«Жаскілен Қалиев шығармаларындағы ұлтжандылық сезім» Мазмұны Кіріспе



бет1/3
Дата15.01.2023
өлшемі32,98 Kb.
#61321
  1   2   3
Байланысты:
Жаскілен Қалиев шығармаларындағы ұлтжандылық сезім




«Жаскілен Қалиев шығармаларындағы ұлтжандылық сезім»

Мазмұны
1. Кіріспебөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, объектісі, әдістері, қысқаша мазмұны,болжамы туралы айтылады.


2.Негізгі бөлімде Жетісу өңірінің ақыны Ж.Қалиевтің өмір жолынан қысқаша мәлімет,оның ұлтжандылық сезімінің негізі болған ата-ана,сүйген жар,перзентке деген сезім суреттері туралы айтылады да, ол ақынның ұлтына,еліне деген сүйіспеншілігін білдіретін өлеңдерін талдауға ұласады.

3.Қорытынды бөлімдезерттеудің негізгі нәтижелері, тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы - қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі.Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеттері де қасіретті күресте еңбегі ерен азаматтарымыздың артына қалдырған мол мұрасымен тарихын зерттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр. “Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз”, - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев айтқандай, біздің алдымызда «бабаларының игі дәстүрін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр.
Ата-бабамыздың тәрбиеге өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны баршамызға аян. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ, қазақ халқындағы небір шешен, ақын, жыршы, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен қазылардың атадан балаға мирас болған тәлімін көреміз. Кез келген халықтың тәрбие беру ісінде өзіне тән ерекшеліктері болатыны секілді, қазақ халқында да, сан ғасырлар бойы жас ұрпақты имандылық пен ізгілікке, адалдық пен әділеттілікке, қарапайымдылық пен мейірбандылыққа, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеген ғұлама ғалымдары, шешендері мен билері, батырлары мен ақын-жыраулары болғаны баршаға мәлім.
Кемеңгер ойшыл бабаларымыз Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Махмұт Қашғари, Ахмет Жүйнеки, Сайф Сарай, Қадырғали Жалайри, Дулати, Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім, т.б. ғұлама-ғалымдар өздерінің шығармаларында ел мен жер, Отанды сүю, ар-ождан, намысты қорғау, ғылым, білімді халық игілігіне жұмсау секілді ұлттық рухтың өзекті мәселелеріне ерекше мән беріп келсе, XV-XVIII ғ.ғ. өмір сүрген Асан қайғы, Жиенбет, Шалкиіз, Бұқар, Дулат сияқты жыраулар өздерінің өлең-жыр, толғауларымен елдік пен ерлікті, әділдік пен адалдықты, сақилық пен серілікті жалықпай насихаттаған. Ал Доспамбет, Ақтамберді, Махамбет сынды әрі батыр, әрі ақын-жыраулар «ел намысы – ер намысы» деп қарап, дұшпанға өткір тілді өлеңін де, алмас қылышын да жұмсай білді.
Ерлік сын сағатта танылады. Елін, жерін, шет ел шапқыншыларынан қорғауда, ерен ерлігі аңызға айналған, өлең-жыр, толғау-дастандарға арқау болған Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Қосай, Едіге, Қамбар, Абылай, Ағыбай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Баян, Наурызбай, Райымбек, Малайсары, Сұраншы, Саурық, Барақ, Сырым, Исатай сияқты батырлардың тәрбиешісі де – қазақ халқы. Жиырмасыншы ғасырдың Кеңес заманындағы әр түрлі соғыстардың батырлары Амангелді Иманов, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов және тағы басқалардың ерен ерлік іс-қимылдары да өлең-жыр, дастанға айналып, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бірден-бір құралы болды. Осының бәрі халқымыздың атадан балаға ғасырлар бойы мұра болып жалғасып келе жатқан ерлік рухымен байланысты туындаған тәрбиенің дәстүрлі үлгі-өнегелік жемісі.
Осы орайда жастарға ұлтжандылық туралы ой салу мақсатында жазылған Жетісулық ақын Ж.Қалиевтің шығармалары туралы да көпшілікке таныстырып,оның патриоттық өлеңдеріне талдау жұмыстарын жүргізуді жөн санадық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет