Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет13/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   142
7. Микрохирургия әдісін тірі жасушаларды зерттеген кезде де 
қолданады. Микроманипулятор деп аталатын құралмен жасушаны кесіп, 
ішінен бӛліктерін шығарып алады. Операцияның барысын микроскоп 
арқылы бақылап отырады. Микрохирургиялық құралдар — ӛте
кішкентай
шыны 
қармақтар, 
инелер,
капиллярлар.
Микроманипуляцияны арнайы камераларда жүргізеді. Осы әдіспен бір 
жасушалы жалғанаяқтының ядросын басқа жалғанаяқтыға ауыстырып
жасушаның физиологиялық ерекшелігі ядроға тәуелді болатыны 
анықталған (Фонбрюн, 1951). Митоз процесі жүріп жатқан жасушадағы 
бӛліну ұршығын микрохирургия әдісімен бұруға және кейбір 
хромосомаларды бӛліп алуға болады. 
8. Рентгенструктуралық талдау әдісі рентген сәулелерінің 
дифракция құбылысына негізделген, цитоплазма мен ядроның құрамына 
кіретін белоктардың, нуклеин кышқылдарының және басқа заттар 
молекулаларының құрылысын зерттеу үшін қолданады. Бұл тәсіл 
молекулалардың кеңістіктегі орналасуын анықтауға, олардың ара 
қашықтықтарын ӛлшеуге мүмкіндік береді.
Электорнды микроскоппен зерттеу 
Электронды микроскоппен зерттеу барысында морфологиялық 
объектілерді 
кӛру 
үшін 
электрондар 
сәулесінің 
шоғыры 
қолданылады.Электрон сәулесі толқынының ұзындығы 0,005 нм. Толқын 
ұзынды неғұрлым қысқа болса, микроскоптың кӛрсеткіш қабілеті 
соғұрлым артады. Электрондар шоғыры жоғары вакуум және жылдам 
қуатты электронды зеңбірек арқылы жіберіліп, электромагниттер 
кӛмегімен шоғырланады (электромагниттік линзалар). Электрондар 
шоғыры зерттеу объектісі арқылы ӛтіп, люминесценттік экранға 


18 
түскеннен кейін ғана объект құрылымдары бейнеленеді. Оны суретке 
түсіруге болады. Қазіргі электрондық микроскоптардың анық кӛрсету 
мүмкіндігі 0,1 нм (жарық сәулелі микроскоптардан 200 000 есе жоғары) 
болса, үлкейтіп кӛрсету мүмкіндігі – 1 миллион есе. Электрондық 
микроскоптың бұл түрі трансмиссиондық деп аталады. Оның кӛмегімен 
жасушалардың және жасуша аралық құрылымдардың ішкі нәзік 
құрылысын зерттеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет