Жаратылыстану институты Биология кафедрасы Эссе Тақырыбы: 1924-1933жылдары 2,5 миллион қазақтың өмірін жалмаған «Голощекиндік геноцидтің»



Дата08.03.2022
өлшемі12,57 Kb.
#27259

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Жаратылыстану институты

Биология кафедрасы

Эссе

Тақырыбы: 1924-1933жылдары 2,5 миллион қазақтың өмірін жалмаған «Голощекиндік геноцидтің» ащы шындығы мен қазақ интеллигенциясының қатал тағдыры.

Орындаған: Каримова Айбике

Топ: 102 «Б» Биология

Тексерген: Берлибаев Е.Т.

1924-1933жылдары 2,5 миллион қазақтың өмірін жалмаған «Голощекиндік геноцидтің» ащы шындығы мен қазақ интеллигенциясының қатал тағдыры.

ХХ ғ қазақ халқының тарихында қаралы әріптермен жазылған оқиғалары көп, дүрбелеңге толы кезең болып табылады. Өткен күндер парағын ашып қарасақ 1921-1922 жылдар ел басына күн туған кезеңдер екенін көруге болады. «Жау жағадан алғанда бөрі етектен» дегендей онсыз да отырықшылыққа үйретеміз деп күштеуден, жайлы қоныс, шүйгінді жерлерден айырылған, алым-салықтың көбеюі қатты титықтатқан халықтың 21-22 жылдары күн райының жайсыздығынан да әбден қиналған халық үшін аяусыз тиген соққы болды.

Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшысы болған тұста «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен жұрттың мал мүлкін тартып алды. Тұтас бір халықты қырып салған жендеттік саясат ұстанған Голощекин «Кіші қазан» төңкерісін ұйымдастырмақшы болып, ел ішінде қанды қырғын салды. Менің пікірімше бұл солақай саясат қасақана жасалған саясат деп білемін. Тарихи деректерге сүйенсек, сол жылдары қаншама байдан мал тәркіленді.1921-1922 жылдары аштық кезінде қазақтар саны 30пайызға азайса, 1932жылғы қолдан жасалған аштық құрбандары 2млн-ға, кейбір деректерге сүйенсек 3млн-ға жеткенін көруге болады. Бұл кезеңді тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанды. Қаншама қазақ сол кезде ел асып, қыр асып,шекара ауып, босып кетті.

Бұл, менің ойымша, Голощекиннің қазақ халқын ұлт ретінде жойып жіберуге бағытталған сұрапыл саясаты болған. Мұндай саясаттың әдейі жасалғанын айтып ұлтты «бозторғайдай» шырылдаған зиялы қауымды «халық жауы» деп атып, құрту саясаты халқымыздың тарихын оқығанда еңіреп етегің жасқа толады.

Өз ойымды қорытындыласам, мен өз елімнің патриот ұланы ретінде Голощекиннің «солақай саясатын» теріске шығарып келешекте мұндай солақайлыққа жол берілмеуіне өз үлесімді қосамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет