Жаратылыстану ғылымдары мен педагогикасы



Дата02.03.2023
өлшемі134,86 Kb.
#71141
Байланысты:
Өміргүл геоморфология глос


Қазақстан Республикасы жоғары ғылым және білім министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
“Жаратылыстану ғылымдары мен педагогикасы”
«Биология және география» кафедрасы

ГЛОССАРИЙ
Тақырыбы: Геоморфология

Орындаған: Қожахметова Ө


Тобы: ЕП-21-18К
Қабылдаған: Амирбеков Е

Шымкент 2023



Геоморфологияжер бедерінің құрылысын, шығуын, даму тарихын және динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым
Материктер - жер бетінің ең ірі дөңес пішіндері. Олардың көп бөлігі құрлықтан тұрады, сонымен қатар материктердің біршама бөлігі дүние жүзі мұхиттық түбін қамтиды.
Бедер- эндогендік және экзогендік процестердің өзара қарым-қатынас әрекетінен қалыптасқан құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы.
Шоқылар- үшкір төбелі, конус пішінді немесе жұмыр шыңды күмбез тәрізді төмпешіктер.
Мегапішіндер жүздеген және ондаған мың шаршы километр ауқымды қамтиды. Бұларға материктер аумағындағы таулы жүйелер және кең-байтақ жазыкқтар, мысалы, Гималай, Альпі немесе Кавказ тау жүйелері, Батыс-Сібір жазығы, Орта Сібір қыраты, Тянь-Шань тау жүйесі, Тибет таулы қыраты т.с.с. мұхит өңірінде ірі-ірі суасты ойпандар мен көтерілімдер жатады.
Макропішіндер - мегапішіндердің құрамдас бөлігі. Олардың аумағы жүздеген, мындаған кейде он мыңдаған шаршы километрге дейін жетеді.
Макропішіндерге таулы аймақтардың жеке қыраттары немесе ойыс жерлері жатады .
Мезопішіндердің аумағы әдетте бірнеше шаршы километр немесе ондаған шаршы километр. Бұларға жотаның тарамдары, жыралар, сайлар, жеке аңғарлар, ірі аккумуляциялық пішіндер (шағыл тізбектері) жатады.
Микропішінтдер - ірі пішіндердің бөлшегі болып саналатын кішігірім кедір-бұдыр түрлері мысалы, карст шұңқырлар, эрозиялық қазбалар, ұсақ құм төбелер, көлдеулер және т.б.
Нанопішіндер - макро- мезо- және микропішіндердің үстін шиелендіріп бөлшектейтін өте ұсақ кедір-бұдырлар.
Геосинклиналды белдеу – жер қыртысынаң ауқымды , өте қозғалмалы , бір бағытқа созылған белдеуі.
Абиссалды аймақ – мұхиттар мен терең теңіздердің абиссалдық фауна тіршілік ететін терең ойыстары.
Неритті аймақ – теңіз (мұхит) суының жакрық сәулелерімен жақсы қаныққан
Батиалды аймақ – материктік қайран мен теңіз түбі (төсеніші) аралығын қамтитын, яки негізінен материктік беткейге жапсарлас орналасқан батиальды фаунаның тіршілік етуіне қолайлы теңіз деңгейі
Эндогендік процестер – жердің ішкі энергиясына , ауырлық күшіне және жер айналған кезде пайда болатын күштерге байланысты оның қойнауында жүретін геологиялық процестер.
Экзогендік процестер – сыртқы процестер. Күн энергиясы мен жердің өзіне тарту күшіне негізделген неологиялық процестер жинағы.
Морфология – Бедер пішіндерінің таралуы мен бөлінуі заңдылығын зерттейді.
Морфометрия – белгілі бір өлшем бін немесе дерексіз көрсеткіштер. Рельеф формаларын санда сипаттама әдісімен өлшеу.
Генетика – бүкіл тірі организмдерге тін тұқым қуалаушылық пен өзгергіштігін зерттейді.
Эолдық процес – жел әрекетінен пайда болатын бедер түзуші процестер.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет