23
Жазира Ошақбаева
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ РУХАНИЛЫҚТЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛI
Руханилық бұл адам табиғаты, адам ойы, санасы, еркі, бұл адамның
ерекшелігін құрайтын біртұтас ағын. Адам Әлеммен тығыз байланыста.
Руханилық табиғатта жоқ нәрсе. Біз оны өз санамызбен, жеке дамуымыз арқылы
жасап, құрамыз. Адам руханилығы болмыстың жоғары рухани қырымен
байланысты. Адам руханилығы оны Жаратушының бейнесі мен ұқсастығы
арқылы көрінеді. Адам руханилығы өзінің алғашқы бейнесімен келіспеген
кезде ол рухани, адамгершіліктік дертке, апатқа әкеледі. Руханилық – бұл өмір,
өмірді бар тәніңмен сезіну. Рухани адамның ерекшелігі – оның байсалдылығы,
адалдығы, тұлғаның өзі мен әлем алдындағы үйлесімділігі. «Руханилық – бұл
әрбір өркениеттің негізіне айналатын ұғым. Руханилық қандай болса өркениет
те сондай. Адамзаттың көпғасырлық тәжірибесі бойынша руханилық адамның
қандай ұлтқа, қандай діни конфессияға жататындығына қарамайтын нәзік
ұғым», – деп жазады ресейлік философ В.В.Уваров «Руханилық» (Духовность)
деген мақаласында [1]. Руханилық – әрбір адамға жақын түсінік. Ол адамның
ішкі әлемінің байлығын анықтайтын категория.
Жиырмасыншы ғасырдың басын дағы қазақ ойшылдарының көзқарас
тары терең демократиялық және гума нистік сипатта болды. Олардың шығар
маларында жалпыадамзаттық маңызға ие философиялық мәселелер – адам
ның болмысы мен еркіндігі, өмір дің мәні, дін мен еркіндіктің арақатынасы, т.б.
мәселелердің де көтерілгенін атап айтуымыз керек. Қазақ ойшылдары адам
бойындағы даралық қасиетке ерекше мән берді, кез келген кісіге қайталанбас
жаратылыс жұмбағы ретін де қарады, адам мен ұлттың тарихтағы рөлін дұрыс
бағалай білді.
Білім мен ғылымсыз қазақтың санасезімін ояту мүмкін емес екендігін
түсінген Ж. Аймауытов: «Ғылымды кісінің білімі де күшті, білегі де күшті,
надан кісі осал, құр қол кісі сияқты алыса кетсе айлалы, азулы кісі нашар
кісіні алып соғатыны апанық. Бұлай болған соң басқаның аузында кетпей,
тіршілік қылайын деген жұрт мәденилікке жармаспасқа шарасы жоқ» дей [2,
120 б.] келіп, «басқа елдерге еліктей бермей өз бетіміздің, жұрттығымыздың
белгісін көрсеткеннен не кемдік табылады? Қаза, тексере берсек, еуропаның
өнеге қылуға жарамайтын жерлері де бар» деп басқа елдерге еліктей бермей,
өз жетістіктерімізді сақтауға шақырады. Адам болудың өзегі Ж. Аймауытов
бойынша оқубілім, мәдениет, тәрбиеге келіп тіреледі. Білімнің де, тәрбиенің
де мәнісі ол адамгершілік пен руханилық деп түсінеді. Қоғам қанша дамып,
ғылыми жетістіктерге жеткенімен, руханилық пен адамгершілік жетіспесе
ол адамға ешқандай ләззәт әкелмейді. «Тәрбие» деген мақаласында адамның
24
хайуаннан айырмашылығын айта келіп, адам бойындағы жаман қылықтарды
тәрбиенің жоқтығына әкеліп саяды. «Хайуан жаратылыстан өзіне біткен бір
сезімнің қуатымен өзіне лайық болған қылмыстан артық еш нәрсе істемейді.
Адам жүгенсіз бетімен кетсе, адамдыққа лайықсыз талай қылмысты істейді»
[2, 132 б.], яғни надандықтан шығудың жолы – білім мен ғылым үйрену, бұл
жолда халықтың болашағына жол ашылады.
«Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында өз халқының жақсы
жақтарын айта келіп, отаршылдықтың кесірінен өзгергенін, жаман әдеттерді
(ұрлық, кісі өлтіру, өтірік айту, алдау) бойына сіңіріп, арыла алмай жүргенін
баса айтады. «Қазақтың ұлттық қалпы өзгерілді. Тірлігі, мақсұты басқа,
ниеті шалғай, суық бауыр жаттың қолына тиді. «Қазаншының еркі бар,
қайдан құлақ шығарса» деген халге ұшырады. Кемеңгер билердің заманы
құрып, адамды мал мен пұлға сатып алатын заманға килікті» [2,116 б.]. Осы
қылықтардан құтылу үшін оқубілім, тәрбие керек дейді. «Сайып келгенде,
қазақта қалып тұрған өзгеше мінездер: тілі айтқанды қолы қылмайтын –
тұрақсыздық, ұйымсыздық, басынан аспайтын өзімшілдік, ездік. Халықтың
өзіне айтып, мінезін түзеу қолымыздан келмейді. Жалғызақ үмітіміз,
қаруымыз – оқығандарда» [2, 117118 бб.].
Қазақтың түбіне жететін осы жалқаулық, ынсапсыздық, настық деп, қазақ
баласын орыс баласымен салыстыра отырып, сынайды: «орыс баласы оқудан
қолы босаса, футбол, доп, жарыс, неше түрлі дене тәрбиесі; қазақ баласы оқудан
шықса, көше қыдыру, таныс жағалау, жоқ жерден пайда қып қою…» [2, 215 б.].
Бұл кемшіліктердің себебі баланың өскен ортасында, әкешешенің, қоршаған
ортаның тәрбиесінде екеніне тоқталады. «Баланы бұзуға, түзеуге себеп
болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге, ол өнеге – әкешешенің тәрбиесі
болу керек. Атаананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ірге» [3,137
б.]. 1924 жылы шыққан «Тәрбиеге жетекші» оқулығында әлемнің озық ойлы
ағартушыларының оқыту және тәрбие мәселелеріне деген пікірлеріне мысал
келтіре отырып, ұлттық мектептерді ашу керек дейді. Қазақ мектептерінде
ана тілі арқылы, ұлттық менталитет арқылы баланың ойсанасын ояту, ұлттық
намысты тәрбиелеу керек екендігін көрсетеді. «…Енді тілдерді үйрену арқылы
бала ерте замандағы мәдениетті жұрттардың ғылымдарымен, өнерімен,
әдебиетімен таныс болады. Олармен таныс болмай, кісі ақылойға, ғылым
білімге жетік болып, пісе алмайды» [3, 304 б.].
Аймауытов шығармашылығының дүниетанымдық негізі жақсы, жаман,
бақыт, махаббат, әдептілік, құмарлық, мақтаныш, ашуыза, қорқыныш, көре
алмаушылық т.б. көптеген ұғымдарға талдау жасалу арқылы ашыла түседі.
«Шернияз» пьесасында дала адамы мен қала адамын салыстыра келіп, жақсы
мен жаман ұғымын Шернияз бен Базарбай бейнелері арқылы ашып көрсетеді.
Шернияз:
25
Күнде сөз, күнде мұңын шаққан қазақ,
Бірбірін аунатып жеп жатқан қазақ,
Ғалымға, күштілерге күші жетпей
Сот іздеп, теңдік іздеп жатқан қазақ –
деп, халқының қамын ойлап, қайғы арқаласа да, елінің болашағынан
үміт күтеді. Ал Базарбай қаланың қызығы мен өз басының қамынан басқа
ойламайтын, керек кезінде досына да жамандық жасаудан тайынбайтын адам.
Ал «Қартқожа» романындағы Қартқожаны алайық. Мұнда – «бұрын кім еді,
енді кім болды» деген сұраққа жауап беріледі, ол ізденудің, оқудың арқасында
талантты, жалынды, жігерлі жігіт болады. «Іздесең табасың!» – оның өмірінің
қағидасы. «Ақбілек» романындағы кекшіл Мұқаш немесе орыс офицері арқылы
олардың түсінігі, мінезқұлқы, ұғымы жинақталған. Мысалы, орыс офицерінің
ойында өмірден түңілу, сол үшін ызаланып, айналасының бәрінен өш алу,
кектену бар. «Адамның тыпырлап өлгені бізге тауықтың өлгенімен бір есеп.
Көңілімізге солай орнағаннан ба, өлімді көп көріп, етіміз өліп кеткеннен бе, кім
білсін. Шынында, өмір деген, өлім деген немене? Адам өлмек үшін туған. Бүгін
өлдік не, ертең өлдік не? Өмір қабақтың қаққаны. Ендеше, аз күн тіршілікте
өмірден қандай қызық, қандай ләззәт болсын, алып қалу керек. Өлген соң түк
те жоқ» [4, 155 б.]. Осы ойын іске асыру үшін қыз алып қашады, кісі өлтіруден
жерінбейді. Олардың өмір туралы ойы осы. Осы үзіндідегі адамды бақытты деп
айта аламыз ба? Жоқ. Адам бақытқа рухани байлық пен өнегелі қызметі арқылы
жетеді. Жамандық жасаған адам бақытты болуы мүмкін емес. «Дүниедегі ең
бір талас, қиын мәселе әр адам бақыт деген нәрсені әртүрлі түсінеді, біреу
байлықты бақыт дейді, біреу мал басы түгел болуы бақыт дейді, біреу жақсы
қатын алғанды бақыт дейді. Біреуге бақыт болып көрінген нәрсе біреуге бақыт
сияғы жоқ. Кәдімгі тұрмыс біреуге тіпті сор сияқты көрінуі мүмкін. Тереңірек
қарасақ, бұл әртүрлі ұғым, мінездің қорытындысы» [4, 135 б.].
Міржақып Дулатов үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі
тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық
езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету – әpбip азаматтың
парызы деген тұжырым жасайды. Мысалы, «Шағым» өлеңін алайық. Бір
қарағанда «Шағым» өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді.
Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел
ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді
толып жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей
болады.
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бip көтерер
Жанымда жан ашитын адам да жоқ [5, 91б.], –
26
деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы кертартпа
кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан
өзіне серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды.
Дегенмен ақынның мұңы терең қайғыға ұласып кетпейді. Өлеңінің соңында:
«Әділдік аста қалған еш күні жоқ», – деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне
сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі –
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш! [5, 91 б.]
Ақынның мақсаты – халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел
буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті
әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, «Таршылық
халіміз хақында аз мінәжат» өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттеліп,
ондағы ішкенжегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі
бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел би
леу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.
«Алашқа» өлеңінде ақын халқының өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы
мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік
шындықтың бетін ашады. Алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған
бетегелі қырлардың, онда көшіпқонған берекелі ауылдардың сәнін әсем
суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады.
Қақ жарған қара қылды биің қайда?
Ақ орда би түсетін үйің қайда?
Салтанат Сарыарқада кұрған қазақ,
Толықсып жүрген кеше күнің қайда? [5, 106 б.] –
дей келіп, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін
қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жер
де елдің берекесі де артық болмақ. Бірақ өмір Міржақып ойлағандай емес. Би –
парашыл, қарттары – қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.
Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан:
Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.
Қой бағып қасқыр қашан опа қылған,
Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес,
Қайраған қолдан келмес іске әуре боп,
Қорлыққа, тілімді алсаң, болма кездес! [5, 107 б.] –
27
деп, халықты ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз
заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен
күн көру қажеттігін айтады.
Алаш зиялыларының азаматтық және саяси ұстанымына сай Ғұмар да
Қазан төңкерісінің жалпы адамзаттық гуманизмге қарсы бағытталған саяса
тын қабылдаған жоқ. «Тұрымтай» жинағындағы «Неден қорқам?», «Жұртым
саған не болды?» өлеңдерінде бір ғана қазаққа емес, тұтастай ұлттарға жаса
лып отырған қияс тәжірибенің қиямет зобалаңын, қасіретті алапат зардабын
болжай білді.
Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам,
Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам.
«Таң туды, мезгіл жетті» деп адасып,
Құрылған қараңғыда заңнан қорқам [6].
Халқының тағдырын ойлаған Алаш өкілдері таптың емес, тұтас қазақтың
қамын жеп, ұлтқа қызмет етудің өшпес те өлмес үлгі өнегесін көрсеткен
айрықша құбылыс. Ол біріншіден, тарих тағылымына үңілдірсе, екіншіден,
Алаш арыстарының діттеген мұратмақсаттарына деген адалдық пен саяси
ұстанымдарынан бір табан шегініс жасамаған тұлғаларын тануда да үлкен мәнге
ие. Ғұмардың «Неден қорқам?» өлеңіндегі әрбір жолдар Қазан төңкерісінен
кейінгі кезең шындығын тануда айрықша болып табылады.
Аждаһа алты басты жаудан қорқам,
Бүлдірген ел арасын даудан қорқам:
Күлімдеп кіріп, ішкі сырыңды алып,
Құрылған аяқ асты аудан қорқам:
Асығыс істей салған істен қорқам,
Қандары тасқан қара күштен қорқам,
Дос болып бірге жүріп қастық етіп,
Тысына қайшы келген іштен қорқам –
деген ақын үрейі жаңа саясаттағы талай қиянаттар мен зобалаңдарды
ұғына түсуімізге мүмкіндік береді. Сондықтан да ақын қан төгіс арқылы
келген биліктің әлеуметке теңдік пен бостандық орнатуындағы қадамдары
қоғамдық даму заңдылығына қайшы болып табылатынын және де өзгенің
күштеп танған азаттығы мәңгілік болмайтынын, сол себепті өзіңнің сара
жолыңды ізде деген мұратын алға тартады. Ақиқат жолынан адасып, сағым
қуған тобырлық сананы сынға алады.
Алаш туының асқақ, елдік қасиеттердің баянды болуы үшін әр азамат
халқына еңбек етуде имандылық пен құрандай киелі ұғымдарды санасында
тоқуы шарт деген талап қояды. Мұның бәрі Ғұмардың ұлтжанды тұлғасының,
28
ақындық қуатының қашан да ұлт мұратымен сабақтасып отырғанын, өмірлік
мақсаты болғанын дәлелдей түседі.
«Көреміз бе?» өлеңі жалпы Алаш партиясының, Алаш автономиясының
нысаналы өмірлік мұратмақсатын анық танытатын және де осы жолдағы
ерен істерді Ғұмардың әрдайым қолдаушы тұлға, қозғаушы ақын болғанын
ұғындырады. Ұлттық бірлік, мемлекеттігімізді нығайту өткір қойылып отырған
қазіргі тұста аталған өлеңде көтерілген саясиидеологиялық мәселелер қашанда
санаға тоқылар ұлағат деп білеміз.
Тәуелсіздіктің басты сипаты мемлекеттік істердің ұлттық мүдде
тұрғысынан шешілуі, өз жерінің қазба байлығын халық игілігіне жаратуы де
сек, осынау кемелділікке жетудің жолдарына қатысты ғасыр басындаақ Ғұмар
келелі ойлар түйеді.
Өз жерінен шыққан кенді өзі алғанын,
Әдемілеп айқұш ұйқұш жол салғанын,
Еуропаның өнерінен үлгі алғанын,
Тірілікте көзімізбен көреміз бе?
«Алаш» атты орда құрып шалқығанын,
Бақ дәулеті туып өсіп балқығанын,
Әрбір істе қазақ исі аңқығанын,
Тірілікте көзімізбен көреміз бе?![6]
Ақынды алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы демі үзілгенше туған
халқының, бүкіл түркі жұртының, Шығыс мәдение тінің, жалпыадамзаттың
тағдыры толған дырады. Ес білгеннен көкжиек ке дейін керілген кең байтақ да
ланы тамашалап, еркін өскен, елінің өткен даңқты тарихы мен ертегіаңыздарын
құлағына құйып ер жеткен Мағжан бойында, әуелгіде, өршіл ұлттық рух кеме
рінен асып төгіледі:
Шынында менің өзім де – от,
Қысылған қара көзім де – от.
Мен оттанмын, от – менен
Жалынмын мен жанамын
Оттан туған баламын.
Ақынның «от» деп отырғаны – халықтың ұлттық рухы. Ұлттың тарихи
және философиялық зердесін оятып, рухын көтеру арқы лы ғана бодандықтан
құтылуға, ел тәуелсіздігіне қол жеткізуге, тіпті, әлем халқына өз өркениетіңді
танытуға болады деп есеп тейді.
29
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен — Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, ғұннан туған пайғамбар [7].
Мағжан ақын халықтың тарихи зердесін оятып, ұлттық намысы мен
ұлттық рухын сілкіндірудің қажет тігін, ортақ мүдде жолында топ тасқан
ұлттың ғана азаттық алып, әлемдік өрке ниеттік қауымдастық қатарына
бәсекеге қабілетті болып қосыла алатынын осыдан бір ғасырға жуық уақыт
бұрынақ түйсініп, өршіл жырға айналдырып, айта алған. Және туған
халқының сол замандағы қиын халін, кенжелеп қалған тұрмыстіршілігін
көре отырып, осылай жасаған.
Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтылған
ойпікірлері ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы үшін де
маңызды. Себебі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген
мәселелер деңгейінде отыр. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету
бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Солардың ішіндегі
ең бір маңызды тұғырының бірі – қазақ тілінің мәселесі болатын. Бұлай бо
латыны, А.Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда «тілі жоғалған жұрттың өзі
де жоғалады». Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов бұл бағытта бос үгіт
насихатқа салынбай нақты іске кірісіп, қазақ жоғының орнын толтыруға
білек сыбанып кірісті.
«Қазақ» газетінің алғашқы санында Ахмет Байтұрсынов патша өкіметінің
отарлық саясатын көрсете отырып, «Біздің болашақ тағдырымыз не болмақшы?
...біздің алдымызда ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз өмір сүрусүрмеуі,
болуболмауы басты мәселе болып тұр. Өзіміздің дербестігімізді сақтап қалу
үшін біз барлық күшжігеріміз бен қуатқұралымызды оқуағарту мен жалпы
мәдениетке ұмтылуымызға жұмсауымыз, ең алдымен, ана тілінде әдебиетті
дамытуға күш салуымыз қажет. Мынаны естен ешқашан шығаруға болмас:
тәуелсіз, дербес өмірге өзінің ана тілінде сөйлейтін және төл әдебиеті бар
халық қана таласа алады» [10, 45 бб.] – дей келіп, орыс және татар тілдерінде
оқыған қазақтар қазақ тілін менсінбейтін болды, бүйте берсе қазақ тілімен
қоштасып, қазақтың ұлт ретінде жойылып кету қаупі бар, сол үшін қазақ тілін
өркендетуіміз керек деп ашық айтады.
Міржақып Дулатов қазіргі кезде маңызды орын алып отырған тіл
мәселесіне де көп тоқталған. Тіл өткен дәуір мен қазіргі заманды, болашақты
байланыстырып отыратын кілт екенін көрсете білген. «Қазақ тілінің мұңы»
шығармасында өзі тіл орнында тұрып сөйлейді: «Мен заманымда қандай
едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім.
Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен нарке
скендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын.
Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім?» [5, 309б.] дей келе, қазақ тілінің
30
шұбарланып, орысшадан қалай болса солай аударылып жатқанын, мектептегі
оқулықтардың қатеқате аударылуы туралы мәселелерді сөз етеді.
Ж. Аймауытовтың мақалаларының бірі «Тіл туралы» деп аталады. Онда тіл
мәселесін сөз ете отырып, кей халықтардың бірбіріне әсерықпалын дәлелді
көрсетеді. Жетісу мен Сырдарияда өзбектердің әсері бар, Қостанайда орыс,
ноғайдың әсері мол дейді. Арабпарсы тілдерінен енген сөздердің тұрмыста
сіңіп кеткенін, тіпті мақалмәтелге айналып, кеңінен қолданылатынын
тілге тиек етеді. «Газет тілі қалай түзеледі?» деген мақаласында орысша
дан аударылған сөздердің түсініксіз, жаман аударылғанын, оқыған адам
түк түсінбейтінін ренішпен айтады. «…орысшадан аударылған, орысшаға
жанасқан сөздерге қарасаң томармен жүрген қазақ арбадай миыңды, жүйкеңді
түйгіштеп, зырқылдата жөнеледі. Қай жерде мүдіріп, қай жерде сүрініп қалам
деп, қыпқып еткендей боласың» [2, 216217 бб.]. Қазіргі егеменді болған
кездегі тіліміздің проблемасын Жүсекең сол кезде айтып кеткендей. Көшедегі
рекламаларды оқысаң жүйкеңді түйгіштеп, зырқылдата жөнелетіннің нағыз
өзі болады.
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытовтар шығармашылығының өзегі
болған тіл мәселесінен, ана тілінің тағдырынан Мағжан Жұмабаев та сырт қала
алмады. Тіл мен ұлтты бірбірінен бөлуге болмайды, ұлт болу үшін ең алдымен
тілі болуы керек, тілі кеми бастаса ұлт та құри бастайды дейді ол.
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кентілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! [7, 60 б.]
«Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ
емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі
болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа
тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры,
тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады» [7]. Ұлттың болмысын,
басқалардан ерекшелендіріп тұратын маңызды рухани табиғатын түсінген
Алаш қайраткерлері әрқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған. Мәселен,
А. Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын
нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына
басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырыса
ды. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек қарнымыз ашпас қамын
ойлағанда, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» десе, М.
Шоқай «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл», М. Жұмабаев «Ұлттың ұлт болу
ына бірінші шарт – тіл. Ұлт үшін тілінен қымбат ешнәрсе жоқ» деп жазған еді.
Ұлы тұлғалардың сөзінде ұлт тілінің маңызымен бірге ескерту, сақтандыру ой
лары да жатыр. Біздің заманымыз үшін бұл пікірлердің бағалылығы да осында.
31
Жиырмасыншы ғасыр басындағы шоқжұлдыздардың сол заман
да көтерген мәселелерінің мәні терең екенін енді біле бастағандаймыз.
Олар өз заманынан озық туған тұлғалар еді. Өздері заманның алға тосқан
тосқауылдарына қарамастан халқына адал қызмет етті, өз халқының ұлттық
сипат,ерекшеліктерін, адамзат қоғамы ауқымында алатын орнын, өзгеге ұқсай
бермес асылдарын, жалпы адамзаттық құндылықтар қатарынан табылар
өзіндік үлесін Уақыт және Кеңістік сияқты философиялық ұғымдар аясында
зердеден өткізді. Қазақтың басын қосып, жеке ұлттық мемлекет жасаймыз деп
бел байлағанда, ұлт бойындағы қайталана бермейтін болмыс, асқақ рух, бай
тарих алашорда қайраткерлерінің қиялына қанат бітіріп, жігерлендіре түсті.
Қазір әлемдік жаһандану үдерісі ерекше екпін алған шақ. Мұндай аумалы
төкпелі сындарлы кезеңде, ең бастысы, ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық
рухты сақтап қалуға тиіспіз.
Әдебиеттер
1. Уваров В. Духовность // Грани эпохи. Этикофилософский журнал. – 2005.
– № 23.
2. Аймауытов Ж. Шығармалары, 5 томдық жинағы. – Алматы, 1999. 5том.
3. Аймауытов Ж. Шығармалары, 5 томдық жинағы. – Алматы, 1998. 4том.
4. Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы, 1989.
5. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, 1991.
6. Қараш Ғ. «Замана». – Алматы,1994.
7. Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы, 1989.
8. Дулатұлы Міржақып. Ахмет Байтұрсынұлы (өмірбаяндық очерктен үзінді) //
Ана тілі. – 1991. – 24қаңтар, 45 бб.
Резюме
Ошакбаева Ж. Роль казахской интеллигенции в формировании
духовности
В статье рассматривается проблема духовности в казахском миропонима
в казахском миропонима
нии и ее отражение в творчестве представителей казахской интеллигенции. По
казано, что смыслом их жизни является стремление к человечности, познание
и наука, нравственная жизнь во благо своего народа.
Summary
Oshakbaeva Zh. Role of Kazakh Intelligentsia in Forming of Spirituality
It is considered in the article the problem of spirituality in Kazakh world outlook
and its reflection in creative works of Kazakh intelligentsia’ representatives. The au
thor shows that the sense of their lives was aspiration for humanness, cognition and
science, moral life for the benefit of their folk.
Достарыңызбен бөлісу: |