Жаратылыстану ғылымдар факультеті



бет1/5
Дата19.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#58177
  1   2   3   4   5

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Физика кафедрасы

БӨЖ

Орындаған: Абсаттар Д

Тобы:ЖФЗ-111


Қабылдаған: Байбахов Нурбол


Түркістан 2022


Жоспар:
1. Мәдениет элементтерін атаңыз және сипаттаңыз – тіл, құндылықтар, нормалар, дәстүрлер және т.б.
2. Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтерін анықтаңыз. Қоғам мен дін арасында қандай қарама-қайшылықтар туындайтынын айқындаңыз.
3. Мәдени конвергенция мен мәдени имперализм идеяларының мазмұнын ашыңыз.

1. Мәдениет элементтерін атаңыз және сипаттаңыз – тіл, құндылықтар, нормалар, дәстүрлер және т.б.
Кез келген мәдениеттің алғашқы негізі қандай да бір халықтың әлемтануына тән ұғымдық-логикалық аппарат, яғни белгілі бір ұғымдар мен нұсқауларда баяндалған және тілде тіркелген байыпты тәжірибе болып табылады. Тіл - адам тәжірибесін жинақтау, сақтау және берудің шынайы нысаны. Тілді белгілі бір мағыналарға ие таңбалар мен символдар ретінде анықтауға болады. Индивидтер таңбалар мен символдардың мағыналарын әлеуметтену барысында, яғни тәрбиелену және білім алу барысында меңгереді.
Мәдениеттің маңызды элементтері нанымдар, діншілдік, білімдер болып табылады. Нанымдар мен діншілдікте адамдардың шындығында да нені ұстанатыны, өзінің қызметінде және қатынастарында нені басшылыққа алатыны, олардың жүріс-тұрысы үлгілері нені қамтитыны көрінеді. Нанымдар мен діншілдік негізінде білім жатыр. Діншілдік ақпараттың жетіспеушілігі болғанда, қандай да бір ақпараттың ақиқаттылығын тәжірибе жүзінде растау мүмкіндігі болмағанда қалыптасады. Діншілдікке қарағанда нанымдардың мәні болмыс туралы логикалық негізделген және тәжірибе жүзінде расталған білім болады. Алайда нанымдар мен діншілдіктің біліммен байланысты болатыны сөзсіз. Білім нанымдарға және діншілдікке қандай да бір мағынаны беріп, оларды идеямен толықтырады.
Мәдениет анықталған құндылықтар негізінде болмысты рухани меңгеру тәсілі. Құндылықтар - жетуге талпынуға тырысатын адамның көпшілігімен әлеуметтік мақұлданатын және қабылданатын мақсаттар туралы түсініктері. Құндылықтар ретінде кез келген материалдық объект, қоғамдық қатынас немесе рухани құбылыс болуы мүмкін. Құндылықтар әлеуметтік субъектімен өзінің қажеттіліктерін оларды қоршаған орта заттарымен салыстыру, яғни адам үшін не пайдалы, не жақсы, не жаман және т.с.с екенін көрсететін құнды қатынас нәтижесінде қалыптастырылады.
Құндылықты бағалау критерийлері қоғаммен өзінің әлеуметтік-тарихи дамуы барысында қалыптастырған сол қоғамның құндылықтар жүйесіне кіретін негізгі құндылықтар болып табылады. Бұл өмірдің келмейтін құндылығын жариялайтын, жақсылық және жамандық, бақыт, өмірдің мақсаты және мәні, денсаулық, жеке қауіпсіздік және т.с.с. туралы түсініктері; тұлға аралық қатынастың құндылығын растайтын: жалпы адамзаттың өзара әрекеттесудің адалдылығы, адал ниеттілігі, ақкөңілділігі; демократиялық бостандықтар, тұлғаны құрметтеу және т.с.с. Құндылық қатынас құндылық бағдарлаудың, құндылық нұсқамада көрінетін қызмет пен қатынастарды ақпараттандырудың қажетті компоненті ретінде болады. Құндылық нұсқамалары қоғаммен қоғамдық-тарихи қызмет барысында қалыптасады және индивидтермен және келесі ұрпақпен әлеуметтену барысында беріледі: оқыту, тәрбиелеу және т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет