Жас ерекшеліктерін ескере отырып қабылдау мен зейіннің дамыту жолдарын көрсету Орындағандар: Коблан Б, Кеңесбек Ж, Мұңайтпас Қ, Нәзірқұл А, Диханбаева Д, Муратханова Р



Дата29.03.2023
өлшемі1,23 Mb.
#77074

Жас ерекшеліктерін ескере отырып қабылдау мен зейіннің дамыту жолдарын көрсету

Орындағандар: Коблан Б, Кеңесбек Ж, Мұңайтпас Қ, Нәзірқұл А, Диханбаева Д, Муратханова Р

Тобы: 1501-22

Қабылдаған: Сейдаева А.Н.


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

ЖОСПАРЫ


Зейінді анықтау әдістері
4
Зейін туралы жалпы ұғым
1
Зейін түрлері
2
Зейіннің қасиеттері
3
Пайдаланылған әдебиеттер
5

Зейін туралы жалпы ұғым

Зейін - адам санасынын белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс. Дәлірек айтканда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.

Адамға тән әрекеттін кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы киын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824- 1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып ететін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі сокпай ете алмайды, егер де ол сокпай етсе, онда баланын санасында ештене де калмайды».

Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында козу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы женді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында кушті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).

Зейіннің түрлері

  • Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді.
  • Адамнын ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір максат койып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарка жұмсауды талап етеді.
  • Үйреншікті зейін адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала окуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, онын зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамнын іс-әрекеті дағдысына айналады.

Зейіннің қасиеттері


Тұрақтылық
Көлем
Аударылу
Бөлінгіштік
Алаңболушылық
Зейін
  • Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді.
  • Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы.
  • Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.
  • Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның камтитын, объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі.
  • Алаңболушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады.

Зейінді анықтау әдістері

  • «Сандар мен әріптердің тіркесі» тәсілі арқылы зейіннің тұрақтылығы мен бөлінуі, уақыт тапшылығы жағдайындағы жұмыс қабілеттілігі бағаланады.
  • «Түзетулік байқап қарау әдісі» арқылы ұзаққа созылған біртекті жұмыс кезінде зейіннің шоғырлануы мен ауысымдылығын зерттеу үшін қолданылады.
  • «Сандарды іздеп табу» тәсілімен зейінні көлемі, бөлінуі, ауысымдылығы және жедел еске сақтау қабілеттілігі зерттеледі.
  • «Шульте кестесімен» адамның зейінінің тұрақтылығы және жұмыс қабілеттілігі зерттеледі.
  • «Шатасқан сызықтар» әдісімен зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануын анықтайды.
  • «Ақыл-ой қозғалғыштығы» тәсілімен зейіннің ауысып бөлінуін, бір тапсырмадан қатесіз келесі тапсырмаға ауысу кабілеті зерттеледі.

Пайдаланған әдебиеттер

  • Google сайттары
  • https://stud.kz/prezentatsiya/id/16695
  • https://melimde.com/jas-erekshelikterin-eskere-otirip-abildau-men-zejinni-damu-jol.html
  • https://melimde.com/zejin-turali-jalpi-fim-zejinni-trleri-men-asietteri.html


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет