Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес мұра қалдырған ойшылдарға Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо. И. Кант, Т. Джефферсон, Т. Пейн және т б. жатады
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес мұра қалдырған ойшылдарға Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. жатады. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Мысалы: 1776 жылы 4 шілдесінде АҚШ – та Тәуелсіздік Декларациясы бекітілді. 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады. Онда адам құқықтары ғана емес, оларды қорғау шаралары да қарастырылады. 1948 жылы геноцидтің алдын алу және ол үшін жаза қолдану туралы конвенция, 1965 жылы нәсілдік алалаушылықтың барлық түрін болдырмау туралы конвенция, т.с.с. қабылданды. БҰҰ шешімі бойынша 10 желтқсан жыл сайын дүние жүзінде адам құқығының күні ретінде атап өтіледі.
Қазақстан Республикасының басты ұлттық саясаты – қоғамдағы барлық этностардың толықтай құқығы мен бостандығын сақтай отырып, байырғы ұлтқа негізделген жоғары әлеуетті қоғам құру. Тәуелсіз мемлекетіміз құрылғалы бері еліміздің ішкі саясаттағы ең басты бағыттарының бірі – халықаралық деңгейдегі достық пен өзара сыйластық және ұлтаралық келісімді нығайту. Ұлтаралық қатынастар үйлесімділігін, халықтар достығы мен бірлігін нығайту үшін елімізде барлық жағдай жасалған.
Еліміз егемендігімізге қол жеткізген күннен бастап, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев осы күнге дейін халықтар достығы мен ұлтаралық татулыққа ерекше назар аударып келеді. Осы жылдар ішінде Алатаудан бастап Арқа асқан, Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан ғайыр қазақ жерінде бейбітшілік пен саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім берік орнады. Қазақ даласының кең байтақ төсінде сан ұлттың баласы өсіп-өніп, өркендеп келеді. Еркіндік, бірлік, тұрақтылық – міне, мұның барлығы мемлекетіміздің ұлттық саясатының нәтижесі.
Ұлттық саясаттың басты ұстанымы – ұлттық құндылықтар негiзiнде Қазақ елiнiң экономикалық, саяси, рухани тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жердiң бiртұтастығын мәңгi сақтау, жер мен жер қойнауы байлығын (ұлттық байлығын) тек халық игiлiгiне жұмсау, халықтың әлеуметтiк жағдайын үнемi жақсарту.
Қазақстанның ұлттық саясатының бір тағылымы – мәдени плюрализм: әрбір этностық топтарға өз мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін сақтауға жағдай туғызу. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 19-бабының 2-тармағында «Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқы бар» делінген.
Елімізді мекендеген этностардың барлығында этномәдени бірлестіктер құрылған. Қазір Қазақстанда басқа ұлттар тілінде мектептер де ашылып, ұлттық театрлары да жұмыс істеуде.
аяси сала қоғамдық өмірдің күрделеніп, ондағы әлеуметтік жіктелудің тереңдеп, әлеуметтік теңсіздіктің қалыптасуы нәтижесінде пайда болды. Ол үлкен топтардың қарым – қатынасының реттелуімен тығыз байланысты, оның негізгі элементі билік орталығы болып табылатын мемлекет.
Саясат дегеніміз – билікті өз пайдасына шешу, өзінің талап – тілегін жүргізіп отыруға мүмкіндік алу үшін индивидтер мен әлеуметтік топтар арасындағы айрықша іс - әрекеттің формасы. Бұл іс - әрекет адамдардың мүлдесі мен еркінің, эмоциясы мен ақыл – ойының өзара қабысуы. Саясат – бұл биліктің қатынастар жүйесі. Саясаттың философиялық анықтамасының мәні осында.
Саясат индивидтер мен әлеуметтік топтардың өзара әрекеттесуінің сферасы. Өйткені олардың меншіктік, құқықтық, адамгершілік, тағы да басқа мүдделері өзара бәсекеге түседі.
Саясат әрқашан да күрделі және шатасқан іс - әрекет, одан не нәрсе күту керек екенін айту қиын. Саясат – мемлекетті және қоғамды басқарудың өнері, сондықтан ол саналы іс - әрекеттер саласы. Саясатта саналы іс - әрекет етіп, көрнекті табыстарға жету үшін көптеген қасиеттер қажет.
Саяси билік – деп белгілі әлеуметтік топ пен индивидтің әр түрлі ұйымдар мен заңдардың, идеялардың, қатынастардың күшіне сүйене отырып саясатта өз еркін жүргізу қабілетін айтамыз. Билік ету дегеніміз – басқа адамдардың іс - әрекетіне, тәртібіне әсер ете отырып, өз мүддесін іске асыру. Саяси биліктің күре тамыры – мемлекеттік билік болып табылады. Бұл күш қоғамда тұрақтылық пен реттілікті орнатады.
Саяси өмір қоғамның мүдделері бір – біріне қарама – қарсы әлеуметтік топтарының қалыптасуы нәтижесінде өрбіп дамыған. Қоғам күрделене түсті, әлеуметтік мүдделерді өзара мәмілеге келтіру мақсатында саясат пайда болды. Халық басқарушыларға, элитаға және бағынушыларға, бұқараға бөлінді. Саясаттың негізгі функциясы мемлекеттің көмегімен ықпалды топ пен таптың мүддесін қорғау үшін бүкіл қоғамды басқару болды.
Саяси сала – қоғамның әлеуметтік өмірінде туындап, дамып отыратын процестердегі салдары мен бейнесі.
Саяси қажеттіліктер мен мүдделер - адамдардың саяси қызметінің қозғаушы күші. Бұған меншіктік қажеттіліктер, олардың идеалы мен абыройы, адамгершілік жөніндегі ойлары жатады.
Саяси сана қоғамның саяси өмірінің рухани жағын бейнелейді. Оған саясат пен мемлекект туралы қарапайым көзқарастар мен ілімдер, теориялар жатады. Саяси сана жоқ жерде толық қанды саяси өмір де болуы мүмкін емес. Саясат туралы білім мен көзқарастарына сүйене отырып, адамдар оған саналы түрде ат салысуға, саяси фактілер мен құбылыстарға баға беруге мүмкіндік алады.
Қоғамның саяси өмірін зерттей отырып, философия саясат субъектілерінң саяси мәдениетіне, лидерлер мен бұқараның өзара қарым – қатынасына, саясатқа қатысушылардың рухани деңгейіне ерекше көңіл аударады. Философия саяси өмірдегі субъективті бастаманың жоғары деңгейін атап көрсетеді. Ол, сонымен қатар, қоғамның қаншалықты деңгейде демократиялық, яғни саясатқа қатысушылардың мүмкіндіктері бірдей ме, бірдей емес пе деген мәселелерге көңіл қояды. Саяси өмірідің институттарына әртүрлі партиялар, қоғамдық ұйымдар мен ассоциялар жатады. Дегенмен, саясаттың негізгі құралы мемлекет болып табылады.
Саясат билікті сақтау, тұрақтау, функциясын орындап қана қоймай сонымен қатар қоғамда азаматтық келісім, ізгілік орнатуға да атсалысады.осы мақсатта іс - әрекеттің өркениетті формалары констуктивті диалог, компромисс, партнерлік кеңінен қолданылады.
Саясатта айлакерлік те, екіжүзділік те, таза емес ойын да, жауыздық та, қаталдық та бар.
Саяси қатынастар әлеуметтік топтар мен индивидтер арасында билік үшін күрес жолында қалыптасатын байланыстар мен бағынушылақтар.
Саяси іс - әрекеттер саяси принциптер мен идеяларға сүйенеді.
Ең алдымен, заңның үстемділігін барлық жерде қамтамасыз ете алатын нақты құқықтық мемлекет құру бірден – бір қажеттілік. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекеттік құрылымдардың өздері заңда белгіленген ережелер бойынша қимыл жасауы керек. Саяси процестің басқа субъектілеріне қойылатын талап та осындай. Сонымен қатар, қоғамдағы барлық азаматтар заңға сәйкес өмір сүріп үйренуге тиіс. Бұл толыққанды демократияға көшудің сара жолы.
Германияның ойшылы Иммануил Кант (1724-1804). Оның "Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары", "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектері бар. Оның ойынша адам бір іс бастағанда өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Ол басып алушылықты, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерледі. Мемлекеттер арасындағы халық аралық сауда мен өзара қарым-қатынасты бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп білді.