Жеке дамыту бағдарламасы



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі59,02 Kb.
#11475
түріБағдарламасы
  1   2   3

Бекітемін:

ШҚО білім басқармасы

«Ұлан ауданының психологиялық

педагогикалық түзеу кабинеті»

коммуналдық мемлекеттік мекеме

мекеме басшысы

----------------- Ж.М. Рапикова

---------------- 2016 ж

жеке дамыту бағдарламасы

Баланың аты-жөні: К.Н.

Туған жылы: 15.08.2007 ж

ПМПК қорытындысы: Ғ-83.Невротическое заикание тонико-клоническая форма с дыхательными судорогами средней степени тяжести. Краниостеноз, состояние после перенесенной краниостомии (2008 г.). Ассиметричная внутренняя гидроцефалия, субкомпенсация. Миопия средней степени ОИ.

Бағдарламаның құрылған уақыты: 16.09.2016 г

Жүзеге асырылу уақыты – 1 жыл

Маман:

2016 жыл

ТҮСІНІК ХАТ

Тұтығу – сөйлеу аппаратының периферикалық бөліміндегі бұлшық еттердің дірілдеген жағдайымен талап етілген, қарқын мен сөйлеу ырғағаның бұзылуы.

Осыған орай, аталған бағдарлама баладағы келесідегідей ерекшеліктерді негізге ала отырып құрастырылды.

Моторлы қызметтерді тексеру нәтижесі, баланың координациясы нашар, епсіз екені анықталды. Баланың мимикасы анық емес.

Ауызша сөйлеу тілінде дыбыстаудың кемшіліктері байқалмады. Импрессивті және эксперссивті сөйлеу тілі орташа және төмен деңгейде екені анықталды. Байланыстыра сөйлеу барысында бала өз ойын білдіруде, сөздерін бір-бірімен байланыстыруда қиналады.

Тұтығудың білінуі жағдайларға байланысты (эмоционалды маңызды жағдайларда тұтығу болады, ал өзі жалғыз ойнағанда жоқ). Сөйлеу тілінің ырғағы, жиелігі, тоқтаудың жоқтығы байқалды. Сөйлеп болғаннан кейін балада дауысы ақырындап, бәсендегі байқалады.

Балада монолог, сұрақ-жауап, бөгде адаммен сөйлесу кезінде дірілді кідіріс анық көрінеді. Эмоционалды маңызды жағдайларда ілеспелі-қозғалыстар және вегетативтік реакция болады. Дауыссыз дыбыстарда, егер сөздің басында кездессе, және таныс емес сұраққа жауап бергенде баланың сөйлеу тілі дірілмен алмасып, мүлдем түсініксіз де болып кетеді.

Әңгіме барысында бала қарым-қатынасқа түспей, ерекше қажетті кезде ғана қысқаша сөйлеседі. Бұл баланың бойында өзіне деген сенімсіздік, құрбы-құрдастарымен сөйлесуден қашқалақтау, ерекше қобалжу белгілерін байқатты. Бұл әрине невротикалық тұтығуды сипаттайды. Баланың мектепте оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы бойынша үлгерімі орташа. Жақсы қасиеттерімен қатар, балада бір қатар негативті ерекшеліктері бар, сондықтан басқа да балалармен бірдей деңгейде бола алмайды.

Баланың жалпы сөздік және психомоторлы даму деңгейі жас ерекшелігіне сай емес. Осы мақсатта лексикалық тақырыптар бағдарлама деңгейінде толықтай қамтылып отыр.

Балаға психологиялық әсер ету эмоционалды-ерікті ортасын нығайту, өзіне және байсалды, дұрыс сөйлей алатындығына сендіру, тәрбиелеу. Ол үшін арнайы жағдай: жеке психотерапия, мектеп пен үйде арнайы микроортаны құрастыру үшін ата-ана мен мұғалімдермен жұмыс жасау, режим кезеңдерін оңтайландыру бағдарлама аясында көзделіп отыр.



Айы


Жұмыстың бағыты

Міндеттері

Қосымша


IX

Диагностика



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет