Жас өспірімдердің девиантты, деликвентті мінез-құлықын алдын-алудың психологиялық ерекшеліктері. Мақсаты



Дата19.12.2022
өлшемі52,82 Kb.
#58153
Байланысты:
девиация


Жас өспірімдердің девиантты, деликвентті мінез-құлықын алдын-алудың психологиялық ерекшеліктері .
Мақсаты: Мінез-құлық пен дамудағы ауытқушылықтармен жүргізілетін түзету психологиялық және педагогикалық жұмыстардың болмысы мен табиғатын анықтаудың жолдарын көрсету .
Балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқындағы кемшіліктердің алдын алуға және жеңуге бағытталған нақты іс әрекетті айқындау.
Қазақ тіліндегі әдебиеттерде керітартпа әдет, жағымсыз мінез-құлық, девиантты мінез – құлық деп әртүрлі деп беріледі. Ең алдымен норма дегеніміз не деген сұраққа тоқталайық. Ғылыми әдебиеттерде норма деп «қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын, ережелер жиынтығын айтамыз». Сонымен, норма – қоғамдағы жалпымен қабылданған моральдық, заңдық, әлеуметтік талаптарға сәйкес мінез-құлық.
Ауытқушылықтардың критерийлері мен белгілері
Асоциалдық мінез-құлық басқаларға өшпенділік, агрессивтік қарым-қатынас, ережелерді бұзу, абыройды мойындамау.
Осы жағдайда келесі көріністерді атап өтуге болады:
төбелескіштік, басқаның мүлкіне зиян келтірушілік, адамдарға немесе жануарларға деген қатыгездік қарым-қатынас, ұрлық, өтірік айту

  • «Деликвенттілік» түсінігі «delinque» - ренжіту, бұзу сөзінен шыққан. Әлеуметтік – психологиялық әдебиеттерде бұл түсініктің мәндік мағынасын А.Личконың анықтамасымен байланыстырады. Оның ойынша, деликвенттілік Қылмыстық кодекске сәйкес жазаланбайтын криминалдық мінез – құлыққа тікелей қатысты емес, майда құқық бұзушылық. Бірақ әлеумдік тәжірибеде кәмелеттік жасқа толмағандардың криминалдық іс-әрекеті.

  • Девиантты мінез-құлық түсінігі Э.Дюркгеймнің атымен тығыз байланысты. Э.Дюркгейм бойынша девиантты мінез-құлық қоғамдағы жалпы қалыптасқан нормалардан ауытқуы.

Француз психологы Э.Дюркгейм (1858 - 1917) «Анома» теориясын жасаған .
Анома - мемлекеттің өз азаматтарының жүріс - тұрысын басқара алмай қалуын білдіреді. Анома сөзі грек тілінен аударғанда заңсыз қалыпсыз, басқарусыз деген мағынаны білдіреді.
Қоғамда қалыптасқан “ мінез - құлықтан
ауытқыған балаларды “қиын” немесе
“тәрбиесі қиын” бала деп санау қабылданған
тәрбиесі “қиын” балалардың әрекеті девиация
деп аталады.
Девиантты мінез-құлық және оның
пайда болу себептері .
Жеткіншек шақ – балалық шақтағы ең қиын және
ең күрделі кезең.
Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды.
Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан
ересек шаққа өтеді.
Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады.
Ол анатомиялық , физиологиялық , интелектуалдық ,
адамгершілік дамуында және
оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады.
Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына көбінесе тұрмыс жағдайының қиын әрі төмен болуынан. Жеткіншек кезеңде бала қалып пен ауытқудың ортасында болғандықтан бұл мәселеге тек педагог емес, сонымен қатар дәрігерлерде көңіл аудару керек.
Дене кемістігі немесе мүгедек, психикасына зиян келгендер
немесе психикалық ауытқулары барлар педагогикалық және
әлеуметтік ауытқулар деп мына кестедегідей қарасытуға болады.



Дене кемістігі

Психикалық ауытқулар

Педагогикалық ауытқулар

Әлеуметтік ауытқулар

Созылмалы не туа біткен аурулар, көруі, естуі нашар, аяғы кемтар не мүгедектер, т.б.

Ырық эмоциясы нашар, ақыл есінен ауытқыған жүйке жүйесіне зақым келген, санасының дамымауы, сезімінің бұзылуы, т.б.

Оқуға қызықпау, білім алмай қалуы, кәсіпке ие болмауы не қызықпауы, тәрбиедегі кемшіліктер, т.б.

Жетімдік, маскүнемдік, нашақорлық қараусыз қалу, қылмыскер, үйден қашу, тәртіп, заң, құқық бұзу, т.б.



Девиантты іс-әрекеттің нақты құбылыстарда айқындалуы
Сонымен қорыта келе, тәрбиесі «қиын» жасөспірімдерді тәрбелеу проблемасын ата-аналар, психологтар, педагогтар болып бірігіп қолға алуымыз қажет. Өйткені, тәрбие саласында жүрген кемшіліктерді уақыт өткен соң қайта қалпына келтіру қиын.
Баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей , өз қолынан келетін істе ғана ата-ана көмек көрсетіп жіберу;
Баланы еркіне жіберу ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу, оны жасқаншақ, қорқақ етеді. Ал тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру, баланы бейбастақ, ессіз, тентек етіп шығарады.
Жас шыбықтың шорт сынбай, қайырылса да қайта орнына келгенінің жақсы болатыны секілді, қиюы келіспесе де қиын баланы тәрбиелеу қажырлы, қайратты еңбекті талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет