«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет21/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Триацилглицеролдар гидролизі. Май түйіршіктерінің сыртына колипаза белогы (М 10 000) тартылады. Сөйтіп сол жерде ұйқы безінің липаза ферменті де жинақталады. Колипаза қызметі - молярлық қатынасы 2 : 1 (липаза : колипаза) комплекс түзу арқылы липаза ферментін активтендіру. Осы кезде рН көрсеткіші 9-дан 6-ға дейін өзгереді. Бұл липаза ферментінің әсері үшін ең қолайлы жағдай. Ал колипаза липазаны май түйіршіктерінің бетінде ұстап тұрады. Өт қышқылы, колипаза және липаза үшеуі өзара әрекеттесіп, үш жақты комплекс түзеді деген болжам бар. Липаза әсерін күшейту үшін кальций иондары қажет.
Ұйқы безінің липаза ферменті триацилглицеролдар құрамындағы негізінен 1 және 3 жағдайдағы май қышқылдарын босатады да, 2-моноацилглицерол түзеді. 2-моноацилглидеролдар гидролизін ұйқы безінің басқа ферменті – эфирлік гидролаза катализдейді.




Бақылау сұрақтары:

    1. Организмде липидтердің қызметі қандай?

    2. Липидтердің қорытылуы қай жерден басталады?

    3. Липидтердің қорытылуына қандай ферменттер әсер етеді?.

    4. Күйіс қайыратын малдардағы липидтердің қорытылу ерекшелігі қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы:«Қайнар», 1992.

  2. Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993.

  3. Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия. –Алматы:«Білім», 1994.

  4. Чечеткин А.В. и др. Биохимия животных. – М.: «ВШ», 1982.

  5. Малахов А.Г., Вишняков С.И. Биохимия сельскохозяйственных животных.– М.:«Колос», 1984.



Дәріс 15-16 жалғасы Майлардың биосинтезі. Май қышқылдарының ß-тотығуы. Кетоз құбылысы. Майлардың ұлпада ыдырауы
Дәріс жоспары:

  1. Майлардың ұлпада ыдырауы

  2. Кетондық денелердің түзілуі

  3. Ацетил-А-коферментінің түзілуі және оның биологиялық маңызы.

Фосфолипидтер мен сфинголипидтер клетка мембранасының құрылымдық негізін құрайды. Сондықтан олар биологиялық маңызды қызмет атқарады. Фосфолипидтер амфипатиялық қосылыс. Олардың гидрофобтық ұзын тобы және гидрофильдік шағын «басы» бар. Осының арқасында бір жағынан полярсыз қосылыстармен, екінші жағынан полярлы қосылыстармен көршілес отырып, қатарласа жақсы орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет