Тақырыбы: «Ұлтына ұлағат қалдырған» Іс-шараның мақсаты: Студенттердің «Ғабит Мүсірепов –Ұлтына ұлағат қалдырған»



бет1/5
Дата07.11.2022
өлшемі32,38 Kb.
#48152
  1   2   3   4   5

Тақырыбы: «Ұлтына ұлағат қалдырған»
Іс-шараның мақсаты:Студенттердің «Ғабит Мүсірепов –Ұлтына ұлағат қалдырған»тақырыбы бойынша білімдерін кеңейтіп бекіту. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу,сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу.
Міндеттері:көркем сөйлеуге баулу;тіл мәдениетін дамыту;шығармашылық жұмыспен;жазушының өмір жолы арқылы студенттерді адамкершілік пен парасаттылыққа баулу;
Көрнекілігі:кітап көрмесі,фото сурет көрмесі,буклет,қабырға газеті.
Слайд


1-Жүргізуші:-Құрметті ұстаздар мен студенттер!Ұлы жазушы, сөз зергері Ғабит Мүсіреповтың туғанына 116-жыл толуына орай өткізіп отырған «Ұлтына ұлағат қалдырған» атты әдеби шарамызға қош келдіңіздер!
Ендеше жазушының өміріне шолу жасап кетелік.

2-жүргізуші:
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов-жазушы,әдебиеттанушы,мемлекет және қоғам қайраткері.Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы,Жамбыл ауданы, Жаңа жол ауылында 1902 жылы 22 наурызда дүниеге келген.Әкесі Махмұт кедей шаруа болған. Ғабит Мүсірепов 9 жасқа дейін өз ауылында оқып,арабша хат таныды.1916 жылы екі сыныпты ауылдық орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне түсіп, онда үш жыл Сәбит Мұқановпен бірге оқыды. Сәкен Сейфуллинмен танысты.
1-жүргізуші :
1926 жылы жұмфакты бітірген соң, Омбыдағы ауылшаруашылық институтында бір жыл оқып,1927-1928 жылдары Бурабай техникумында оқытушылық қызмет атқарды.


«Интеллект карта» арқылы өз жұмыстарын қорғауға топтарға тапсырма беріледі.
1-топ:Ғабит Мүсіреповтің өмірбаяны
2-топ:Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы
3-топ:Марапаттары мен қанатты сөздері
2-Жүргізуші: Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні,жұмбақ аялы алақаны,жан жылуы қолжетпес теңіз түбінде жатады.Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма?Ана болу-бүкіл өміріне келетін рухани күш пен ерен еңбек.Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз.Ананы барынша құрметтеп,сыйлау әр баланың парызы дей отыра алдарыңызда 1(9)М тобының студенті Әділхан Назеркенің «Ана туралы әнін» қабыл алайық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет