Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



жүктеу 0.8 Mb.
Pdf просмотр
бет8/16
Дата21.01.2017
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Ережелер
Сөйлемдер
Хабарлы   сөйлемдерден   және   екпінсіз
айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден
кейін нүкте қойылады.
Сана.  Қайырлы,   қайырлы   болсын,   болсын
Делдал! Жақсы қорғадыңыз диссертацияны!
Делдал. Сіздің де кітабыңыз бүгін баспадан
шықты.   Өзіңізді   де   құттықтаймын
(М.Әуезов)
Драммалық
 
шығармаларды
 
әр
шығармаларда   әр   сөйлеуші   кейіпкердің
атынан кейін нүкте қойылады.
Кітап   дүкендерінен   М.Әуезов,   С.Мұқанов,
Б.Майлин,
 
А.Байтұрсыновтардың
шығармаларын іздедім.
Бас   әріптерінен   немесе   басқа   буынынан Жүрген   сайын   жер   өнбегендей   сол
82

шартты түрде қарастырылып алынған адам,
кітап,   газет,   журнал,   шығарма   т.б.
заттарының   сол   қысқартылған   әріпінен   не
буынынан соң нүкте қойылады.
ұшықиыры жоқ алдында екінші белес. Мен
шықтым.   Манағыдай   емес   атқа   жотқан
денем жылынып, ептеп маңдайымнан тер де
шығайын деді (Б.Майлин).
Нүкте   әрі   қарай   кең   түрде   баяндау
болатынын   ескеретін   сөйлемнен   кейін
қойылады.
Бүгін жақсы жаңалықтар.
2-жаттығу.   Кестеде   берілген   ережелерге   сай   ұяшықтарға   қажетті
сөйлемде ді көшіріңіз. 
Сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың астына қойылады.
....
Біріңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдына қойылады 
....
Жалғаулықсыз салаластардың астына қойылады. 
....
Диалог төл сөздің  алды-артынан,  тырнақшаға  алынған  төл сөздің  астынан
қойылады 
....
Мекен,   уақыт,   сан   шендестігін   білдіретін   сөздердің   арасына   сызықша
қойылады. 
....
 
Екінші   жағдайда   тыныс   белгілердің   қойылу   ерекшеліктеріне
байланысты ереже шығаруға жаттықтырылады.  Ол үшін мынадай кестелер
жасауға дағдыландырылады. 
1. Біріңғай мүшелердің алдынан келген жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте
қойылады. 
2. Төл сөздің алдынан келген автордың сөзінен кейін қос нүте қойылады. 
3.   Әрі   қарай   санамалап   кететін   біріңғай   сөздердің,   сөйлемдердін   алдынан
келетін жалпылауыш мәнді сөйлемнен кейін қос нүкте қойылады. 
4.   Біріңғай   мүшелерден   бұрын   келген   мысалы,   атап   айтқандай   деген
қыстырма сөзден кейін қосы нүкте қойылады. 
1. Дәйексөз тырнақшаға алынады 
2. Диалог емес төл сөз тырнақшаға алынады 
3.Мақал-мәтелдер,   қанатты   сөзде   сөйлем   ішінде   келтірілгенде   тырнақшаға
алынады
4. Газет, журнал, кітап, шығарма қаулы және т.б. аттары тырнақшаға алынады. 
83
Қос нүкте
Тырнақша

Леп белгісі.
1. Көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады
2. Ұранды сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады; 
3.   Ерекше   мән   бере   көтеріңкі   айтылған   атаулы   сөйлем   сияқты
сөйлемдерден кейін қойылады. 
4. Сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылау бар тіркестерден
кейін қойылады. 
Қорыта   келгенде,   жаттығулар   әр   түрлі   мақсатта   жүргізіледі:   білімді
игерту,   білімді   бекіту,   өздерінің   жазба   жұмыстарында   қолдана   білуге
дағдыландыру,  тыныс   белгі   туралы   ережені   саналы   түсіне   білу   мен   оны
орынды қолдана білу икемділігін арттыру т.б. 
2.3 Тыныс белгіні дұрыс қоя білуге жаттықтыру
Жаттығулар – бір мақсатқа бағытталған, өзара байланыстыру тұтастығы.
Ол әрекеттер тілдік және ой амалдарына байланысты орындалады. Қазақ тілі
әдістемесінде жаттығулар жүйесін түріне, тәсіліне, типіне, мақсатына қарай
жіктей келе, Н.Ж.Құрманова жаттығуларды негізінен «тілдік» және сөйлеу
жаттығулары деп топтастырады және жаттығулардың қазіргі кезде 30 шақты
түрі бар деп көрсетеді [57,63].
М.Жусупов тілдің көп қызметті қасиетін меңгертуді, танытуды ұстаным етіп
ала отырыпе, жаттығулардың 2 типін, 5 түрін көрсетеді [   ]. Мысалы:  теориялық
білімді игеруге арналған жаттығу түрлері: а) тілдік жүйені игертуге бағытталған
жаттығулар; ә) тілдік материалды талдауға, үйретуге бағытталған жаттығулар; б)
қатысымдық   біліктерін   қалыптастыруға   бағытталған   жаттығулар   [58].   Демек,
жаттығуларды топтастыруда жалпы және жеке ұстанымдарды басшылыққа алу
оқыту мен оқыту мазмұнын байланыстыруда, білім мен біліктілікті біріктіруде
маңызды болып табылады. Сондай-ақ тыныс белгіні үйрету синтаксистік білім,
біліктілікке орай жүргізіледі.
Ғалым   С.Рахметова   атап   көрсеткен   тіл   дамыту   жұмыстарының   үш
бағыты (сөздік жұмысы, сөз тіркесі және сөйлемнен жұмыс, байланыстырып
сөйлеу   жұмысы)   грамматика   сабақтарында   жеке-жеке   де,   бір-бірімен
байланыстырыла   да   жүргізіледі.   Демек,   синтаксистік   материалдарын
меңгертуде орындалатын сөйлеу (мақсатына қарай), диалогтық, монологтық
(оқу   материалы   табиғатына   қарай),   ауызекі   сөйлеу   тілі,   жазбаша   тіл
жаттығуларын   (сөйлеу   формасына   қарай)   тіл   дамыту   жаттығулары   деп
қарастыру қажеттігі туындайды [59].
Оқушыларды оқытуда дамыта оқыту логикасы басшылыққа алынғандықтан,
синтаксис тақырыптарының мазмұны оқу-ізденімдік тапсырмаларды орындату-
орындау   логикасы   арқылы   ғана   ашылады,   яғни   теориялық   білім   мазмұны
оқушының санасына өзінің білімі түрінде қалыптаса алады. 
Синтаксис   материалдарын   меңгертуде   орындалатын   оқу   әрекеттерін
жаттығулар   мен   тапсырмалар   жүйесі   арқылы   анықтайтын   болсақ,   онда
орындалуы   тиіс   жаттығулардың   білімдік   және   тәрбиелік,   дамытушылық
мазмұнының сапасына қойылатын талаптар да жоғары болмақ. Сол себептен,
84

оқушыларға   синтаксисті   меңгертуге   арналған     жаттығулар   жүйесінің
сызбасын келтірейік. 
28-сурет - Мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытуға арналған
жаттығулардың деңгейлік ерекшеліктері.
Дамыта оқытуда жаттығудың орындалу логикасы мынадай қадамдардан
тұрады: 
1)   оқушы   өзі   танып-білуі   тиіс   болып   отырған   таным   нысанын
басқалардан айқын ажырата алады
2)   оқушы   өзінің   танып-білуі   тиіс   таным   нысанының   сыртқы
белгілерімен саналы түрде танысады; 
3)   оқушы   нақты   қандай   зандылықты   «ашуы»   керектігін   оқу   міндеті
ретінде өзіне дұрыс белгілеп алады. 
Грамматикалық-тілдік жаттығyлар  оқу тапсырмаларының негізінен
жазба   түрде   орындалуын   қажет   етеді.   Бұл   жаттығулар   арқылы   оқушы
синтаксистің   грамматикалық   ерекшелігін   танудың   нық   әрі   сенімді
баспалдағын   қалайды   және   оқушы   үшін   маңызды   болып   табылатын   жазу,
орфография ережелерін меңгереді. 
Грамматикалық-тілдік   жаттығу   деңгейінде   сөз   ерекше   танымдық
ізденісті қажет ететін тілдік құбылыс ретінде оқушының алдына қойылады.
Оқушыға   ауызша   сөйленген   мәтіннен   немесе   жазбаша   сөйлем   немесе
мәтіннен сөзді ажыратып танудан бастаған мұғалім біртіндеп енді сол сөздің
адамның тұтас ойын құраудағы қызметін, тұтастан бөлшекке және бөлшектен
тұтасқа қарай талдаулар түрін жүргізе отырып танытады. 
Сөйтіп, оқушының өз ойын білдіруде сөйлемді саналылықлен, біліммен
қарайтын дағды қалыптастыру жолы басталады. Осы жолдың жалғасын енді
мұғалім   сөйлемнің   айтылу   мақсатына,   құрамына   қарай   бөліну
заңдылықтарына қарай шеберлікпен сәйкестендіре білуі керек. 
Грамматикалық-тілдік   жаттығуларды   орыңдау   барысында   оқушылар
мынадай ізденімдік-зерттеу міндеттерін шешеді: 
85
Синтаксисін 
дамыта 
оқыту 
жаттығулар
ы
Грамматикалық
тілдік
Танымдық
Тіл дамыту
Тыныс белгілерді
игерту

- сөйлемге байланысты тілдік қозғалыстар мен өзгерістерді бақылайды;
-   сөйлемнің   айтылу   мақсаты   мен   құрылымына   қарай   бөліну   қасиеті
анықтау үшін тілдік бақылаулар жүргізеді; 
-   сөйлем   құрауға   қатысатын   сөздердің   тіркесімдік   табиғатын   тану
мақсатында пінктуациялық талдау жасайды
- сөйлемге тыныс белгілік талдау жасайды. 
Тіл   дамыту   жаттығулары.  Н.Құрманова   оқушының   тілі   дамуы
барысына ұжым боп назар аудару керектігі туралы айта келе, грамматикалық
бірлікті оқыта отырып. оқушылардың тілін дамыту мақсаты екі арна арқылы
жүргізілуі тиіс деп көрсетеді. Олар: 
Тілден - сөйлеуге қарай. 
Сөйлеуден - тілге қарай [57]. 
Тілден сөйлеуге қарай үйрету жолын ұстанғанда, синтаксис жүйесінің
ішкі   тақырыптарын   меңгерту   сабақтарынан   тіл   дамыту   жұмыстары
ажыратылмай жүргізіледі. Ал сөйлеуден тілге қарай жүру схемасы бойынша
арнайы тіл дамыту сабақтары өткізіліп, онда «мәтін», «стилистика», «стиль»
сөйлеу   тілдерінің   формалары   деген   ұғымдармен   тығыз   байланыс
ұсталынады. Тілдік құралдардың барлығы өзінің шынайы қызметін, болмыс-
табиғаты   синтаксис   деңгейінде   айқын   көрсете   алатындығы   игертіледі.
Мысалы:  
1) өтініш айту, талап қою, пайымдау, келіспеушілік, өзі туралы. болған
оқиғалар туралы әңгімелеу, онда тыныс белгілердің қойылуына назар аудару.  
2)   Сұрақ-жауапқа   құрылған   тіл   дамыту   жаттығуларды   тыныс
белгілермен байланыстыу.
3) Сурет бойынша әңгіме құрастыру. 
1) Құстарға қамқорлық жасаушы бала туралы әңгімеле. Суретте: ағашта
ілулі тұрған жемшар, жем шашып тұрған бал, ұшып жүрген торғайлар. 
2)   Суретке   қара.   Әрқайсысының   мазмұнына   лайық   сөйлемдерді
төмендегі мәтіннен таңдап ал.
Сыныптан   тыс   тіл   дамыту   жаттығулары.  Сюжетті   суреттер
бойынша   әңгіме   құрастыр.   (алдын-ала   болжау   тәсілі:   оқушыларға   1,   3
картиналар таратылып беріледі, ал 2,4, картиналар жабық тұрады).
1-сурет.   Бала   мектепке   келе   жатыр.   Оның   артынан   аузына   тістеген
портфелі бар ит жүгіріп келеді. 
3-сурет.   Мектеп   алды.   Арырақ   балалар   тұр.   Бала   иттен   фортфелін
алмақшы болады. Ал иттің аузына портфель емес, сүйек.
2-сурет. Кенет ит жолда жатқан сүйекті көреді. Ол портфельді тастай
салып, сүйекке жүгіреді.
Мәтін мазмұны бойынша сюжетті суреттер құрастыру және олардың
көмегімен   мәтінді   еске   түсіру,   мәскерлеп   оқу,   тыныс   белгілеріне   назар
аударып, ереже арқылы дәлелдей алу.
А) Мен қарындашпен сурет саламын. 
Нан қайдан шығады?
Бір   күні   тышқан   нан  дүкеніне   кіреді.   Сөреде   жаңа   піскен   сап-сары
бөлкелер   үйіліп  тұр  екен.  Піскен  нан  иісіне   қызыққан   тышқан  тұмсығын
86

жыбырлатты. Төмендегі бір бөлкені  кеміре бастады. Осы кезде  күзетші
келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады.
«Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан? Біліп алып шыққан жеріне
кірсем, ә!»- деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады. 
- Нан, нан, сен қайдан шықтың?- деді сыбырлап. 
- Сатушыдан сұра, - деді нан. 
Тышқан сатушыға келді. 
- Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады? 
- Наубайшыдан сұра, - деді сатушы. 
Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп
жатыр екен. 
- Нан қайдан шығады?- деді, бір наубайшыға келіп. 
- Диірменшіден сұра, - деді наубайшы. 
Тышқан   диірменшіге   келді.  Диірмен  тасы  тынымсыз   шыр   көбелек
айналады.   Екі   адам   ұн   тартып   тұр.   Үн  төгіліп   аққан   бұлақша   құйылып
жатыр. Көзді ашып жұмғанша қап-қап ұн дайын болады. Тышқан иненің
көзіндей танауын тыржитып, тандана қарап тұрды да: 
- Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады?- деп сұрады. 
Немесе сурет бойынша мәтін құрау. Мысалы: 
Үш   жүзден   астам   түйесі   бар   керуен   иен   далаға,   құм   айт   далаға
іліккен. "Көш басшысы - орта бойлы, сұлу мұртты, шымыр денелі, былғары
курткалы,   басына   елтірі   тымақ   киген   Әліби   Жангелдин.   Сейтек   оның
сөйлеген сөзіне, әскери мінезіне қызығзды. Жұрттан естуі: бұл кісі сонау
Торғай жақтағы Амангелді батырға, оның сарбаздарына қару-жарақ, оқ-
дәрі апара жатыр.
Мәтін бойынша әр топпен жүргізілетін жұмыстар: 
1. Мәтінге ат қой.
2. Әр сөйлемнен сөз тіркесін тап.
3. Сөз тіркесінен жасалған біріңғай мүшелерді тап.
Сыныптан   тыс   тіл   дамыту   жаттығулары.  Әңгімені   әрі   қарай
жалғастыру. 
Ғазизаның балалары
Ғазизаның   үш   баласы   бар.   Өзі   заводта   жұмыс   істейді.   Жұмысқа
кезекпен барады. Таңертеңгілік қоңыраулы сағатпен тұратын. 
Үйде оңаша қалған балалар кейде асыр салып еркінсіп кетеді. Бүгін де
ойынның қызығына батгы. Кітап тұратын сөренің жанында ойнап жүріп,
балалар   оны   құлатып   алды.   Кітаптар   жерге   түсіп,   шашылып   қалды.
Бәрінен бұрын оның үстіндегі қоңыраулы сағат қирады. (М.Төрежанов) 
Сұрақтар арқылы әңгіме құрау. Жоспар бойынша түлкі туралы әңгіме
құра. 
1. Түлкі қандай аң? 
2. Оның түсі мен құйрығы қандай? 
3. Ол қандай жерді мекендейді? 
4. Түлкі немен қоректенеді? 
87

Оқушылардың танымдық қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға
байланысты   жасалған   жаттығулар   жүйесі   оқушының   мұғалімнің   бағыт-
бағдар беріп отыруы арқылы өз бетімен орындайтын танымдық қызметіне
сүйенеді. Оқушылардың түйсіну, қабылдау, ес, қиял. зейінін теориялық білім
алу   барысында   дамытуда,   жеке  басының   эмоциялық   ерік   сапаларын,   ерік,
сезім,   психикалық   қасиеттерін,   темперамент,   мінез   ерекшеліктері   мен
адамгершілік, гуманистік бағытта дамытуда ойын жаттығулар грамматикалық
ребустар, танымдық викториналар, графикалық модельдер жасатуға үйрету
жаттығулары ерекше орын алады. Ғалым Н.Құрманова: ойын жаттығулары
оқушының   қоршаған   ортаға   қатынасы   ретінде   дүниетанымына,   теориялық
ойлауының   дамуына   әсер   ететін   әрекет.   Ол   оқушының   психикасының
дамуында ерекше қызмет ретінде, оқушы әлеуметтік тұрғыдан тапсырылған
әрекет түрінде танылып қызмет етуі керек дейді [57,277]. Ойын жаттығулары
топта,   сыныпта   сенімділік   қалыптастыруға   негіз   болып,   жеке   тұлғаның
дамуына ықпал етеді. Оқушының қиялы мен еркін, шығармашылық ойлауын
дамытады. Мысалы: «Орнын тап» - ойын жаттығу.
«Орнын тап» ойыны оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Қатысымдық белсенділіктерін apтrыpy мақсатын көздейді. 
Ойын-жаттығудың шарты: әр топқа 1 сөйлемнен жазылған қима қағаз
таратылады.   Олар   сөйлемді   оқып.   естерінде   сақтаулары   қажет.   Берілгеп
сөйлемді басқа топтың балаларына көрсетуге болмайды.  1 минуттан кейін
мәтінді кезекпен сазына келтіріп оқиды. Қатысып отырғандар оқушылардың
оқығаны   жөнінде   өз   пікірлерін   айтады.   Ойынға   қатысушыларға   кімнің
оқығаны   ұнаса,   сол   бала   жеңімпаз   атанады.   Бұл   тыныс   белгіні   мәнерлеп
оқумен байланыстыруда қолданылады. 
2. «Жайылымға айналдыр».
Ойын-жаттығудың   шарты:   Оқушылар   берілген   сөздерді   («қатты»,
«балалар»,   «тез»,   «дүкенге»)   пайдаланып,   төменгі   сөйлемдерді   жайылма
сөйлемге айналдырып жазады: «Демалысқа шықты. Жарас қуанды. Сатушы
келді. Сәуле жазды». 
3. «Баяндауышым қайда?» 
Ойын-жаттығудың шарты: Өлең мәнерленіп оқылып болғаннан кейін,
тақтаға мынадай кесте ілінеді:
Бастауыш
Баяндауыш
Бұл
Жел
Күн
....
....
....
Оқушылар   мұғалімнің   үстелінің   үстінде   қағазға   жазып   қойылған
«ыдырады, қуып барады, күлімдеді» сөздерінің тиістісін тақтада ілулі тұрған
кестеге (көп нүктенің орнына) орналастыруы керек. 
88

Қорыта келгенде, бұл жаттығулар оқушының саналы, мазмұнды ойлау,
сөйлеу әркетіне жетелеу арқылы тыныс белгіні дұрыс қоя білуге жаттығады.
2.3.1. Пунктуациялық дағдыны қалыптастыруда диктант
жүргізудің әдіс-тәсілдері
Диктант жұмысын жүргізу екі мақсатты көздейді:
1)   Диктант   жұмысын     жүргізу   көбінесе   оқушылардың   теориялық
білімін     сынауға   қолданылады.   Олардың   өткен   материалды   қаншалықты
меңгергені   диктант   жазу   барысында   айқындалып   отырады.   Соның
нәтижесінде   мұғалім   қай   оқушының   қандай   тақырыптан   қате   жібергенін
белгілейді алады. Ары қарай мұғалім   қандай шара қолдану жолын, жұмыс
жоспарын анықтап алады. 
2) Диктант     жұмысы   үйрету, бекіту, қайталау, пысықтау мақсатында
жүргізіледі.   Бұл   кезде   диктант   жұмысын   ұйымдастырып   отырылған   жаңа
білімді бекіту, кейбір ерекшеліктерін ашып таныту үшін қолданылады. 
Диктант жұмысын ұйымдастырып жүргізудің өзіндік талаптары бар:
- диктанттың жүйелі түрде түрлендіріліп жүргізулуі;
- диктанттағы мәтін, анықтама, ережелердің саналы игерілуі;
- жайдан күрделендіріліп, оңайдан қиынға қарай ұйымдастырылуы. 
Қазақ тілінен  ұйымдастырылатын  басқа да жазба жұмыстары сияқты
диктант жаздырудың да өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Олар: мұғалімнің диктант
алуға   даярлығы,   диктант   жүргізуге   оқушыларды   дайындау   және   жүргізу
болып табылады. 
Мұғалімнің   диктант   жүргізуі   ең   алғаш   мәтін   таңдаудан   басталады.
Диктантқа мәтін  дайындауға мынадай талаптар қойылады:
1.   Диктант   мәтінінің     мазмұны   жағынан   оқушыларға   түсінікті,
тәрбиелік мәні бар және әдеби тілдің талаптарына сай болуы;
2. Диктанттың әр түрлі  жанрлардағы шығармалар, үзінділер, арнаулы
мәтіндер болуы;
3. Диктант мәтінінің   құрамындағы сөздердің бәрі оқушыға түсінікті
болуы керек. Егер түсініксіз және өте сирек қолданылатын емлесі қиын сөз
кездессе, ол түсіндіріліп, көрсетіледі;
4.   Диктант   мәтінінің     емле   қиындығы   орташа   дәрежеде   болып,
бағдарламаға сай сұрыпталынады;
5. Диктант мәтініне әрбір өтілген ережеге байланысты кемдегенде 2-3
орфографиялық және тыныс белгілерінің нысандары т.б. болуға тиіс. 
Мұғалімнің  келесі  бағыттағы  жұмысы  – диктантты тексеру. Диктант
жұмысының   қай   түрі   болса   да   тексеріледі.   Әсіресе,   бақылау   жұмысын
тексеріп,   оқушылардың   жіберген   қателерді   сұрыптайды.   Олардың   жіберу
себептерін   анықтайды.   Соңынан   қатемен     жұмысты   жүргізу   мен   оны
болдырмаудың әдіс-тәсілдерін ойластырады. 
Мұғалімнің оқушыларды диктант жазуға даярлауы сол сабақ үстінде
немесе үй тапсырмасына байланысты жүргізіледі. 
89

Сөздік диктант
Бұл диктант өтіліп отырылған грамматикалық материалға байланысты
және сөздер мен сөз тіркесін қатесіз жазу үшін  жаздырылады. Берілген мәтін
ішінен өтілген ережеге байланысты   сөздерді немесе  сөз тіркестерін теріп
жазып,   оған   талдау   жасалады.   Бұл   оқушылардың   сөздік   қорын   байытуға
көмектеседі. 
Сөздік   диктантын   жазғанда   оқушылар   жеке   сөздердің   мағынасымен
таныса отырып, жаңа сөздерді игереді. Бұл диктантты жаздыру үшін мұғалім
мәтін   таңдайды,   онда   оқушыларға   орфографиялық   немесе   фонетикалық
мағынасынан ауырлық келтіріп жүрген сөздерге ерекше назар аударады. 
Сөздік диктантын жүргізу үшін мұғалім   бірнеше тәсілді (көру, есту,
түсіндіру т.б. ) қолданады. Сондай-ақ сөздік диктанттың күнделікті   сабақ
барысында  5-8 минут  уақыт  бөліп өткізуге  болады.  Бұл  диктанттың  түрін
сабақтың   кез-келген   уақтысында,   кезеңінде   жаздыруға   болады.   Сөздік
диктантына оқушылардың   жыл бойы меңгеруіне тиісті термин сөздер мен
жазылуы қиын  байырғы сөздерді де алуға болады. Бұл диктанттың көлемі әр
сыныпта әр түрлі:
V-VI сыныптарда   бұл диктантты жүргізу үшін   мынадай мәтіндерді
пайдалануға болады. Мысалы: 
V сыныпта зат есімді өткенде:
І. Жауапкер, шүкіршілік, жатақхана, ұшақ, тікұшақ, электростанция т.б.
2. Ұшқыш, шахтер, жылқышы, суретші т.б. 
3. Бесжылдық. еңбекақы, көзқарас, Сарыөзен, ауыл-аймақ, Арал теңізі,
Мәдениет үйі. 
Етістікті өткенде:
1. Кер, ал, көр, айт, қара, кет, отыр, тұр, жаз, жүр, ойна, қырық (көр,
қырық, ойна, қара, кет сөздерін қатыстырып сөйлем құраңдар). 
2.   Бер,   оқы,   ет,  тұздады,   қар,   тазалады,   кел,   сауық,   сырқыра,   сертік
(туынды етістіктерді тауып, астын сызыңдар). 
3.   Ерлік   еңбекке   жеткізер.   Ақыл   арымас,   алтын   шірімес   (мақал).
Дәрігер   бүктеле   түскен   күйінде   ұйықтап   кетіпті,   шашылған   бөлшектер
уақытысында жиылуы керек. Сапырылысқан адамдардың дауыстары құлаққа
шалынады   (негізгі   етістіктерді   тауып,   оларды   қосымшалардан   сызықша
арқылы ажыратыңдар). 
Етістіктің түрлерін өткенде:
1.   Қорық,   сөйле,   сүрін,   ұмыт,   қара,   сөз,   жасы,   төбелес,   жаса,   күй
(болымды етістіктерден болымсыз етістік жасаңдар). 
2. Қалима келді. Ғалияны шақыр. Әсияны көрдік. Жер көктейді. Күн
күркіреді. Сен сәбиді ренжітпе. 
3.   Көзінше   мақтама,   сыртынан   даттама.   Өткелін   білмей,   су   кешпе.
Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер. Дұшпанға шыныңды айтпа, түбіңе жетер.
Ащыны татып көрмеген, тәттінің дәмін білмейді. 
8-9   сыныптарда   белгілі   тақырыпқа     байланысты   жаңа   сөз   үйрету
мақсатымен мына сияқты мәтіндер алынады. 
Достығының арнасы кең, тамыры терең, күн сәулетті Қазақстан   -
90

ынтымағы жарасқан көп ұлтты республика.  Оның кең байтақ далалары
мен   сәулетті   қалаларында   жүзден   астам   ұлттың   өкілдері   тату-тәтті
тұрады. Олардың мұратындағы мақсаттары мен ақ қанат орамдарынан,
берекелі   істері   мен   құдіретті   күштерінен   болаттай     берік   достықтың
белгілерін байқау қиын емес. Мызғымас достық пен рухани татулықты ту
еткен   болар,   болашақтың   даңғыл   жолында   жарқын   да   жасампаз   іздер
қалдыруда. 
Берілген мәтіннен негізгі зат есім мен туынды зат есімдердің астын
сызыңдар. 
Қырағы бала
Майдан   барлық жерде саябырлап, уақытша тыныс алып тұрған кез
болатын.   Алдымызда   үлкен   шабуылдың   жақын   екенін   сезетінбіз,   өйткені
барлық майданда да дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан тәрізді еді. 
Станцияға келген поездар көп тоқтамай, жөнелтіліп жатыр, өйткені
соңғы   екі-үш   күннің   ішінде   станцияға   ерекше   тынышсыз   жағдай   туды.
Жаудың  самолеттері станцияны қатты бақылауға алған, себебі олар жиі-
жиі шабуыл жасап бомбылауда. 
Станцияға   солдаттар   мінген   поезд   келіп   тоқтады.   Оң   қолын
сыртынан ақ шүберекпен таңып, мойнына асып алған бір қыз жүр. 
- Сен кімді күтіп жүрсің? – деді, бір кішкентай бала қызды артынан
қуып жетіп. 
- Әкемді күтіп жүрмін, - қыз теріс айналып кетті. 
Балаға қыз туралы үлкен күдікті ой туды. Бірақ қызға одан әрі тіл
қатқан жоқ, себебі қызды соңынан қадағалауда болды. 
Қыз   вагондардың   есігіне   қарайды   да,   қолын   құлағына   тосып,   бір
нәрсені тыңдайды. Қолын байлауы да жай емес. 
Одан   әрі   бала   шыдап   тұра   алмады,   сондықтан   тиісті   орынға
хабарлау керек деп ойлады. 
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет