сыртынан ат үстінде өлеңді ағытып қоя береді.Жамбыл ұзақ жырлайды.Сүйекең жалықпай тыңдайды.Аттан түсіріп,Сүйінбай талапкерге оң батасын беріп,үстіне шапанын жабады.

Асқар Алатаудай ұстазының сынынан сүрінбей өткен бақытты күнінен Жамбыл өзін шын ақын санап,жолы да ,өрісі де ашылып,тайсалмай топқа түсе бастайды,-деп жазады (Асыл мұралар- Алматы:Жазушы,1990ж,193-194бет).Танымал тұлға,ұстаз-ғалым М.Жолдасбеков ұзақ жылдарғы ізденістері арқылы ел ардағына айналған,өлең жырдың биік белесіне көтерілген Жәкең- Ж.Жабаевтың ғажайып ғұмырын,айрықша дарыны мен даналығын,ой мен сөздегі шебер де шешен,сергек те серпінді сипаттарын терең танып-талдап,жан-жақты ашып,тап басып көрсетеді.Мұның бәрінен, әрине Ж.Жабаевтың өнегелі өмірінің өрнекті тұстары,дарын даналығы мен даналық қырлары кең көлемде көрініс береді.Оның үстіне өрісті өнердің көркем көкжиектері,өлең-жырдың жауһардай жарқыраған,самаладай сәулелі сәттері де қалың көпшілікке кедергісіз жетіп,ондағы ұлттық-тарихи арналар әдеби-мәдени құндылықтарымен,рухани әсер-ықпалымен қалың көпті,жырсүйер барша қауымды қалтқысыз баурап келеді.

Өмірдің өрнекті,өнердің өрісті тұстарының бірі де осында болса керек.Асылы,өмірге келу бар да,өнері мен өмірін ұзарту һәм руханиятқа қызмет ету бар.Бұл ретте,Ж.Жабаевтың ақындық қуаты,талант табиғаты,өмідегі орын-үлесі,өнердегі өріс-өнегесі өте мол.Ол- өмірде ұзақ жасаудың,өнерде мәңгілік қалудың да үлгі өнегесін көрсетті.»Бір Алладан басқа тәңір жоқ» екенін еске түсірсек,ғұмыры ғасырға ұласып,өнердегі өмірі ұрпақтан-ұрпаққа жетіп,мәңгілік сапармен рухани қызмет етіп келеді.Өлең-жырға адалдығы да жіті танылады.Ақынның өмірдегі өнегелі өрнектерін,өнердегі өрісті өлкесін,ұлт руханиятына қосқан мұра-мирасын айқындайтын басты таразы- өлшем: өлең-жырдағы -талант қуаты, айтыс-дастандарындығы дарын даралығы,арнау табиғатындағы шеберлік пен шешендік болып табылады.

Оның талант табиғаттың танытатын бұл белгі-ерекшеліктер- өнегелі өмірін де,өнерпаздық мұрасын да бар қырынан жарқырата көрсетіп,ұлттық поэзиядағы өзіндік өзгешеліктерін,көркемдік құндылықтары мен құпиясын,руханият әлеміндегі орнының биік тұғырда екенін айқындай түседі.

Жамбылдың адами болмысы мен руханият қайнарлары,өмірдегі өрнектері мен өнерпаздық мұрасының мәңгілік құндылықтары:ұлт мұратын ұлықтаудан танылады,ел-жерді ардақтаудағы халықтық сипатынан көрінеді,тарих пен танымды қатар жырлап,сол арқылы елдік пен ерлік салтты,ақындық өнерді биік тұғырға көтеруден айқын аңғарылады,жастық пен достықты,сыр мен сезімді жан жүрекпен толғап,көңіл қуанышын да,мейірім шуағын да молынан түсіргенінен жіті сезіледі.Біздіңше,Жәкеңнің өлең-жыр,дастандарының басты тағылымы: қоғам құбылстары мен кезең көріністерін,адам мен оның еңбегін,ұстаздары мен тұстастарының үлгі-өнегелерін,өнер мұраты мен өнерпаздық жолды,өмір-тұрмыс сырларын,уақыт шындықтарын,т.т. табиғи сөйлетіп,шабытты шақпен де,ойлар мен толғаныстары арқылы да толғауы тоқсан қызыл тілді жүрекпен жеткізіп,байыпты баяндайтыны айқын аңғарылады.Жамбыл шығармашылығы,негізінен- арнау-өлеңдерден,айтыс-дастандардан,жыр,толғаулардан тұрады.Өз кезеңінің уақыты талап еткен өлең-арнауларынан,жыр жолдарынан,дастан табиғатынан,жалпы шығармашылығынан парасат пен саясаттың бедер-беті бары да анық.Бірақ парасатты поэзия саясаттан үстем тұрғанын әркім-ақ таниды...

Асылы,мәңгілік мұра,қымбат қазыналар қашанда халық жүрегіне жол табады.Уақыт бедері мен сынынан құрыш болаттай қайралып,шыңдала түседі.Әркез-ақ шыққан күндей жарқырап,нұрлы-сәулелі шуағымен тегіс тарайды.Жыр жұлдызы

-Жамбылдың өмірі мен өнерпаздық қырлары,ұлт руханиятына қосқан үлесі хақында да осыны айтуға әбден болады.Ақынның өмірі өрнекті,өнері өрісті болғаны- жыр әлемінен де терең танылады.Он бес жаста жазған «Шағым» атты алғашқы өлеңінен өмір,уақыт шындықтары терең танылады.Діни оқу сипаты,молдалар әрекеті жас шәкірттің қарсылығын туғызады.Діни оқу барысындағы молданың іс-әрекетін:

Шып-шып етіп молданың,

Қолындағы тобылғы,

Қозғалтпайды жонымды,

Талай дүре соғылды.

Торсылдатып танадай,

Жыртар болды тонымды.

Тілі ащы бала деп,

Қайнатты әбден сорымды,- десе, келесі кезекте әлгі молданың жасанды-жалған әрекеттерін,түпкі ойын,қимыл-қозғалыстарын,теріс мінез-қылығын былай білдірген:

Оқымаймын молладан,

Не оқытпақшы ол маған?

Бала келсе сабаққа,

Жем дәметкен дорбадан.

Ақ сәлдесін төңкеріп,

Көзін жұмып теңселіп,

Күн ұзынға боздаған.

Бұдан кейінгі жерде Жамбылдың әкесіне қаратып:

Оқығанша мен одан,

Домбыраны қолға алам,

Өлең кірген түсіне

Жөргегінде мен болам,-деп үн қатуынан сөз өнеріне біржола бет бұруы танылады.Өлеңнен молда мұраты мен сөзіне қарсылық,сатиралық элементтерден|әжуа-мысқыл,т.т.| кезеңнің шындық белгілері көрінеді.Демек,Жәкеңнің- Жамбылдың өзі айтқандай: «Молданың таяғынан осылай құтылдым» деуінде шындық бар.Өмір мұраты,уақыт бедері де айқын.Діни оқудың сиқы,молдалардың «жем дәметкен» сәті өмірдің өзіндей анық,шындық көзіндей жарық болып көрінеді.Ал көркемдік-рухани әсері нәрлі де нанымды.Сол себепті де қалың көпке кедергісіз жетеді.

«Сараң бай мен жомарт кедей» атты өлеңінде өмір,кезең көріністері,адамның асыл да жағымсыз қасиет,белгілері бедерлі берілген: Малы көп бай жылайды қар жауғанда,

Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,Әйелі толы шелек сүт сауғанға.Өлең мұраты айқын.Ол- бай мен кедей арақатынасын ашу.Мал,дүниенің бай үшін- «қымбат та мәңгілік мұра» екендігін көрсету.Керісінше,кедейдің жомарт жүрегін,барға қанағат көңілін көрсету нақты,көркем берілген.Осы көрініс-суреттер арқылы уақыттың таңба-салмағын,ең бастысы халқымыздың ерекшлік белгілерін, адам әлеміндегі өзгеріс-құбылыстары қаз-қалпында,бейнелі жеткізіледі.Көзқарас айқын.Уақыт сырлары сенімді,бейнелі беріледі.Бастысы,әрине бай мен мал қатынасы,табиғаттың тылсым сырларымен сабақтастықта берілсе,кедейдің келбет-кескіні, тұрмыс-тіршілігі өмір өнегесімен,қанағатшыл көңілмен байланыста баяндалады.Мұның өзі кезең көріністерін аңғартқанымен,өмір мұраты,еңбек сипаты,тарих тағылымдары терең танылады.


Өмір,уақыт шындықтары әсерлі әрі нанымды өріс алады.Осы тақырып- «Әділдік керек халыққа» деген шығарма арқылы табиғи жалғасын табады.Ұзынағаш базарында халыққа сес көрсете келген Қисыбай болыс төңірегіндегі би-төрелерге Жамбыл халық атынан сөз арнайды.Ел өмірі,тұрмысы,дәстүр-өнегелерінен танымдық-тәрбиелік мән-маңызы жоғары сыр толғайды.Кедейлерге теңдік керектігін,салық салмағының қарапайым халыққа қасірет әкелгенмен бірдей екендігін бүкпесіз жеткізеді.Әлеуметтік танымын айқын аңғартады.Өз кезегінде бай-болыс,төре-төлеңгіттер бейнесі мен кәсібін былай суреттейді:

...Болыс елді аралап,

Жарлыны шауып жаралап,

Сөзін сөйлер молданың,

Көзін жойып жарлының,

Ас берсе бай саралап.

Немесе:

...Айтқандары өтірік-

Ұлыққа кім бар сенетін.

Сыздауық жара секілді,

Денені сыздап саралап...

Өлеңде өмір шындығы,адам орны,іс-әрекеттері бар.Ақын сонымен қатар тиісті тұста қоғамдағы «жоғарғы басқыш өкілдері»- хан-төрелердің алдайтынын,би-болыстар арбайтынын,тамақ-параға сатылатынын да сенімді,серпінді суреттейді.Ақиқатында,өлең табиғаты мен тағылымынан: бай-молданың арақатынасы,кедей-жалшы тұрмысы алма-кезек көрініс бергенімен, бай-болыс,хан-төре,ұлық біткеннің бармақ басты,көз қысты әрекеттері,жағымсыз-жайсыз,кәсіп-қаракеттері,мінез-қылықтары,еңбексіз табысқа құмартқан арам ниет,жемқорлық,парақорлық секілді сенімсіз,тұрпайы,жағымсыз сиықтары аяусыз әшкереленеді.

Абайға арналған жұбату өлеңі- «Жалғызбын деп жүрмесін» деп аталады.Әбдірахман өлімінің қалың көппен бірге Абайға аса ауыр екенін сезінген Жамбыл осы өлеңін арнаған.Көлемі 12 жолдан тұратын туындыдан- қазаға қайраттылық керектігі танылады.Өмір-өлім сипаты,әке-ұл қатынасы- адамзаттық,жаратылыс мәселелерімен сабақтастық құрап, өнер өрісіне,өнерпаздық мұратқа айналады.Өмір,өнер өнегесінің халықтық сипаты айқындалады.Өлең өрнектерінде өмір тәлімі,жан-жүректен шынайы жолданған мейірім шуағы,сезім сәулесі,қысқасы көңіл толқыны жан-жақты көрініс береді.Өлең-өнердің қос жүйрігінің қатар соққан жүрек лүпілі,көңіл толқыны да айқын аңғарылады:

Сәлем айт барсаң Абайға,

Кеңесі кеткен талайға.

Ауруды жеңген қара жер,

Сабырлы болсын қалай да!

Бір жұтқан судай дүниесін,

Ащысын тастап күймесін.

Жапанға біткен бәйтерек,

Жалғызбын деп жүрмесін.

Кемелге келген асыл-ай!



Нар көтерген ауырға,

Арқасын тоссын жасымай.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет